
- •Тәжірибелік сабақтар
- •Ана тілі - дүниетаным құралы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Сөздік минимум
- •1 Сабақ (осөж) Төрт ана
- •Ананың тілі –аяулы үні
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •(Осөж) 3-сабақ. Табиғат қорғауды қажет етеді.
- •3 Сабақ (сөж) реферат Қызыл кітапқа енген ұлттық байлық.
- •(Сөж) 4 сабақ. Арал тағдыры. Мәтінмен жұыс жүргізу. Мазмұндау, аудару
- •Лексикалық тақырып: Қазақстандағы туризм. Мәтінді мазмұндаңыз.
- •(Осөж) 5-сабақ rixos Президенттік қонақ үй
- •Тапсырма.
- •5 Сабақ (сөж)
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Жоғары оқу орындары
- •Армандастар
- •(Осөж) 7-сабақ Қазақстандағы жеке білім беру туралы
- •7 Сабақ (сөж) Реформы в системе образования
- •5. Оқусыз білім жоқ білімсіз күнің жоқ.
- •Отбасы экономикасы. Аудару, мазмұндау
- •Атақты экономист ғалымдар қай білім ордасында қызмет етті?
- •1. Реформаларды зерттеу үстінде
- •Осөж 10 сабақ
- •Сөж 10 сабақ
- •Лексикалық тақырып: Ұлттық экономика.
- •Ұлттық экономика Национальное экономика
- •(Сөж) 12 сабақ Ұлттық байлық дегеніміз не?Мәтінді мазмұндаңыз
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •(Сөж) 13- сабақ Нарықтың мәні, құрылымы.
- •1. Экономикалық жағдай.
- •Әлемдегі ең бай адам – Билл Гейтс – кәсіпкер
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Грамматикалық тапсырмалар
- •Мына етістіктермен күрделі сөйлем құраңыз.
- •Жинақтау сан есімін көрсетіңіз.
- •1 Тапсырма.
- •16 Сабақ (сөж)
- •Тірек сөздер мен сөз тіркестері
- •Функции рекламы
- •Лексикалық тақырып: Жарнама, оның түрлері
- •Қазақстан екінші Сингапур бола ала ма? Ойынызды айтыңыз.
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Лексикалық тақырып: Еуропалық одақ
- •Пластиковые карточки, как элемент платежной системы. Сөж
- •1 Тапсырма Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •23 Сабақ «Ломбард қашан пайда болған?» сөж
- •Лексикалық тақырып: қр-ның банкі жүйесі, қызметі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •«Home banking» - үйде және жұмыс орнында банктік қызмет көрсету
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Ипотекалық несие
- •25 Сабақ Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. Сөж
- •«Макдональдс» корпорациясы
- •Макдональдс корпорациясы
- •Менеджмент осөж 26-сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •М.Мақатаев.
- •10. Баға қою саясаты
- •10.2. Студенттердің бағалау шкаласы
- •10.3. Пән бойынша студенттің қорытынды бағасы.
- •10.4. Студенттердің білімін бағалау критериялары.
- •Глоссарий
1 Тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Бәсеке деген не?
2. Бәсекенің қандай жақтары бар?
3. Бәсеке адамзатқа тән қасиет пе?
4. Бәсеке өркениетті қоғамда қандай болу керек?
5. Әділетті бәсек деген не?
6. Әділетті бәсеке мемлекет үшін керек пе? Пайдасы бар ма?
7. Экономикадағы прогресс, жақсы, сапалы, әлемдік деңгейдегі сапалы өнім көзі ме?
8. Әділетсіз бәсек деген не?
9. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» қандай бәсекеде көрінеді?
10. Ғылымдағы, өнердегі бәсеке неге жеткізеді?
2-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіздер.
Нарықтық экономиканы ілгері жеткізетін күш- бәсекелестік, екінші – істеген іске, оның нәтижесіне жауапкершілік. Жауапкершілік- меншікпен келеді.
Нарық бәсекелестігі – заңдылық, ол меншік иелері мен мемлекеттер арасында бірдей. Оған пара өтіп, ұят жүрмейді, аяушылықты білмейді, қабілет пен іскерлікке жүгінетін қатынас.
Бәсеке - өзара жарыс, бір- бірінен озу сайысы, жақсы өнім сайысы.
16 Сабақ (сөж)
Бәсекелестік Баяндама жазу
17 – сабақ Лексикалық тақырып: Жарнама.
1-тапсырма. Мәтінді жоспарлы түрде мазмұндаңыз және аударыңыз.
Жарнама дегеніміз – белгілі бір тауардың сапасы, бағасы, қызметі, қасиеті туралы ақпарат. Жарнама сатып алушылардың санасы мен назарына тауарлар мен қызметтер туралы маңызды мәліметтерді жеткізу үшін көркем көрсетілген нысанда қысқа және нұсқа түрінде ұсынылады.
Жарнама сұраныс пен ұсыныс жасауға, бәсекенің пайда болуына әсерін тигізеді. Қазіргі қоғам экономикасындағы жарнаманың маңызы өте зор. Себебі ол – бюджетті толтырудың бір түрі. Сонымен қатар, жарнама мәдениет пен өнердің бір бөлігі болып табылады. Жоғары кәсіптік деңгейде орындалған жарнама туындылары адамдардың жақсы талғамын қалыптастырады, рухани және сезім әлеміне әсерін тигізеді. Идеясы, көркемдігі, сәтті сценариі, стилі тұрғысынан үйлесімді жарнама адамға ерекше психологиялық және эмоциялық әсер етеді.
Жарнаманы жарнама агенттігіндегі суретшілер, редакторлар, дизайнерлер, психологтар, операторлар сияқты шығармашылық топ жасайды.
2-тапсырма. Мәтінді абзацтарға бөліңіз, ат қойыңыз.
3-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап іздеңіз.
1. Жарнама дегеніміз не?
2. Жарнама не үшін қажет?
3. Жарнама неге әсер етеді?
4. Жарнама агенттігінде кімдер жұмыс істейді?
5. Қазіргі қоғам экономикасында жарнаманың маңызы қандай?
Сөздік
-
әсер – влияние
санасы – сознание, мысль
сезім - чувство
бағасы - цена
қызметі - служба, работа
қасиеті - качество
көркем - красивый, красота
рухани – духовный
мәлімет, ақрапат-информация
кәсіптік деңгейде орындалған-
на профессиональном уровне
маңызы - важный, значимый, существенный
нысан - прицель, цель
нұсқа – образец, оригинал
туындылары - произведение
талғамы - вкус, предпочтение
тигізеді - коснуться, притронуться,
тұрғысынан - исходя из это (шылау)
қызықты -интересный
сапа(сы)- качество
тұтынушылардың –потребителей
пайда болуы-польза
4-тапсырма. Тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз, мысал келтіріңіз. Кестені толықтырыңыз.