Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4-ші тарау. Комплемент жүйесінің туа біткен жән...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.39 Кб
Скачать

4-ші ТАРАУ. КОМПЛЕМЕНТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУА БІТКЕН ЖӘНЕ АДАПТИВТІ ИММУНДЫ ЖАУАПТАҒЫ МАҢЫЗЫ

Комплемент жүйесінің құрылысы мен қызметтері. Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі. Комплемент жүйесінің биологиялық әсерлері. Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі. Комплементтің лектинді жолмен активтенуі. Комплемент жүйесінің нәруыздарына арналған рецепторлар. Комплемент жүйесіндегі бұзылыстарға байланысты аурулар. Комплемент жүйесінің бұзылыстарын анықтау мәселері.

Комплемент жүйесінің құрылысы мен қызметтері

Комплемент жүйесі – қан сарысуының ферменттік жүйесі, оның негізгі қызметі – антигендерді ыдырату.

Комплемент жүйесіне кіретін нәруыздарды комплементтің компоненттері деп атайды. Комплементтің компоненттері активтенуге дейін белсенсіз түрде болады. Активтену басталғаннан кейін олар бір-бірімен тізбектесе байланысады, нәтижесінде бірқатар биологиялық қызметтерді атқаратын молекулалар мен кешендерді өндіреді.

Неміс бактериолог-гигиенисті Р. Пффейфер мен орыс эпидемиолог-бактериологы В.И. Исаевтың тәжірибелері комплементті зерттеудің негізін қалады. Олар тырысқақ вибрионымен in vitro тәжірибесінде, теңіз доңыздарының тырысқаққа қарсы табиғи сарысуы болған кезде ғана бактериялардың лизиске ұшырайтынын дәлелдеген, яғни бактериолиз құбылысын ашқан. Сарысуды 560С 30 минут қыздырғанда, ультракүлгін сәулелерімен әсер еткенде және ортаның рН өзгерткен жағдайда оның лизистік белсенділігінің жойылатыны анықталған. Ал теңіз доңыздарының жаңа сарысуын қосқанда, сарысудың тырысқақ вибриондарын жою қабілеті қалпына келетіндігі белгілі болды. Сонымен, фагоцитоз бен бактериялардың лизисі кезінде антиденелердің әсерін толықтыратын «бір зат» бар деп болжамданды. Оны комплемент деп атады (to complement – толықтыру).

Кейінерек бельгия бактериологы Ж. Борде комплементті алексин деп атады және оған термолабилді фактор деп сипаттама берді. 1901 жылы Ж. Борде мен О. Жангу комплементті байланыстыру серпілісін ашты. Бұл серпіліс шағын көлемдегі зерттеу орталарында, жоғары дәлділікпен антигендер мен антиденелерді анықтауға мүмкіншілік береді. Бүгінгі күнге дейін аталған серпіліс кейбір зертханаларда қолданылады.

«Комплемент» терминін иммунологияның негізін қалаушылардың бірі, Нобель сыйлығының лауреаты П. Эрлих біржола енгізді.

Комплемент жүйесі ағзаның негізгі арнайы емес гуморалдық қорғаныс факторларының бірі болып саналады. Комплементтің компоненттері мен оның рецепторлары, сонымен қатар активтену кезінде түзілетін фрагменттер мен кешендер көптеген үрдістерге қатысады және олар келесі әсерлерді шақырады:

  • микроорганизмді тікелей лизиске ұшырату;

  • фагоцитозды күшейту;

  • лейкоциттерді белсендіру жән оларды қабыну ошағына тарту (хемотаксис);

  • кейбір вирустарды бейтараптау;

  • иммунды кешендерді шығару.

Сонымен қатар, комплемент жүйесінің белсенді нәруыздары аллергиялық және аутоиммундық аурулар, трансплантация мен басқа да жағдайлар кезінде қуатты қабыну медиаторлары болып табылады.

Комплементтің белсенуі нәтижесінде құрамына IgM мен IgG класындағы антиденелер кіретін иммунды кешендердің қатысуымен микроорганизмдер ыдырайды, сондай-ақ комплемент жүйесінің нәруыздары жұқпалы қоздырғыштардың ПАМҚ байланысуы арқылы патогендердің де ыдырауын жүзеге асыра алады. Осының арқасында комплемент адаптивті және туа біткен иммунды жауапта шешуші қызмет атқарады.

Комплемент жүйесі қалыпты қан сарысуында кездесетін нәруыздар арқылы белсенуі мүмкін. Ол молекулаларды қабынудың жедел кезеңінің нәруыздары деп атайды, атап айтсақ, оларға коллектиндер, фиколлиндер және С-реактивті нәруыз жатады. Бұл нәруыздар туа біткен иммунитеттің ерігіш паттерн-танушы рецепторларына жатады, себебі олар бактериялардың, вирустардың және басқа да патогендердің ПАМҚ тану қабілеті бар. Осындай байланысу салдарынан комплементтің белсенуі қоздырғыштың ыдырауына әкеледі. Комплемент жүйесінің фрагменттері мен кешендері шақыратын биологиялық әсерлер патогендер мен антигендерді ыдыратумен қатар, туа біткен және адаптивті иммунитеттің көптеген иммунды үрдістеріне реттегіштік әсер етеді.

