- •Тәжірибелік сабақтар
- •Ана тілі - дүниетаным құралы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Сөздік минимум
- •1 Сабақ (осөж) Төрт ана
- •Ананың тілі –аяулы үні
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •(Осөж) 3-сабақ. Табиғат қорғауды қажет етеді.
- •3 Сабақ (сөж) реферат Қызыл кітапқа енген ұлттық байлық.
- •(Сөж) 4 сабақ. Арал тағдыры. Мәтінмен жұыс жүргізу. Мазмұндау, аудару
- •Лексикалық тақырып: Қазақстандағы туризм. Мәтінді мазмұндаңыз.
- •(Осөж) 5-сабақ rixos Президенттік қонақ үй
- •Тапсырма.
- •5 Сабақ (сөж)
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Жоғары оқу орындары
- •Армандастар
- •(Осөж) 7-сабақ Қазақстандағы жеке білім беру туралы
- •7 Сабақ (сөж) Реформы в системе образования
- •5. Оқусыз білім жоқ білімсіз күнің жоқ.
- •Отбасы экономикасы. Аудару, мазмұндау
- •Атақты экономист ғалымдар қай білім ордасында қызмет етті?
- •1. Реформаларды зерттеу үстінде
- •Осөж 10 сабақ
- •Сөж 10 сабақ
- •Лексикалық тақырып: Ұлттық экономика.
- •Ұлттық экономика Национальное экономика
- •(Сөж) 12 сабақ Ұлттық байлық дегеніміз не?Мәтінді мазмұндаңыз
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •(Сөж) 13- сабақ Нарықтың мәні, құрылымы.
- •1. Экономикалық жағдай.
- •Әлемдегі ең бай адам – Билл Гейтс – кәсіпкер
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Грамматикалық тапсырмалар
- •Мына етістіктермен күрделі сөйлем құраңыз.
- •Жинақтау сан есімін көрсетіңіз.
- •1 Тапсырма.
- •16 Сабақ (сөж)
- •Тірек сөздер мен сөз тіркестері
- •Функции рекламы
- •Лексикалық тақырып: Жарнама, оның түрлері
- •Қазақстан екінші Сингапур бола ала ма? Ойынызды айтыңыз.
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Лексикалық тақырып: Еуропалық одақ
- •Пластиковые карточки, как элемент платежной системы. Сөж
- •1 Тапсырма Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •23 Сабақ «Ломбард қашан пайда болған?» сөж
- •Лексикалық тақырып: қр-ның банкі жүйесі, қызметі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •«Home banking» - үйде және жұмыс орнында банктік қызмет көрсету
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Ипотекалық несие
- •25 Сабақ Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. Сөж
- •«Макдональдс» корпорациясы
- •Макдональдс корпорациясы
- •Менеджмент осөж 26-сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •М.Мақатаев.
- •10. Баға қою саясаты
- •10.2. Студенттердің бағалау шкаласы
- •10.3. Пән бойынша студенттің қорытынды бағасы.
- •10.4. Студенттердің білімін бағалау критериялары.
- •Глоссарий
Макдональдс корпорациясы
«Макдональдс» - тез қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру орны. Негізгі тағамы туралған бифштекс. «Макдональдс» нарық әлемінде аты әйгілі ірі дәмханалар жүйесі. Ұқыпты ойластырылған маркетингілік бағдарлама өзіне бәсекелес фирмаларды басып озуға алып келді (привело).
1955 жылы сүт коктейльдерін дайындайтын 52 жастағы Рей Крок Ричард және Моррис Макдональдтердің жеті мейрамханадан тұратын жүйесімен танысады. Рей Крокка олардың тез қызмет көрсету идеясы ұнағандықтан, ол осы жүйені бұрынғы атауымен қоса 22 млн. долларға сатып алады.
Крок жүйені кеңейту мақсатында «Макдональдс» атауын басқа кәсіпорындардың иелері пайдалану құқын (право), яғни 150 мың долларға лицензиясын сата бастады. Лицензияны сатып алған кәсіпорын қызметкерлері «Макдональдс» фирмасының «Бифштекс университетінде» он күндік курс оқып, «бифштекстану» және майға қуырылған картоп талшықтарын пісіру жөнінде сертификат алып шығады.
