Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 тарау. Адапт.имм. гумор. мех..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.8 Mб
Скачать

IgG қызметтері:

  • Шарнирлі аумағының құрылысы жағынан. Адамдағы IgG2, IgG4 шарнирлі аумағының конформациясы Fab-фрагментінің СН2-домендің жанында шоғырлануын қамтамасыз етеді, сондықтан IgG2, IgG4 антигенмен байланысқан соң, комплементпен (С1) байланысу қабілетін жоғалтады. IgG1, IgG3  шарнирлі аумағы құрылысы жағынан өзгеше, сондықтан олар комплемент жүйесінің классикалық жолының белсендіргіштері болып табылады.

  • IgG иммунды комплекс құрамында фагоциттердің Fс-рецепторларына берік тіркеледі, нәтижесінде фагоцитоз күшейеді.

  • IgG плацента арқылы өтеді, оның өтуі белсенді тасымалдану механизмі арқылы іске асады. IgG нәрестенің бәсең иммунизациясында басты рөл атқарады, әсері нәресте организмінде өзіндік IgG түзілуі басталған уақытқа дейін 3 ай бойы сақталады.

IgА. IgA  секреттерде мөлшері басқа иммуноглобулиндерге қарағанда жоғары болғандықтан, оны негізгі секреторлы иммуноглобулин деп санайды. Қан сарысуында 0,8-4,2 г/л, негізінде мономерлі түрінде кездеседі. IgА-ң Faв-фрагментiнiң ажырауы IgG және IgМ қарағанда төмен. Сондықтан, IgА агглютинация, преципитацияға қиынырақ түседі, бірақ жасушаға жеңіл жабысады және әртүрлі секреттер құрамында: сүт, сілекей, шырыш және т.б. кездеседі. Оның молекулалық салмағы 170 000-500 000 Д.

Секретте IgА димер немесе тример түрінде кездеседі. IgА-ң димерлері мен тримерлері шырыштының эпителиалды жасушаларымен синтезделетін секреторлы нәруызбен байланысуға қабілеті бар. IgА тұзетін плазмалық жасушалар димерлі және тримерлі секреторлы нәруыз синтезделетін жанында орналасады. Димерлі түрі гидролиздік ферменттердің әсеріне төзімділігі басқа иммуноглобулиндерге қарағанда жоғары болады. Бұл антиденелерге әртүрлі ферменттердің әсер ету ортасында белсенділігін сақтауды қамтамасыз етеді. Мұрын-жұтқыншақта IgА белсенді түзілуін антигендер, әсіресе тірі вирус пен бактериялардың шырыш қабатына енгеннен кейін байқауға болады. IgА бактериялар мен вирустарды байланыстырып, олардың шырышты қабатта тіркелуіне бөгет жасайды. Бұл үрдістің әсерлігі өте зор.

IgА түзілуінің басталуы нәресте өмірінің ерте кезеңдерінде басталады, туылған уақытта ол әлі түзілмейді, бірақ үш аптадан кейін баланың сілекейінде IgА деңгейі ересектегідей болады. Сарысулық IgА кешірек пайда болады.

Сүтқоректілердің көбінде, адамдарда да, IgА ана сүті арқылы енуі – баланың бактерияларға, вирустарға, тағамдық аллергендерге қарсы қорғауының маңызы бар.

IgЕ. IgЕ негiзгi цитофилдi иммуноглобулин, атопиялық аллергиялық серпілістің, яғни, жедел дамитын жоғары сезімталдықтың негізгі иммуноглобулині болып табылады. IgЕ-ні аллергологияда реагин деп атайды. Молекулалық салмағы 180000 тең. IgЕ молекуласының ауыр тізбегі 5 доменнен тұрады. Ауыр тізбектің С-ұшы полимерленуге қажетті аминдік қышқылдың қалдықтарынан тұрмайды, сол себептен полимерленбейді. IgЕ комплемент жүйесiн активтемейдi, агглютинацияда қатыспайды.

IgЕ концентрациясы сау адамдарда өте аз болады – 0,0002 г/л.

IgЕ жұмыс істеуі Fc-үзіндісіне арналған арнайы жасушалық рецепторлармен бірге жүреді; ол қан сарысуында тек қан ағымы арқылы ығысу үрдісімен сай келетін плазмалық жасушалардан базофилдерге және басқа жасушаларға барады. IgЕ өзінің Fc-узіндісімен сол жасушаның Fc-рецепторларына орналасады. Сөйтіп, плазмалық жасушалар тек бір ғана арнайылықты IgЕ-нi синтездейдi, ал әр гистамин өндіруші жасуша (мес жасуша, базофил) IgЕ молекуласының Fc-фрагментін байланыстырып, әртүрлі антигендік арнайылығы бар IgЕ молекуласының қабатымен қоршалуы мүмкін. Мембранабайланыстырушы IgЕ-нiң өмірі 14 күн шамасында.

Келесі кезең – антигенмен байланысу. Антиген өз детерминанттық тобымен сол антигендік арнайылықты мембрана байланысқан IgЕ Fab-фрагментімен байланысады. IgЕ антигенмен байланысқан соң Fc-рецептордың белсенділігі жоғарылау арқасында гистамин, брадикинин, 5-окситриптамин, баяу әсер етуші анафилаксия субстанциясы және басқа биологиялық активті заттар тез бөліне бастайды, нәтижесінде жедел экссудативті қабыну, яғни атопиялық аллергияның клиникалық көріністері дамиды. Егер берілген арнайы IgЕ барлығы аллергендермен әсерлесіп болса, онда аллергенмен байланысу қабілеті жоқ Fab-фрагменттері болмағандықтан, бұл аллергенге десенсибилизация пайда болады.

