Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАДИОТЕХНИКА основной.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.38 Mб
Скачать

4.2. Радиоқабылдағыш құрылғылары

Радиоқабылдағыш құрылғылардың арналуы және классификациясы, көрсеткіштері. Радиоқабылдағыш құрылғыларды радиобайланыс, дыбыстық және теледидарлық хабар таратуда, радионавигацияда, радиолокацияда, радио-, телебасқаруда және т.б. қолданады. Радиоқабылдағыштың құрылғы келесі процестерді іске асыруы үшін қажетті бөліктері болуы тиіс:

- антеннада сыртқы электромагниттік өрістерден туындайтын барлық электрлік тербелістердің жиынтығынанқажетті радиотаратқыштың сигналын бөліп алу;

- жоғары жиілікті сигналды күшейту;

- детектрлеу; яғни модуляция заңы бойынша өзгеретін токқа жоғары жиілікті модуляцияланған сигналды түрлендіру;

- детектрленген сигналды күшейту.

Сигналды әрі қарай түрлендіру радиоқабылдағыштың нақты қолдану ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, егер, қабылдағыш бірарналы радиотелефондық байланыс үшін, немесе дыбыстық не теледидарлық хабар таратуға арналған болса, онда қабылданған сигнал күшейтілгеннен кейін телефон, дауыс зорайтқыш және теледидарлық түтік көмегімен дыбысқа және бейнеге түрлендіріледі.

Егер қабылдағыш көпарналы радиобайланысқа арналса, онда детектрленген және күшейтілген сигнал ақырғы құрылғыға жіберіледі, онда сигналдарды жеке арналарға бөлу орындалады және де керек болса қосымша өңдеу жүргізіледі.

Қазіргі уақытта қолданылатын радиоқабылдағыштар кәсіпқойлық және тұрмыстық деп бөлінеді. Біріншілері радиобайланыс жолдарында пайдалануға және әртүрлі навигациялық, телеөлшеулік және басқа арнайы мәселелерді шешуге арналған.

Радиоқабылдағыш құрылғыларды былай жіктеуге болады:

жұмыс түріне қарай ( радиотелефондық, радиотелеграфтық, теледидарлық, радионавигациялық, радиолокациялық және т.б.);

- модуляция түріне қарай ( амплитудалық модуляциялы бар (АМП), жиіліктік модуляциялы (ЖМ), біржолақты амплитудалық модуляциялы (БЖА) және т.б,);

- қабылданатын сигналдардың толқындары диапазоны бойынша (километрлік, гектометрлік, декаметрлік және т.б.);

- орнатылған орны бойынша (стационарлық, тасымалданатынтын, ұшақтық,

автомобилдік және т.б.);

- электрқоректену схемасы бойынша (тұрақты және айнымалы ток желісінен).

Қабылдағыштың негізгі сипаттамаларына сезімталдығы. Таңдаушылығы және бөгеулікке орнықтылығы жатады.

Сезімталдық – қабылдағыштың әлсіз сигналдарды қабылдау қабілетін көрсетеді. Ол әдетте ЭҚК ең кішкене мәнімен бағаланады немесе оны бөгеуіліктермен бұрмалауға болмайтын сигналдың нормалды қайта қалпына келтірілуі бар тұрақты қабылдау мүмкін болатын антеннадағы радиосигналдың қуатымен.

Қабылдағыштар сезімталдығы олардың арналуына қарай үлкен шектерде өзгереді. Осылай, радиохабар тарту қабылдағыштарының сезімталдығы сапа класына байланысты 50....300 мкВ аралығында жатыр. Радиолокациялық қабылдағыштардың сезімталдығы мәні шамамен 10-12...10-15 Вт. Феррит антеннасы бар қабылдағыштар үшін өріс кернеулігі бойынша сезімталдық түсінігі пайдаланылады. Оның мәні 0,3 тен 5 мВ/м –ге дейін.

Радиоқабылдағыш құрылғының таңдаушылығы (іріктеушілігі) деп жиілік бойынша ерекшеленетін әртүрлі сигналдардан қабылданатын станцияның сигналын бөліп алу қабілетін айтады. Осыған сәйкес қабылдағыш таңдаушылығын әртүрлі толқындарда жұмыс істейтін бөтен радиостанциялардың сигналдарын, толқынына осы £ қабылдағыш бапталған қабылданатын таратқыштың сигналдарына қарағанда, салыстырмалы түрде әлсіретумен бағалайды. Таңдаушылық негізінен қабылдағыш құрамына кіретін тербелістік контурлар және сүзгілермен жүзеге асырылады.

