
- •«Философия» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары
- •1. Семинар сабақ.
- •2. Семинар сабақ.
- •3. Семинар сабақ.
- •4. Семинар сабақ.
- •5. Семинар сабақ.
- •6. Семинар сабақ.
- •7. Семинар сабақ.
- •8. Семинар сабақ.
- •9. Семинар сабақ.
- •10. Семинар сабақ.
- •11. Семинар сабақ.
- •12. Семинар сабақ.
- •13. Семинар сабақ.
- •14. Семинар сабақ.
- •15. Семинар сабақ.
- •16. Семинар сабақ.
- •17. Семинар сабақ.
- •18. Семинар сабақ.
- •19. Семинар сабақ.
- •20. Семинар сабақ.
- •21. Семинар сабақ.
- •22. Семинар сабақ.
- •23. Семинар сабақ.
- •24. Семинар сабақ.
- •25. Семинар сабақ.
- •26. Семинар сабақ.
- •27. Семинар сабақ.
- •28. Семинар сабақ.
- •29. Семинар сабақ.
- •30. Семинар сабақ.
- •2. А. Қасабеков, ж.Молдабеков «Шығыс философия-сының тарихы» бойынша қазіргі үнді философтарының біреуін таңдау бойынша конспект жасау.
- •2. Ғылымилық проблемалар және дүниені философиялық тұрғыда көрудің әр алуандықтары.
- •2. Ақпараттық қоғамдағы адам мәселелері.
25. Семинар сабақ.
Әлеуметтік жүйе байланыстарындағы адам.
1. Әлеуметтік құрылым ұғымы. Әлеуметтік қауымдастық-тардың түрлері
2. Таптар және олардың әлеуметтік байланыстар жүйесін-дегі ролі.
3. Қоғамындағы әлеуметтік жіктелудің қазіргі замандағы негізгі тұжырымдары.
4. Ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік жіктелу.
Сабақтың мақсаты: Таптар, страттар, кәсіпшілік және салалық топтар, халықтар, ұлттар интернационалдық және аймақтық бірлестіктер, демографиялық топтар ұғымдарын айқындау.
Тақырыпты игеру барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:
Кез келген қоғам жеке бөлек индивидтердің жәй қосын-дысы емес, ол, ең алдымен әлеуметтік байланыстардың жүйесі және адамдар біріккен әртүрлі қауымдастықтардың арасындағы қарым-қатынастар.
Әлеуметтік қауымдастықтарға таптар, страттар, кәсіпшілік және салалық топтар, халықтар, ұлттар интернационалдық және аймақтық бірлестіктер, демографиялық топтар, адамдардың қалалық және ауылдық өмір карекеттерінің түрлері, еңбек және жанұя сияқты құрылымдары жатады. Қоғамның әлеуметтік өрісі - бұл адамдардың әлеуметтік қауымдастықтарының әр түрлері арқылы өтетін өз-ара әрекеттерінің күрделі жүйесі, ал әлеуметтіктер қатынастар - объективті негізде болатын олардың дүние-мүліктері, кәсіпшілік, демографиялық, этноұлттық және басқа ерекшеліктерінен туындайтын байланысттар. Әртүрлі әлеуметтік қауыдастықтардың және олардың арасындағы қатынастардың жиынтығы қоғамның әлеуметтік құрылым ұғымының мазмұнын құрайды.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы - тарихи ұғым. Қоғамның әрбір типіне оның ұдайы өндіріс тәсілі мен сипатына байла-нысты белгілі бір әлеуметтік құрылымға ие болады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста ұйымдастық рулық-тайпа түрін-де болды, онда ру бір жағынан еңбек және жанұялы ұжым болумен қатар, әлеуметтік-этникалық қауымдастық түрінде де болды. Құл иеленуші қоғамында құл иеленуші және құлдар таптар пайда болды, кәсіпшілік топтар көрінді, этникалық қауымдастық негізінде халық қалыптасады, жеке жанұя бекіді және т.б. Феодалдлдық кезеңде феодалдл мен шаруа таптары құрылады кейіннен экономиканың трансформациялануына бай-ланысты капитализм дәуірінде жалдамалы жұмысшылар және буржуазияға - жаңа әлеуметтік қауымдастыққа жол береді, ал социализм дәуірінде - жұмысшыға, шаруаға және интеллиген-цияға бөлінді. Индустриальдық кезеңде ұлттардың қалыптасуы және дамуы өтуде, әр алуан салалық және кәсіптік топтар өсуде, қауымдастықтың аймақтық құрылымы өзгеруде.Тақырыпты осы тұрғыда оқулықтар мен оқу құралдары негізінде талдау жасау.
26. Семинар сабақ.
Қоғам және жеке тұлға.
1. Әлеуметтік философиядағы жеке тұлға ұғымы және оның қоғаммен арақатынасының философиялық мәселелері.
2. Еркіндік және жауаптылық адамдық болмыстың - атрибутивтік сипаты.
3. Ұжымшылдық адамдық болмыстың сыйысушылығының түрі ретінде.
Сабақтың мақсаты: Берілген әлеуметтік философиядағы жеке тұлға ұғымы және оның қоғаммен арақатынасының философиялық мәселелері, еркіндік және жауаптылық адамдық болмыстың - атрибутивтік сипатын, ұжымшылдық адамдық болмыстың сыйысушылығының түрі ретінде сұрақтардың мазмұнын игеру.
Тақырыпты игеру барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:
Адам және қоғамның дамуындағы мәселелелерді әлеуметтік философия диалектикалық өзара байланыстар және өзара себептілік тұрғысында анықтайды. Жеке тұлғалы адамның философиялық проблемалары мыналардан тұрады: жеке тұлға адамның анықтамасы; жеке өзіндік және әлеуметтіктің айқын-далудың өзара тәуелдік түрлері; жеке тұлға мен қоғам өзгеріс-терінің тенденциялары және болашағы туралы.
Жалпы жеке тұлға ұғымының мазмұны айқын үш сыңарлас жақтардан тұрады: индивидуалдық, әлеуметтік роль, коммуникациялық процес.
Олай болса, әлеуметтікке сәйкестік өз орын анықтау және әлеуметтік шындықта атқаратын рольін, өзінің әлеуметтік қыз-меттеріне лайықты, әлеуметтік идеалында белгіленген орынына және рольіне, сонымен қатар әлеуметтік талаптануларын білдіреді. Өзін-өзі әлеуметтікке сәйкестендіру белгілі бір топқа тартылу барысында жүзеге асады. Қоғам иерархиялы, динами-калық құрылымға ие тұтас жүйені білдіреді, ал әлеуметтік стратификация және әлеуметтілік қоғамның мобильділігі өз кезегінде жеке тұлғаға белгілі бір тұлғалық рольдерді, әдет-құлық түрлерінің мүмкін үлгілерін ұсынады.Осы жағдайлардағы адам болмысындағы еркіндік және жауаптылық мәселелерін игеру керек.
Әдебиеттер.
1.Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А., 2007. 320-336 бет.
1. Әбішев К. А.Философия - А.,1998, 82-107 бет
2. Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ.А.Философия-2002, 295-302 б.
3. Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002, 224-232 бет.
4. Тұрғынбаев Ә. А. Философия - 2005, 217-225 бет.
5. Алтай Ж.,Қасабек А.,Мұхамбетали Қ.А.Философия,1999,.