Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK2_dlya_stud_2012_lektsia_SRSP_SRS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать
  1. Атақты экономист ғалымдар қай білім ордасында қызмет етті?

  2. Болашақ экономистер қай университетте даярланды?

  3. Қазір ол қандай оқу орны болды?

  4. Бүгінде жабық акционерлік қоғам болып отырған қай университет?

  5. Әлем таныған қандай экономист-ғалымдарды білесің?

  6. Олардың еңбектерін халық қалай бағалады?

Сөздерді есімізде сақтаймыз

ғылым

терең

нәтиже

дәлел іздеу

өз бағасын

ғылым саласы

бұрын

- наука

- глубокий

- результат

- искать доказательства

- свою оценку

- отрасль науки

- раньше

ғылыми-зерттеу

түлектер

сенім

әлем таныған

жабық акционерлік

қоғам

-научно-исследовательский

- выпускники

- доверие

- был известен по всему миру

- закрытое акционерное

- общество.

2-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.

1. Реформаларды зерттеу үстінде

2. Экономикасын қарсы алу үшін

3. Шаруашылығын саласы ретінде

4. Ғылымның ұйымдастыру кезінде

5. Мамандарын өркендету барысында

6. Еңбектерін жүзеге асыруда.

4-тапсырма. Ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз.

5-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құраңыз.

Экономист-ғалымдар, факульте, академия, түлектер, сала, зерттеу, реформа, мемлекет, әлем, ұрпақ, сенім.

6-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыздар.

1. – Атақты экономист-ғалымдардан кімдерді білесің?

– ………….

2. – Болашақта кім болғың келеді?

– ……………..

3. – Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев туралы білесің бе?

– ………………

4. – Қазақстанда экономистерді қай оқу орындары дайындайды? (Бірнешеуін атаңыз.)

– ………………

5. – Еуразия ұлттық университетіндегі экономист-ғалымдар жайында не білесің?

– ………………

6. – Қандай ғылыми еңбектері бар?

7-тапсырма. Сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

Ұлыбритания Қазақстан экономикасына аса ірі көлемде инвестиция салған мемлекеттердің ішінде үшінші орында тұр.

Осөж 10 сабақ

Қазақстандағы экономист ғалымдардың ғылымға сіңірген еңбегі. Баяндама.

Сөж 10 сабақ

Атақты экономистер туралы реферат дайындаңыз.

11-сабақ Лексикалық тақырып: Ұқыптылық пен үнемділік

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Әр адамның тірлігі, шаруашылығы керемет нәрсеге негізделеді. Ол ұқыптылық және үнемділік. Бұл екі ұғым экономиканың жаны. Бұл кереметтердің тағы бір туысы бар. Ол – гүлдену. Гүлдену дегеніміз -экономикалық табыс пен бақыт.

Адамның жеке шаруашылығы тек оның ақша жұмсау қабілетімен шектелмейді, сондай-ақ адам өз уақыты мен қуатын дұрыс жұмсай білу керек.

Егер сен өзіңнің үнемділігің тек қана ақшаға қатысты деп ойласаң, онда қателесесің. Өз өміріңді сенің мүлкің (имущество) емес, сенің өзің айқындайсың. Сенің адал, табанды болуың керек. Өз денсаулығыңды ойлауың керек, білім-білігіңді толықтыруың керек. Өзіңнің әрбір іс-әрекетіңді ойланып барып істеп, әрбір сөзің мен ісіңе жауап беретіндей болуың керек.

Осы қасиеттердің бәрін бойыңа қалыптастыра білу керек, өйткені бұл қасиеттер сенің үнемшіл болуыңа көмектеседі. Үнемшіл болу дегеніміз – сараң болу деген сөз емес. Сараң (скупой) адамдар табысын ешқашан біреумен бөліспейді. Олар тіпті өздерінің үлестерін (доля) төлеуден де жалтарады. Өзгелерді ешқашан мақтамайды. Сараңдық дегеніміз өзіңде бар нәрсені қызғыштай қорып, оны шашпауға тырысу, болашаққа кең өріс ашудың орнына, қолыңда бар нәрсені достарыңнан да жоғары қойып, тәуекелге бел буа алмау.

Үнемділік ұғымына тәуекелшілік те байланысты болады. Үнемшіл болу дегеніміз – қуанышсыз сұрқай өмір сүру деген сөз емес. Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп пайда әкелетін іспен айналысу үшін өз еркіңді бағындыра білу де – тәуекелділік.

