Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Упр учет каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Студенттің алған білімінің нәтижесін бағалау

Әріппен бағалау

Балл

Пайыздық өлшем

Байырғы тәсімен бағалау

А

А -

4,00

3,67

95 – 100

90 – 94

Өте жақсы

В+

В

В-

3,33

3,00

2,67

85 – 89

80 – 84

75 – 79

Жақсы

С+

С

С-

Д+

Д

2,33

2,00

1,67

1,33

1,00

70 – 74

65 – 69

60 – 64

55 – 59

50 – 54

Қанағаттанарлық

Ғ

0,67

0 - 49

Қанағаттанарсыз

Аралық бақылаудың қорытынды бағасын анықтау

Оқу пәні бойынша аралық бақылаудың қорытынды бағасына мыналар енгізіледі:

Бақылау түрі

Баллдары

1

Сабаққа қатысу

15 дейін

2

Адиториядағы жұмыс (дәріс және семинар кезіндегі белсенділік):

- тақырып бойынша шолу;

- қысқаша шолу;

- терминдердің аудармасы (орысшадан қазақшаға);

- кез-келген тақырыпқа презентация;

- іскерлік ойындарға қатысу;

- нақты оқу есептерін шешу;

- топпен жобаны қорғау;

- жекеше жобаны қорғау

30 дейін

3

СӨЖ орындау:

- үй жұмысы;

- эссе;

- тестілер;

- жиынтық есептер;

- топпен жоба дайындау;

- жекеше жоба дайындау және т.б.

25 дейін

4

Аралық бақылау

30 дейін

Оқытушы семестр ішінде студент оқу тәртібін бұзғаны үшін 10 баллға дайін төмендетуге құқылы, яғни:

- керіске жағдайда;

- оқытушыны немесе басқа студентті ренжіткен жағдайда;

- оқу процесіне байланысты оқытушының талабын орындамаған жағдайда;

- сабақ кезінде ұялы телефонмен сөйлескен жағдайда;

- аудиторияның тазалығын сақтамаған кезде.

Аралық бақылаудың ең жоғары баллы

Келесі аралық бақылауға немесе қорытынды емтиханға өту баллы

100

50

Ескерту* - студенттердің сабаққа қатысу баллы 15 % болса, әрбір апаның қатысу баллы 1 % - ға тең.

Пән бойынша қорытынды баға пайыздық өлшеммен былай анықталады

Р1+Р2

И% = ----------- х 0,6 + Э х 0,4;

2

мұндағы: Р1 - 1 рейтінг бағасының пайыздық шамасы;

Р2 – 2 рейтінг бағасының пайыздық шамасы;

Э –емтихан бағасының пайыздық шамасы.

(пән бойынша үлестік салмақ: 40 % - емтихан қорытындысы, 60 % - ағымдағы үлгерім).

Студенттердің білімдер бағалаудың тәртіптері: пән бойынша тақырыпты өз бетінше зерттеудің нәтижесінде қысқашқа конспекті жазғаны үшін, эссе шығарғаны үшін, үй тапсырмасын орындағаны үшін, рефераттар жазу мен жобаларды уақытында орындағаны үшін жоғары бал ала алады.

Студент оқу процесін себепсіз қалдрып, берілген тапсырмалар мен өзіндік жұмыстарды уақытында, әрі дұрыс орындамаса баллдары төмендейді.

Академиялық тәртіп саясаты: сабаққа қатысу, оқу процесінде белсенділік көрсету, кешігу, студенттердің жеке тәртібі мен этикасы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Пәннің атауы: «Басқару есебі»

Мамандығы: 5В050800 «Есеп және аудит»

Оқу түрі: Күндізгі, сырттай

Алматы, 2013

3.4 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Бұл курс студенттердің тақырыптармен өзіндік жұмысын және оған сұрақтардың келесі тапсырмалар түрінде қарастыруды білдіреді:

  1. Реферат;

  2. Эссе;

  3. Аннотация;

  4. Таңдаған тақырыптың презентациясы;

  5. Блок – сызбалар құру;

  6. Экономикалық талдау жасау.

  7. Есептер шығару.

Барлық аталған жұмыстар студенттердің өз бетімен түрлі оқу, ғылыми, кезеңдік әдебиеттерді, сондай-ақ бюджет және салық салу аясындағы қолданыстағы заңнамаларды зерделеуін қарастырады.

