Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK2_dlya_stud_2012_lektsia_SRSP_SRS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

1 Сабақ (осөж) Төрт ана

1-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана.

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны,

Жан байлығы, салт-дәстүрі – тірегі,

Және туған тарихы еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер!

Тамырсыздық басы қайда қалмаған.

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ-жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы.

(«Өркениеттің адасуы» атты романынан үзінді)

2-тапсырма. Даналық сөздерді жаттап алыңыз.

1. «Ұлттың тілі кеми бастауы, оның құри бастағанын көрсетеді» (М.Жұмабаев).

2. «Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге дайынмын» (Р.Гамзатов).

3. «Тілді жеке адам жасай алмайды, оның түпкі иесі – халық» (В.Г.Белинский).

4. «Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды» (А.Құнанбаев).

5. «Тіл-ұлттың жаны. Тіл идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі» (Л.Н.Толстой)

3 – тапсырма. Өлең жаттайық. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүрсін.

Ананың тілі –аяулы үні

Сөзі: Ш.Смаханұлы. Әні: Ә. Тінәлиев.

Өмірге келдім,

Анамды көрдім

Деді ол: «Жаным»,

Арайлы таңым.

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай,

Бал тілін маған.

Қайырмасы:

Анамның тілі –айбыным менің,

Анамның тілі-Ай,Күнім менің.

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі өмірді думан.

2. Мектепке келдім,

Ұстазды көрдім.

Тыңдадым сөзін,

Табынып, сүйіп.

Анамның тілі-

Аяулы үні.

Журекке нұрын

Жіберді құйіп.

Қайырмасы:

3. Көңілге көрік,

Өмірге серік.

Әсем ән-жыр,

Қайрат, қуатым.

Сөйлесем мыңға,

Өрлесем шыңға.

Анамның тілі-

Асыл мұратым.

2-сабақ

Лексикалық тақырып: Қазақ елі – менің Отаным

1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз. Тақырыпқа қатысты сөз тіркестерімен толықтырыңыз.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері

(неге бай?)

(не істейді?)

пайдалы қазбаларға

өзендерге көлдерге

мұражайға

театрларға

Бай

ұлт өкілдері (представители)

мемлекеттермен

өмір сүреді

шектеседі

(граничит)

(қайда орналасқан?)

Еуразия материгінің

орталық бөлігінде

орналасқан