Жиілік бойынша жақын бөтен сигналдардың, яғни көрші жиіліктік арнаның, бөгеуліктерін әлсірету үлкен қиындық тудыратыны белгілі. Сондықтан қабылдағыштың сапасын бағалағанда әрқашан оныңкөрші арна бөгеуліктеріне қарағандағы іріктеушілігі анықталады.

Бірінші жуықтауда таңдаушылықтың мөлшерлік бағалауын, күшейту коэффициентінің антеннадағы тербелістер жиілігіне тәуелділігін бейнелейтін қабылдағыштыңрезонанстық сипаттамасы бойынша жүргізуге болады. Бұл жағдайда fc жиіліктегі бөгеулікке қарағандағы таңдаушылық Se = K0/Kn, мұнда К0 - баптау жиілігіндегі күшейту коэффициенті, Кп бөгеулік жиілігі fn – дегі күшейту коэффициенті. Іріктеушілікті сондай-ақ децибелмен анықтаған ыңғайлы:

SeдБ=20lgSe=K0дб-Kпдб.

Нақты қабылдағыштың жиіліктік сипаттамасы тікбұрыштылықтан өзгеше болады. Бұл жағдайда өткізгіштік жолағы деп оның шектерінде қабылданатын сигналдардың спектрі әлсіреуі берілген мәннен аспайтын жиіліктер облысын айтады. Егер бұрмаланулар тыңдағанда құлаққа білінбейді дейді, егер АЖС-сы біркелкілікті еместігі өткізу жолағы шегінде 3 дБ – ден аспаса. Бұл 1/ 2 = 0,707 деңгейіне сәйкес келеді. Өткізу жолағы нақты осы деңгейден есептеледі. Контурдың жиіліктік қасиеттері оның сапалылығымен Q = f0/(2 f) берілуі мүмкін.

Қабылданған сигналдың қайта дыбыстық шығарылуы қабылдағыштың жеке каскадтарындағы сигналдың әртүрлі бұрмалануына тәуелді. Осындай бұрмалануларға жиіліктік, фазалық және сызықтық еместер жатады. Қабылданған сигналдың сапасына сондай-ақ әртүрлі бөгеуліктер әсер етеді: атмосфералық, өнеркәсіптік, жиілік жағынан көрші қабылдағыштар бөгеуліктері, ал УКВ диапазонында – қабылдағыштың өзіндік шуылдары.

Радиоқабылдағыштардың құрылымдық сұлбалары.

Қазіргі уақытта тікелей күшейтуі бар, регенеративті, суперрегенеративті, жиілікті бір ретті және екі ретті түрлендіруі бар супергетеродиндік қабылдағыштар кең қолданыс тауып отыр. Тікелей күшейтуі бар және супергетеродиндік қабылдағыштардың құрылымдық сұлбасын жан-жақты қарайық. 4.10- суретте тікелей күшейтуі бар қабылдағыш құрылымдық сұлбасы көрсетілген.

-

4.10 – сурет. Тікелей күшейтуі бар қабылдағыштың құрылымдық сұлбасы: КТ-кіріс тізбек,

РЖК1-РЖКN-радиожиіліктік күшейткіштер, Д- детектор, Д- дыбыстық күшейткіш,

АҚ – акустикалық құрылғы

Кіріс тізбек (КТ) антеннада әртүрлі радиотаратқыштардан және басқа электромагниттік тербелістер көздерінен туындайтын тербелістер жиынтығынан пайдалы сигналды бөліп алады және кедергі келтіретін сигналдарды әлсіретеді. Радиожиілік күшейткіші (УРЧ) кіріс тізбектен келіп түскен пайдалы сигналдарды күшейтеді және кедергі келтіретін станциялардың сигналдарын әрі қарай әлсіретуді қамтамасыз етеді. Детектор (Д) радиожиіліктің модуляцияланған тербелістерін берілген мәліметке сәйкесті тербелістерге: дыбыстық, телеграфтық және т.б. , түрлендіреді. Дыбыстық жиілік күшейткіші (УЗЧ) детектрленген сигналды кернеу және қуат бойынша, ақырғы құрылғыны (дауыс зорайтқышты, реле, қабылдағыш теледидарлық түтікше және т.б.) әрекетке келтіруге жеткілікті шамаға дейін күшейтеді. Ақырғы құрылғы (ОУ) электрлік сигналдарды бастапқы ақпаратқа (дыбыстық, жарықтық, әріптік және т.б.) түрлендіреді.

