Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Студ. арналан сем сратар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259.07 Кб
Скачать

6. Семинар сабақ.

Антикалық философияның эллиндік және римдік кезеңі.

1.Скептицизм және стоялық философия.

2. Эпикур философиясы.

3. Неоплатондық философия

4. Ерте христиандық идеялар және гностицизм

Сабақтың мақсаты: Философия ғылымының бастауы болып табылатын көне Греция философиясының жалпы мазмұнын ашу, негізгі өкілдерінің көзқарастарын игеру.

Тақырыпты игеру барысында келесі аспектілерге назар аудару қажет:

Грек демократиясының б.д.д. IV ғ. соңындағы дағдарысы. Эллинистік философиясының және оның негізгі ағымдары стоицизм мен эпикуризмнің пайда болуы. Стоицизм идеалдары - сабырлылық және тыныштық. Эпикур: рухани тұрақтылықтың гедонистік этикасы.

7. Семинар сабақ.

Ортағасырлық батыстық философия.

1. Ортағасырлық теологиялық философияның ерекшелігі, даму кезеңдері, негізгі ұғымдары.

2. Патристикалық философия Әулие Августин филосо-фиясы.

3. Сxоластикалық философия. Ф. Аквинский философиясы (томизм).

3. Мистика.

Сабақтың мақсаты: Орпга ғасырлардағы Батыс және Шығыс философиясының ерекшеліктерін, игеру мәселелерін талқылау.

Семинар сұрақтарына дайындалу көзінде келесі аспек-тілерге назар аудару керек:

Орта ғасырлық христиандық философия: Інжілдің діни-философиялық идеялары және антика философтардың ілімдері ортағасыр христиан философиясының негізі ретінде. Оның дамуының негізгі кезеңдері: алғаш патристика және классика-лық патристика, схоластика.

Августин Аврелий ілімі: Құдай туралы, екінші реалдылық ретіндегі дүние туралы және тағдыр туралы.

Фома Аквинский: Құдай болмысының бес дәлелі. Филосо-фияны діни ілім ретінде түсіну. Томизм - католицизмнің теория-лық құралы. Реализм мен номинализм: универсалий табиғаты туралы пікірталас. У.Оккам: көз-келген танымның объектісі болып тек жекелік табылады.

Әдебиеттер.

1.Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А., 2007. 112-126 бет.

2. Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002, 31-42 бет.

3. Философия Д.Кішібековтың басшылығымен А.,1991

4. Тұрғынбаев Ә. А. Философия - 2005, 34-36 бет.

5. Қасабек А. Тарихи философиялық таным - А., 2006.

6. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану - А., 2006, 135-145 бет.

8. Семинар сабақ.

«Араб-исламдық» және Қайта өрлеу философиясы.

1. Ортағасырлық арабтілді философияның ерекшеліктері және даму кезеңдері.

2. Араб-мұсылман мектептері.

3. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы:

а) гуманизм

ә) натурфилософия

б) саяси-әлеуметтік бағыттар

Сабақтың мақсаты: Орта ғасырлардағы Шығыс философиясының ерекшеліктерін, игеру мәселелерін талқылау. Ренессанс философиясының маңызын түсіну, негізгі философиялық, ғылыми және әлеуметтік идеяларын талдау.

Семинар сұрақтарына дайындалу көзінде келесі аспектілерге назар аудару керек:

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Философия тари-хын игерудегі европоцентристікті жеңу. Мұсылман елдеріндегі мәдениет пен дін.

Әл Кинди және арабтілді философияның бастауы. Ибн Синаның таным теориясы. Ибн Рушдтің, теология және филосо-фия; ақылдың діннен басымдылығы. Латын аввероизмі.

Әл Ғазали: мұсылмандық теология. Ақиқатты іздеу, Арис-тотелизмді сынау, теология мен суфизмді татуластыру. Араб-тілді философиясының маңызы, оның Европа философиясының дамуына әсері.

Қайта Өркендеу философиясының ерекшеліктері мен айыр-машылықтарын Ренессанс философиясын Орта ғасыр филосо-фиясымен салыстыра отырып талдау. Ренессанс және адамның асқақтатылуы. Адам - өзін-өзі жасаушы және әлемді игеруші. Адам мәселесі поэзияда және бейнелеу өнерінде: Данте Алигь-ери, Франческо Петрарка, Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти.

Э.Роттердамскийдің "Ақымақтықты мадақтау", М.Монтень-нің "Тәжірибелер" еңбектеріндегі адам еркіндігі идеясы.

Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым және оның жаңа ойлау-ды қалыптастырудағы рөлі.