Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Студ. арналан сем сратар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259.07 Кб
Скачать

24. Семинар сабақ.

Табиғат және қоғам. Қоғамды философиялық талдау.

1.Табиғат және қоғам ұғымы. Қоғамдық дамудың негізгі концепциялары.

2. Қоғам өміріндегі материалдық және идеальдық факторлар.

3. Қоғамның даму және әлеуметтік процесстер динамикасы.

4. Өздігінен ұйымдасу және қоғам дамуын басқару.

Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың даму кезеңдерін олардың пәндік ерекшеліктерін. Әлеуметтік және гуманитарлық танымдағы және білімдегі уақыт, кеңістік, хронотоп категорияларын. Әлеуметтік-гума-нитарлық ғылымдардағы плюрализм, релятивизм, психологизм, тарихилық және ақиқат проблемасы туралы түсініктер қалыптастыру.

Тақырыпты игеру барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:

Қазіргі заман философиясы табиғат және қоғамның қарым-қатынасы, қоғамның табиғатқа деген ықпалы арқылы қарас-тырады. Осыған байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Солардың бірі табиғаттағы бар жүйелерден әлеуметтік жүйенің айырмашылығы қандай? Осы тектес мәселелер қоғамдық дамудың негізгі концепцияларынан көруге болады.

Қоғамның дамуы және әлеуметтік үдерістердің динамикасы Бұл мәселеге байланысты философтар арасында бірыңғай пікір жоқ. Натуралистік концепцияның жақтастары қоғам дамуын әлеуметтік өмірдің табиғи негіздеріндегі өзгерістермен байланыстырды, ауа-райымен, биологиялық және ғарыштық факторлармен (Шарль Луи Монтескъе, Владимир Вернадский, Лев Гумилев). Марксистік әлеуметтік теорияның ізбасарлары философтар - технократтар (Уолт Ростоу, Збигнев Бжезинский және басқалары.) қоғамдық дамудың айқындаушы роліне материалдық өндірісті, техника мен технологиялық озықтылықты қойды. Кейбір философтар әлеуметтік даму үдерісін рухани құндылықтар жүйесіндегі мәдениет өмірінің өзгерістермен байланыстырды (Огюст Конт, Питирим Сорокин.).

Философтардың әлеуметтік құбылыстар динамикасын қарастыруы қоғамдағы өтпелі дәуірді бастан кешіріп отырған мемлекеттер үшін маңызы зор. Ласло өз концепциясын жасай отырып мынадай маңызды қорытынды жасайды: осы замандағы әлеуметтік, экономикалық, саяси жүйелер күрделі, тұрақсыз және олардың даму жолдары ерте ме кеш пе бифуркациялануы тиісті. Ондай бифуркацияның драмалық жағдайда өтуі олардың тұрақтылығының шегіне тым таяулығында және «қауіпті өмір салтын» өткеруінде. Осындай шектілік жағдайға өту себептері бірнешеу: 1) бұл техникалық жаңалықтардың әсерлерінің меңгерілмегендігі немесе толық қолданылмағандығы; 2) оларды ішкі және сыртқы әлеуметтік дау-жанжалдар арандата алады (соғыстар, жаулап алулар, революциялар, таптық және ұлыстар қайшылықтары); 3) үдемелі дағдарыстар тап сол қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құлдыраудың әсеріне байланысты туындайтын құбылыстар тұрақсыздық жағдайын жасай алады. ХХ ғ. адамзат, бифуркацияның ең ірі екі толқындарын бастан кешірді, біріншісі Азия, Африка және Латын Америкасы елдерін «деколонизациялаумен», ал екіншісі, М.Горбачевтің «жариялылық» саясатымен байланысты.

Әдебиеттер.

1.Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А., 2007. 320-336 бет.

1. Әбішев К. А.Философия - А.,1998, 82-107 бет

2. Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. А. Философия -2002, 295-302 б.

3. Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002, 224-232 бет.

4. Тұрғынбаев Ә. А. Философия - 2005, 217-225 бет.

5. Алтай Ж.,Қасабек А.,Мұхамбетали Қ.А.Философия,1999,.