Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 тарау. Ісікке арсы имм..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
404.99 Кб
Скачать

Ісік жасушасы

24-ші сурет. Цитокиндердің ісікке қарсы иммунитетте қатысуы

Ең бірінші кездесу кезінде ғана арнайы емес цитотоксикалық жауап атқарушы NK-жасушалар, ісікке қарсы қорғаудың бірінші “тосқауылы” болып табылады. Олар ең алғашқы даму кезінен бастап ісік жасушаларын жоя бастайды, ал иммунды немесе антигенерекшелi Т-киллерлер ісік антигендерiн бірінші танудан кейін, 7-10 күн өткен соң, антигентәуелді даму нәтижесінде пайда болады.

NK-жасушалар (табиғи өлтiргiштер) – ол үлкен ядролы гранулалы лимфоциттер, адамның қанында деңгейі жалпы лимфоциттердiң 5-10% құрайды. NK-жасушалардың цитотоксикалық әсері ісік себептерiне байланыссыз, кең тараған ісік жасушаларының антигендерiне қарсы бағытталған. Интерферондар (, , ) NК-жасушалардың, бір жағынан бар өндiрiстi қоздырып, ал екінші жағынан олардың жаңаруына әсер етiп, белсенділiгін жоғарылатады. Дәл осылай жасушаларға ИЛ-1 және ИЛ-2 әсер ете алады. NK-жасушалар обыр метастаздарын (бөгелме iсiк беруiн) да жоюы мүмкiн.

NK-жасушалары жетіспеушілігі бар науқастар арасында (мысалы, Чедиак-Хигаси және Х-хромосомасымен біріккен лимфопролиферативтік синдром кезiнде) қатерлі ісіктің жиілігі кең тарағандығы көрсетiлген.

Тх1 бөлетін MAF және IFN-цитокиндермен белсендірілгенмакрофагтар TNF- мен IFN-тағы басқа лизосомды ферменттер мен оттектің белсенді түрлерінбөледі. Олар арқылы макрофаг тар ісік жасушаларына тікелей цитотоксикалық әсерін көрсетеді. Оның алдында макрофагтар туа біткен иммунитеттке жататын лектинтәрізді рецепторларымен ісік жасушаларының гликопротеидтарына жабысады немесе макрофагтар Fc-рецепторлары арқылы ісікке жабысқан IgG Fс-фрагменттерімен байланысады (АТЖЦТ механизмы). Обыр жасушаларымен тікелей байланыс қалыптастырған соң, белсенген макрофаг өндіретін факторлары арқылы, оларды жоя алады. Ол факторлардың арасында:

INF- вирусқа қарсы белсендiлiгi (негiзi, онковирустарға қарсы бағытталған) өте жоғары және ісік жасушаларына тікелей цитотоксикалық әсер көрсетеді. Сонымен қатар, IFN- IFN--ға қарағанда, NK-жасушаларын күштірек белсендіреді.

TNF- ісік тінінде геморрагиялық некроз (өлiеттену) дамуын шақырады. Ол иммунды қоздырғыш әсер көрсетеді: оның ықпалынан макрофагтар ИЛ-1 өндiруiн күшейтедi, Т-киллер белсенденуіне әсер етеді және IFN- тудырады, Тх1 белсенденiп, ИЛ-2-нi шығарады және NK- жасушалар, нейтрофилдер күшейедi де лизоцимнің белсенді түрлерін түзеді.

TNF- кахектин деп те атайды. Макрофагтар ИЛ-1 тәрізді, ол пирогенді әсер көрсетеді және ағзада метаболизм үрдiстерiн күшейтедi. Соңғы жылдары, әдебиетте онкологиялық аурулардың асқыну механизмiнде TNF- қызмет атқаратындығы туралы айтылып жүр.

Экспериментте көрсетілген, ісік жасушаларын МФ қорғайтыны және ол ісіктердің регрессиясына сай болады.

Ісікке қарсы иммунитетте қатысатын жасушалар тек қана оң қызмет атқармайды, олар ағзаның ісіктен қорғануын Тх1, NK және CD8+ЦТЛ дифференциялануы мен көбеюін тежееу арқылы төмендетуі мүмкін. Адаптивті иммунды жауаптың жасушалық түрінің супрессор-жасушаларына Тх2 мен CD4+25+FoxР3+ реттегіш Т-лимфоциттер жатады.

Тх2 (СD4+30+) ИЛ-4, ИЛ-10, ИЛ-13 медиаторлар бөліп, Тх1 түзілуін тежейді, сонымен бiрге макрофаг, NK-жасушалардың және CD8+ЦТЛ белсендiлiгiн төмендетедi. Осындай түрде Трет. лимфоциттер қызмет атқарады, олар ИЛ-10, TGF-β және ИЛ-4 түзеді.

Сонымен қатар, Т-реттегіш лимфоциттер антиидиотпитік клондарының ісік антигенінің құрылысы тәрізді антигентанушы рецепторлары көмегімен, Т-хелперлердің және ісік антигенімен байланысқан Т-хелперлердің рецепторларының қызметін тежеуі мүмкін.