Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-шы тарау. МФ мен ДЖ туа біткен және адап имму...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
536.58 Кб
Скачать

Дендритті жасушалардың субпопуляциялары

Адамда дендритті жасушалар ас-қорыту жолының, тыныс жолдарының, жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарында, сонымен қатар шеткері қанда және барлық лимфоидты мүшелерде, тимуста кездеседі. Жетілмеген ізашар дендритті жасушалардың басым көпшілігі (Лангерганс жасушалары) теріде кездеседі.

Дендритті жасушалардың көпшілігі бетінде CD34 антигені бар миелоидтық ізашарлардан дамиды, тек бір субпопуляциясы (фолликулярлы ДЖ) сүйек кемігінен тарамайды. Сүйек кемігінен шығатын ДЖ альтернативті жолдарын цитокиндер анықтайды.

Макрофагалды колониестимулдаушы фактордың (М-КСФ) қатысуымен, ал TNF-α мен ГМ-КСФ болмаған жағдайда миелопоэздің ізашарлары макрофагтар бағытында дифференцацияланады.

Осы жасушалар ГМ-КСФ, ИЛ-4 және TNF-α әсерінен дендритті жасушаларға дифференцацияланады.

Қан моноциттері де ИЛ-4 пен ГМ-КСФ әсерінен ДЖ дифференцациялануы мүмкін. Моноциттерден ДЖ түзілуін IFN-γ тежейді.

Шығу тегі, түрі және қызметтері бойынша дендритті жасушалардың 5 негізгі субпопуляциясы ажыратылады: Лангерганс жасушалары, моноцитарлы ДЖ, интерстициалды ДЖ, плазмацитоидты ДЖ және фолликулярлы ДЖ.

Лангерганс жасушалары – дендритті жасушалардың арнайы субпопуляциясы, олар терінің эпидермалды қабатында патогенмен кездескенге дейін бірнеше күн немесе апта болады. Зақымдалған тері арқылы патоген енген кезде, оларды фагоцитарлық белсенділігі бар, бірақ В7 костимуляторын экспрессияламайтын Лангерганс жасушалары жұтады. ПТР көмегімен патогенді таныған және қажетті белгілерді қабылдаған Лангерганс жасушаларында жетілу үрдісі басталады, сосын жақын орналасқан лимфа тамырлары арқылы лимфа түйіндеріне жылжиды. Мұнда олар В7 костимуляторын экспрессиялайтын ДЖ дифференцацияланады (15-ші сурет). Бұл жағдай CD8+ немесе CD4+ Т-лимфоциттердің адаптивті иммунды жауабының қалыптасуына жағдай жасайды.

15-ші сурет. Лангарганс

жасушасының антигенді

лимфа түйіні бағытында

тасымалдауы

Сонымен, Лангерганс жасушаларының қызметі – антигенді регионарлы лимфа түйіндеріне тасымалдау және оларды иммуногенді түрге дейін өңдеу арқылы жасушалық және/немесе гуморалды адаптивті имунды жауаптың дамуына ықпал ету.

Моноцитарлы ДЖ қан моноциттерінен түзіледі және қаннан тінге, теріге миграцияланады. Ол жерден лимфа арқылы лимфа түйіндеріне немесе қайтадан қанға түсуі мүмкін, сосын ағыммен лимфа тіндеріне келеді. Моноцитарлы ДЖ антигентаныстырушы жасуша қызметін атқарады.

Интерстициалды ДЖ. Бұл резидентті тіндік ДЖ субпопуляциясы. Олар терінің дерма қабатында табылған, сондықтан оларды дермалды ДЖ деп те атайды. ДЖ бұл түрі резидентті тіндік антигентаныстырушы жасуша болып табылады. Теріден басқа, олар барлық шырышыты қабаттарда кездеседі. Интерстициалды ДЖ бөгже бөлшектерді аңқау Т-лимфоциттерге таныстыру үшін жұтады. Интерстициалды ДЖ бетіндегі арнайы рецепторлары әртүрлі, ол әртүрлі тіндердің микроайналымдағы айырмашылықтарға байланысты болуы мүмкін.

Асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатында интерстициалды ДЖ Пейер табақшаларында орналасады, мұнда антигендер «жинақталады» және олар ішектен лимфа тіндеріне өтеді. Пейер табақшаларында М-жасушалары кездеседі, олар шырыштың эпителиалды жасушаларының астында орналасады, ал өсінділері эпителиалды жасушалар арасынан өтіп ішектің ішкі қуысына дейін жетеді. Өсінділерінің көмегімен антигендерді іздейді және жұтады. М-жасушалары тағам арқылы түскен антигендердің, ішектегі мыңдаған қауіпсіз бактериялардың (комменсалды бактриялар), сондай-ақ кез-келген патогендердің әсеріне ұшырайды. Олар АҚЖ қауіпсіз резидентті бактерияларына дамитын қабыну жауабын алдын алуда арнайы қызмет атқарады деп саналады.

Плазмацитоидты ДЖ. ДЖ маңызды түрінің бірі. ДЖ жатқанына қарамастан АТЖ қызметін атқармайды, яғни антигендерді аңқау Т-лимфоциттерге таныстыру қызметін атқармайды.

Плазмацитоидты дендритті жасушалардың лимфоидты қатардағы плазмалық жасушалармен ортақ морфологиялық сипаттамалары бар, бірақ олар лимфоидтық немесе миелоидтық ізашарлардан дамуы мүмкін.

Басқа ДЖ айырмашылығы - плазмацитоидты ДЖ тіндерде отырмайды, қанда айналымда болады және вирустармен кездескенде жоғары мөлшерде І түрдегі интерферондарды түзеді. TLR7 және TLR9 рецепторлары арқылы вирустың нуклеин қышқылдарын танығаннан кейін плазмацитоидты ДЖ қаннан шеткері лимфа мүшелеріне жылжиды. Оларды интерферон-түзуші жасушалар деп те атайды.

