Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK2_dlya_stud_2012_lektsia_SRSP_SRS.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

Құптаңыз не құптамаңыз

Иә

Жоқ

1. Меншік - белгілі біреудің өзіне ғана тән иелігі.

2. Меншіктің бір түрі болған елде бәсеке болады.

3. ҚР-ның жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданды.

4. ҚР-ның Конституциясында меншіктің бір түрі ғана көрсетілген.

2-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Приватизация – приобретение у государства гражданами и юридическими лицами объектов государственной собственности или акций государственных, акционерных обществ.

3- тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз

1. Жеке меншік пен мемлекеттік меншіктің айырмашылығы неде?

2. Жекешелендіру тиімді ме?

4-тапсырма. Топ болып талқылаңыздар.

1. Жеке меншікке берілген асхана, шаштараз, дүкен, дәріханаларды білесіз бе?

2. Оларды мемлекеттік меншіктегі асхана, шаштараз, дүкен, дәріханалармен салыстырыңыз. Ұтымды, ұтымсыз жақтарын салыстырыңыздар.

Ұтымды

Ұтымсыз

1. Жеке меншік ұйымдардың адамдарға қызмет көрсетуі жоғары деңгейде.

2. ......................................

1. Тапқан табыс мемлекеттің емес, жеке кәсіпкердің қалтасына түседі.

2. .......................................

3. Өз ісіңізді ашқыңыз келе ме?

28-сабақ Жекешелендіру саясаты ОСӨЖ

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Жекешелендіру – меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру үрдісі. Жекешелендіру – күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер) не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (ғылым, білім, мәдениет, өнер т.б. орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді.

Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру үрдісі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізіледі. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991-1992) «кіші» жекешелендіру бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары жаппай сатылды немесе еңбек ұжымдарына берілді.

Екінші кезеңде (1993-1996) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шет ел инвесторларына берілді.

Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды.

Жекешелендіру саясаты экономика теориясына және тәжірибеге көп жаңалықтар әкелді.

Сұрақтар:

  1. Жекелешендіру дегеніміз не?

  2. Қандай кездерде жекелешендіру жүргізілмейді?

  3. Жекелешендіру Қазақстанда неше кезеңмен және қай жылдары өтті?

28- сабақ Әлемдік шаруашылық. СӨЖ

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Әлемдік шаруашылық – халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда-саттық, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды.

Бүгінгі әлемдік шаруашылық біркелкі емес. Оған әлеуметтік және саяси құрылымдары, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары әр қилы дамыған, сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынаста сипаты, көлемі әр түрлі елдер жатады. Оларды өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриялды елдер деп шартты түрде бөлуге болады. Бұлардың қатарына АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдер, ал жаңа дамыған индустриялық елдерге Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Тайвань, т.б. жатады.

Әлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігіне айналу жолында Қазақстан Республикасы біршама табысқа жетті. Ол қазіргі кезде 60-тан астам әр түрлі халықаралық ұйымдарға мүше. Солардың арасында Дүние жүзілік кеден ұйымы, Еуропалық энергетикалық хартия, Дүние жүзілік сауда ұйымы, әр түрлі банктер, БҰҰ-ның комиссиялары бар. Әлемдік шаруашылықтағы орны мұнай-газ өнеркәсібінің, түсті және қара металлургияның, астық шаруашылығының, көлік инфрақұрылымының өркендеп дамуына тығыз байланысты.

К. Қажымұратов,

(«Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы 2001, 659-бет).

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Шаруашылығы жоғары дәрежеде дамыған қандай елдерді білесіз?

  2. Қазақстан шаруашылығы бойынша қандай ұйымдарға мүше?

2-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құраңыз.

Шаруашылық, өнеркәсіп, халықаралық, дүние жүзілік, өркендеу, әлемдік

29-сабақ Лексикалық тақырып: Еңбек және еңбек тәртібі

Еңбек тәртібі – қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынасын заң арқылы белгілейтін құқықтық категория. Еңбек тәртібі әртүрлі тәсілдер мен амалдар арқылы қамтамасыз етіледі. Мәселен, жұмыстағы жоғарғы жетістігі үшін қызметкерлерге көтермелеу, сондай-ақ еңбек міндеттерін орындамағаны, не тиісті дәрежеде атқара алмағаны үшін тәртіпке шақыру шаралары қолданылуы мүмкін.

Еңбекқорлық – адамның еңбекке ерекше ынталылығынан(желание), ісіне берілгендігі мен жігерінен байқалатын жағымды қасиет. Іске берілген адам барлық уақыты мен күш-жігерін өзінің сүйікті ісіне арнайды. Оған адамның қабілеті, тәжірибесі, білімі, іскерлігі мен дағдысы (привычки) игі ықпал етеді.

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

1. Еңбек және еңбек тәртібі дегенді қалай түсінесіз?

2. Еңбектің мәні қандай?

3. Еңбек тәртібінің қандай амалдары бар?

Сөздерді есте сақтаймыз

жұмыс беруші-работодатель

жөнге салу- привести в порядок

жағымды- положительный

еңбек тәртібі- трудовая дисциплина

өндірістік- производственный

ынталандыру- стимулировать

келісімшарт- договор

көтермелеу- поощрение

қызметкер- сотрудник, служащий тәртіпке шақыру- призывать к порядку

тәжірибе- опыт

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]