Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ші тарау. Туа бітен иммун рецепторлары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
289.79 Кб
Скачать

Толл-тәріздес рецепторлар

Туа біткен иммунитеттің маңызды жасушалық рецепторларына жасуша бетінде және цитоплазмасында орналасқан Толл-тәріздес рецепторлар (TLR) және жасушаішілік NOD-рецепторлар жатады. Бұл топқа кіретін рецепторлар бактериялардың, вирустардың және басқа да патогендердің ПАМҚ анықтайды және туа біткен иммунды жауаптың дамуында маңызды қызмет атқарады. Осы рецепторлар арқылы белсенген туа біткен иммунитет жасушаларының (бірінші кезекте, ДЖ мен МФ) адаптивті иммунды жауаптың дамуына ықпалы зор.

Онымен қоса, Толл-тәріздес рецепторларға ПАМҚ қатар, жасушаның тіршілігіне қауіптілікпен ассоциацияланған (әртүрлі стрестік әсерлер мен апоптоз) жасушалық және тіндік молекулярлық құрылымдар - ҚАМҚ-та лиганда бола алады.

Толл-тәріздес рецепторлар атауы 1980 жылы неміс ғалымдары дрозофилде Toll рецепторын ашқаннан кейін берілді (неміс тілінен аударғанда «түсініксіз» деген мағананы білдіреді). 1996 жылы J.Hoffman мен B.Lemaitre Толл-тәріздес рецепторлардың мутациясы дрозофилде анатомиялық аномалиялардың дамуын шақырумен қатар, оларды Aspergillus саңрауқұлағына сезімталдықтың жоғарылайтындығын анықтаған. Кейін Толл-рецепторлардағы мұндай мутация саңрауқұлаққа қарсы дрозомицин пептидінің түзілуіне қажетті белгінің берілуін бұзатыны белгілі болды.

Бір жылдан кейін, 1997 жылы америка зерттеушілері R.Medzhitov пен Ch.Janeway дрозофилдің Толл-тәріздес рецепторының цитоплазмалық доменіне ұқсас адамның мембранамен байланысқан нәруызын ашты. Ол иммунды жауаптың бітқатар гендерінің экспрессиясын белсендіреді, соынң ішінде ИЛ-1 мен TNF-α синтезін қадағалайтын гендерді белсендіреді. Кейіннен бұл нәруызды TLR4 деп атады. Осылайша адам мен дрозофилдегі туа біткен иммунды жауаптың даму жолдарының ортақ екендігі дәлелденді. Көптеген соңғы зерттеулерде Толл-тәріздес рецепторлар сүт қоректілер мен адамның туа біткен иммунитетінің маңызды бөлігінің бірі екендігі көрсетілді.

Толл-тәріздес рецепторлардың құрылысы

Толл-тәріздес рецепторлар - дегеніміз трансмембранды белгі беруші рецепторлық нәруыздар. Олардың молекуласы лейцинге бай, әрі олар қайталанып тұратын (leycine rich repeats – LRR) аминқышқылды жасушасыртылық доменнен, мембрана арқылы өтетін трансмембранды деменнен және TIR-домен деп аталатын жасушаішілік доменнен тұрады. Толл-тәріздес рецепторлардың құрылысы 8-ші суретте көрсетілген.

8-ші сурет. Толл-тәріздес рецепторлардың құрылысының кестесі

Жасушасыртылық доменнің құрамына кіретін LRR – дегеніміз 24-29 аминқышқылынан тұратын қайталанатын құрылымдар. Барлық TLR құрылысы бойынша әртүрлі LRR тұрады және LRR-дің белгілі бір жиынтығы сол TLR-дың лиганда-байланыстырушы аймағын қалыптастырады.

Жасушаішілік TIR-домен өзінің атауын Toll/IL-1R=TIR алды, яғни ол TLR мен ИЛ-1R-дің цитоплазмалық домендері арасында ұқсастықтар бар екендігін көрсетеді. TIR-доменнің 3 аймағы бар, олар TLR-тұқымдастығының барлық мүшелері үшін жоғары консервативті және оларды box1, box2 және box3 деп атайды (2-ші сурет). Аталған аймақтар белгілерді TLR-дан жасуша ядросына беретін жасушаішілік нәруыздарды (адапторлық нәруыздар) байланыстыру қызметін атқарады.