Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK2_dlya_stud_2012_lektsia_SRSP_SRS.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

(Сөж) 4 сабақ. Арал тағдыры. Мәтінмен жұыс жүргізу. Мазмұндау, аудару

60 - жылдардан Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шару ашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90 % - дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6млн. га-ға кеміп, өзінің 60 % көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 метрге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км, ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырықтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климатың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстурлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дуние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған. Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм жәнеҚызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.

Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулулығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері – Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.

60- жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендерінің суы күрт кеміп кеткен.

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен.

Сұрақтар:

1. Нешінші жылдардан Арал теңізінің ауданы кеми бастады ?

2. Арал теңізі қандай белдеуінде орналасқан?

3. Көлемі бойынша Арал дуние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде нешінші орында болған?

4. Теңіз қандай ойпатт орналасқан?

5 –сабақ

Лексикалық тақырып: Қазақстандағы туризм. Мәтінді мазмұндаңыз.

Қазақстандағы туризмнің тарихы біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуынан басталады.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін еліміздің бірқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлеріне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады.

Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.

Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі – Қазақстанның 1993 жылы толығымен ДТҰ-ға (Дүниежүзілік Туристік Ұйым) толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық (сотрудничество) туралы халықаралық келісімдер жасауы болды.

Туризм дамуындағы маңызды мәселенің бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта елімізде туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар.

1 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Туризм саласында қандай келісімдер жасалды?

2. Қай жылы толығымен Дүниежүзілік Туристік Ұйымға толық мүше болып қабылданды?

3. Қазақстандағы туризмнің тарихы қай кезден басталады?

4. «Жібек жолы» туралы не білесің?

Сөздік минимум

Қалыптаса – формироваться

Бастаған – начинал

Дамуы – развитие

сәулет – архитектура

сұраныс – спрос

саласы – отрасль

деңгей – уровень

реттеп – регулировать, упорядочить, привести в порядок

өркендету – развивать, поднимать

Ұйым – организация

мүше – член

маңызды – важно

даярлау – готовить

3-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Қазақстандағы туризм... тарих.... Ұлы Жібек жолы.... қалыптасу.... мен даму........... басталады.

2. Қазақстан....... сәулет, мәдени ескерткіштер ........ және табиғи көрнекті жерлері.......... сұраныс болмады.

3. Туризм..... маңызды мәселесі..... бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады.

4-тапсырма. Берілген кесте бойынша біліміңізді тексеріңіз, мысал келтіріңіз.

5-тапсырма. Қазақстандағы туризм мәселесі туралы айтыңыз. Әр сөйлем астына өз ойыңызды жазыңыз.

1. Туризм адамдарды табиғат көркімен, ерекше сұлу жерлермен таныстырады.

Сіздің ойыңыз:

.......................................................................

2. Еліміздің туристік орталықтары: Астана, Алматы, Көкшетау, Түркістан.

Сіздің ойыңыз:

........................................................................

3. Туристік саланы мамандармен қамтамасыз ету әлі күнге дейін жеткіліксіз болып отыр.

Сіздің ойыңыз:

...........................................................................

  1. Қазақ жері сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштер мен табиғи көрнекті жерлерге бай.

Сіздің ойыңыз:

...........................................................................

5-тапсырма. Мына сөйлемдерді оқып, жақшаның ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз.

1. Туризмнің маңызды құрамының бірі (транспорт) болып табылады.

2. Туристерді Қазақстанға алып келуде авиа қатынас (главную роль) атқарады.

3. Автомобиль көлігі шекаралас мемлекеттерге шоп-туризмді (организовать) және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшін (используется).

4. Қазіргі туризм еңбекшілердің (ежегодный) ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты.

5. Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей (возможности) бар.

7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Туристік сапар адамға не береді?

қуаныш__________________________

реніш____________________________

жаңа таныстар_____________________

қызық кездесулер___________________

жаңа әсер__________________________

2. Туристік сапар адамды неге үйретеді?

________________________________

________________________________

________________________________

3. Туристік сапарға шыққан адамға не қажет?

_______________________________________

8-тапсырма. БӘЙТЕРЕК Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

«Бәйтерек» туралы диалогті монологке айналдырып, мазмұндаңыз.

  • Растислав, Астанамыздың төрінде тұрған «Бәйтерек» туралы сен не білесің?

  • Анна, сен де қызықсың-ау, әрбір елдің астанасы болса, сол астананың өз символы болмай ма? Мысалы, Париж десе, Эйфел мұнарасын, Лондон десе, Биг-Бен сағатын есімізге аламыз. Сол сияқты Бәйтерек – астананың символы және жастардың, қала тұрғындарының демалыс орны дер едім.

  • Иә, дұрыс айтасың, бірақ «Бәйтерек» тек демалыс орны ғана емес қой. Елордамыздың символы «Бәйтеректің» биіктігі неше метр білесің бе?

  • Анна, сен мені ұялттың-ау?! Бәйтеректің биік екенін білем, ал бірақ неше метр? Мына отырған студенттерден сұрайыншы. Сіздер білесіздер ме?

  • Растислав, жарайды, сен білмесең, мен айтайын. Биіктігі 97 метр. Неліктен 97 метр деп ойлайсың?

  • 97.... иә......., 1997 жылы ел ордамыз Алматыдан Астанаға көшті. «Бәйтерегіміздің» биіктігі 97 метр болуы осы себептен деп ойлаймын.

  • Иә, Растислав, мұндай шардың биікте тұруы әлемнің бірнеше қалаларында кездеседі. Мысалы, Италияда осындай шар 20 метр биіктікте тұр, ал Эмираттарда 56 метр биіктікте. Бұларды біздің биіктігі 97 метр «Бәйтерегімізбен» салыстырып көрші!?

  • Шынында да, осындай шардың 97 метр биіктікте тұруы – тек қана біздің елімізде екен ғой. Анна, ал осы шар туралы не айта аласың?

  • Түркі халықтарының аңызы бойынша, алып ағаш - бәйтеректің ұшар басына аңыздағы Самұрық құс жыл сайын жалғыз ғана алтын жұмыртқа салады екен, сол жұмыртқа өмірдің символындай бүкіл тіршілікке жан беріп тұрады екен.

  • Иә, Елордамыздағы «Бәйтерек» даламыздың асқақ рухын, халқымыздың биік парасатын, біздің бақытты болашағымызды көрсетіп тұр деп айта аламыз. Анна, «Бәйтеректің» ұшар басындағы шардың шар емес, алтын жұмыртқа екенін де білдім. Ал, енді «Бәйтеректің» жан-жағын өре қоршаған темір торшалар жайлы не айта аласың?

  • Бәйтеректің жан-жағынан қоршаған темірлердің саны 101. Оның сыры мынада: Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Сондықтан да оның саны 90 емес, 100 емес, 101 болуы осыдан.

  • Иә, Анна, елордамыздың символына айналған «Бәйтерек» жайлы өзіңнен көп мәлімет алдым. Осындай «Бәйтерегі» бар Астанада, сол Астананың төрінде орналасқан Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенті екеніме мақтанамын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]