
- •«Философия» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары
- •1. Семинар сабақ.
- •2. Семинар сабақ.
- •3. Семинар сабақ.
- •4. Семинар сабақ.
- •5. Семинар сабақ.
- •6. Семинар сабақ.
- •7. Семинар сабақ.
- •8. Семинар сабақ.
- •9. Семинар сабақ.
- •10. Семинар сабақ.
- •11. Семинар сабақ.
- •12. Семинар сабақ.
- •13. Семинар сабақ.
- •14. Семинар сабақ.
- •15. Семинар сабақ.
- •16. Семинар сабақ.
- •17. Семинар сабақ.
- •18. Семинар сабақ.
- •19. Семинар сабақ.
- •20. Семинар сабақ.
- •21. Семинар сабақ.
- •22. Семинар сабақ.
- •23. Семинар сабақ.
- •24. Семинар сабақ.
- •25. Семинар сабақ.
- •26. Семинар сабақ.
- •27. Семинар сабақ.
- •28. Семинар сабақ.
- •29. Семинар сабақ.
- •30. Семинар сабақ.
- •2. А. Қасабеков, ж.Молдабеков «Шығыс философия-сының тарихы» бойынша қазіргі үнді философтарының біреуін таңдау бойынша конспект жасау.
- •2. Ғылымилық проблемалар және дүниені философиялық тұрғыда көрудің әр алуандықтары.
- •2. Ақпараттық қоғамдағы адам мәселелері.
17. Семинар сабақ.
Философиядағы болмыс мәселесі.
1. Болмыс туралы жалпы ұғым және философиядағы болмыс мәселесінің даму жолдары.
2. Әлемнің қазіргі кезеңдегі ғылыми-табиғи бейнесі.
Сабақтың мақсаты: Болмыс туралы жалпы ұғым қалып-тастыру және оларды көзқарастар типтерімен байланыстыра білу. Әлемнің қазіргі кезеңдегі ғылыми-табиғи бейнесін талқы-лай алу.
Тақырыпты игеру барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:
Болмыс мәселелерін шешу барысында ой толғауды ең алды-мен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды және бұл ойлау-дың негізгі азығы болып табылады. Дүниеге келгеннен кейін адамды мына сұрақтар мазалайды: «Қоршаған орта нені білдіреді?», «Ойдың шығу тегі қалай?», «Әлем мен адам бол-мысының шеткі түп-негізі не?», «Мұнда алдын ала айқындалған мақсаттылық бар ма?».
Осылайша Парменид болмыс мәселесін философияның ең басты мәселесі ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға барлық өмірде бар нәрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол ашты. Абсолюттік Рух, Құдай, рухани мәнділіктер мен монадтар туралы ілімдер осы метафизикалық пәнге жатқы-зылды.
Левкипп пен Демокрит атомды ұсынады Платонның Арис-тотель Гегель Фейербахтың болмыс туралы түсініктерін айыра білу. Қазіргі онтологиядағы «болмыс» ұғымдарының негізгі түрлерін айқындай алу керек
18. Семинар сабақ.
Философиялық ілімнің онтологиялық негізі
1. Материя. Материяның заттылығы, қасиеті, қатынастары.
2. Қозғалыс және оның негізгі формалары.
3. Кеңістік және уақыт
Сабақтың мақсаты: Материя, қозғалыс, бейнелену ұғымдарын анықтай алу. Кеңістік және уақыт, қозғалыс және оның негізгі формаларын түсіну арқылы белгілі бір көзқарастық тұрғыларды жасай білу.
Тақырыпты игеру барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:
Материяның негізгі формалары мен түрлері болып сана-латын бірқатар белгілері бойынша жасалған классификациясын айқындау. Қозғалыс және оның негізгі формаларын. Кеңістік пен уақыт ұғымдарының мазмұнын айқындау.
Бейнелену, материяның жалпыға бірдей қасиеті ретінде «бейнеленетін объектінің қатынасын және белгілерін, қасиет-терін туындатып» отырады және материяның ұйымдасуының барлық деңгейлерде: жансыз, жанды және әлеуметтіліктің таби-ғатында көріну ерекшеліктерін екшелеп белгілі бір түсінік қалыптастыру.
Сана әр уақытта еңбекпен тығыз байланыста, ол өзара әрекеттестіктердің және адамдардың арақатынасының әмбебап құралы - тілмен де дәл солай байланыста.
Әр алуандық және әлем бірлігі Бұдан мынадай мәселе-сұрақтар туындайды, сонда әлемнің көз жетерліксіз әр алуандығында, барлық барды құрап тұратын бірлік бар ма, егер бар болса, онда ол не? Осы мәселелерді шешуде философия өзінің тарихында мына ілімдерді туғызды: плюрализм, дуализм және монизм, ал, оның мәнін көрсететін категория субстанция (лат. substantia - мән, нәрсенің негізінде болатын) болмыстың өзгерістегі, ауыспалы қасиеттеріне қарама-қарсы өзгермейтін, жойылмайтын негізі.Осыған байланысты аталған ілімдердің ерекшеліктерін анықтау қажет.
Әдебиеттер.
1.Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия- А., 261-286, 273-292 бет.
2. Әбішев К. А.Философия - А.,1998 70-3, 125-128, 138-153 бет.
3. Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002, 140-185 бет.
4. Тұрғынбаев Ә. А.Философия -2005, 87-120 бет. 260-290 б.