Комплементтің белсену жолына қатысатын нәруыздардың құрылымдық ұқсастықтары, эволюция барысында бұл жүйенің рудиментарлық туа біткен иммунды жүйе бар омыртқасыздарда да болғанын көрсетеді. Адаптивті иммунды жүйесінің компонеттері жоқ қарапайым көпжасушалық организмдерде комплемент жүйесімен байланысқан нәруыздар бар.

Омыртқалыларда, соның ішінде сүтқоректілер мен адамдарда, комплемент жүйесі туа біткен және адаптивті иммунды жауаптың эффекторлық тізбегіне қатысады. Бірақ, комплемент жүйесінің белсенуі нәтижесінде түзілген молекулалар мен кешендердің барлық биологиялық қызметтері туа біткен иммунитет жасушаларының белсенуіне тәуелді. Бұл комплемент жүйесінің эволюциялық шығу тегін көрсетеді.

Туа біткен иммунды жүйенің жасушаларындағы арнайы рецепторларымен байланысу осы жасушалардың (макрофагтардың, нейтрофилдердің, мес жасушаларының және базофилдердің) арнайы қызметтерін іске қосады, нәтижесінде қабыну дамиды және иммунды реттегіш молекулалар түзіледі.

Комплемент жүйесінің барлық нәруыздарын, тежегіштерін, реттегіштерін және рецепторларын белгілейтін біртұтас жіктелу жүйесі енгізілген. Мәселен, комплементтің компонентін С әріпімен (ағылшынның complement деген сөзінен) және араб сандарымен белгілейді. Комплементтің тоғыз негізгі компоненті бар, олар С1, С2, С3 ... С9. Комплемент компоненттерінің сандық белгіленулері олардың ашылу хронологиясына сәйкес келгенiмен, активтенуге қатысу тәртібіне сәйкес келмейді. Ферменттік ыдырау нәтижесінде түзілген фрагменттерді «а», «b» және басқа әріптермен белгілейді, мысалы, С2а, С2b және басқа. «b» әріпімен мөлшері бойынша үлкен фрагментін белгілейді және ол комплементтің келесі компонентінің ыдырауына қатысады. Ал «а» әріпімен белгіленген фрагмент, әдетте, ерігіш түрде кездеседі және оның хемотаксисті шақыру қабілеті бар. Біріккен фрагменттер ферменттік белсенділігі бар кешендерді түзеді, оларды белгілегенде, кейде жоғарғы жағынан сызықша қояды. Комплементтің компоненттеріне арналған рецепторларды CR1, CR2 және т.б. белгілейді (ағылшынның complement receptor деген сөзінен).

Комплементтің нәруыздарын организмнің көптеген жасушалары түзеді: гепатоциттер, моноциттер, макрофагтар, ішектің эпителиі, бүйрек түтікшелері, эндотелий жасушалары, фибробласттар және т.б. Әртүрлі жасушалар комплементтің бір немесе бірнеше компоненттерін өндіруі мүмкін. Комплементтің 90% артық нәруыздары бауырда түзіледі. Бауыр сарысулық С4 компонентінің негізгі көзі болып табылады, ал С1 компонентi басымырақ түрде аш ішектің эпителиінде түзіледі.

Комплемент компоненттерінің түзілуінде басты қызметті макрофагтар атқарады, мысалы, макрофагтар және Купфер жасушалары С1q, С4, С2, С3, С5 және С6 өндіреді. Осы жағдай макрофагтар мен комплемент жүйесі арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді.

Май тінінде пропердин жүйесінің D және B факторлары, сонымен қатар С3 компоненті түзіледі. Иммунды жауап кезінде С3 компонентінің лимфоидты тіндермен жергілікті өндірілуі мүмкін. Қабыну алды цитокиндері (ИЛ-1, 6 және IFN-γ) бауырда комплементтің көптеген нәруыздарының түзілуін ынталандырады, сондықтан оларды жедел кезең нәруыздарына жатқызады.

Комплемент нәруыздары тек қан сарысуында ғана емес, сонымен қатар биологиялық сөлдер мен тіндік сұйықтықтарда да кездеседі. Комплементтің компонеттері анадан балаға плацента арқылы өтпейді. Үш айлық нәрестелерде комплемент жүйесі нәруыздарының деңгейі ересек адамдардың деңгейіне сәйкес келеді.

Бүгінгі күнде комплемент жүйесі белсенуінің 3 жолы белгілі: