Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ші тарау. Туа бітен иммун рецепторлары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
289.79 Кб
Скачать

Туа біткен иммунитеттің ерігіш паттерн-танушы рецепторлары

Коллектиндер мен фиколиндер дегеніміз көпжасушалы организмнің жасушаларында кездеспейтін, бірақ бактерия қабырғасының құрамына кіретін кейбір көмірсу қалдықтарын танитын және оларды байланыстыратын ерігіш нәруыздар. Аталған қалдықтармен байланысқан кезде коллектиндер мен фиколиндер опсониндер қызметін атқарады және опсонизацияланған патогендердің фагоцитозы ынталанады. Онымен қоса, микробтармен байланысқан кейін комплемент жүйесі белсенеді (лектинді жол). Коллектиндер кейбір бактериялардың құрамындағы липидтәріздес мембрананы тікелей зақымдау арқылы жоя алатынын соңғы зерттеулер көрсетті.

Туа біткен иммунды жауапқа қатысатын үш коллектин мен екі фиколин белгілі. Олар шырышты қабаттардың бетінде және қанда кездеседі. Коллектиндер мен фиколиндер тұқымдастығына жататын барлық нәруыздарда цистеинге бай аминды ұштары бар, олар көмірсу танушы доменнің түзілуіне қатысады. Коллектиндер дегеніміз бактериалды жасушалардың бетіндегі көмірсулардың құрамына кіретін Д-маннозамен – қантпен байланысатын маннозабайланыстырушы лектиндер. Фиколиндер N-ацетилглюкозаминмен байланысады, олар да бактериалды жасушалардың бетіндегі көмірсулардың құрамына кіреді.

Адамда көбірек зерттелген коллектиндерге манноза байланыстырушы лектин жатады. МБЛ және екі адам фиколині (L-фиколин мен H-фиколин) сарысулық нәруыздарға жатады. МБЛ жедел фаза нәруыздарына жатады, оны жоғары мөлшерде бауырдың Купфер жасушалары, жұқпаға жауап ретінде, макрофагтармен түзілетін қабыну алды цитокиндерінің әсерінен түзеді. МБЛ омыртқалылардың жасушаларында кездеспейтін, бірақ көптеген патогендерде анықталған, манноза-құрамдас молекулалардың құрылымдардың құрамына кіретін гидроксилді топтары бар манноза сияқты ұштарлы қанттарды (концевые сахара) таниды. Сондықтан ол кейбір грам-оң және грам-теріс бактериялармен, саңрауқұлақтармен және вирустармен (мысалы, тұмау вирусымен) байланыса алады. Осы байланыс нәтижесінде патогеннің ыдырауына әкелетін комплемент жүйесі белсенеді (лектинді жол). Онымен қоса, патогендермен опсонизацияланған МБЛ туа біткен иммунды жүйенің жасушаларындағы сәйкес рецепторлармен байланысу арқылы олардың фагоцитозын ынталандырады.

Шамамен 4% адамдарда нүктелік мутациямен шақырылған МБЛ ақауы кездеседі. Ондай адамдарда жұқпалы аурулардың даму қауіпі жоғарылайды, әсіресе балаларда, себебі оларда антиденелермен қорғану жеткілікті түрде қалыптаспаған. МБЛ ақауы бар балаларда менингококкты менингитпен ауру қауіпі негізгі популяцияға қарағанда 6 есе жоғары. Индиядағы балаларда өкпе туберкулезінің даму жиілігі де осындай мөлшерде.

Туа біткен иммунды жүйенің ерігіш ПТР липополисахарид- байланыстырушы нәруыз жатады, ол грам-теріс бактериялардың ЛПС танитын маңызды рецепторлық молекула (1-ші сурет). Ол аталған бактериялардың жасушалық қабырғаларымен байланысу арқылы қан мен тіндік сұйықтықтағы опсонизацияланған бактерияларды туа біткен иммунитеттің жасушаларындағы ЛПС-рецепторларына тіркейді, ол өз кезегінде осы бактерияларды фагоцитозыға алып келеді.

Сонымен қатар, туа біткен иммуниттің ерігіш ПТР қабынудың жедел фазалық нәруызына кіретін С-реактивті нәруыз жатады. СРН бауыр жасушаларымен түзілуі қабыну алды цитокиндерінің әсерінен ынталанады. Қабыну алды цитокиндерін организмге енген қоздырғышты жұтқан макрофагтар синтездейді. СРН деңгейі жедел қабыну кезінде екі есе жоғарылайды.

СРН пентраксиндер деп аталатын пентамерлік нәруыздар тұқымдастығына жатады. Олар кальций-тәуелді серпілістерде лигандалармен байланысады. СРН байланысатын лигандаларға апоптозды жасушалардың фосфолипидтері және грам-теріс бактерияларға тән ПАМҚ полисахаридтер мен фосфатидилхолиндер жатады. СРН микробтық жасушалардың бетіндегі аталған лигандалармен байланысу арқылы фагоцитозды ынталандыратын опсонин қызметін атқарады. Сонымен қатар, бұл байланысу комплемент жүйесінің белсенуіне алып келеді, оның салдарынан тағы бір опсонин - С3b түзіледі. С3b нәруызы микробтарға жабысады, ал С3b-рецепторлары экспрессияланған фагоциттерге С3b-мен көмкерілген бактерияларды жеңіл фагоцитозға ұшыратады.