Тікелей күшейту қабылдағышы жақсы таңдаушылықты және жоғары сезімталдықты қамтамасыз ете алмайды, әсіресе қысқа және ультрақысқа толқындар диапазонында. Өйткені жиілік өскен сайын резонанстық тізбектің өткізгіштік жолағы ені ұлғая түседі. Мысалы, жалқы контурдың өткізу жолағы 2 f және сапалылығы Q өзара мына қатынаспен байланысқан 2 f = fc/Q,, мұнда fc – қабылданатын сигнал жиілігі.

Жоғары жиіліктерде контур өткізгіштік жолағы ені ұлғаяды және осыдан контур пайдалы сигналмен қатар бөгеулікті де өткізіп жібереді. Сонымен тікелей күшейтуі бар қабылдағыштың нашар таңдаушылығы бар.

Әртүрлі тасымалдаушы жиіліктері бар радиосигналдарды күшейтуді іске асыратын радиожиілік күшейткіші, құтылуға болмайтын зыянды кері байланысы бар болса (мысалы, қоректену көзі немесе зыянды сыйымдылықтар арқылы) өздігінен қозып кетіп, автогенераторға айналуы мүмкін. Өздігінен қозу ықтималдығы жиілік және күшейту коэффициенті шамасы өскен сайын ұлғая түседі. УРЧ жұмысының орнықтылығын жақсарту үшін оның күшейту коэффициенті шамасын шектеуге тура келеді. Сондықтан тікелей күшейтуі бар қабылдағыштың сезімталдығы түрде төмен болады. Мысалы, детектордың кірісінде шамамен 0.1 В кернеумен тіке сызықтық детектрлеу үшін, УРЧ кірісінде, оның сезімталдығын сипаттайтын кернеу мәні кем дегенде 1000 мкВ болуы тиіс. Жұмыстық жиілік диапазонында өзгеріп отыратын нашар таңдаушылығы мен төмен сезімталдығы тікелей күшейтуі бар қабылдағыштың пайдаланылуын шектейтін айтарлықтай кемшіліктер болып табылады.

Радиожиілік трактысы

4.11- сурет. Супергетеродиндік қабылдағыш құрылымдық сұлбасы: КТ-кіріс тізбек, РЖК-

радиожиіліктік күшейткіш, А –жиілік араластырғыш, АЖК-аралық жиілік күшейткіші,

Д-детектор, ДЖК-дыбыстық жиілік күшейткіші, АҚ – акустикалық құрылғы, ЖТ –жиілік түрлендіргіш

Жоғарыда айтылған кемшіліктер супергетеродиндік қабылдағышта жоқ (4.10 – сурет). Оның жақсы ерекшелігі – араластырғыштан (А) және гетеродиннен (Г) тұратын жиілік түрлендіргішінің пайдаланылуы. Түрлендіргіш шығысында біз аралық жиілікті аламыз, ол әрі қарай аралық жиілік күшейткішімен (АЖК) күшейтіледі.

Жиілік түрлендіргіші деп сигнал спектрін жиіліктің бір облысынан екінші облысына, спектр компоненттерінің арасындағы амплитудалық және фазалық қатынастарын өзгертпей тасымалдауға арналған құрылғыны айтады. Осындай тасымалдауда сигнал спектрі қалпы өзгермейтіндіктен, сигналдың модуляция заңы да өзгермейді. Тек қана сигналдың тасымалдаушы жиілігі fc мәні өзгереді, ол әлдебір түрлендірілген жиілікке fпр тең болады.

Жиілік түрлендіргішіне fc жиілігі бар сигнал кернеуімен қатар жиілігі fг гетеродин (кіші қуатты автогенератор) кернеуі беріледі. Осы кернеулердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде жиілік түрлендіргішінде әртүрлі комбинациялық жиіліктердің құрастырушылары пайда болады, олардың ішінен тек біреуі пайдаланылады. Әдетте fnp =fr-fc құрастырушысы пайдаланылады.