Плазмацитоидты ДЖ түзілетін IFN-α және IFN-β вирустарға қарсы әсерінен басқа адаптивті иммунитетті реттеуді маңызды қызмет атқарады. Бұл І түрдегі интерферондардың иммунды реттегіштік қызметінің бар екендігін көрсетеді.

Басқа ДЖ плазмацитоидты ДЖ айырмашылығы – әртүрлі интерферондар, бірінші кезекте IFN-α генінің транскрипцисын шақыратын активация белгісін жылдам береді. Ол TLR7 мен TLR9 лигандалары көмегімен адапторлық нәруыз МуD88 арқылы беріледі.

Фолликулярлы ДЖ (ФДЖ). ФДЖ дендритті жасушалардың еркеше субпопуляциясына жатады. Олар сүйек кемігінде түзілмейді және қызметі сүйек кемігінен шығатын ДЖ ұқсамайды. Плазмацитоиодты ДЖ сияқты ФДЖ ІІ класс МНС молекулаларын түзбейді, сондықтан аңқау Т-лимфоциттердің активациясы үшін антигенді таныстыру қызметін атқармайды.

ФДЖ тек қана лимфа түйіндерінің фолликулаларында, яғни В-лимфоциттермен бай құрылымдарда орналасады. Олар ІІ класс МНС молекулаларын экспрессияламайды, бірақ антиденелер үшін мембраналық рецепторлардың (ҒсR) деңгейі жоғары болады, олардың көмегімен иммунды кешендерді тиімді байланыстырады. В-лимфоциттер өздерінің антигентанушы рецепторларының көмегімен иммунды кешендердің құрамына кіретін антигендердің антигенді детерминанталарын таниды. В-лимфоциттердің ФДЖ әсерлесуі олардың жетілуі мен дифференцировкасындағы маңызды кезең болып саналады.

Герментативті орталықтардың ашық аймақтарында (лимфа түйіндерінің лимфоидты фолликулаларында) белгілі бір антигенге қарсы адаптивті иммунды жауапқа қатысатын В-лимфоциттердің сұрыпталуы жүреді (олардың осы бір антигенге рецепторларының аффинділігі жоғары). Иммуноглобулинді антигентанушы рецепторларының (ВЖР) көмегімен В-лимфоциттер иммунды кешендердің құрамындағы антигендермен әрекеттеседі. Егер ВЖР аффинділігі осы антигенге жоғары болса, онда мұндай әрекеттесу олардың сақталып қалуын қамтамасыз етеді. Осы антигенге ВЖР аффинділігі төмен В-лимфоциттер мұндай әрекеттесуден кейін жойылады.

Сұрыпталудан өткен аффинділігі жоғары В-лимфоциттер пролиферация мен сақталып қалуды қамтамасыз ететін екінші белгіні қабылдайды Т-хелперден қабылдайды, сосын олар В-зерде немесе антидене түзетін плазмалық жасушаларға дифференцацияланады. Т-хелперлермен әрекеттесу нәтижесінде иммуноглобулин кластарының алмасуының индукциясы да болуы мүмкін. Осылайша, В-лимфоциттердің ФДЖ және Т-хелперлермен әрекеттесуі осы бір антигенге аффинділігі жоғары В-лимфоциттердің сұрыпталуын қамтамасыз етеді (антигенге жауап берген В-лимфоцит клонының пролиферация үрдісі кезіндегі соматикалық гипермутация нәтижесінде). Қорыта келе, В-лимфоциттердің ФДЖ әрекеттесуі олардың сақталып қалуы мен одан әрі жетілуі үшін критикалық маңызды болып табылады.

Сонымен, ДЖ көптеген түрлері ажыратылады, олардың қызметтері де әртүрлі. Көпшілігі антигентаныстырушы жасушалар, олар антигендерді организмнің бір аймақтарында жұтып, басқа аймақтарды таныстыруы мүмкін. Осы жасушалардың жетілмеген түрлері бүкіл организмді бақылайды, ал патогендердің инвазиясы болғанда, оларды жұтады. Сосын ДЖ лимфа түйіндері мен басқа да шеткері лимфоидты мүшелерге жылжиды, мұнда олар антигендерді аңқау Т-лимфоциттерге таныстырады. Шеткеріде «күзетші» қызметін атқара отырып, жетілмеген ДЖ антигенді фагоцитоз, рецептор-тәуелді эндоцитоз немесе пиноцитоз жолымен жұтады. Жетілмеген ДЖ пиноцитоз үрдісі кезінде сағатына 1000-1500 мм3 сұйықтықты жұтады. Бұл көлем жасуша көлемінен біршама үлкен. Жетілу үрдісі кезінде жетілмеген ДЖ фенотипі антигендерді Т-лимфоциттерге таныстыратын жетілген жасуша фенотипіне ауысады. Жетілу үрдісі кезінде (шамамен 3 тәулік) ДЖ бір қызметтерінен айырылады (мысалы, фагоцитоз бен пиноцитоз қызметтерін жоғалтады), бірақ басқа қызметтерге ие болады. Оларды Т-хелперлерге антигендерді таныстыру үшін қажетті ІІ класс МНС нәруыздарының экспрессиясы жоғарылайды, сондай-ақ аңқау Т-жасушалардың белсенуі үшін қажетті В7 костимулдаушы молекуласының өнімі жоғарылайды. Жетілген ДЖ антигендерді жұтқан тіндерден босап шығып, қанға немесе лимфаға өтеді, сосын Т-лимфоциттер орналасқан лимфоидты мүшелерге келіп, оларға антигендерді таныстырады.