Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Материалдар кедергісі пәнінен ЕЖЖ орындауға арн...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.85 Mб
Скачать

4. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары

Тапсырма шарты. Күрделі қима швеллерден, қоставрдан, тік төртбұрышты қимадан және тең бүйірлі бұрыштамадан құралған (7 сурет).

Кесте 3 - №3 есептеп-жобалау жұмысының сандық мәндері

Нұсқалар

Тік төртбұрыш

Қоставр

Швеллер

Бұрыштама

h

δ

[ N

в×в×d

мм

мм

1-20

160

10

10

16

125х125х16

21-40

220

30

16

20

160х160х18

41-60

300

15

20

24

220х220х16

61-80

250

15

16

30

100х100х10

81-100

150

10

18

22

180х180х20

101-120

200

10

20

10

200х200х20

121-140

250

12

18

20

160х160х20

141-160

300

40

14

24

125х125х16

161-180

200

14

16

18

140х140х10

Талап етіледі:

1. Қиманың ауырлық центрінің орнын анықтау;

2. Қиманың ауырлық центрі арқылы өтетін және өстеріне байланысты өстік және центрден тепкіш инерция моментерін анықтау;

3. Басты орталық инерция өстерінің орындарын анықтау;

4. Қиманың ең үлкен және кіші өстік инерция моменттерін анықтау;

5. Қиманы 1:2 маштабымен сызып, сызба барлық өлшемдерді және өстерді көрсету.

Сурет 7 - №3 есептеп-жобалау жұмысының есептеу сұлбалары

7 суреттің жалғасы

7 суреттің жалғасы

7 суреттің жалғасы

7 суреттің жалғасы

4.1 Есеп шығаруға арналған әдістемелік нұсқаулар

а) Мемлекеттік стандарт кестелерінен сызбадағы прокат профильдеріне қажетті және геометриялық сиппатамаларды жазып алу керек;

б) Қиманы 1:2 маштабымен А4 форматына сызып, оның қажетті өлшемдері көрсетіледі;

в) Күрделі қима қарапайым дара фигураларға бөлініп, оның кез келген нүктесі арқылы көмекші немесе «кездейсоқ» координат өстері Zo, Yo жүргізіледі;

г) Zo , Yo, өстеріне байланысты әр фигураның ауырлық центрінің орындары (С1, С2, Сi) анықталып, олар арқылы көмекші өстерге Zo , Yo паралелль жеке өстері Zi , Yi жургізіледі;

д) Күрделі қиманың ауырлық центрінің координаталары Zс және Yс қосымша өстерге Zo және Yo байланысты анықталып, графикалық жолмен тексеріледі;

е) Сызбада күрделі қиманың ауырлық центрі арқылы қосымша өстерге Zо және Yо паралелль орталық Zс және Yс өстері жүргізіледі;

ж) Әр фигураның ауырлық центрінің координаталары ai , bi Zс және Yc өстеріне өстеріне байланысты анықталып, сызбада көрсетіледі;

з) Күрделі қиманың Zc және Yc өстеріне байланысты өстік инерция , және центрден тепкіш инерция моменттері анықталады;

ЕСКЕРТУ! Өстік инерция моментерінің мәні әр уақытта оң танбалы «+», ал центрден тепкіш инерция моментінің мәні - теріс «-» немесе оң «+» болуы мүмкін.

и) Қиманың басты орталық инерция өстерінің U, V орындары α1 , α2 анықталады. Егер α > 0 болса, онда бұрыштың мәні Zc және Yc өстеріне сағат тіліне қарсы бағытта, ал α < 0 – сағат тілі бағытында салынады;

к) Өстік инерция моменті үлкен басты орталық инерция өсі Zc немесе Yc өстерімен кіші бұрыш жасайды. Мысалы: егер > , болса, онда U өсі мен Zc өсінің арасындағы бұрыш – кіші сүйір бұрыш, ал U- ең үлкен басты орталық инерция өсі;

л) Инерция моментерінің ең үлкен мәндері , есептеледі;

м) U және V өстеріне байланысты басты инерция моменттерінің , мәндерінің анықталуы тексеріледі. Дұрыстық шарты =0.