- •7 Тарау. Iсiкке қарсы иммунитет
- •Жасушалардың қатерлi iсiкке айналу механизмдері жайлы қазіргі көзқарастар
- •Iсiк жасушаларының антигендiк құрамы
- •Iсiк дамуындағы иммунитет тежелуiнiң маңызы
- •Қатерлі ісікке қарсы иммунды жауаптың ерекшеліктері
- •Δ литикалық ферменттер
- •Қатерлі ісікке қарсы иммунитеттің жасушалық механизмдері
- •Ісік жасушасы
- •Қатерлі ісікпен иммунды жүйенің өзара қарым-қатынасы
- •Қатерлi iсіктің иммунды диагностикасы
- •Қатерлi iсіктiң қазіргі заманғы емдеу әдістері
- •Қатерлi iсіктiң иммунды емінде интерлейкиндерді қолдану
- •Қатерлi iсіктiң иммунды емдiнде интерферондарды қолдану
- •Қатерлi iсіктiң арнайы иммунды емiнде моноклонды антиденелердi қолдану
- •Ісікке қарсы вакциналар
Қатерлi iсіктiң иммунды емінде интерлейкиндерді қолдану
Интерлейкин-1 (ИЛ-1) – бұл лимфокин in vitrо ісік жасушаларына тікелей цитотоксикалық әсер көрсетеді және ол сүйек кемегінде регенеративті үрдiстерді күшейтіп, иммунды жауапты белсендiредi. ИЛ-1 әсерінен NK-жасушаларының белсендігі жоғарылайды және моноцитарлы-макрофагалды жасушалардың арнайы цитотоксикалық әсерi жоғарылайды, екіншілік цитокиндер түзiлуi күшейедi.
Осының барлығы, ИЛ-1 онкологиялық ауруларда қолдануға әкеледі. Сөйтіп, 11% жағдайда асқынған меланома ауруында жақсы әсер көрсетті. Бірақ, ИЛ-1 қан тамыр iшкi қабығында ісік жасушаларын бiр-бiрiмен жабыстырып, метастазға әкеледі деген тұжырым бар. Сонымен қатар, ИЛ-1 бірқатар кері әсер көрсетеді екен, соның ішінде қызбалық реакциясын шақырады. Осыған байланысты, клиникада ИЛ-1 қолдануы шектелген.
Интерлейкин-2 (ИЛ-2) онкологиялық аурулар емдеуде кең қолданылатын цитокин. Ол меланомада, бүйрек, өкпе рактарында және тағы басқа ісіктерде жоғары нәтиже көрсеткен және оны қолданғанда ұзақ регрессия байқалған. Бірақ, ісіктің толық жойылуы болмаған. ИЛ-2 қолданғанда бiрнеше шектеулер бар себебі, ол бірнеше ауруларда жүректi, бүйректі жарақаттайды. Келешекте ИЛ-2 ЛАЖ бірге, арнайы иммунды бейімділік емінде, сонымен бiрге, интерферон және ИЛ-12-мен қосып қолданғаны жөн.
Интерлейкин-12 (ИЛ-12) – цитокин, ол макрофагтармен түзіліп арнайы емес қорғаныс механизмі мен арнайы Т-жасушалық иммунды жауап дамыту арасында маңызды рөл атқарады. ИЛ-12 Тх1 дамытып, цитокиндердің бөлiнуiн ұлғайтады және Т-лимфоциттер мен NK-жасушалардың цитотоксикалық белсенділiгін күшейтеді. Жануарларда зерттеу өткізгенде, ИЛ-12 ісікке қарсы (бүйрек ісігі, меланома, ретикулосаркома, тоқ ішек рагы) үлкен әсер еткен. ИЛ-12, ИЛ-2 түзетiн Тх1 дамуын шақырады, сондықтан, in vivo олар бір-бірін толықтырып әсер етеді және лимфоциттердiң бөлiнуiне қатысады; осымен қатар Т-киллермен -интерферон бөлiнуiн күшейтедi, ол иммунитетте керек NK-жасушаларын белсендiредi. Тағы басқа, ИЛ-12 арналған рецепторларды тежейдi.
ИЛ-2 мен ИЛ-12 бірге қосып тышқандарда қатерлі ісікке қарсы қолдану тәжірибесі өткізілген. Мұндай күйде, бүйрек ісігі толық керi қайтқан (60%), ал бөлек қолданған кезде ешқандай емдiк қасиет байқалмаған. Қазір клиникада ісікке қарсы емдеуде ИЛ-2 мен ИЛ-12 аралас қолданып тәжірибе жүргiзiлуде.
Қазіргі кезде қатерлі ісіктерді емдеуде антицитокиндік терапия қолданудың алғашқы мысалдары бар. Айқын кахексиясы бар науқастарға кахектинға (TNF-α) қарсы моноклонды антиденелері бар препараттарды қолданып, клиникалық көріністерінің ауырлығын басады. Мысалы, базалиома мен кейбір жыныс мүшелерінің карциномасына қарсы пайдаланған анти-ИЛ-10-моноклонды антиденелер пайдалы болғаны белгілі.