Атопиялық топқа жататын адамдарда иммунды серпіліс кезінде шырышты қабаттағы IgЕ деңгейі қалыпты жағдайдан өсіп, гиперергиялық серпілісіне әкеліп соғады. Ондай кезде ол науқастарда бронх демікпесіне, аллергиялық дерматиттерге, шөптік қызбаға сезімталдық болады.

IgЕ гельминттерге қарсы иммунитетте қатысады. Fab-фрагменттерімен гельминттің антигендік детерминанталарымен, ал Fc-рецепторлар арқылы эозинофилдер бетіндегі рецепторлармен байланысады. Сол Fc-рецепторлар арқылы олар белсеніп, гельминттерге қарсы әсерлі медиаторларын бөледі.

IgD. IgD молекулалық салмағы 180000 Д. IgD концентрациясы адам сарысуында 0,0003-тен 0,0017 мг/л дейiн. Бұл иммуноглобулиннiң құрылысы басқа иммуноглобулиндердiң құрылысына қарағанда толық зерттелмеген. Оның себебі, қан сарысуындағы мөлшері өте төмен. Бұл иммуноглобулин, негізінде В-лимфоциттер бетінде рецептор түрінде шоғырланады. Сонымен қатар, бұл Ig рецепторлардың пайда болуы В2-лимфоциттердің тимустәуелді антигендерге әсер ету қабілетіне сай болады. Соған байланысты, IgD жетiлген В-лимфоциттердiң негізгі мембраналық рецепторларының бірі болып табылады және олардың дифференциялану кезінде маңызды қызмет атқарады.

Нәрестелердiң әр иммуноглобулин класстарының денгейлерi

Нәрестелердiң қан сарысуында IgМ мөлшерi  0,17+0,025 г/л, IgG  11,7+0,42 г/л IgА  0 г/л.

Баланың өмірінің екінші жасының аяғына қарай ересек адамға қарағанда, IgМ мөлшерi 80%, IgG  90% құрады, ал IgА  40%-ға жақын. Нәрестеде секреторлы IgА толық болмайды, ол секреттерде өмірдің үшінші айында пайда болады және жергілікті иммунитеттің кемшілігін көрсетеді. Бірақ, IgА-ң плазмалық деңгейіне қарағанда, шырышты қабаттағы секреттің IgА мөлшері ерте бекиді (2-4 жас арасында), ол ересектерде 10-12 жасқа қарай деігейіне жетеді. IgА деңгейі туылған нәрестеде үш аптадан кейін сілекейінде ересектердегідей мөлшерде болады. Сарысулық IgА кешірек пайда болады.

IgG қандағы деңгейі ересектердің деңгейіне жетуі әртүрлі уақытта өтеді: IgG1 және IgG4 – 8 жаста; IgG3 – 10 жаста, IgG2 – 12 жаста. IgG2 және G4-ң ерте жастағы жетіспеушілігі баланың пневмококк, менингококк қоздырғыштарына резистенттілігінің төмендігін көрсетеді.

Жаңа туған балаларда IgD әдетте кездеспейдi, ол 6-шы аптада пайда болады және ересектер деңгейiне 5-10, кейбір кезде 15 жаста жетедi. Жаңа туған балаларда сонымен қатар, IgE де кездеспейдi, ол ересектер деңгейiне 11-12 жаста жетедi. Оның жылдам көбеюi балаларда бронх демiкпесiн және т.б. атопиялық аллергиялық ауруларын шақырады.

Нәрестелердiң пассивтi иммунитетi

Жаңа туған балаларда пассивтi иммунитет түзiлуiнде негiзгi қызметiн келесi механизмдер атқарады:

  • Аналық антиденелердің трансплацентарлы берілуі

Ана антиденесінің трансплацентарлы берілуі  бұл плацента жасушаларының нәруыз молекулаларын жұту және оларды деградациясыз тасымалдауын қамтамасыз ететін белсенді үрдіс болып табылады.

Ананың қан сарысуындағы IgG жоғары мөлшерінде тасымалдануы бәсеңдейді, ал төмен мөлшерде  күшейедi. Бұл механизмнің үлкен биологиялық мәні бар, өйткені ол ұрпақ қанында берілген нәруызды деңгейін бірқалыпты ұстайды. IgG Fс-фрагментiмен трофобласт жасушасының бетiндегi рецепторларға байланысып, пиноцитозға ұшырап, ұрық қан айналымына түседі.

IgМ тобына жататын антиденелер плацента арқылы өтпейді, ол грамтеріс микроорганизмдеріне (ішек таяқшасы, сальмонелла) нәрестенің қарсы тұрмайтындығымен түсіндіріледі. Ұрпақтың иммунды жүйесі табиғи антигендермен байланысқанда, IgМ синтезiмен жауап береді. Кіндік қанында 0,2-0,3 г/л-дан артық IgМ мөлшері ұрықтың антигендік стимулдауын немесе жатырішілік жұқпалы ауырушылықты көрсетеді.

  • Табиғи қоректендiрудiң рөлi

Жаңа туған балаларда IgA болмайды және оның түзiлуi 2-3-шi айда басталады. Инфекциядан қорғануда нәрестелерді табиғи қоректендіру өте маңызды болып табылады. Ана сүтiмен балаға секреторлы IgA, сонымен бiрге IgG түседi, олар жаңа туған баланы асқазан-iшек жолдарының инфекциясынан қорғайды. Баланың iшек және мұрын-жұтқыншақтың шырыштарының жергiлiктi иммунитетiнiң жетiспеушiлiгiн IgA толтырады және пневмококк, стрептококкк, тырысқақ (холера) вибриондарымен, полиомиелит вирусымен шақырылған инфекцияның дамуына қарсы тұрады.