Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 тарау. Туа пайда болған иммунитет жүйесінің ж...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202.75 Кб
Скачать

Фагоцитоз

Фагоцитоз – диаметрі 1 мкм және одан жоғары болатын қоршаған ортаның бөлшектерін жасушаның жұту процесі. Фагоцитоз патогеннің немесе кез-келген басқа бөлшектің жасуша мембранасының рецепторларына бекінуі нәтижесінде жүреді. Фагоцитоз процесін стимулдайтін рецепторларды фагоцитарлы рецепторлар деп атайды. Фагоцитарлы рецепторлар екі топқа бөлінеді: патогенді тікелей танитын рецепторлар (лектинді, соның ішінде маннозды рецепторлар, скавенджер-рецепторлар) және жанама (тікелей емес) танитын рецепторлар (Fc-рецепторлары, комплементке арналған рецепторлар). Бұлардың көмегімен опсонизацияланған (мысалы коллектиндермен, антиденелермен, комплементпен) объектілердің фагоцитозы белсенеді. Фагоцитарлы рецепторлар толығырақ ІІ бөлімнің 2 тарауында «Туа пайда болған иммунитет рецепторлары және олармен танылатын молекулалы құрылымдар» көрсетілген.

Фагоцитоз үрдісі фагоцитарлы рецепторлармен белсенетін болғанымен, фагоцитоздың ингибиторлық рецепторлары да анықталған. Мысалы, ескірген эритроциттер бауырдың Купфер жасушаларымен жүзеге асатын фагоцитозға ұшырап қаннан жойылады. Сау эритроциттер CD47 нәруызының экспрессиясының арқасында фагоцитозға ұшырамайды. Бұл нәруыз макрофагтардағы арнайы SIRP-1α рецепторымен байланысу арқылы фагоцитозды тежейді.

Цитоплазманың сәйкес бөліктерінде фагоцитарлы рецепторлардың көмегімен фагоциттердің активтелуінің нәтижесінде актиннің полимеризациялануы жүреді. Ол цитоплазмалық өсінділердің-псевдоподийдің түзілуіне жағдай жасайды. Олар жұтылған материалды қоршайды және фагосома түзеді. Цитоплазмада фагосома лизосомамен бірігеді және фаголизосома түзеді. Онда жұтылған объектіні қорыту жүреді – ферменттердің көмегімен гидролизі.

Фагоцитоз – фагоциттер деп аталатын маманданған жасушалар арқылы жүреді. Оларға бірінші кезекте профессионалды фагоциттер деп аталатын нейтрофилдер, моноциттер, тіндік макрофагтар және дендритті жасушалар жатады. Басқа жасушалар да, мысалы, эозинофилдер және В-лимфоциттер, фагоцитоздық қабілетке ие.

Фагоцитоз туа пайда болған иммунитеттің маңызды эффекторлы механизмі болып табылады. Оның көмегімен көптеген патогендер (бактерия, вирус, саңырауқұлақтар және т.б.) жұтылады және жойылады. Саңырауқұлақ пен бактериялар, сонымен қатар вирустық бөлшектер сәйкес фагоцитарлы рецепторлардың көмегімен жақсы байланысады және жеңіл фагоцитозға ұшырайды. Фагоциттың ішінде патогеннің гидролизі жүреді. Олардың өнімдерінің құрамында берілген патогенге қарсы қорғаныс үрдісін белсендіретін және жасушаішілік Толл-тәрізді және NOD-рецепторлармен танылатын ПАМҚ (патогенмен ассоциацияланған молекулалы құрылымдар) молекулалары болады.

Нейтрофилдер организмге енген патогенді фагоцитоздайтын алғашқы жасушалар болғандықтан, олардың туа пайда болған инфекцияға қарсы иммунитеттегі маңызы өте үлкен.

Фагоцитоз тек қана жұқпаларға қарсы қорғаныста ғана емес, сонымен бірге организмдегі зақымдалған, ескірген және өлген жасушалар мен олардың фрагменттерін жоюда да маңызды роль атқарады. Фагоцитоздың көмегімен апоптоз нәтижесінде өлген, цитотоксикалық лимфоциттермен бұзылған, комплементпен лизиске ұшыраған бөтен текті жасушалар мен аутоиммунды үрдісте зақымдалған жасушалар жойылады. Аутоиммунды және аллергиялық үрдістердің дамуының алдын алуда иммунды кешендердің фагоцитозы маңызды роль атқарады. Фагоцитоздың ролі регенерация үрдісінде және организмнің гомеостазын сақтауда да өте үлкен.

Фагоцитоз – антигендерді Т-лимфоциттер тану үшін жүргізілетін жасушаішілік өңдеу мен таныстырудың бірінші және міндетті кезеңі. Ал Т-лимфоциттер адаптивті иммунды жауаптың индукциясының негізі болып табылады. Сондықтан иммунды жүйенің негізгі антигентаныстырушы жасушалары (моноциттер/макрофагтар және дендритті жасушалар) маманданған фагоциттер болып табылады.

Фагоцитоздың көмегімен организмнен апоптозға ұшыраған жасушалар жойылады. Апоптозды жасушалар және олардың фрагменттерінің құрамында тек апоптозды жасушаларға тән мембранабайланыстырғыш қосылыстар бар. Сонымен қатар олар фосфотидилсерин және лизофосфтидил қышқылы (ЛФҚ) сияқты ерігіш қосылыстар да бөледі. Бұл қосылыстар фагоциттердің рецепторларына әсер ету арқылы қабынудың дамуын туғызбайды, тек фагоцитоз үрдісін стимулдайды. Бұл рецепторлардың ішінде – фосфотидилсеринге арналған рецепторлар, ЛФҚ, әр түрлі скавенджер-рецепторлар және опсониндерге (коллектиндерге, пентраксиндерге, комплементтің C1q және iC3b нәруыздарына) арналған рецепторлар.

Микробтардың фагоцитозы жоғары токсикалық оттектің активті формалары мен азот тотығының өндірілуімен , сонымен қатар қабынуға қарсы цитокиндер мен хемокиндердің өндірілуімен жүреді, ал жұқтырылмаған апоптоз жасушаларының фагоцитозы қабынуға қарсы медиаторлардың, соның ішінде TGF-β, ИЛ-10, ПГ өндірілуімен жүреді.

Қабыну және қабынуға қарсы жауап дамуы бөлшектер жутылуын белсендіретін фагоцитарлы рецепторлар арқылы түсетін белгілерге байланысты болады, тағы басқа бұл бөлшектерде паттерн-танушы рецепторлармен (жасушаішкілі TLR және NOD-рецепторлар) байланысуға қажетті лигандтардың болуына байланысты болады. Фагоцитоздалған патогендерде көпшілікті ПАМҚ болады, олар айтылған рецепторлармен байланысып, фагоцитоздаушы жасушада қабынудың бірқатар медиаторларын бөлуін белсендіреді. Ал апоптоздаушы жасушалардың және олардың фрагменттерінің құрамында бұндай ПАМҚ жоқ.