
- •Тәжірибелік сабақтар
- •Ана тілі - дүниетаным құралы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Сөздік минимум
- •1 Сабақ (осөж) Төрт ана
- •Ананың тілі –аяулы үні
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •(Осөж) 3-сабақ. Табиғат қорғауды қажет етеді.
- •3 Сабақ (сөж) реферат Қызыл кітапқа енген ұлттық байлық.
- •(Сөж) 4 сабақ. Арал тағдыры. Мәтінмен жұыс жүргізу. Мазмұндау, аудару
- •Лексикалық тақырып: Қазақстандағы туризм. Мәтінді мазмұндаңыз.
- •(Осөж) 5-сабақ rixos Президенттік қонақ үй
- •Тапсырма.
- •5 Сабақ (сөж)
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Жоғары оқу орындары
- •Армандастар
- •(Осөж) 7-сабақ Қазақстандағы жеке білім беру туралы
- •7 Сабақ (сөж) Реформы в системе образования
- •5. Оқусыз білім жоқ білімсіз күнің жоқ.
- •Отбасы экономикасы. Аудару, мазмұндау
- •Атақты экономист ғалымдар қай білім ордасында қызмет етті?
- •1. Реформаларды зерттеу үстінде
- •Осөж 10 сабақ
- •Сөж 10 сабақ
- •Лексикалық тақырып: Ұлттық экономика.
- •Ұлттық экономика Национальное экономика
- •(Сөж) 12 сабақ Ұлттық байлық дегеніміз не?Мәтінді мазмұндаңыз
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •(Сөж) 13- сабақ Нарықтың мәні, құрылымы.
- •1. Экономикалық жағдай.
- •Әлемдегі ең бай адам – Билл Гейтс – кәсіпкер
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Грамматикалық тапсырмалар
- •Мына етістіктермен күрделі сөйлем құраңыз.
- •Жинақтау сан есімін көрсетіңіз.
- •1 Тапсырма.
- •16 Сабақ (сөж)
- •Тірек сөздер мен сөз тіркестері
- •Функции рекламы
- •Лексикалық тақырып: Жарнама, оның түрлері
- •Қазақстан екінші Сингапур бола ала ма? Ойынызды айтыңыз.
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Лексикалық тақырып: Еуропалық одақ
- •Пластиковые карточки, как элемент платежной системы. Сөж
- •1 Тапсырма Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •23 Сабақ «Ломбард қашан пайда болған?» сөж
- •Лексикалық тақырып: қр-ның банкі жүйесі, қызметі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •«Home banking» - үйде және жұмыс орнында банктік қызмет көрсету
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Ипотекалық несие
- •25 Сабақ Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. Сөж
- •«Макдональдс» корпорациясы
- •Макдональдс корпорациясы
- •Менеджмент осөж 26-сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
- •М.Мақатаев.
- •10. Баға қою саясаты
- •10.2. Студенттердің бағалау шкаласы
- •10.3. Пән бойынша студенттің қорытынды бағасы.
- •10.4. Студенттердің білімін бағалау критериялары.
- •Глоссарий
Грамматикалық тапсырмалар
Жаттығу орындаймыз!
Үстеулердің түрін анықтаңыз.
Бұрын банктер несиені аз беретін. Бүрсігүні шағын кәсіпорынның ашылу кеші болады. Биыл Қазақстанның төл ақшасы – теңге шықты. Бүгінгі таңда нарықтық экономика даму Мен қолма-қол есеп айырыстым. Оқудың ақшасын төлегеніме бірталай уақыт өтті.
Мына етістіктермен күрделі сөйлем құраңыз.
Қаржыландыру, сақтандыру, қауіпсіздендіру, арттыру, жоспарлау
Жинақтау сан есімін көрсетіңіз.
Қонақтардың үшеуіне орын жетпей қалды. Біздің банктың қызметкелерінің жалпы саны – жетеу. Біздің фирманың қызметкелерінің екеуін жұмыстан шығарып жіберді. Бухгалтерлердің бесеуінің де жоғары білімі бар. Сатып алушылардың төртеуіне де көйлек жетпей қалды.
16-сабақ Лексикалық тақырып: Бәсекеге қабілетті тауар өндіру
Ойтүрткі.
1. Бәсекеге қабілетті тауар шығару үшін кәсіпорынға не қажет?
Сіздің ойыңыз: 1. ______________________________________
2. ______________________________________
3. ______________________________________
Мемлекетімізде тиімді нарықтық экономика құруда, бәсекелестік ортаның қалыптасуында шағын және орта бизнестің маңызы өте зор.
Әлеуметтік тәжірибенің көрсетуінше, шағын және орта бизнес нарықтық экономикаға тез және тиімді әсер етеді. Өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Тауардың белгілі бір нарықта қарқынды өтуі үшін ол бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар болып, сапасы бекітілген стандартқа сәйкес келуі керек.
