Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 тарау. Адаптивті иммунды жүйенің құрылысы..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.77 Кб
Скачать

Адаптивті иммундық жүйенiң құрылысы. Лимфоциттер генезi. Иммундық бақылау концепциясы. Адаптивті иммунды жауап.

Адаптивті иммунды жүйенiң мүшелiк, жасушалық және молекулалық деңгейлерi. Лимфоциттер генезi, миграциясы мен рециркуляциясы. Иммундық бақылау концепциясы және оның жалпыбиологиялық маңызы. Адаптивті иммундық жауап. Т-, В-лимфоциттердiң және антигенді таныстырушы жасушалардың адаптивті иммундық жауаптағы маңызы.

Адаптивті иммундық жүйе - ағзаның iшкi ортаcының антигендiк тұрақтылығын қадағалайтын, миграция және рециркуляция жолдарымен байланысатын арнайы лимфоидтық мүшелер мен тiндердiң біртұтас морфофункционалдық жиынтығы.

Адаптивті иммундық жүйе – жігерлі және үздiксiз жаңарып отыратын жүйе. Сонымен қатар, оның құрамының тұрақтылығы ағзаның жеке құрылымының сақталуына зор ықпал етедi.

Адаптивті иммундық жүйенiң құрылысын үш деңгейге бөлуге болады: мүшелiк, жасушалық және молекулалық.

Мүшелiк деңгей

Адаптивті иммундық жүйенiң мүшелiк деңгейi орталық (бiрiншiлiк) және шеткi (екiншiлiк) мүшелерден тұрады.

Адаптивті иммунитеттің орталық мүшелерi

Орталық лимфоидты мүшелер лимфоциттердiң жетілуінің негізгі орыны болып табылады. Бұл жерде олар лимфоидтық бағаналы жасушалардан түзiлiп, көбейеді және функционалдық пiсiп-жетiлген жасушаларға айналады.

Сүтқоректiлер мен адамдарда екi орталық орган болады: сүйек кемiгi және тимус. Сүйек кемiгiнде В-лимфоциттердің клондары түзiледi, сондықтан сүйек кемiгi адаптивті гуморалдық иммунитетiң орталық орган болып саналады. Ал, тимуста Т-лимфоциттертүзiледi, сондықтан ол адаптивті жасушалық иммунитетiң орталық орган болып табылады.

Сүйек кемiгi – иммундық жүйенiң қан айналымы мен орталық мүшелердiң қызметтерiн бiрiктiретiн орган, ол көп қабiлеттi бағаналы жасушалардың, яғни барлық қан жасушаларының көзi болып табылады.

Көп қабiлеттi бағаналы жасушалардан (КҚБЖ) барлық қантүзу жолдарының ізашарлары дамиды: эритроидтық, одан эритроциттер түзiледi; миелоидтық, одан бірқатар бейтарап жасушалардың түрлері дамиды: нейтрофилдер, моноциттер, базофилдер, эозинофилдер; мегакариоцитарлық – тромбоциттер түзiледi; лимфоидтық – екi жасушалық тізбекті: Т-лимфоциттiң және В-лимфоциттiң қалыптастырады.

Гуморалдық иммунитеттiң орталық органы алғашқыда құстарда – Bursa FabriciusФабрициус қапшығында табылған. Онда антидене түзетiн лимфоциттердiң дамуы жүредi. Даму орнына байланысты осы лимфоциттер В-лимфоциттер атына ие болды. Гуморалдық иммунитеттiң жүйесi В-жүйесi деп аталды. Кейiнiрек сүтқоректiлер мен адамдарда гуморалдық иммунитеттiң орталық орган қызметiн сүйек кемiгi атқаратыны белгiлi болды. Ағылшынша сүйек кемігі Bone marrow деп аталады, демек В-жүйесi мен В-лимфоциттердiң бұрынғы және қазiргi аталуы қолайлы сәйкес келедi.

Тимус(айырша без) деп, тимиан өсiмдiгiнiң жапырағына және айыршасына ұқсас болғандықтан аталған. Тимус филогенетика бойынша ежелгi лимфоидтық орган, онда лимфоидтық жүйенiң түзiлуi мен қызметiнiң реттелуi және де жасушалық иммунитеттiң дамуы жүредi.

Тимус алдыңғы көкiрекаралықтың жоғары бөлiмiнде, төс сүйегінің артында, жүрек үстiнде орналасқан. Ол екi бөлiктен тұрады, әр бөлiгi капсуламен шектелген, одан тiннiң iшiне қарай, бөлiктi бөлшектерге бөлетiн перделер орналасқан. Әр бөлшектiң шетiнде субкапсулалық және қыртысты қабаттар, ал ортасында – милы қабат ажыратылады.