Сонда үнемділік дегеніміздің өзі әрбір адамның өз уақытын дұрыс ұйымдастыра біліп, ойға алғанының барлығы болмаса да, көпшілігін тындырып тастауға үлгеру үшін өз күшіңді шақтап жұмсай білу деген сөз.

2-тапсырма. Мәтінді абзацтарға бөліп, сөз немесе сөз тіркестерімен ат қойыңыз.

3-тапсырма. Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз.

4-тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап іздеңіз.

  1. Әр адамның тірлігі неге негізделеді?

  2. Қандай ұғымдарды экономиканың жаны деп ойлайсың?

  3. Ұқыптылық пен үнемділікті экономиканың жаны дегенге келісесіз бе?

  4. Үнемшіл адамды сараң деп айтуға болады ма?

  5. Сараң адам қандай болады

Сөздік:

Ұқыптылық – аккуратность, внимательность, бережность

Үнемділік – экономичность

Сараң – скупой

Үлес – доля

Мүлік – имущество

Тәуекел – риск

тәуекелге бел буа алмау – не рисковать

бағындыру – покорять, подчинять,

принуждать сдаться

гүлдену – просветать

қасиет – хорошее качества, достоинство,

святость, хорошее свойства

доход – табыс, кіріс

достичь – жету, жетістік, табыс

сұрқай өмір сүру - жить серой жизнью

5-тапсырма. Үнемділік пен сараңдықты бір ұғым деп қарастыруға болады ма? Осы тақырыпта диалог құрыңыз.

6-тапсырма. «Үнемшіл болу дегеніміз - өз уақытыңды дұрыс ұйымдастыра білу» деген тақырыпта досыңызбен әңгімелесіңіз.

(Шығарма жазу)

7-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Ұқыптылық пен үнемділік – экономика... жан... .

2. Сен өзің.... үнемділігің тек қана ақша... қатысты деп ойласаң, онда қателесе.... .

3. Сараң адамдар табыс... ешқашан біреумен бөліспей... .

4. Адам... жеке шаруашылығы тек оның ақша жұмсау қабілеті.... шектелмейді.

8-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Өз өміріңді сенің (имущество) емес, сенің өзің (определяешь).

2. (Экономичный) болу дегеніміз – қуанышсыз (жить серой жизнью) деген сөз емес.

3. Әр адамның тірлігі, шаруашылығы (великолепный) нәрсеге (основывается).

4. Үнемділік дегеніміз - әрбір адамның өз уақытын дұрыс (организовать).

10–тапсырма. Мына фразеологизмдерді есте сақтаңыз. Мысал келтіріңіз.

1. Ақ жүрек, Екі жүзді, 3. Дүние қоңыз, 4. Қурайдың басын сындырмау 5. Ала жібін аттамау.

(ОСӨЖ) 11-сабақ Сіз үнемдей білесіз бе? Сұхбат

1-тапсырма. Мына сұхбатқа назар аударыңыз.

  • Жапон кереметін әркім әрқалай түсіндіреді. Оның негізі ішкі үнемдеушілік пен экспорттық жолмен өндірісті өркендетуде жатыр десек қателеспейміз бе?

  • Мұның бәрі дұрыс. Үнемдеушілік өз ерекшеліктеріміздің бірі деп есептеледі. Бұл басқа елдерде сирек кездесетін жапон халқына тән ерекшелік. Осы тұрғыда біз дамыған Батыс елдеріне ұқсамаймыз. Үнеммен өмір сүріп, сонымен байи алшған халық екенімізді ешқашан естен шығара алмаймыз. Өндірісте де үнемі соны ескеріп, соған сай заттар шығарамыз. Мысалы, бізде шығарылған мәшинелер аз бензинмен жүреді. Қай салада да үнемдеуді ойлауға мәжбүрміз. Өйткені шикізат шет жақтан келеді. Оны аз қолдана отырып, көп өнім алуға тырысамыз. Жапондықтар көп жұмыс істеп, соған орай көп қаржы тапқанымен, ақшаны аз жұмсауға тырысады. Жалақыларының белгілі бір бөлігін банкке сақтауға әдеттенген. Осының арқасында баюға болатынын бәрі жақсы біледі. («Заман-қазақстан». 25.04.1997)

2-тапсырма. Жапон кереметі туралы өзіңіз не білесіз?

Жазбаша тапсырма

3-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелді талдап-түсіндіріңіз, орыс тіліндегі баламасын табыңыздар.

Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді,

Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.

Сауып ішсең мың күндік,

Сойып жесең бір күндік.

Ескі киімді баптағаның,

Жаңа киімді сақтағаның.

