Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK2_dlya_stud_2012_lektsia_SRSP_SRS.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

(Осөж) 3-сабақ. Табиғат қорғауды қажет етеді.

Мәтінді мазмұндаңыз.

Туған өлкеге, мәдениетке, ауылға немесе қалаға, тілге деген сүйіспеншілік махаббат кішкентайдан өз отбасыңа, туған үйіңе, мектебіңе деген махаббаттан басталады.

Бірте-бірте бұл махаббат туған еліңе, оның тарихына, өткені мен бүгінгісіне, одан соң бүкіл адамзатқа, адам мәдениетіне ұласады.

Адам белгілі қоршаған ортада өмір сүреді. Қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді. Табиғаттың шипалы күші бізге жақсы белгілі. Табиғатты қорғау, қалпына келтіру жұмысымен айналысатын ғылым – экология деп аталады. Бірақ экологияны табиғатты, экологиялық ортаны сақтаумен шектеуге болмайды. Адам баласы үшін бабалар мен олардың өздері жасаған мәдениетті сақтау маңызды. Мәдени ортаның сақталуы – қоршаған ортаны қорғаудан да маңыздырақ. Егер табиғат адамға биологиялық өмір үшін қажет болса, мәдени орта адамның рухани, өнегелік өмірі үшін қажет.

Сонымен, экологияда екі бөлім бар: биологиялық экология және мәдени немесе өнегелік экология. Адам биологиялық заңдардың сақталмауы нәтижесінен өлуі мүмкін, ал адам өнегесін жою мәдени экологияның заңдарының сақталмауынан болады.

2-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Табиғат ұғымын қалай түсінесіз?

2. Табиғатты қорғау - әр азаматтың парызы деген пікірмен келісесіз бе?

3. Экология қандай ғылым? 4. Экологияның бөлімдерін, атап беріңіз.

3-тапсырма. Төменде берілген белгілі адамдардың айтқан сөздерін жаттап алыңыз.

1. Біздің республикамыздың интернационалдық жағдайы таң қаларлық. Бізде 120 ұлт өкілдері тұрады. Бұлар 120 этномәдениет таратушылар, кемпірқосақтай түрлі түсті 120 гамма, тамаша хор жасап тұрған 120 аса сүйкімді дауыс. /Л.Лихачев/

2. Балыққа –су, құсқа – ауа, жануарға - орман, дала, тау қажет. Ал адамға Отан керек. Табиғатты қорғау дегеніміз – Отанды қорғау. /М.Пришвин/

  1. Адам дүниені ойлап табушы екенін білу керек. Ол жер бетіндегі бақытсыздықтардың бәріне жауапты, оған өмірдегі бар жақсылық тиісті. /А.М.Горький/

3 Сабақ (сөж) реферат Қызыл кітапқа енген ұлттық байлық.

Тапсырма. Қызыл кітапқа енген ұлттық байлықтары болып саналатын қорықтар жайлы реферат жазу.

3-тапсырма. «Қызыл кітап» туралы кеңірек айтып беріңдер. Құстар мен аңдардың, өсімдіктердің қандай түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Тапсырма Мәтінді мазмұндап, аударыңыз Қазақстан табиғаты

Қазақстан табиғаты мейлінше бай әрі алуан болып келеді. Оның оңтүстігі мен шығысы биік тау сілемдерімен көмкеріліп жатса, орталық бөлігі кең жазираға ұласады. Ал батысы Каспий теңізіне барып тірелсе, солтүстігі Сібірмен шектесіп жатыр. Республика кен орындарына бай өлке. Қазақстан жерінде оннан астам ірі су айдыны, жүз елудей кен орны, жүзден астам тас көмір мен қоңыр көмір, онға жуық тақта тас кен орны бар.

Қазақстан климаты негізінен континентік, ауа-райының ерекшелігіне қарай 4 климаттық зона 15 климаттық ауданға бөлінген. Территорияның негізгі бөлігі куаң, шөлейт және шөлді аймақта орналасқанымен республикада су қоры мол. Солтүстік аймақтар көлдерінің саны жағынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде.