Іс жүзінде fпр мәні әдетте тасымалдаушы сигнал жиілігі fc – дан кіші, бірақ модуляциялайтын сигнал жиілігі Fc –дан үлкен. Сөйтіп fnp түрлендірілген жиілік fc мен Fc арасындағы шамаға тең болғандықтан ол аралық жиілік деп аталады.

«Супергетеродин» атауы құрама (супер + гетеродин), мұнда «гетеродин» сөзі супергетеродиндік қабылдағыштарға тән каскадты – гетеродинді көрсетеді. «Супер» деген қосымша, супергетеродиндік қабылдағыштарда түрлендірілген жиілік fпр модуляция жиілігі Fc^ –дан жиіліктер облысында жоғары (үстінде) жатқанын бейнелейді.

4.11- сурет. Күшейтуді автоматты реттеу және жиілікті автоматты баптауы бар супергетеродиндік қабылдағыш құрылымдық сұлбасы

Қазіргі заманғы радиоқабылдағыш жиі өзгеріп отыратын қоршаған радиохабар тарату ортасы жағдайында жұмыс істейді. Әртүрлі таратушы станциялардан қабылданатын сигналдар деңгейлері өзгеруі, радиотолқындардың таралу шарттарының өзгеруінен бір таратқыштан берілетін сигнал деңгейінің тұрақсыздығы туындауы мүмкін. Көбінесе кең жиіліктік диапазонды қамтуды және белгілі бір тасымалдаушыға бапталудың жоғары дәлдігін қамтамасыз ету керек болады. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін қабылдағыш құрамына, қолмен және автоматты түрде, тікелей немесе қашықтан күшейту коэффициентін, баптау жиілігін өгерту мен реттеуге және оптималды жұмыс күйін таңдауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғыларды енгізеді.

Радиоқабылдағыштың тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін арнайы құрылғылардан, келесі күшейтуді автоматты реттеу (КАР) мен жиілікті автоматты баптау (ЖАБ) жүйелерін жеке бөліп айтуға болады. Бұл жүйелер аналогтық және цифрлық түрде орындалуы мүмкін.

Күшейтуді автоматты реттеу құрылғысы кіріс сигналдың үлкен ауытқуларында (50 … 100 дБ) радиоқабылдағыш шығысында іс жүзінде сигналдың тұрақты деңгейін қамтамасыз етеді. Амплитудалы-модуляцияланған тербелістері бар аналогтық байланыс жүйелерінде қолданылатын КАР және ЖАБ –ы бар супергетеродиндік радиоқабылдағыш құрылымдық сұлбасы 4.11-суретте көрсетілген.

Радиосигналдың тасымалдаушы жиілігін аралыққа түрлендіру радиобайланыстың көрші арналары арасындағы сүзгілеудің (фильтрацияның) жақсаруына әкеледі. Мысалы, антеннада тасымалдаушы жиіліктері f1 = 20 МГц (пайдалы сигнал) және f2 = 20,2 МГц сигналдардың ЭҚК әсер етеді дейік. Станциялар арасындағы жиіліктердің салыстырмалы айырмасы f/f1 =(20,2- 20)/20 = 0,01 = 1 % . Радиожиіліктік диапазонда контурдың сапалылығы 20-50, яғни салыстырмалы өткізу жолағы 5-2 %. Осы қарастылған мысалда станция /2 таңдалғаннан барлығы 1 % -ке ерекшеленеді, сондықтан білінетін бөгеулікті тудырады. Егер тасымалдаушы жиілікті f2 түрлендірсек, онда гетеродин сигналы fr = 20,5 МГц жиілігінде екі аралық жиілік пайда болады fпр1 = 20,5 - 20 = 0,5 МГц және fnp2 = 20,5 - 20,2 = 0,3 МГц , олардың арасындағы салыстырмалы айырмашылық f/fi =(0,5-0,3)/0,5 = 40 % . Осыдан көрініп тұр салыстырмалы айырмашылық 1 ден 40 % дейін өсті. Бұл жағдайда f2 жиілігінде жұмыс істейтін станция fnp = 0,5 МГц жиілігіне бапталған жиілік түрлендіргіші сүзгілеріне (фильтрлеріне), тіпті олардың сапалылығы радиожиілік күшейткіші (РЖК) контурлері сапалылығымен шамалас болса да, бөгеулік жасамайды.

