
- •5 Тарау. Туа пайда болған иммунитет жүйесінің жасушалары және оның қызметтері
- •Туа пайда болған иммунитет жүйесінің жасушаларының негізгі типтері, олардың сипаттамасы және қызметтері Нейтрофилдер
- •Нейтрофилдердің рецепторлары
- •Жасушаішілік бактерицидтік механизмдері
- •Лейкоциттердің экстравазациясы
- •Фагоцитоз
- •Эозинофилдер
5 Тарау. Туа пайда болған иммунитет жүйесінің жасушалары және оның қызметтері
Туа пайда болған иммунитет жүйесінің негізгі жасушалары, олардың шығу тегі. Туа пайда болған иммунды жауапқа қатысатын рецепторлары және механизмдері. Нейтрофилдер, негізгі сипаттамасы және қызметтері. Фагоцитоз, оның жасушаішілік бактерицидті механизмдегі рөлі. Эозинофил, базофил, мес жасушаларының және NK-жасушаларының негізгі сипаттамалары.
Туа пайда болған иммунитет жүйесінің жасушаларына шығу тегі әр түрлі және әртүрлі қызмет атқаратын жасушалар кіреді. Бірінші кезекте оларға миелоидты қатардың жасушалары-нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер, моноциттер/макрофагтар және дендритті жасушалар жатады. Туа пайда болған иммунитет реакцияларында шығу тегі лимфоидты-NK жасушалары да негізгі рөл атқарады. Туа пайда болған иммунитет жүйесінің жасушаларына сонымен қатар мес жасушалары, терінің эпителиалды жасушалары, шырышты қабат жасушалары және қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады.
Туа пайда болған иммунитет жүйесінің жасушалары көптеген қызметтерді атқарады, олар:
рецепторларының көптіген нәтижесінде патогендерді, сонымен қатар өзінің зақымдалған, модификацияланған және апоптозға ұшыраған жасушаларын тану;
патогендерді фагоцитоздайды, кейін жасуша ішінде жояды. Сонымен қатар вирустармен жұқтырылған жасушаларды цитолизге ұшыратады;
жұқпалы қоздырғыштар ағзаға түскеннен бастап жоятын антимикробты пептидтерді өндіреді;
қабыну медиаторларын, соның ішінде простагландиндерді, лейкотриендерді, қабынуға қарсы цитокиндерді және хемокиндерді өндіреді. Олардың көмегімен туа пайда болған иммунитет жүйесінің жасушалары негізгі қорғау үрдісін тез жергіліктенуіне және организмге енген патогенді жоюға бағытталған – қабыну индукциясына, дамуына және реттелуіне қатысады;
антигентаныстырушы жасушалар (дендритті жасушалар мен моноциттер/макрофагтар) қызметін атқарады: антигенді иммуногенді формада Т-лимфоциттер тану үшін өңдейді және таныстырады (процессинг және презентация), солай адаптивті иммунды жауап индукциясына қатысады;
дендритті жасушалар мен макрофагтар бөлетін цитокиндер көмегімен адаптивті иммунды жауаптың белгілі бір түрінің – жасушалық немесе гуморалды – басым дамуын қадағалайды;
Туа пайда болған иммунитет жүйесінің жасушаларының негізгі типтері, олардың сипаттамасы және қызметтері Нейтрофилдер
Нейтрофилдер – диаметрі 10-12 мкм гранулоциттерге жатады. Оларға жас, таяқшаядролы және аздап жетілген – сегменттелген ядродан және түйіршікті цитоплазмадан тұратын сегменттіядролы нейтрофилдер жатады. Нейтрофилдер сүйек кемігінен қанға өтеді және қанда лейкоциттердің 60-75% құрайды. Олар қан айналымында 7-10 сағат жүреді, кейін тіндерге өтіп, онда бірнеше күн өмір сүреді.
Ағзада көптеген жұқпалы қоздырғыштардың түсуіне жауап ретінде туа пайда болған және адаптивті иммунитет жүйесінің жасушалары (моноциттер/макрофагтар, Т-лимфоциттер-хелперлер) гранулоцитарлы-макрофагалды және гранулоцитарлы колониестимулдауші факторларды, сонымен қатар, сүйек кемігінде қосымша нейтрофилдердің өндірілуіне әсер ететін ИЛ-3 бөледі. Хемотаксистік факторлардың (активтелген моноциттер/макрофагтармен, нейтрофилдермен және эпителиалды жасушалармен өндірілетін хемокиндердің; комплемент компоненттерінің фрагменттерінің; ұйытушы жүйе компоненттерінің және т.б.) әсерінен нейтрофилдер патогендерді фагоцитоздау үшін жұқпалар ошағына жылжиды.
Нейтрофилдердің цитоплазмасында көп мөлшерде біріншілік және екіншілік гранулалар болады. Біріншілік – өлшемі бойынша үлкен - гранулалардың құрамында миелопероксидаза, әр түрлі гидролитикалық ферменттер (қышқыл гидролаза, протеиназа, эластаза және т.б.), сонымен қатар антимикробты пептидтер (дефенсин және кателицидин) болады. Өлшемі бойынша кіші – нейтрофилдердің екіншілік гранулаларының құрамында коллагеназа, лактоферрин, сілтілі фосфотаза және лизоцим болады. Гранулалардың екі типі де жұтылған бөлшектері бар (мысалы бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар, өлген жасушалардың фрагменттері және т.б.) фагосомамен бірігіп, оларды жояды және ферменттердің көмегімен қорытады.
Нейтрофилдер жұқпа ошағына немесе зақымдалған жерге қаннан шығып бірінші жетеді. Онда олар әр түрлі механизмдердің: фагоцитоз, оттектің активті формасының, азот тотығының және антимикробты пептидтер өнімдерінің өндірілуіне негізделген – жасушаішілік бактерицидтілік көмегімен және қабыну медиаторларының, соның ішінде қабынулық цитокиндердің, соның ішінде қабыну хемокиндердің, простагландиндер мен лейкотриендердің өндірілуінің көмегімен патогендерге қарсы қорғаныс жүргізеді.