Қатерлi iсіктiң иммунды емдiнде интерферондарды қолдану
Қатерлi iсiктердi рекомбинантты интерферондармен (IFN) емдеу кең қолданылуда. Бiрiншiден, барлық интерферондар iсiк-жасушасына және вирусқа қарсы антипролиферативтi және тiкелей цитотоксикалық әсер етедi және иммунды жүйенi қоздырады. Бiрақ, интерферонның әр түрiнде белсендiлiгi бiрдей емес.
IFN--ң вирусқа қарсы белсендiлiгi басқа интерферондарға қарағанда жоғары болып келедi, бірақ оның антипролиферативті белсенділігі жоғары. IFN- иммунды модуляциялы белсенділігі үшін NK-жасушаларының жұмысын күшті қоздырады.
Сондықтан, IFN--препараттары вирусқа байланысты қатерлi iсiктерде жақсы нәтиже береді, ең алдымен лейкоз кезiнде.
Зерттеушiлердiң жұмысында көрсетiлгендей, 90% түктiк жасушалық лейкозбен ауыратын науқастар IFN--мен емделгеннен кейiн екi жылдай өмiр сүрдi, ал 75-90% науқастарда толық ремиссия байқалды.
IFN-тағы басқа қатерлі ісіктерді емдеуде қолданған. ДДҰ (ВОЗ) асқынған қатерлi меланоманы IFN- емдеудiң нәтижесiн баспаға шығарды. Iсiк тiндерiн хирургиялық жолмен алғаннан кейiн, IFN- қолданғанда, 46% науқастардың өмiрi екi жылға ауру белгiлерсiз созылды, ал 27%-науқас тек қана хирургиялық жолмен емделген. Басқа бiр жұмыста, терi рагымен ауыратын 30 науқасты бақылағанда, тiкелей iсiкке IFN- енгiзген және қосымша интерферон майының емi жүргiзiлген, сонда 10 науқаста iсiктiң толық регрессиясы байқалған, ал 15 жартылай әсер болды.
Клиникалық байқаулар көрсеткендей, әртүрлi ракпен ауыратын 1500 онкологиялық ауруларда Ресейлiк IFN- (Реаферон) жоғары әсерi байқалған, ауруларға оның залалсыздығы мен қалыпты белсендiлiгi көрсетiлген. Жанама әсерi бiрен-сараң көрiнген соң, бұл препаратты қолдануға тиым салынған.
IFN- күштi иммуномодуляциялық әсер көрсетедi және кейбiр лейкемиялық жасушаларға антипролиферативтiк нәтиже бередi, себебi олардың дамуын реттейдi. Сонымен қатар, IFN- қатерлi iсiк-жасушалардың көптеген түрлерiнде HLA-антигендердiң I және II класс экспрессиясын тежейдi. Бұл арқылы олардың Т-лимфоциттермен танылу қабiлетi төмендейді. Жақында IFN- iсiк некроздаушы фактормен бiрге, оның цитотоксикалық әсерiн күшейтiп, қосарланғыш әсер еткендiгi анықталды.
Көптеген қатерлi iсiктердi емдеуде (сүт безiнiң, өкпенiң, жыныс безiнiң рактары, остеогендiк саркома, гепатоцеллюлярлық карцинома, глиома, қатерлi меланома, т.б.) IFN- қолданған, бұл кезде емдiк әсер өте жақсы көрiнген. Кейбiр авторлардың жазуы бойынша, IFN- көктамыр iшiне енгiзгенде ол залалсыз болған, ал кейбiреулерi оның улылығы жоғары екендiгiн жариялайды.
Рекомбинантты интерферондар онкологиялық клиникада қолданғанда көптеген ауруларда (қуық рагi, қатерлi меланома, сүт безiнiң рагi, жатыр мойынның рагi, бүйрек карциномасы, қатерлi лимфома, Ходжкин ауруы, лейкоздар, тоқ iшек пен бауыр iсiктерi) жартылай және толық iсiктiң регрессиясы байқалды (10-50%). Бұл кезде көптеген аурудың нәтижесiнде ремиссия ұзаққа созылған.
Қазiргi кезде рекомбинантты интерферондарды операциялық емдеу, химиотерапия, сәуле әдiстерiмен бiрге емдеуде қолданылуының клиникалық тәжрибелерi жүргiзiлуде. Аурулардың нозологиясы мен кезеңiне байланысты айқын әсер 50-70% кездестi. Сүт безi рагiн, балалар жедел лейкозын, ретикулосаркоматозды, созылмалы миелолейкозды аралас емдеу кезiнде ерекше жақсы нәтиже алынды.
Сонымен қатар, iсiкнекроздаушы факторы және ИЛ-2-мен қосып емдеу кезiнде, интерферондардың әсерi жоғары болатыны көрсетiлген. Осы салада тәжрибелi зерттеулер одан әрi жүргiзiлуде.
