- •4 Тарау. Адаптивті иммунитеттің гуморалды механизмдері
- •Маманданған в-лимфоциттердің субпопуляциялары
- •Антиденелер гуморалды адаптивті иммунды жүйенің негізгі эффекторлы молекулалары ретінде
- •Секреторлы
- •Альтернативті сплайсинг
- •Иммуноглобулиндердің негiзгi кластарының құрылысының ерекшелiктерi мен қызметтерi
- •IgM қызметтерi:
- •IgG қызметтері:
- •Моноклонды антиденелер
- •27 Сурет. Моноклонды антиденелер алуының гибридомды технологиясы
Маманданған в-лимфоциттердің субпопуляциялары
Қазіргі уақытта зерттеушілер В лимфоциттің біртекті емес екенін айқындады,олардың морфологиялық және функционалдық ерекшеліктері соңына дейін зерттелмеген. В-1-В-лимфоциты және маргиналды зонаның В жасушасы деп екіге бөлінеді.
Бұл екі топтағы В жасушалар мамандандырылған В лимфоциттер болып табылады,себебі патогендерден қорғайтын туа пайда болған иммунитетке тән қасиеттері бар.
Адамда 70% В-1-В-жасушалар іш қуысында мамандандырылған, ал 30% – қан, бадамша және лимфа түйіндерінде. Маргиналды зонаның В жасушалары көкбауырдың құрамында,қара және ақ пульпаның шекарасында болады.
Маргиналды зонаның В-1-В-жасушалары және В-жасушаларына плазмалық жасушаға дифференцияциалануына Т-хелперлердің көмегі қажет емес, себебі олар тікелей инфекциямен байланысу арқылы жылдам төмен аффинді IgM синтездейді. Бұл антиденелер жұқтырылғаннан кейін 48 сағаттан кейін пайда болады, содан кейін фолликулярлы Т-хлепердің көмегімен В-2-лимфоциттерде осы қоздырғыштарға қарсы антидене түзіледі. Маргиналды зонаның В-1-В-жасушалары және В-жасушалары лимфа ағымына түспей, тікелей қоздырғыш ошағындағы антигендерге қарсы антиденелер синтездейді.
В-1-В-жасушалары перитонеалды және плевралды қуысқа бағытталады, онда олар шырышты қабаттарды қорғауда маңызды рөл атқарады, ал маргиналды зонаның В-жасушалары организмді сепсистен қорғай отырып көкбауырдың маргиналды зонасы арқылы өтетін қан ағымындағы антигендерді бақылайды. Одан басқа В-1-В-жасушалары саны шектелген жұқпалар қоздырғышарымен байланысқа түспей төмен аффинді антидене түзеді, оларды және де «өзіндік антидене» деп атайды. Қызыметіне байланысты бұл антиденелер антигенмен байланысқан кезде туа пайда болған иммунды жүйенің опсониндеріне ұқсас қызмет атқарады,оларды коллектиндер деп атайды.
В-1-В–жасушалары дәстүрлі В-лимфоциттерден ерте түзіледі, олардаң түзілуі эмбриональды және ерте постнатальды кезеңдерде аяқталады. Олар арнайы сүйек кемігіндегі ізашар жасушалардан түзіледі, В0-лимфоциттерге ұқсас. Қалған өмірінде олардың мөлшері организмде бар В-1-В-жасушаларымен бөлінуімен тұрақтандырылады. Адамда В-лимфоциттердің жалпы көлемінің 5% В-1-В-жасушалары. Олар беткейлік IgM-ді көп мөлшерде экспрессиялайды, ал IgD-ны экспрессияламайды (немесе өте аз мөлшерде). Көп жағдайда бұл жасушалардың беткейінде В5(СD5) маркерін экспрессиялайды. В-1-В-жасушалары негізінде жұқпалы антигендердің шектелген санына қарсы төмен аффинды IgM өндейді,олар нәруызды антигендерге қарағанда, көмірсулы антигендерге тез активтелінеді. В-1-В-жасушалары В-зерде жасушаларын мүлде түзбейді. Бұл жасушалардың негізгі қызыметі қоздырғышпен байланыспай-ақ түзілетін табиғи антидене синтездеу (бастапқы қалыптасқан антидене). Бұл антиденелер кең таралған жұқпалар қоздырғыштарына қарсы ерте қорғанысты қамтамасыз етеді, дәстүрлі В-лимфоцит түзетін жоғары аффинді антидене синтезделгенше.
Бірақ, превральді және перитональді қуыстарды қорғай отырып В-1-В-жасушалары липополисахаридті Т-тәуелді антиген бактерияларына қарсы төмен аффинді IgM және IgA синтездейді. ВЖР-дің көмегімен В-1-В-жасушалары қоздырғыштың эпитоптарын таниды, сол кезде бірінші кезекте спецификалық белгі қабылдайды. Екінші кезекте пролиферативті-диффернциялаушы белгі қабылдайды, оны Толл – ұқсас (ТLR4) рецепторлар арқылы қабылдайды, бұлар өз кезегінде бактериалды липополисахаридттердің құрлымының қайталануын анықтайды (патогенмен ассоцияланған молекулалы құрлымдар). Зерттеулер бойынша, АІЖ-дегі секрециялайтын плазмалық жасушалардың құрамындағы IgA-ның 40% дейін В-1-В-жасушалары түзеді. IgA-ның бұл синтезі антигенді стимуляцияның нәтижесі болып табылады және түзілген IgA табиғи антиденелерге жатпайды.