«Макдональдс» дәмханаларын жастардың думан орнына айналдырмау мақсаты көзделген. Ол жерде не саз аспаптары, не теледидар жоқ, темекі де сатылмайды. Дәмханаларда өте таза және қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде. «Макдональдс» дәмханалары жанұялардың тамақтану орнына айналған, оны әсіресе, балалар жақсы көреді.
Рей Кроктың маркетингілік стратегиясын үш сөзбен айтуға болады: сапа, қызмет көрсету (сервис) және тазалық. (Ф.Котлер. «Маркетинг негіздері», 23 б).
7 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. «Макдональдс» қандай жүйе?
2. «Макдональдс» аталуының себебін білесіз бе?
3. Рей Крок деген кім?
4. Рей Крок неге осы дәмханалар жүйесін сатып алды?
5. «Макдональдс» сияқты дәмханалар жүйелеріне сіздің көзқарасыңыз қандай?
8-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.
1. «Макдональдс» нарық әлемі.... аты әйгілі ірі дәмханалар жүйе.... .
2. «Макдональдс» дәмханалар.... жастар.... думан орны.... айналдырмау мақсаты көзделген.
3. Рей Крок..... олардың тез қызмет көрсету идея..... ұнады.
4. «Макдональдс» өзіне бәсекелес фирмалар..... басып озды.
5. Лицензия... сатып алған кәсіпорын қызметкерлер... «Макдональдс» фирмасы.... «Бифштекс университетінде» он күндік курс оқиды.
Менеджмент осөж 26-сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндау және мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.
Қазақстан Республикасында өтіп жатқан нарықтық экономика реформасы экономиканы қалыптастыру және дамытудың бірден бір маңызды бағыттарының сипаты ретінде менеджмент үлгісін қосады.
Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігі менеджменттің төрт аталымын береді:
1. Адамдардың өзара қатынаста болуының үлгісі, тәсілі;
2. Басқарудың өнері және билік;
3. Әкімшілдік дағдылары және білудің ерекше түрі;
4. Басқару органы, әкімшілік бірлігі.
Менеджменттік қызмет – бұл кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің еңбегіне, ақыл-парасаттарына адамдардың мінез-құлқына сүйене отырып, алдына қойған мақсаттарын іс жүзіне асыруды ұйымдастыру.
Менеджер – ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін егжей-тегжейлі білетін мамандандырылған басшы.
Менеджер, біріншіден, мақсатты белгілейді және осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін анықтайды. Екіншіден, менеджер жұмысты ұйымдастырады. Қойылған мақсатты іске асыру үшін қажеттілікке талдау жасайды. Ол түрлі жұмыстарға жауапты адамдардан өзінің құрамын жасақтайды.
2–тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.
1. Менеджменттік қызмет – дегеніміз не?
2. Менеджер – дегеніміз кім?
26-сабақ Нанотехнология дегеніміз не? СӨЖ.
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз және сөздікті пайдаланып аударыңыз.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.
Енді 20 жылдан соң жер бетіндегі тіршілік нанотехнологияның арқасында жаңа мазмұнға, жаңа сипатқа ие болады деп есептейді бір топ ғалымдар. Егер қазірдің өзінде нанотехнологияның көмегімен әртүрлі микробтарды жоятын ұялы телефондар, аяқ киімнен хош иіс шығарып тұратын ұлтарақтар, ылғал мен шаң өткізбейтін үш қабатты астары бар төсеніштер, лай батпақ пен жауын-шашын жұқпайтын автомабиль әйнектері секілді ондаған тауарлар өндіріле бастаса, енді біраз жылдан соң, күнделікті тұтынатын азық-түлігімізді де осы жаңа технологияға сүйене отырып өндіретін боламыз. Олай дейтініміз, әлемдік ғалымдар дайын атомдардан кез-келген затты құрастыруға қабілетті нанороботтар жасап шығарады. Солардың көмегімен тауарларды өндірумен қатар, енді он-он бес жылдан соң сауын сиыр ұстамай-ақ, шөптің өзінен тікелей сүт өндірілетін сатыға көтерілеміз. Сонда бұл нендей керемет?