Ескі киім жаңа киімнің қорғаушысы.

Берместің асы піспес.

Берместің сылтауы көп.

Жақсы арына – құл,

Жаман малына –құл.

Сараңның асы піскенше, таудың тасы піседі.

4-тапсырма. Үнемшіл болу дегеніміз-өз уақытынды дұрыс үйымдастыра білу. Шығарма жазу.

11-сабақ СӨЖ

Тапсырма.

Базаршы жігіт пен ақылды қыз оқып мазмұндаңыз. Қараңыз: З.С. Күзекова, Г. Қарақұсова «Қазақ тілі» Алматы, 2001 ж.

БАЗАРШЫ ЖІГІТ ПЕН АҚЫЛДЫ ҚЫЗ

Ертеде бір бидің жалғыз ұлы болыпты. Ақылдылығы- мен, өділдігімен ел аузына іліккен би ұлының болбыр өскеніне налиды екен. Бірде алыс сапар үстінде келе жатқан еке баласын сынамаққа «Қарағым, осы жолды қалай қысқ- артуға болады?» - дегенде, аң-таң қалған үлы мандыртып жауап айта алмайды. «Ой, жетесіз, өсерлі әңгіме айта білсең, жолдың қысқарғаны сол», — деп қатты күйінген би ойланып-толғанып бір шешімге келеді.

Бір күні ұлының алдына жүз саулық қой салып, базарға айдатады. Сапарға шығар алдында шартын айтады:

  • Балам, мына малды базарда ретін тауып үш рет сатып, пұл етерсің. Бір рет сатсаң, сен маған үл емессің, үйдің бетін көрме...

Әкенін қатал сынына ұшыраған бала малын базарға айдап келсе, сатып алушылар көп екен. Саулықтардың құнын. сұраған халыққа:

  • Әр басты үш реттен сатамын, — дейді иесі.

  • Оу, бір қойды үш реттен сатқанды кімнен көріп едің? - деп таңданған жүрт теріс айналады.

Күн артынан күн өтеді. Малы өтпей, шаршаған базаршы жігіт малының жанында бүк түсіп, бүрісіп жата беріпті.

Жігітті аяп кеткен бір жас қыз одан:

  • Неге сонша жабырқаусың, жігітім? - деп сүрайды.

Бала болған жағдайдың бәрін баяндайды. Мән-жайды

түсінген қыз сонда былай депті:

  • Қораңдағы малыңды үш рет сату ушін менің айтқанымды бұлжытпай орындауың керек. Алдымен анау қара орманнан ағаш қиып әкеліп, қора жаса, қойды соңда ұста. Уақыт өткенде, мезгіл жеткенде қораң қойға толады, малдың жүні өседі. Сонан кейін қиды бір рет сат, жүнді екі сат. Малдың өзін жөне сат. Бір басты үш рет сату деген осы.

Жігіт дереу іске кіріседі. Күндіз-түні ерінбей тер төгеді де, көп кешікпей қалтасын ақшаға толтырып үйіне қайтып оралады.

Ұлының олжалы оралғанына риза болған би оның мүңдай ақылды кімнен үйренгенін анықтағысы келеді. Жігіт сырын жасырмай, шынын айтады.

Би іздеу салып жүріп ақылына көркі сай сұлу қызды ұлына әпереді.

Содан кейін би баласы мен ақылды қыз өз алдына отау тігіп, дәулетті өрі бақытты ұзақ өмір кешіпті.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Ертеде бидің кімі болыпты?

  2. Би неге налиды?

  3. Әке баласын сынамақка қандай сұрақ қояды?

  4. Жолды қалай қысқартуға болады?

  5. Қатты күйінген би қандай шешімге келеді?

  6. Бір күні ол не ісгеді?

  7. Сапарға шығар алдында қандай шарт айтады?

  8. Қойдың құнын сүраған халыққа бала не дейді?

  9. Таңданған жүрт не дейді?

  10. Баланьң қойы базарда өте ме, қандай күйге туседі?

  11. Жігітті аяған қыз не дейді?

  12. Жігіт не істейді?

  13. Ұлының олжалы оралғанына қуанган би нені анықтағысы келеді?

  14. Би кімді іздейді, не істейді?

  15. Содан бала қалай өмір сүріпті?

  16. Налиды, ренжиді сөздері синоним бе?

Саудада да бәсеке бар. Сатқан адам көбірек ақша алу үшін, алушы төмендету үшін бәсекеге түседі. Саудаласуға да ғылым, білім керек. Бұл пікірлерге келісесіз бе?

12-сабақ