Супергетеродиндік қабылдағыштың маңызды жақсылығы, оның басқа станцияға қайта бапталғанында аралық жиілігінің fnp өзгермеуінде. Өйткені қабылдағышты екінші сигнал жиілігі fc – ға келтіргенде онымен бірге гетеродин жиілігі де fr -fc =fnp айырмасы тұрақты болатындай солайша өзгереді.

Сөйтіп, супергетеродиндік қабылдағышты баптағанда кіріс тізбек, РЖК және гетеродин резонанстық жиіліктерін өзгертсек жеткілікті. Аралық жиілік күщейткіші (АЖК) бұл жағдайда керек емес, ол бапталмайтындықтан оның сипаттамалары өзгермейді.

АЖК айтарлықтай төмен жиілікте жұмыс істейтіндіктен, ол РЖК –ке қарағанда әлд еқайда үлкен күшейтуді қамтамасыз етеді, өйткені элементтердің күшейткіштік қасиеттері жиілік төмендеген сайын жақсара түседі. Сонымен қатар, жиілік кішірейгенде зыянды кері байланыстардың әсері төмендейді, бұл АЖК орнықты күшейту коэффициентінің өсуіне әкеледі. Осы жағдай супергетеродиндік қабылдағыштың жоғары сезімталдығын (шамамен 1 мкВт) қамтамасыз етеді.

Супергетеродиндік қабылдағыштардың кемшілігі оларда қосалқы арналардың пайда болуы, олардың ішіндегі ең бастысы айналық арна.

Айналық арнаның, пайдалы сигналдың жиілігі fc –дан екі еселенген аралық жиілікке айырмасы болатын жиілігі fай = fc + fnp бар. fай және fc жиіліктері fr гетеродин жиілігіне қарағанда симметриялы түрде орналасқан. fай және fг арасындағы айырма fnp –ға тең , сондықтан егер жиілік түрлендіргіш кірісіне fай және fc жиілікті станциялар сигналдары келіп түссе, онда оның шығысында екі станция да аралық жиілік кернеуін береді. Егер fc жиілікті сигнал пайдалы болса, ал түрлендіршішке келіп түскен fай жиілікті сигнал бөгеуіл болып табылады. Сондықтан айналық арна бойынша бөгеулікті әлсірету жиілік түрлендіргішіне дейін іске асырылуы керек. Айналық арна бойынша таңдаушылықты жақсарту үшін аралық жиілік өте жо,ары болуы тиіс. Сонда fc және fай тасымалдаушы жиіліктердің айтарлықтай айырмашы-лықтары болады. Бұл жағдайда кіріс тізбектің (оның да резонанстық қасиеттері бар) fай жиіліктегі тарату коэффициенті fc жиіліктегіге қарағанда әлдеқайда кішкентай, сөйтіп «айналық» станцияның сигналы кіріс тізбекпен басып тасталады. Қабылдағышта РЖК болғанда айналық бөгеулік оның таңдаушылық қасиеттері есебінен қосымша басып тасталынады.

Бірақ та өте жоғары аралық жиілікте АЖК орнықты күшейту коэффициенті кішірейеді де, оның өткізу жолағы кеңейеді, бұл қабылдағыштың сезімталдығы мен оның көрші арна бойынша таңдаушылығының төмендеуіне әкеледі.

Жиілігі аралыққа тең арна екінші қосалқы арна болып табылады. Түрлендіргіш кірісіне келіп түсетін осындай жиіліктегі сигнал ешқандай өзгеріссіз АЖК –не жетеді. Оны бодырмау үшін радио хабар тарату станциялары аралық жиілікте жұмыс істемеуі керек, ал аралыққа жақын жиіліктегі кездейсоқ сигналдар қабылдағыш кірісінде сәйкесті сүзгілермен басып тасталуы тиіс.

Тұрмыстық хабар тарату қабылдағыштарында тасымалдаушы жиілік 465 кГц-ке тең, яғни ол ҰТ(ДВ) және ОТ (СВ) толқындар радиохабар тарату диапазондарының шекарасында «терезеде» орналасқан.

4.1 – мысал.

Тасымалдаушы жиілігі f0 = 80 МГц УҚТ(УКВ) диапазонында жұмыс істейтін радиостанция F=15 кГц жиілікпен модуляцияланған фазалы-модуляциялы сигналды сәулелендіріп швғарады. Модуляция индексі m = 12. Сигналдың ілездік жиілігінің өзгеретін шектік мәндерін табыңдар.