1. Реферат - тақырып бойынша жазбаша жұмыс. Ережеге сәйкес, реферат құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың теориялық сұрақтарын қолданыстағы практикамен ұштастыра білуі керек. Ол үшін сандық мәліметтерді пайдалану, сандық материалдарға экономикалық талдау жүргізу керек. Алынған білім мен жасалған жұмыс нәтижесін сауатты, айқын және логикалық дәйектеу қажет.

2. Эссе – белгілі бір тақырып бойынша еркін түрдегі пікір келтіру. Негізгі мақсаты - өзінің көзқарасын аргументтер келтіріп, дәлелдей білу. Эссенің құрылымы, әдетте, кіріспеден, негізгі бөліктен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тақырыпқа байланысты пікірлердің айырмашылықтары қарастырылады. Негізгі бөлімде автор аргументтер келтіріп, өз пікірін (пайымдауын) білдіруге пайдаланылатын негізгі ұғымдарға анықтама береді; кейбір жағдайда қарама – қайшы келетін пайымдаулар да келтірілуі мүмкін (мұнда, басқалардың пікірі неге әлсіз, автордың пікірі неге өз күшінде қалатындығына дәлел болуы керек). Қорытындыда резюме (пікір) ретінде бір – екі сөйлем келтіріледі. 1-тақырыпты оқып – үйрену барысында белгілі бір тақырыбқа эссе жазу қарастырылған. Ол 1 не 2 беттен тұрады (А 4).

3. Аннотация – қандай да бір мақалаға (сынап –мінеу, түсіндіру) талдау жасау. Жұмыс мерзімді басылымдарға шолу жасаумен түсіндіріледі. «Орталықтандырылмаған қаржыларды құқықтық реттеу» деген тақырып шегінде аталған тапсырманы орындау қарастырылған. Сізге аталған тақырыпқа қатысты мақала таңдап алу керек (көлемді болса, онда 1; егер көлемі аз болса 2 немесе 3 мақала) және оны талқылау керек. Аннотация тақырыбын түсіндіру немесе талдау (комментарий) аталған мақаланың таңдалуына негіздеме жасаудан және сіздің пікіріңізден (мақала авторының пікірімен келісесіз бе, жоқ па) тұрады. Мақаланы пайдалана отырып, автордың аты – жөнін, алыну көзі мен айы – күнін көрсетуді ұмытпаңыз. Алыну көзіне деген міндетті талап – басылым ресми түрде болуы шарт. Тапсырма көлемі: А 4 беті- бір жағында жапсырылған мақала, екінші жағында сіздің аннотацияңыз (ең аз дегенде 5 сөйлем).

4. Шағын топтардағы жұмыс. Шағын топтардағы жұмыстың ерекшелігі (4-6 адам) жалпыға ортақ максималды тиімділікке жету үшін топтардың мүшелерінің арасында міндеттемені нақты түрде олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып бөліп беру маңызды мәселе болып табылады.

Презентация – бұл ауқымды да көлемді жұмысты қысқа да түсінікті түрде және қызықты етіп көрсету. Жақсы презентация жасау үшін нақты бір тақырыпты таңдап алу керек, оны өңдеп (немесе түрлі көздерден бір құрылымдағы компазиция жасау, яғни бір жүйеге келтіру) және ауызша нысанда көпшілік алдына шығару керек. Презентацияның сценариі ретінде барлық көздерден алынатын ақпараттарды пайдалану қажет; олардың негізінде жинақталған материалдар жазбаша түрде форматқа түсірілуі керек (түрлі кестелер ретінде, қабылдауға ыңғайлы сызба түрінде болуы мүмкін). Жұмыстың соңғы нәтижесі ауызша айтып берумен қорытындыланады.

Семестрдегі тапсырма бір тақырыбқа презентацияны жасау кезінде сіздерге шағын топ құру ұсынылады және топ мүшелерінің арасында міндеттемелерді бөліп беру керек: біреулер материал жинаумен, екіншісі – оларды өңдей отырып, сценарий жазады, үшіншісі – сызбаны құрастырады немесе презентацияға таратпалы материалдар дайындайды, тағы біреулері – ауызша айтуға, сұраққа жауап беруге дайындалады.

