Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK2_dlya_stud_2012_lektsia_SRSP_SRS.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

3-тапсырма. Екі қатардағы сөздерді бір-бірімен байланыстырыңыз, сөз тіркесін құраңыз.

1) шығармашылық

2) пайдалануға

3) ынтымақтастыққа

4) байланыс

5) халықаралық

6) ғылым

7) дүниежүзілік

8) білікті

9) кәсіби машықтанудан

10) кітаптар

а) негізделген

ә) талапқа

б) қызмет

в) берілді

г) орнатқан

ғ) өтеді

д) қайраткерлері

е) қоры

ж) оқу орындары

з) мамандар

4-тапсырма. Мына атаулар туралы толық мәлімет дайындаңыз. “Еуразия университеті”, “Хабарлар”, “Парасат”, “Ойшыл”, “Орхон”, “Зеренді”, “Отырар”.

Үлгі:“Отырар кітапханасы” – ең ірі кітапханалардың бірі, онда ғылыми еңбектер мен оқу құралдары жинақталған.

“Еуразия университеті”

5-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.

Тілші: Сіз өз университетіңіз туралы кеңірек әңгімелеп бере аласыз ба?

Студент: Әрине, аса ықыласпен әңгімелесуге дайынмын.

Тілші: .................................

Студент: ................................

6-тапсырма. Мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын анықтаңыз.

Мәтінің соңғы абзацы бойынша мына схеманы толықтырыңыз.

6-сабақ (ОСӨЖ) Мәтінді мазмұңдаңыз және сөздік арқылы аударыңыз.

Жоғары оқу орындары

Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар тағы басқалар жатады.

Біздің заманымыздан бұрынғы Африка мен Римде, біздің заманымыздағы 425 жылы Константинопльде ең бірінші оқу орындары ашылған. Өз дәуірі үшін жоғары оқу орны болып саналған философиялық мектептер «университет» деп аталды. Нағыз жоғары оқу орны түріндегі университеттер ХІ-ХІІ ғасырларда Италияда, Англияда (Оксфорд) пайда болды.

1755 жылы М.В.Ломоносовтың ұсынысымен Мәскеу университетінің іргесі қаланды. 1804 жылы Қазан университеті құрылды.

Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі жоғары оқу орындары ретінде Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт медреселерін атауға болады. 1919-20 жылдары Орынборда, Ордада, Семейде халық ағарту институттары ашылды. Бұл институттар жоғары білімді мұғалімдер даярлауда зор рөл атқарды.

1920 жылы қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта Азия университеті) құрылды. Бұл университет Орта Азия мен Қазақстанға маман кадрлар даярлаудың негізгі орталығы болды. 1920 жылы Ордада Бөкей халық ағарту бөлімі Бөкей ағарту институтын құрды.

Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – 1928 жылы Алматыда ашылған Қазақ педагогика институты (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті). Бірінші жылы онда 124 студент, 9 мұғалім болды. Алғашқы оқытушылары қатарында Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Құдайберген Жұбанов және тағы басқалар дәріс оқыды.

2001 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 8 жоғары оқу орнына «ұлттық» деп аталатын ерекше мәртебе берілді. Олар: 1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2.Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 3.Қазақ ұлттық аграрлық университеті және тағы басқалар. (Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан)

Сұрақтар:

  1. Жоғары оқу орындарына қандай оқу орындары жатады?

  2. Нағыз жоғары оқу орны түріндегі университеттер қай уақытта және қай жерде пайда болды.

  3. Алматыда ашылған Қазақ педагогика институты қазір қалай аталынады?

  1. Алғашқы оқытушылары қатарында кімдер дәріс оқыды?

  1. Қай жылы және неше жоғары оқу орнына ерекше мәртебе берілді?

6-сабақ Қазақстандағы білім беру жүйесі. Мазмұндау

Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтардан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби- техникалық училище, арнаулы орта және жоғары орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (аспирантура, докторантура), әртүрлі мамандық бойынша жетілдіру курстары.

Жалпы білім беретін мектеп үш сатылы: бастауыш (1-4сынып), толық емес орта(5-9 сынып) және толық орта (10-11 сынып).

Бірінші және екінші сатылы білім міндетті. Ал үшінші сатыны 10-11 сыныпты жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бәр пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болуда.

Республикада 249 арнаулы орта білім беретін оқу орындары бар, онда 200 мың оқушы оқиды.

Ал жоғары білім беру жүйесінде 100 шақты мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орны тіркелген.

Сұрақтар: 1. Республиканың білім беру жүйесі қандай баспалдақтардан тұрады?

2. Жалпы білім беретін мектеп неще сатылы және қандай атап кетіңіз? қандай сатылы білім міндетті?

  1. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері қандай?

  1. Тапсырма. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүрсін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]