Қыртыстық заттың негiзiн жұлдыз тәрiздi эпителий жасушалары құрайды, олардың арасында лимфоциттер мен макрофагтар орналасқан. Қыртысты затында жоғары митоздық белсендiлiгi бар, бiрақ иммунды жауапқа қабiлетi жоқ лимфоциттер басым.

Милы затында аздаған лимфоциттер бар, стромасы жақсы жетiлген, эпителий жасушаларынан тұрады. Сонымен қатар, милы затында дендриттiк жасушалар, макрофагтар және Гассаль денешiктерi (жаңа номенклатура бойынша айырша бездiң денешiктерi) бар. Қыртысты қабаттың жұлдызша тәрiздi эпителий жасушалары мен Гассаль денешiктерiнде белсендi түрде түзілу және секреторлық үрдiстер жүрiп отыратыны гистохимия дәлелденген. Онда бiрқатар биологиялық белсендi заттардың, соның iшiнде тимус гормондарының түзiлуi жүредi. Болжам бойынша, Гассаль денешiктерiнiң көмегiмен апоптозға ұшырыған тимоциттер жойылады деп есептеледi.

Тимус маңызды эндокриндiк ағза болып табылады. Тимустың гормондары кальций мен фосфор метаболизмiне, глюкозаның алмасуы мен утилизациясына, бұлшықет тонусына, бойға және жыныстық жетiлуге әсер ететiнi анықталған. Бірақ тимустың ең негізгі эндокриндік қызметі – иммуногенезге реттегіштік әсер етуі. Сонымен бірге, тимустың гормондары, тимустың ішіндегі де, тимустан алшақтап кеткен де лимфоциттердің дифференциялану үрдісіне ықпал жасай отырып, шеткi лимфоидтық ағзаларда Т-лимфоциттердің соңғы пiсiп-жетілуін реттейдi және де сүйек кемiгiнде Т-лимфоциттер ізашарларының дифференциялану үрдiсiне әсер етеді. Тимус гормондарының бірнеше негізгі топтарын ажыратады.

Бірінші топқа тимустың қыртысында Т-лимфоциттер ізашарларының пісіп жетілуінің алғашқы кезеңдеріне әсер ететін І және ІІ тимопоэтиндер кіреді.Екінші топты тимозин туыстастығының гормондары(тимозин αI с м.м. 3108; βI с м.м. 8451; β2 с м.м. 4982 және т.б.) құрайды. Бұл гормондар өте көп мөлшердегі глутамин және аспарагин қышқылынан тұратын салыстырмалы орташа молекулалық салмақты полипептидтер болып табылады. Олардың Т-лимфоциттердің дифференциялану үрдiсiне әсер ету механизмi жасушаның маңызды реттегіштік жүйесi болып табылатын лимфоциттердің циклдік нуклеотидтер (цАМФ, цГМФ) реттеуімен байланысты.

Тимуста тимопоэтиндер мен тимозиндерден басқа, лимфоциттердің миграция, дифференциялану және пролиферация үрдiсiне әсер ететін бірнеше гуморалдық факторлар түзiледi (мысалы, тимикалық гуморалдық фактор, тимикалық сарысулық фактор және тағы басқалары).

Тимустың эпителий жасушалары, сонымен бірге, интерлейкиндерді (ИЛ-1, ИЛ-6 және ИЛ-7) және колониябелсендіруші факторлар(ГМ-КСФ, Г-КСФ, М-КСФ) түзеді. Осы цитокиндер арасында тимоциттер дамуы үшін маңыздысы ИЛ-7 болып табылады, тимустағы қалған цитокиндердің әсері - өзара алмастырушылық.

Тимус гематотимикалық тосқауыл бар болғандықтан организмнің басқа ағзалар мен жүйелермен әрекеттесуi шектелген. Бұл тосқауыл қан тамырларының эндотелийінен, тимус стромасының эпителийінен және олардың арасындағы жіңішкеталшықты дәнекер тіннен құралған. Гематотимикалық тосқауыл тимус тініне жасушалар мен ірі биологиялық молекулалардың өтуіне бөгет болады.

Тимус тек қана Т-лимфоциттердің пiсiп-жетілуіне мамандандырылған. Бұл ағзаның морфологиялық құрылысының ерекшелігі: әр аймақта лимфоциттер әр түрлі микроайналым жағдайында болады. Сондықтан, бұл жасушаларәр аймаққа тән әртүрлі жетілу белгілерін қабылдап:

  • Т-лимфоциттердің пiсiп-жетілуіне ықпал етеді, сонын ішінде, тек бір нақты антигенге ғана арналған Т-лимфоциттер клондарының қалыптасуына алып келетін антигентанушы рецепторлардың пайда болуын негіздейді;

  • қызметі әртүрлі Т-лимфоциттердің субпопуляциясының түзілуін қаматамасыз етеді;

  • өзiндiк МНС–антигендерiмен бірге бөтентектi пептидтерді анықтай алатынТ-лимфоциттер клондарының сұрыпталуын жүзеге асырады.