Тапсырма көлемі: жазбаша – сценарий А4 бетке, кем дегенде 3 беттен тұруы тиіс: ауызша 7 минуттан аспауы керек. Сценарийде ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі берілген тапсырмаға байланысты, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

5. Слайдтар немесе блок – сызба құрастыру – нақты бір ұғым бойынша графикалық сызба түрінде қысқаша ақпарат беруді білдіреді. Кейбір бағыттары көрсетілуі тиіс. Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі 2 беттен кем болмауы тиіс, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

6. Экономикалық талдау жасау – сіздерге ұсынылатын сандық мәліметтер негізінде өсу қарқынын, үлес салмағын, өткен жылдармен салыстыра отырып талдау жасау керек. Тапсырманы орындау аналитикалық кесте тұрғызу, график, диаграммалар жасауға негізделеді. Және олар республикада болып жатқан басқа да экономикалық жағдайлармен байланыстырыла отырып талданады.

7. Есептер шығару – студенттер өздеріне берілген тапсырмалар бойынша есептер шығарып, оны оқытушыға қорғайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ

Пәннің атауы: «Басқару есебі»

Мамандығы: 5В050800 «Есеп және аудит»

Оқу түрі: Күндізгі, сырттай

Мамандық коды:

Алматы, 2013

5. Пәннің оқу-методикалық қамтамассыздандыру картасы

«БЕжА» кафедрасы

Маман

дық

Пән

Негізгі оқу-әдістемелік әдебиет, дана

Студенттер контин

генті

Ескерту

Электрон

ды түрде ОӘК

Ескірген/жаңа әдебиет, жаңалату қажеттілігі/

сатып алу, оқу-әдістемелік әдебиетті шығаруға дайындау

қ/б

о/б

қ/б

о/б

қ/б

о/б

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Есеп және аудит

Басқару есебі

100

9

1

16

31

Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002

4.

Есеп және аудит

Басқару есебі

60

12

16

31

Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004

Есеп және аудит

Басқару есебі

30

11

16

31

Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999

Есеп және аудит

Басқару есебі

10

23

16

31

Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000

Есеп және аудит

Басқару есебі

13

25

16

31

Карпова Т.П. Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998

Есеп және аудит

Басқару есебі

12

16

31

Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

ПӘННІҢ ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Пәннің атауы: «Басқару есебі»

Мамандығы: 5В050800 «Есеп және аудит»

Оқу түрі: Күндізгі, сырттай

Алматы, 2013

Дәріс сабақтарының мазмұны:

Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік

1. Басқару есебінің теориялық негіздері. Басқару есебі бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі.

2. Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні.

3. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері. Бухгалтерлік басқару есебінің "КОНТРОЛЛИНГ" жүйесіндегі орны

4. Басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принціптері

5. Мекеменің ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі

6. Бухгалтерлік талдаушының басқару есебінде атқаратын ролі мен іс-қызметтері

7. Басқару есебі мен қаржылық есептің салыстырмалы сипаты

1. Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.

Кейінгі уақытқа дейін талдау мен есел «қазандық» деп аталатын тәсілмен жүзеге асырылып келді. Бір тұтас бухгалтерлік тізілімдеме барлық есепті кезең ішінде колдану орны мен қандай мақсатқа бағытталуына қарамастан, өндіріске жұмсалған барлық қаражат құралдар есептелді. Нәтижесінде шығарылған өнімнің ассортименті мен құрылымы ескерілмей нақты шығыстардың жалпы сомасы шығатын «Қазандық» тәсіл шғындарды азайту мүмкіндігін анықтамайтын шығындардың бағыты бойынша өндірістің шығындарын (кезең шығындары және т.б.), олардың пайда болған орындарын (цехтар, бөлімдер, қызметтер), шығарылатын өнім түрлері бойынша (орындалған жұмыс, көрсетілетін қызмет және т.б.) бақылауға арналған қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін. Оның басты жетіспеушілігі ақпаратгың иесіздігі. Өкінішке орай, көптеген шағын кәсіпорындар осы уақытқа дейін осы тәсілді пайдалануда.

Қаржылық есептің басым міндеті - алғашқы бірінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған.

Бухгалтерлік басқару есебінің міндеті - екінші және үшінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған, тікелей өндіріс ауқымындағы істердің жайы туралы нақты ақпарат болуы тиіс.

Сонымен, басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс-әрекеттің қорытындыларын, қыска мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.

2. Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.

Басқару есебінің негізінде каржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.