Нанотехнология дегеніміз бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру, - дейді «Наноиндустрия» концерннің бас директоры Михаил Ананян. – Ядролық физика 1940 жылы қандай деңгейде болса, әзірше нанотехнология сондай даму дәрежесінде тұр.
Адамзат тарихында өркениеттің қарыштап алға басуына елеулі септігін тигізген жаңалықтардың аса көп болмағаны белгілі. Бірақ әрбір жаңалық атаулы қоғамды бір саты болса да алға жылжытып отырды.
Сұрақтар:
1. Нанотехнология дегеніміз не?
27- сабақ Лексикалық тақырып. Салықты не үшін төлейміз?
Аударыңыздар және мазмұндаңыз.
Салық дегеніміз – үкіметтің кәсіпорындардан, адамдардан алған төлемі . Үкіметті, әскерді, милицияны ұстау үшін халықтан салық жиналады. Қалай мемлекет пайда болды, салық та дүниеге келді. Салық бірінші рет Қытайда пайда болды. А.Смит салықты «әділетті салық» деп атаған.
Қазір нарықтық экономикада – салық мақсатты болу керек: қай жерге өте қажет, салықтан жиналған қаржыны сол жерге жұмсау керек. А. Смитше айтатын болсақ, салық халықтың өзі үшін десек те болады. Халық салықтың жұмсалуын үкіметтен үнемі сұрап, бақылап отырады.
Салықтың мынадай міндеттері бар:
қазыналық міндет;
бөлу міндеті;
ынталандыру міндеті;
шектеу міндеті;
бақылау – бөлу міндеті.
Салық саясаты салық салу саласындағы ресми салық саясаты, ол салық салудың айқындамалық ерекшеліктерін, оларды жүзеге асырудың басты принциптерін, мақсаты мен әдістерін, тиісті ақпараттық және заң шығарушылық базаны айқындайды.
Салық ставкалары процент түрінде белгіленеді. Салық ставкаларының үш түрі бар.
Бірінші түрі – прогрессивтік салық ставкасы. Бұл түрімен көпшілік таныс. Табысыңыз көбейген сайын, салық та көбейеді.
Екінші түрі – пропорционалды салық ставкасы. Пропорционалды салық ставкасының мөлшері табыспен өлшенбейді және оған тәуелді емес.
Үшінші түрі – регрессивтік түрі. Салық ставкасының бұл түрі біздің елдің салық заңдарында қолданылмайды, өте бай мемлекеттерде қолданылады.
Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады: - заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; - қосымша құнға салық; - акциздер; - құнды қағаздамен жүргізілетін операцияларға салынатын салық. |
Жергілікті салықтар:
мүлкіне салынатын салық:
жол салықтары. |
Сөздік:
-
Салық-налог
Төлемі-оплата
Әділетті-справедливый
Ресми-официальный
Қазна – казна, сокровище
Міндет-обязанности
Саясат-политика
Сұрақтар:
Салық дегеніміз не?
Салықтың қандай міндеттері бар?
Салық ставкаларының неше түрі бар?
2- тапсырма. Орыс тіліндегі баламасын беріңіз:
Жергілікті салық, мемлекеттік бюджет, заңды тұлға, қосымша құнға салынатын салық, шектеу, міндеті, бөлу міндеті, жанама салық, төте салық
3 – тапсырма.
Мәтінге өзіңізше ат қойыңыз.
2. Мәтінді мағыналық жағынан бөлімге бөліңіз, жоспар құрыңыз.
3. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркесін жасаңыздар.
4-тапсырма. Мына терминдердің қазақша баламасын беріңіз.
Подоходный налог, налог на ценные бумаги, отечественное налоговедение, налог с дарений, налог на передачу акции, налог на автотранспортные средства, двойное налогооблажение.
27-сабақ Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні. ОСӨЖ
1-тапсырма. Мәтінді мазмұңдаңыз және сөздікті пайдаланып аударыңыз.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні- шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатыстардың бір бөлігі болып табылытындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізгі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп,өзгерістерге ұшырап отырды.
Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Салық- белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.
Сұрақтар:
1. Салықтар қайдан пайда болады?
2. Салықтың экономикалық мәне неде?
