
- •«Философия» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары
- •1. Семинар сабақ.
- •2. Семинар сабақ.
- •3. Семинар сабақ.
- •4. Семинар сабақ.
- •5. Семинар сабақ.
- •6. Семинар сабақ.
- •7. Семинар сабақ.
- •8. Семинар сабақ.
- •9. Семинар сабақ.
- •10. Семинар сабақ.
- •11. Семинар сабақ.
- •12. Семинар сабақ.
- •13. Семинар сабақ.
- •14. Семинар сабақ.
- •15. Семинар сабақ.
- •16. Семинар сабақ.
- •17. Семинар сабақ.
- •18. Семинар сабақ.
- •19. Семинар сабақ.
- •20. Семинар сабақ.
- •21. Семинар сабақ.
- •22. Семинар сабақ.
- •23. Семинар сабақ.
- •24. Семинар сабақ.
- •25. Семинар сабақ.
- •26. Семинар сабақ.
- •27. Семинар сабақ.
- •28. Семинар сабақ.
- •29. Семинар сабақ.
- •30. Семинар сабақ.
- •2. А. Қасабеков, ж.Молдабеков «Шығыс философия-сының тарихы» бойынша қазіргі үнді философтарының біреуін таңдау бойынша конспект жасау.
- •2. Ғылымилық проблемалар және дүниені философиялық тұрғыда көрудің әр алуандықтары.
- •2. Ақпараттық қоғамдағы адам мәселелері.
15. Семинар сабақ.
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ ағартушы-классиктерінің философиялық көзқарастары .
1. Қазақ ағартушы - классиктерінің (Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов,) антропоцентристік, гума-нистік философиялық көзқарасты.
2. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қоғамдық - саяси жазу-шылар (Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов,М. Дулатов, және М.Шо-қайдың) мен ақындардың (С.Торайғыров, М.Жұмабаев және Шәкәрім Құдайбердиев) әлеуметтік-философиялық және этика-лық көзқарастары.
Сабақтың мақсаты: Қазақ философиясының негізгі ойшылдарының көзқарастарын талдау.
Тақырыпты игеру барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:
ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәли-ханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясының антропоцентристік және экзистенциалистік сипатын талдау. Ш.Уәлиханов: келешекке бағытталғандық, қазақ қоғамының сая-си құрылымын, әлеуметтік жағдайлары мен тарихи болмысын игеру. Ы.Алтынсарин: халықтың болашағы - білімге деген ұмтылыста. Адамгершілік пен білімнің бірлігі. Алтынсаринның гуманизмі: адам біртұтас адамзат тегінің өкілі ретінде. Адал еңбек пен шаманы білу - адам бақытының негізі.
Абайдың философиялық антропологизмі және экзистенциа-лизмі. Абайдың «Қара сөздері» және қазіргі заман. Адамның жағымсыз қасиеттерін сынау. Абай шығармашылығындағы руханилық және таңдау еркіндігі мәселесі. Шәкәрімнің діни-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері. Сенім мен ақыл мәселесі. Шәкәрімнің этикасы: ар-ұждан - адам өлшемінің критериі.
ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ фплософиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бөкейханов, А.Байтұр-сынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбер-диев көзқарастарын айқындау.
16. Семинар сабақ.
ХХ ғасырдағы кеңестік философия.
1. ХІХ-ХХ ғасырдағы орыс философиясының басты бағыттары.
2. ХХ ғасырдағы кеңестік дәуір философиясы.
Сабақтың мақсаты: ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясындағы негізгі үш бағытты: славянофил бағыты және батысшылдар, марксизм бағытын айқындау. Кеңестік дәуірдегі қазақ философиясындағы кәсіби философияның пайда болуы және оның өкілдерінің негізгі көзқарастарын талдау.
Тақырыпты игеру барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:
Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басы. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Жалпы орыс философиясындағы негізгі үш бағытты атап көрсеткен дұрыс: славянофил бағыты және батысшылдар, марксизм бағытын. Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі - православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни өзгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді.
Марксизм бағытының негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, Н.Бухарин, А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм көзеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі - философияны жұмысшы табының идеологиялық қызметшісіне айналдыруы.
Үшінші бағыт - батысшылдар, немесе экзистенциалистер бағытының негізгі объектісі - адам және оның өмірінің мәні бол-ды. Атап көрсететін бір ерекшелік - жалпы философия тарихын-да өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологиялық қызметшісіне айналып, өзінің ұлттық ерекшелік-терінен айрылды. Бірақ негізінен марксистік сипатта болғаны-мен, осы кезеңде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философия факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазақстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін игерумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.
Әдебиеттер.
1.Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А., 2007. 216-260 бет.
2. Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. А. Философия - 2002, бет.
3. Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002, 86-124 бет.
4. Алтай Ж.,Қасабек А.,Мұхамбетали Қ.А.Философия, 1999, 194-217.
5 Төкенов Ө.С. Мәдениеттану - А., 2006, 218-229 бет.