Туылған кезде нәрестелерде тимустың салмағы оның жалпы дене салмағының 1/300 бөлігін құрайды. 1-3 жас аралығында тимус өзінің ең үлкен мөлшеріне және белсенділігіне (гормондар түзу, тимоциттердің дифференциялануы мен пролиферациясын сүйемелдеу)жетеді. Бұл кезеннен кейін тимус тұрақтанады. Ал 20 жастан бастап жылына белсендi тіннің 3%-на дейін жойылуымен сипатталатын үдемелi инволюциясы (салмағының азаюы) басталады. Атрофияға көбiне тимустың қыртыстық қабаты ұшырайды. Қарт кезенде ол толығымен жоғалуға жақын болады. Ал милық заты біршама атрофияға ұшыраса да, сақталып қалады. Адамда тимустың жасқа байланысты инволюциясы иммундықтапшылық жағдайды қалыптастырады, сондықтан аталған жығдайда тимус гормондарының препараттары қолайлы әсер етеді. Тимустың жасқа байланысты инволюциясы иммундық жүйенің ескiруiне, ал ол арқылы бүкіл организмнің қартаюына басты себепкер болады деп есептеледі.

Сонымен, тимус иммунитеттің адаптивтіжасушалық жүйесінің түзілуі мен қызмет атқаруына жауапты адаптивті иммунды жүйенің орталық органы болып табылады.

Орталық органдарда орын алатын лимфоциттердің дифференциялануыгеномда бiрқатар өзгерiстердi себеп болатын көптеген гуморалдық медиаторлар мен жасушааралық өзара байланыстар әсерімен жүреді. Геном өзгерістері белгiлi антигендiк детерминантқа (эпитопқа) арналған лимфоциттер клондарының түзiлуiн негіздейді. Нәтижесінде лимфоциттердің осы организм өмірі бойы кездесетін антигендердің барлығын тану қабілеті пайда болады. Бұл дифференциялану антигендермен байланыссыз жүреді де антигенге тәуелсіз дифференциялану деп аталады.

Сонымен, адаптивті иммундық жүйенің орталық органдарында ізашар жасушалардан Т- және В-лимфоциттердің түзілуі және олардың антигенге тәуелсіз дифференциялануы жүреді. Осы орталық органдардағы антигенге тәуелсіз дифференцияланудың ең негізгі нәтижесі лимфоциттер клондарының түзілуі болып табылады. В-лимфоциттердің клондары сүйек кемiгiнде, ал Т-лимфоциттердің клондары тимуста қалыптасады.

Лимфоциттер орталық органдардан қан және лимфа ағымы арқылы шеткi органдарға қарай бағыттайды.

Иммундық жүйенің шеткі органдары

Оларға: көкбауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамша без, аденоидтар және басқа да лимфоидтық түзілістер жатады. Олардың тимусқа тәуелді (Т-лимфоциттер) және тимусқа тәуелсіз (В-лимфоциттер) аумақтарына лимфоциттер орналасады. Иммундық жүйенің шеткi органдарының ұйымдастырылу негізінде аймақтық қағида жатыр: әр лимфоидты орган не өзімен лимфа тамырларымен байланысқан дененің белгілі бір бөлігін бақылайды (лимфа түйіндері), не қан айдау жолдарында кедергі болады (көкбауыр), немесе ағзаның ішкі ортасын шектейтін кедергілермен тікелей байланысады (тері және шырышты қабаттармен байланысқан лимфоидтық тін).

Шеткi органдарда антигендермен жанасу арқылы лимфоциттердің соңғы пiсiп-жетілуі – антигенге тәуелді дифференциялануы жүреді, нәтижесінде сәйкес антигендерге адаптивті иммундық жауап тудыра алатын пiсiп-жетілген иммундыхабарлы лимфоциттер түзіледі. Сонымен бірге, шеткi мүшелерде көптеген антигендерге иммундық жауаптың маңызды кезеңi болып табылатын Т-, В-лимфоциттердің және антигенді таныстырушы жасушалардың кооперациясы жүреді. Нәтижесінде В-лимфоциттер антидене түзетiн плазмалық жасушаларға дифференцияланады. Лимфоциттер мен медиаторлардың қан мен лимфа арқылы айналуы лимфа мүшелерін бір жүйеге біріктіріп иммунды жауаптын жалпылануын мүмкін етеді.

Осылайша, шеткi органдарда иммундық жасушалар антигендермен байланысып,өздерінің әсерін көрсетеді де жоғары дәрежеде арнайы адаптивті иммунды жауап дамиды.