3. Салық дегеніміз не?
4. ҚР мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы қанша паййыз құрайды?
27- сабақ Салық реформасы СӨЖ
1-тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып, аударыңыз.
«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» ҚР Заңының орны ерекше. Бұл заңда, біздің пікірімізше, салық ұғымының аясы белгіленіп, салық салу объектілері анықталады. Мұнда салық жөнінде қандай жеңілдіктер болуы мүмкін екендігін, оларды кімдер беретіндігі, салық органдарының құқықтары мен міндеттері, салық органдарының шешіміне шағым беру қалай екендігі белгіленді.
«Пайдаға салынатын салық» - жаңа салық жүйесіндегі аса маңызды заңдардың бірі. Салыққа байланысты соңғы кездегі жаңалық – «Кәсіпорындардан, бірлестіктер мен ұйымдардан алынатын салық туралы» Заңда ескірілген, яғни өндіріс өсімін ынталандыруға бағытталған жеңілдіктер көзделген.
Бүгінгі таңда пайдаға салынатын салықтың мөлшері 35 % -дан 25 % -ға дейін, коммерциялық және кооперативтік банктер, жинақ банктері мен сақтандыру ұйымдарында 55 % -дан 45% -ға дейін төмендетіледі.
Мемлекеттік салық инспекциясы меншік түрлеріне қарамастан кез-келген кәсіпорынның, кооперативтің, фирманың ішкі қызметтері туралы мәліметтер жинап, тексеріс жүргізе алады.
Салық – экономикамызды дамытудағы реттеуші күш. Салықтың нарықтық экономика кезіндегі ролі мен мәні зор.
Сұрақтар:
1. Салық дегеніміз не?
2. Салық туралы Заңда не қарастырылады?
3. «Пайдаға салынатын салық» қалай түсінесін?
2-тапсырма. 3 сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
Салықтың нарықтық экономика кезіндегі ролі мен мәні зор.
«Пайдаға салынатын салық» - жаңа салық жүйесіндегі аса маңызды заңдардың бірі.
«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» ҚР Заңының орны ерекше.
28-сабақ Лексикалық тақырып: Меншік және жекешелендіру
Меншік дегеніміз – белгілі біреудің өзіне ғана тән иелігі (собственность). Ол адам және қоғаммен бірге пайда болды. Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің ұжымдық , жеке және мемлекеттік түрлері қалыптаса бастады.
Жеке меншік – жеке адамға ғана тән, соған ғана тиісті меншік, мал-мүлік.
Кооперативтік меншік – белгілі бір бірлестікке, ұжымға тән иелік.
Қоғамдық меншік – қоғамға, қауымға тән иелік.
Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған. Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша пайда болды.
Қазақстан Республикасы Конституциясында меншіктің мемлекеттік және жеке меншік түрі көрсетілген.
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданды. 1991 жылы қабылданған жекешелендіру туралы заң жекешелендірудің үш тәсілін қарастырады:
еңбек ұжымдарының мекемелерді біртіндеп сатып алуы;
аукцион және тендер;
жеке жобалы (проектілі) жекешелендіру.
Бір ғана меншіктің түрі болған елде бәсеке болмайды. Сондықтан меншіктің түрі көбірек болса, экономика да жақсырақ болады. («Қазақстан» ұлттық энциклопедиясынан)
1-тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап іздеңіз.
1. Меншік дегеніміз не?
2. Меншіктің неше түрі бар?
3. ҚР Конституциясында меншіктің қандай түрлері көрсетілген?
4. Кооперативтік меншік дегеніміз не?
5. Кооперативтік меншік қай елде жақсы дамыған?
Сөздерді есте сақтаймыз
Жекешелендіру– приватизация Жеке меншік – частная собственность Меншік – собственность Мұқтаж – запрос, нужда мүмкіндік беру– дать шанс, возможность Иелік – владение өз еркімен– по своей воле таңдау– выбор, отбирать тіркеу– учет, опись, регистрация |
Кооперативтік меншік– кооперативная собственность қабілет– способность Қауымдастық, қоғам - общество қол ұшын беру – помочь, подать руку помощи Ұжымдық– коллективный ұсыну– предлагать |