Бәсекелестікті жеңіп, басып озу үшін, осы заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары тауар (өнім) шығару керек.
Бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар шығару мыналардан тұрады:
қосымша пайда түсіретін тауар жасау идеясын қалай, қайдан алу, іздеу;
ол үшін нарықты зерттеу (ерекшелігін, қаншалықты қажеттілігін, ассортиментін, қасиетін, пайдасын);
өндіру (аз шығынды қолайлы өндіріс);
тиімді баға белгілеу;
жарнама (тауар жөнінде ақпарат, тұтынушыны ынталандыру, сатып алуды жеңілдету, сыйлықтар, конкурстар, т.б.);
Бәсекелестік қабілеті жоғары тауар жасау тиімділігі тұрақты пайда мен тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді.
Сұрақтар:
Шағын және орта бизнес қаңдай экономикаға тез және тиімді әсер етеді?
Тауардың белгілі бір нарықта қарқынды өтуі үшін ол бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар болып, сапасы бекітілген неге сәйкес келуі керек?
Бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар шығару нелерден тұрады?
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Сөздік
тиімді – выгодный, приемлемый, эффективный тәжірибе - опыт қарқын – мощь, сила, энергия, темп. қабілет - способность қасиет – качество, свойство, достоинство, святость
|
өнім – рост, произрастание, продукция, урожай сәйкес – подобно, применительно сай – достойный, изобильный, готовый. қолайлы – удобный, благоприятный, приемлемый, практичный ынталандыру - стимулировать
|
Бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар құру |
→ |
Идея жасау |
|
Нарықты зерттеу |
↑ қанағаттанарлықсыз ↓
-
Жоспарланған табыс деңгейі
→
Қосымша табыс табу
→
өндіру
↑қанағаттанарлық ↓
-
Өткізу
←
Жарнама
←
Баға белгілеу
1-тапсырма. Көрсетілген сурет бойынша кәсіпорынның мақсат-міндетін әңгімелеп беріңіз.
2-тапсырма. Белгілі бір өнім шығаратын кәсіпорын менеджері ретінде өз идеяларыңызды ортаға салыңыз (суреттегі көрсетілген тәртіппен).
3-тапсырма. Мәтінді бірнеше абзацқа бөліп, ат қойыңыз.
4-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.
1. Шағын және орта бизнес нарықтық экономика... тез және тиімді әсер етеді.
2. Тауар белгілі бір нарықта қарқынды өту... үшін ол бәсекелестік... қабілеті жоғары тауар болуы керек.
3. Өндірістік өнім... өсу қарқыны халық.... жалпы сұранысы.... тығыз байланысты.
4. Бәсекелестік... жеңу үшін, бәсекелестік қабілет... жоғары тауар шығару керек.
5-тапсырма. Екі қатардағы сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
1) Кәсіпорынның қосымша пайда табуы үшін |
А) халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. |
2) Бәсекелестік қабілеті жоғары тауар жасау тиімділігі |
Ә) жаңа бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар шығару керек. |
3) Тауардың белгілі бір нарықта қарқынды өтуі үшін |
Б) осы заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары тауар шығару керек. |
4) Өндірістік өнімнің өсу қарқыны
|
В) ол бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар болып, сапасы бекітілген стандартқа сәйкес келуі керек. |
5) Бәсекелестікті жеңіп, басып озу үшін, |
Г) тұрақты пайда мен тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді. |
6-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
1. Әлеуметтік тәжірибенің (по показаниям) шағын және орта бизнес (рыночной экономике) тез және тиімді әсер етеді.
2. Бәсекелестерді (опередить) үшін, осы заманға сай тауар шығару керек.
3. Өнімнің (интенсивный) өсуі халықтың (спросом) тығыз байланысты.
16-сабақ Лексикалық тақырып: Бәсеке – нарықтық механизмнің басты элементі
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз және сөздік арқылы аударыңыз.
Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі – бәсеке (латын сөзі конкурро-түйістіру) болып табылады.
Жалпы алып қарағанда бәсекені - өндірушілердің бір-бірімен рыноктағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өнөндірушілер арасындағы бәсеке.
Бәсеке нарық субъектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау болып табылады. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады.
Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын рынокта өктем жүргізеді. Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүргізіледі.
Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар.
Бәсеке тәсіліне қарай былай бөлінеді: бағалық және бағалық емес.
Классикалық, бағалық бәсекенің теориясының негізін қалаған А.Смит (ХУІІІ ғасыр).
Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі – тауарлар бағасын төмендету болып табылады.
Монополиялық немесе баға еместік бәсекелестік теориясының негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967).
Баға еместік бәсекелестік ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді.
Баға еместік бәсекенің басты қаруы – жарнама, маркетинг құралдары.
16-сабақ