
- •Комплемент жүйесінің құрылысы мен қызметтері
- •Классикалық жол;
- •Альтернативтік жол;
- •Лектинді жол. Комплемент жүйесінің активтену механизмдері
- •Комплемент жүйесінің классикалық жолмен актувтенуі
- •Алғашқы кезеңдері
- •Комплемент жүйесінің биологиялық әсерлері:
- •Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі
- •Комплемент жүйесін альтернативті жолмен белсенуін шақыратындар:
- •Кезіндегі бактериялардың лизисі
- •Комплемент жүйесінің лектинді жолмен активтенуі
- •Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
- •Комплемент жүйесінің бұзылыстарына байланысты дамитын аурулар
Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі
Комплементтің альтернативті жолмен активтенуі антиденелердің қатысуынсыз жүреді, яғни арнайы емес жол. Ол туа біткен иммунитеттің маңызды компонентінің бірі. Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтеуінің классикалық жолдан айырмашылығы – активтену С3 компонентінен басталады, осыған байланысты С1, С4 және С2 компонентері үрдіске қатыспайды. Бірақ альтернативті жолмен активтену міндетті түрде пропердин жүйесінің нәруыздарының қатысуымен жүреді.
Көпшілік жағдайларда альтернативті жолмен активтену адам организміне тән емес ПАМҚ-пен шақырылады. Мысалы, грам-теріс және грам-оң бактериялардың жасушалық қабырғасының құрамында альтернативті жолмен активтенуді шақыратын қосылыстар бар.
Комплемент жүйесін альтернативті жолмен белсенуін шақыратындар:
Патогендер мен микробты табиғаттағы бөлшектер:
грам-теріс бактериялардың көпшілік түрлері (грам-теріс бактериялардың ЛПҚ);
грам-оң бактериялардың көпшілік түрлері (грам-оң бактериялар қабырғасының тейхой қышқылы);
саңрауқұлақтар мен ашытқылардың жасушалық қабырғалары (зимозан);
кейбір вирустар мен вируспен зақымдалған жасушалар (вирус қабырғасындағы белгілі бір нәруыздар);
кейбір ісік жасушалары;
паразиттер (трипанасомалардың қабырғасындағы молекулалаық құрылымдар).
Патоген еместер:
адам IgG, IgA, IgE кешендері (полимерлі);
қоянның және теңіз шошқасының IgG кешендері;
кобраның венозды факторы;
гетерологиялық эритроциттер (қоян, тышқан, балапан);
анионды полимерлер (декстран сульфаты);
таза көмірсулар (агароза, инулин).
Альтернативті жолмен активтену кезінде С3 компонентінің антигенмен тікелей байланысуы басты орын алады. С3 компонентінің активтенуі магний мен кальций иондарының және пропердин жүйесінің В, D және Р факторларының қатысуымен жүзеге асады.
Пропердин жүйесі – нәруыздар тобы, оларды әріптермен белгілейді: D мен В – факторлары және Р – пропердин нәруызы. D факторы қан сарысуында белсенді фермент түрінде кездеседі, ал В факторы оған (ол құрылысы және қызметі бойынша С2 нәруызына ұқсас) субстрат болып табылады. D факторы табиғи В факторына протеолиздік әсер ете алмайды, оның әсері В факторы С3b фрагментімен байланысқан жағдайда ғана жүзеге асады.
Комплемент жүйесінің барлық нәруыздары ішінде қан сарысуында қонцентрация жоғарысы – С3 компоненті. Оның қалыпты жағдайдағы концентрациясы 1,2 мг/мл құрайды.
Қан сарысуында аз мөлшерде С3 компонентінің спонтанды ыдырауы нәтижесінде түзілген С3а мен С3b фрагменттері үнемі болады.
C3b бактерия қабырғаларының полисахаридтері және липополисахаридтерімен ковалентті түрде байланысады. Микроб жасушасымен байланысқан С3b фрагменті В факторын қосып алады, нәтижесінде соңғысы D факторының әсерінен ыдырайды. Осының салдарынан С3bВ кешені түзіледі, оны С3-проактиватор деп атайды және ол біріншіден, сақиналы кері байланыс механизмі арқылы жаңа С3 молекуласынын активтейді, ал екіншіден, пропердинмен тұрақтанғаннан кейін С3bВР кешенін түзеді. Ол кешен С5-конвертаза болып табылады, яғни ол С5 компонентінің активтенуі және ыдырауын шақырады, одан кейін серпіліске комплемент жүйесінің терминалды компоненттері қосылады (классикалық жолға ұқсас).
Айтылған серпілістер, негізінен, С3bИНА бақылауында болады. Аталған тежегіштің жетіспеушілігі кезінде серпілістің бақылаусыз ұлғаюы басталады, себебі С3 компонетінің жаңа молекулалары С3b фрагментіне дейін ыдырайды және ол пропердин жүйесімен байланысады. Түзілген C3bВР кешендері С5 компонентінің ыдырауын ынталандырады. Ал оның салдарынан, жасуша мембранасын зақымдайтын С5-9 кешендерінің қалыптасуына ықпал ететін С5b фрагменттері, сонымен қатар анафилактикалық және хемотаксистік әсерлері бар С5а фрагменттер түзіледі.
12-ші сызбада комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтену реті көрсетілген.
12-ші сурет. Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі