- •Тәжірибелік сабақтар
- •Ана тілі - дүниетаным құралы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Сөздік минимум
- •1 Сабақ (осөж) Төрт ана
- •Ананың тілі –аяулы үні
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •(Осөж) 3-сабақ. Табиғат қорғауды қажет етеді.
- •3 Сабақ (сөж) реферат Қызыл кітапқа енген ұлттық байлық.
- •(Сөж) 4 сабақ. Арал тағдыры. Мәтінмен жұыс жүргізу. Мазмұндау, аудару
- •Лексикалық тақырып: Қазақстандағы туризм. Мәтінді мазмұндаңыз.
- •(Осөж) 5-сабақ rixos Президенттік қонақ үй
- •Тапсырма.
- •5 Сабақ (сөж)
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Жоғары оқу орындары
- •Армандастар
- •(Осөж) 7-сабақ Қазақстандағы жеке білім беру туралы
- •7 Сабақ (сөж) Реформы в системе образования
- •5. Оқусыз білім жоқ білімсіз күнің жоқ.
- •Отбасы экономикасы. Аудару, мазмұндау
- •Атақты экономист ғалымдар қай білім ордасында қызмет етті?
- •1. Реформаларды зерттеу үстінде
- •Осөж 10 сабақ
- •Сөж 10 сабақ
- •Лексикалық тақырып: Ұлттық экономика.
- •Ұлттық экономика Национальное экономика
- •(Сөж) 12 сабақ Ұлттық байлық дегеніміз не?Мәтінді мазмұндаңыз
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •(Сөж) 13- сабақ Нарықтың мәні, құрылымы.
- •1. Экономикалық жағдай.
- •Әлемдегі ең бай адам – Билл Гейтс – кәсіпкер
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Грамматикалық тапсырмалар
- •Мына етістіктермен күрделі сөйлем құраңыз.
- •Жинақтау сан есімін көрсетіңіз.
- •1 Тапсырма.
- •16 Сабақ (сөж)
- •Тірек сөздер мен сөз тіркестері
- •Функции рекламы
- •Лексикалық тақырып: Жарнама, оның түрлері
- •Қазақстан екінші Сингапур бола ала ма? Ойынызды айтыңыз.
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Лексикалық тақырып: Еуропалық одақ
- •Пластиковые карточки, как элемент платежной системы. Сөж
- •1 Тапсырма Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •23 Сабақ «Ломбард қашан пайда болған?» сөж
- •Лексикалық тақырып: қр-ның банкі жүйесі, қызметі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •«Home banking» - үйде және жұмыс орнында банктік қызмет көрсету
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Ипотекалық несие
- •25 Сабақ Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. Сөж
- •«Макдональдс» корпорациясы
- •Макдональдс корпорациясы
- •Менеджмент осөж 26-сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •М.Мақатаев.
- •10. Баға қою саясаты
- •10.2. Студенттердің бағалау шкаласы
- •10.3. Пән бойынша студенттің қорытынды бағасы.
- •10.4. Студенттердің білімін бағалау критериялары.
- •Глоссарий
Мәтінді оқыңыздар.
Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000 км-ден (шақырымнан) астам. Батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Қазақстанның жер көлемі ұлан-байтақ. Аумағы – 2717,3 мың шаршы шақырым. Қазақстан жеріне Франция, Испания, Португалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия мемлекеттерінің жер көлемі сияды. Халқының саны 16 миллион адамнан астам. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Онда 100-ден астам ұлттар тату-тәтті өмір сүреді. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Қазақ жері қызық та бай тарихымен белгілі. Оған дәлел болатын – Отырар, Тараз, Түркістан тағы да басқа әлемге әйгілі көне қалалар.
Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келеді. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстанның өзендері – Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле және басқалалары. Ең үлкен көлдері мен теңіздеріне Балқаш пен Зайсан көлдері, Арал мен Каспий теңіздері жатады. Қазақстан кенге бай. Сарқылмас қоры бар түсті металдар, темір, көмір, мыс, мұнай, газ, алтын және тағы басқа кен байлықтары кездеседі.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары – егіншілік пен мал шаруашылығы.
Ауыр және жеңіл өнеркәсіптің орталықтары – Қарағанды, Теміртау, Екібастұз, Балқаш, Жезқазған, Шымкент және тағы басқалары.
Сонымен қатар, Қазақстан – ғылымы мен мәдениеті жоғары дамыған ел. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясы, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, опера және балет театры, драма театрлары, мектептер, кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет сарайлары сияқты ғылым мен мәдениет ошақтары бар.
Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт!
(Ш.Бектұров. А.Бектұрова. Қазақ тілі. А., Рауан, 1994. 398-б. 299-бет)
(З.Ш.Ерназарова, Н.Қ.Мұхамадиева... Қазақ тілі (елтану) орта және жалғастырушы топтар үшін. Оқу құралы. А., Ол-жас, 2005. 60, 80 беттер)
2-тапсырма. Мәтіннен сұрақтарға жауап іздеңіз. Жауаптарды жазыңыз.
1. Қазақстан қайда орналасқан?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3.Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі.
4. Қазақстанның табиғаты қандай?
5. Қазақстанның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қалай дамыған?
6. Қазақстанның ғылымы мен мәдениеті туралы не білесіз?
Сөздік минимум:
шекарасы - граница астам – свыше, больше
шектеседі-разграничивается
көлемі –объем аумағы –
саны -численность
Сарқылмас қоры – неисперчаемый запас, припасы
Кездеседі- встречается
ауыл шаруашылығы- сельское хозяйство
мал шаруашылығы-животноводческое хозяйство
өнеркәсібі -промышленность
жақсы дамыған- хорошо развитый
салалары – область, отрасль
егіншілік-полеводство, земледелие
ғылыми-зерттеу институттары - научно-исследовательские институты
3-тапсырма.
а) Схема бойынша жоғарыдағы жоспар қалай толықтырылғанын айтыңыз.
Ғылым
мен мәдениеті
Қазақ
халқы
Мемлекеттік
рәміздері
ә) Схемаға сүйене отырып Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеп беріңіз.
4-тапсырма. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Келіссеңіз, өз ойыңызды дәлелдеңіз.
Туған жердің тарихын білу - әрбір адамның қасиетті борышы. Өз халқының тарихын, әдебиетін, мәдениетін меңгерген адам ғана өзге халықтардың мәдениетін сыйлай алады.
5-тапсырма. Мына сөздердің синонимін анықтаңыз, сөйлем құраңыз.
Ұлан байтақ, әйгілі, негізгі, кідіреді.
6-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.
- Асқар сен білесің бе? Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
- Иә, білемін. Ол..?
- Ал, Қазақстанның шекарасы туралы не айта аласың?
- ?
- Біздің еліміздің қазба байлықтары туралы не айтуға болады?
- ?
- Біздің еліміз қандай ұйымға мүше болып кірген еді?
7-тапсырма. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз.
Халық өнер адамдарын аса...
Қолөнер ежелден жақсы...
3. 1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары...
8-тапсырма. Сөздердің орын тәртібін анықтаңыз, сөйлемді дұрыс құрыңыз.
Қабылдануы, Қазақстан, негізгі, Республикасының, 30 тамызда, 1995 жылы, Заңы, Конститутциясы.
2. Ғылымы, жоғары, ел, дамыған, мен, мәдениеті, Қазақстан.
3. Белгілі, жері, бай, та, қызық, тарихымен, қазақ.
9-тапсырма. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы сұхбат құрыңыз.
10-тапсырма. Астана қаласындағы мәдени орындар туралы мәлімет әзірлеңіз. Қаламыздағы жоғары оқу орындары жайлы қысқаша баяндаңыз.
11-тапсырма. Қазақ халқының өнері жайлы тапсырмалар жүйесін әзірлеңіз.
2-сабақ (СӨЖ)
Тапсырма. 1.Ежелгі қалалар (Отырар, Түркістан, Тараз, Сайран, Сығанақ) мәдениеті туралы реферат әзірлеу.
Ел ордасы – Астана. Астана қаласының көзтартарлық орындарын әңгімелеу.
«Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» тақырыпына шығарма жазу
2-сабақ ОСОЖ Туған елге (Жұбан Молдағалиев) Өлеңді жаттап алыңыз.
Қазақстан, сүйікті туған елімсің, Асық атып, доп қуған, Асыр салған жерімсің. |
Бөленіп гүл мен нұрыңа, Бағыңда ойнап күлгенмін. Таңыңда сайрап бұлбұлға, Ән қосып жырлап жүргенмін. |
Сен есіме түскенде, Көңілім бұлттан ашылып, Тасиды жаңа күш менде, Жабыққаным басылып. |
2- сабақ «Менің елім Тәуелсіз Қазақстан» шығарма СОЖ
3-сабақ Лексикалық тақырып: Табиғат. Жер - ананы аяла.
Берілген мәтінді оқып, аударып, мазмұнын айтып беріңдер
Табиғат адамға өмірді тарту етті, оның жомартығы мен қайнар көзі туралы тамаша мысалдар бар.
Өзінің қуатты мүмкіндеріне қарамастан табиғат адамға бағынышты. Оған қамқорлық керек. Оның ормандары мен көлдерін, теңіздері мен құстарын, аңдарын қорғау керек.
Өткен дәуірлерге қарағанда адам баласы жаңа техникамен қаруланып, химия, ядролық физика саласында жетістіктерге жетіп, табиғатқа, биосфераға өз әсерін тигізді. Адам ұлы күшке ие болды. Бұл күш қоршаған ортаға жақсылықпен қатар өлім әкелуі де мүмкін. К.Маркс былай деп жазды: «Мәдениет сапасыз, стихиялық түрде дамыса, өз артына тақыр жерді ғана қалдырады. Бұл ойды «ноосфера» туралы материалістік түсініктің негізін салушы В.И.Вернадский жақтады. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша жер бетінде бір жылда 50 мың шаршы шақырым жер құр тақырға айналады екен.
«Құрғақшылық» деген термин де пайда болды.
Түрлі зиянды заттар жер бетіндегі генетикалық түрленуге қатер туғызуы мүмкін. Бұл сақтықты қажет етеді. Жер бетінің флорасы мен фаунасын қорғау үшін әлемде халықаралық табиғатты қорғау ұйымы құрылды. 1978 жылы «Бүкіл әлемдік табиғатты қорғау стратегиясы» деген құжат әзірленді. Табиғатты қорғау ұйымы күрделі ғылыми жұмыстар жүргізуде.
Сұрақтар:
1) Табиғат деген түсінікке не кіреді ?
2) Табиғатты қорғау үшін не істеу керек ?
3) Қандай жағдайда табиғат адамға қызмет етеді?
4. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша бір жылда қанша жер құр тақырға айналады?
5. «Ноосфера» туралы материалистік түсініктің негізін салушы кім?
6. «Бүкіл әлемдік табиғатты қорғау стратегиясы» деген құжат қай жылы әзірленді.
7. Сіздің ойыңызша не жер бетіндегі генетикалық түрленуге қатер туғызады?
1-тапсырма. Эпиграфты оқыңдар, есте сақтаңдар, өздеріңді тексеріп, жатқа жазыңдар.
Келеді кез, Күрделі біздің бұл кез!
Жаутаңдайды адамға түзде мың көз.
Қызыл кітап – Опат боп кеткен аңның
Бастарына қойылған қызыл күмбез. (Қ. Мырзалиев)
3- тапсырма. Биосфера, ноосфера сөздерінің мағынасын сөздікті қолдана отырып түсіндіріңдер.
Ноосфера –
Сөздік:
тарту –подарок, подношение жомартығы-щедрость қуатты -мощный мүмкіндеріне - возможностям қамқорлық – заботливость, покровительство қорғау – защищать күшке-силе тигізді-коснулась, притронулась |
жақсылықпен –добро, благодияние түсінік – понятие, понимание, объяснение, разъеснение негізін – основание тақыр – голый, без растительности «Құрғақшылық»- засуха қатер - опасность құрылды-образовался жүргізу-водить |
5-тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлемдер құраңыз.
1 Белгілі, сүреді, адам, қоршаған, өмір, ортада.
2 Табиғаттың, күші, жақсы, шипалы, бізге, белгілі.
6- тапсырма. Мына сөздерге анықтауыш жалғаңдар.
Қыс, аяз, күн, жел, ауа-райы.
Мысалы: ыстық, қапырық, желді, құрғақ, жаз.
7-тапсырма. «Адам және табиғат» тақырыпына сұхбат құрыңдар.
8- тапсырма. Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтарды шешіңіздер.
-
1 Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп.
Жас та сыйған, кәрі сыйған,
Астына оның бәрі сыйған.
3 Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті.
Қатарларын тізіп алды,
Арттарында ізі қалды.
2 Қанатсыз құс
маңып барады,
Көзінен жас
тамып барады.
9 - тапсырма. Даналық ойларға өз пікіріңізді білдіріңіз.
1. «Өз елін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық адамзатты сүю сезіміне алып барады, адам өз күшіне сенгенде ғана дегеніне жете алады» (М.Жұмабаев).
«Жерді саудаға салу – елді саудаға салу» (Хансы Рахым).