Қазақстанда Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Марқакөл, Шалқар сияқты ірі көлдер бар. Республика жерінен Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Есіл, Тобыл сияқты ірі өзендер ағады. Территорияның табиғи-климаттық жағдайына Арал, Каспий теңіздерінің тигізер әсері мол.

Тапсырма. Артық болмас білгенің. Құстар мекені

Ырғыз-Торғай көлдері- су құстарының тұрақты мекені. Мұнда жер жүзінде сирек кездесетін аққудың 130 мыңдайы мекендейді. Бұл жабайы қаз бен үйректердің де өсіп- өрбіп жатқан жері. Сондай-ақ бұл аймақта жыл сайын 250 мыңдай ақбөкен төлдейді. Алматы қорығында құлан, марал, бұғы, таутеке, қарақұйрық, елік, құндыз, күзне өсіріледі. Шымкент облысының Түлкібас ауданындағы «Ақсу- Жабағлы» қорығындағы марал, арқар, таутеке, Қызылорда облысының Арал теңізіндегі «Барсакелмес» аралығындағы қорықта құлан, ақбөкен және басқа бағалы аңдар өсірілуде. Бұлардан басқа да бірнеше аңшылық шаруашылықтарда 47.178 гектар жерде аңдар мен құстар бақылауға алынып, көптеп өсіріліп келеді. Бұлар республикамыздың қосымша байлығы. /Ғалам ғажайыптары /

4 – сабақ Лексикалық тақырып. Қазақстанның экологиясы

Мәтінді аударыңыз және мазмұндаңыз

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай- 2,925 шақырым. Солтүстіктен Онтүстікке қарай 1,600 шақырым. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін.

Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы шақырым) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала -6 %, дала 28%, шөлейт 18%, шөлді – 40%.

Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.

А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы.

В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. ҚР-ның өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық кешен.

Республикамыздағы көптеген қалаларда ластаушы заттардың мөлшері белгіленген нормадан артық .Әсіресе Өскемен, Риддер, Алматы, Шымкент қалаларында бірнеше есе артық. Бұлардың барлығы болашаққа жасап отырған болжау. Адамзат болашаққа бейбітшілікте және таза ғаламшаларда өмір сүруі тиіс.

Сөздік

кең-байтақ- обширна

жоталарынан- до Хребтов

шөліне- до пустыни

орманды дала- лесостепь

шөлейт- полупустыня

пустыня- пустыня

алмастырады- сменяют

құрайды- составляют

жағдай- состояние

аймақтар-регион

кешен- комплекс

2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Экология нені зерттейді?

2. Өздерінің тұратын елді мекендердің қоршаған ортасын ластайтын ошақтарды атаңыздар.

3. Судың, ауаның, топырақтың ластануының зардабы қандай болмақ? Мысал келтіріңдер.

3- тапсырма. Қазақстандағы экология жайлы шығарма жазыңыздар.

4-сабақ (ОСӨЖ) Су - әлемдегі өзекті мәселенің бірі

Мәтінді мазмұңдаңыз және орыс тіліне аударыңыз.

Су туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Қазіргі су проблемасы аса өзекті мәселенің бірі.

Біздің экологияға жауапсыз нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен көлдердің суын уландырып жатыр.

БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы дүние жүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін көрінеді.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Гриспин Тикелл бүкіл дүниеде ауыз су - өзекті мәселеге айналып отырғанын ескертіп былай деген болатын: «Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болған соғыстардан әлдеқайда артта қалады».

Табиғат – тәңірдің сыйы – суды пайдалану, үнемдеу, тазалығын қорғау мәселесі – адамзат алдындағы, халықаралық ұйымдар алдындағы және БҰҰ-ның алдындағы ең маңызды мәселе.

Табиғат-ананың сыйы - судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық.

Тапсырма. Ғалым А.Л.Карпинскийдің тезисін оқыңдар, оны сұхбат құруға пайдаланыңдар.

Су- ең пайдалы қазба. Су тек қана минералды шикізат. Ол өндірісті, ауыл шаруашылығын дамыту құралы ғана емес. Су- мәдениет жолаушысы, өмір жоқ жерге өмір беретін жанды қан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]