В-1-В-жасушалары Тх2 мен кооперациялану арқылы зерде жасушаларын түзбей, кей жағдайларда Т-тәуелді антигендерге жауап қайтарады. Маргиналды зонаның В-жасушалары адамда өмірінің бастапқы кезінде транзитті В-0-лимфоциттері арқылы түзіле бастайды, олар фолликулярлы дәстүрлі В-1 және В-2-лимфоциттерінің белгі нәтижесінде В-0-лимфоциттердің беткейінде құрылады (Notch2-белгілеу деп аталады). В-жасушалардың маргиналды зонасының беткейінде IgM-дер көп көлемде экспрессияланады, IgD және CD5 экспрессиялануы мүлде жүрмейді. CD21 (комплемент рецепторы) және Толл-ұқсас рецепторлардың экспрессиясы айқын көрінеді.
Маргиналды зонаның В-жасушалары рециркуляцияланбайтын перифериялық В-лимфоциттердің субпопуляциясын таныстырады, олар жұқпалы антигендерге қарсы жылдам антидене синтездеуге міндетті. Ең алдымен олар полисахаридті капсулалық бактерияға (Т-тәуелсіз антиген) қарсы төмен аффинді IgM түзуге жауапты. Олар Т-тәуелді антигенге қарсы IgM және IgG синтездейді. Себебі маргиналды зонаның В-жасушалары бірқатар Толл-ұқсас рецепторларды экспрессиялайды, бірінші кезекте ПАМС полисахаридті бактерияларды танитын TLR4, ВЖР және TLR мен бірге осы жасуша беткері В7 молекуласының эккспрессиялануын шақырады, ол Т-хелперлерге костимулдаушы сигналды қамтамасыз етеді. Активтелінген Т-хелперлер маргиналды зонаның В-жасушаларымен бірге Т-тәуелді антигендерге қарсы антидене синтездейді.
Көкбауырдың маргиналді зонасында локализациялануына байланысты В-жасушалар өзі синтездейтін антидене көмегімен көкбауырдан ағып өтетін қанды жұқтырылған қоздырғыштардан қорғай отырып, сол кезекте сепсистің дамуының алдын алады.
Маргиналді аймақтың В-жасушаларыының біраз бөлігі плазмалық жасушаларында дифференцияланады және антиденелерді өндіру қандағы бактериалды антигендермен байланысқаннан кейін 4-ші күні басталады. Сонымен қатар, маргиналді аймақтың В-жасушалары осы жасушалардың беткері орналасқан, комплементке (CD21) арналған қандағы иммундық кешендермен байланысады. Бұл байланысу маргиналді аймақтағы В- жасушаларының беткейлі иммундық кешендерді жұтатын фолликулярлық дендриттет орналасқан көкбауырдың фолликулалық В-жасушаларына миграциясын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде осы дендриттік жасушалардың арқасында фолликулярлы В-жасушаларының белсенденуін қамтамасыз етеді. Осы әдіспен маргиналды аймақтың В-жасушалары қандағы антигендерді (CR2, ВЖР емес) арнайы емес байланыстырып, оны лимфоидты фолликулаларға тасымалдайды және антиген тасымалдаушы жасушалар рөлін атқарады.
В-лимфоциттердің негізгі рецепторлары және маркерлері
В лимфоциттердің беткейінде орналасқан рецепторлар мен маркерлері:
ВЖР (иммуноглобулиндік антигентанушы рецептор);
Тышқан эритроциттеріне рецептор;
C3b- рецептор ( комплемент жүйесінің үшінші компонентіне арналған);
Fc рецепторы ( иммуноглобулиндердің Fc-фрагментіне арналған);
В-митогендерге рецепторлар (полисахаридтер, бактериялардың липосахаридтері, декстран сульфаты және т.б);
CD5-рецептор, В1-В-лимфоциттеріне тән; Т-лимфоциттердің біразына арналған;
CD19-рецептор – ізашар В денгейінен В2 денгейіне дейінгі В-жасуша маркері; плазмалық жасушаларда болмайды; В-жасушасының корецептор бөлігі, CD21 және CD81 бірге түзетін корецептор, активтейтін сигналды ВЖР ден цитоплазмаға берілуді қамтамасыз етеді, В-лимфоциттің активтенуі мен дифференциялануын және де олардың дамуын қадағалайды;
CD20-барлық В-лимфоциттің маркері, активтену сигналын ВЖР арқылы берілуіне қатысады, В-лимфоциттердің пролиферациясы мен дифференциялануына және де активтенуін қадағалауға қатысуын қамтамасыз етеді;
CD21-Эпштейна-Барр және комплементке рецептор (мононуклеоз жұқпасының қоздырғышы);
CD22-жетілген В-лимфоциттің беткей маркері, адгезия үрдісіне қатысады, сигналдық молекула болып табылады;
CD23-IgE (FcE-RII) үшін төмен аффинді рецептор;
CD25-ИЛ-2 үшін α-байланыс, активтелген В-лимфоциттерге экспрессияланған;
CD40-барлық жетілген В-лимфоциттің құрамында бар, плазмалық жасушаларда жоқ, В-жасушалардың өсуін қадағалауға, олардың дифференциялануына және Ig изотипіне ауысуын қадағалайды;
CD72-барлық В-жасушаларының маркері, плазмалық жасушаларда жоқ, сигналдық трансдукцияның ВЖР арқылы өтуін, МНС ІІ класс нәруыздарын түзуге және В-жасушалық пролиферацияны қадағалауға қатысады;
CD95-FasL(CD178) үшін Fas-рецепторы, апоптоз шақыратын TFN (FasL) мембранабайланысқан молекуласы осы рецептор арқылы белгі береді.