Шешімі. Сигналдың математикалық моделі:

Жиілік девиациясы f = mF =1,8105 = 180 кГц.

Сөйтіп модуляция кезінде сигналдың ілездік жиілігі мынандай шектерде өзгереді:

fmin = 80 – 0,18 = 79,82 МГц –тен fmax = 80 + 0,18 = 80,18 МГц-ке дейін.

4.2 – мысал. Аналогты радиохабар тарату желісі үшін, жиілік девиациясы

fД = 50 кГц –те, fт = 20 Гц-тен fж = 20 кГц -дейінгі дыбыстық жиіліктер спектрінде ЖМ – сигналды тарату керек. Жиілікті көбейту каскадтар санын табыңдар.

Шешімі. Берілетін сигналдың спектрінің төменгі шектік жиілігі үшін жиіліктік модуляция индексі

m = fД/ fт = 5104/20 = 2,5103.

Армстронг модуляторларында кішкене модуляция индексін қолдануға болады,мысалы m = 0,25. Бұл жағдайда ФМ-сигнал спектрі жиілігі төменгі шегі үшін индекс модуляциясы шамасын 2,5103/0,25 = 10000 есе ұлғайту керек.

Бір сенімді жұмыс істейтін көбейткіш каскадв жиілікті әрі кеткенде 4...5 есе ұлғайтатын болса, онда 10000 есе көбейту үшін саны алтыдан кем емес каскадтар қажет (мысалы, 5  5  5  5  4  4 күшейту коэффициенттері бар).

Бақылау сұрақтары

1. Радиотаратқыш қандай мақсатқа арналған?

2. Радиотаратқыштың атқаратын негізгі функцияларын айтып бер.

3. Радиотаратқыш қандай блоктардан тұрады?

4. Радиотаратқыш қандай қуаттарда жұмыс істейді?

5. Радиотаратқышқа бөлінген жиілік диапазоны қалай анықталады?

6. Радиотаратқыштың өнеркәсіптік ПӘК –і дегеніміз не?

7.Радиотаратқыштың әртүрлі толқын ұзындықтарындағы жиіліктік ауытқу-лары шамасын көрсет.

8. Жиіліктер синтезі дегеніміз не?

9. Қандай автогенератордың жоғары стабилді жиілігі бар?

10. Синтезатор деген қандай құрылғы?

11. Супергетеродиндік радиоқабылдағыштарда неліктен жиілік түрлендіргіш қолданылады?

12. Жиілік түрлендіргіш көмегімен қандай жиіліктер комбинациясын алуға болады.

13. Жиілік түрлендіргіш құрылымдық сұлбасын көрсетіңдер.

14. Нөмірлері 1 – ден 12 –ге дейінгі арналарда теледидарлық радиотаратқыш қандай жиіліктер диапазонында жұмыс істейді?

15. Нөмірлері 21 – ден 81 –ге дейін арналардагі теледидарлық радиотаратқыш қандай жиіліктер диапазонында жұмыс істейді?

16. Теледидарлық радиохабар тарату құрылғысы неге екі жеке радио-таратқыштан тұрады?

17. УҚТ(УКВ) ЖМ радиотаратқышы көмегімен жоғары сапалы радиохабар тарату қалай қамтамасыз етіледі?

18. Теледидарлық радиотаратқыштың құрылымдық сұлбасы қандай бөліктерден тұрады?

19. Қуаты 1 кВт-қа дейінгі метрлік диапазондағы теледидарлық радиотарат-қышты қандай электрондық аспаптар негізінде жасауға болады.

20. Бейне сигналы радиотаратқышы құрылымдық сұлбасы қандай бөліктерден тұрады?

21. Радиоқабылдағыштың негізгі көрсеткіштерін ата.

22. Радиоқабылдағыштар қандай кластарға жіктеледі?

23. Радиоқабылдағыш құрылғыға қандай бөгеуліктер әсер етеді?

24. Радиосигналды қабылдаудың қандай мүмкіндікті критерийлері бар?

25. Радиоқабылдағыштың сызықтық күрежолы түрі қандай?

26. Қарапайым радиоқабылдағыш құрылымдық сұлбасын көрсет.

27. Супергетеродиндік қабылдағыш қандай бөліктерден тұрады?

Y - ТАРАУ