Нақты басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз байланысты методологияға негізделеді, оның үстіне басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдальшығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.

Осылайша, басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне байланысты нормативті есеп орнына, әрине басқару есебі келеді.

Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.

Өндірістік ресурстар кәсіпорыннын шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді:

  • негізгі құралдар - еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар және т.б.), олардың жағдайы яғни пайдалану;

  • материалдық емес ресурстар - мерзімнен бұрын қаржы бөлінген объектілер (жерді пайдалану құқығы, патент материалдық ресурстар - еңбек құралдарының көмегімен өндіріс процесінде өндеуге арналған еңбек керек жарақтары;

  • еңбек ресурстары – кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек нәтижесінде еңбек ресурстарын пайдалану.

Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда, кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін құрайды. Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:

  • қамтамасыз ету - дайындау;

  • өндірістік;

  • қаржылық-өткізушілік;

  • ұйымдастырушылық.

Бухгалтерлік басқару есебі - есеп процесі мен кәсіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.

Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық бөлімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқару есбінің ісі болып шығады.

Өндірістік есеп мәліметтеріне 1950 жылдары сыртқы пайдаланушылар емес, көбіне ішкі пайдаланушылар қызығушылық танытатын. Кәсіпорын басшылығы үшін өндірістік шығындар жайлы мәліметтерді жинақтау нәтижесінде басқару есебі жүйесі пайда болған қаржылық есеп жүйесінен гөрі басқа принцип бойынша жүзеге аса бастауға себепті болды.

1972 жыл бухгалтерлік есептің қаржылық және басқару болып ресми бөлінуін жария етті. Бухгалтерлердің американдық ассоциациясы түлектеріне бухгалтер-талдаушы мамандығын беріп, басқарма есебі бойынша диплом алу бағдарламасын әзірледі.

Басқару есебі ұйымның өз шегіндегі басқару үшін қажетті есептік ақпараттың барлық түрін камтиды. Басқару есебінің жалпы өрісінің бөлігін өнім бірлігінен түсетін түсім мен өндіріске жұмсалған шығындарды анықтау мақсатымен бұрын дамыған өңдірістік есеп алады. Өндірістік есеп қазіргі заманғы жағдайларда өндіріс шығындары есебін алдын-ала болжап қана қоймай, үнем туралы мәліметтерді немесе өткен кезендердегі мәліметтер немесе болжамдарды, стандарттармен салыстырғанда артық жұмсауды талдауды және шығындарды азайтудың мүмкін болатын резервтерін айқындауды көздейді.

Қазіргі өндірістік есеп үшін шығындардың түрлері; пайда болу орындары; шығарушылар бойынша есептеу негіз болып қызмет етеді.

Түрлері бойынша шығындар есебі есепті кезеңде өнім өндіру (жұмыс орындау, қызмет көрсету) процесінде кәсіпорында шығындардың қандай тобы пайда болғанын көрсетеді.

4. Кәсіпорынның өндірістік ресурстары - талдаудың жэне қаржылық басқару есебінің объектілері. Өндіріс процесінде жұмыс істейтін өндірістік ресурстардың құрамдас бөліктері статистикалық болып қалмайды, олар айналым жасайды, түрі өзгереді, өнімге айналады, үнемі қозғалыста болады, тозады және басқа өзгерістерге ұшырайды,

Нарыққа көшетін кезенде кәсіпорындар өндірістік ресурстарды пайдапануды, оларға инвестициялаудың мақсатқа сәйкестілігін, инвестицияның табыстылығын сипаттайтын талдаушы ақпаратқа мұқтаж. Бұл міндеттерді басқару есебі шешеді, экономикалық жағынан дамыған елдерде бар практика осыны дәлелдейді.

Өндіріс құралдарының айналымының барлық кезеңдерінде өндірістік ресурстар (жабдықтау-дайындау қызметі, өндіріс пен өткізу) жүйелі бухгалтерлік есепте көрініс табады. Алайда бұл көрсету ерекшелікті, ол қозғалысты (мысалы. кәсіпорын қой-маларындағы материалдық ресурстардың есебі, жабдықтаушыларындағы түсім мен өндіріске беру, цехтағы, цех коймаларындағы материалдардың қалдығы), негізінде, ресурстардың жағдайы мен бар-жоғына қатысты болады.

Материалдық ресурстар мен негізгі қорлардың сақталуы үшін материалдарға жауапты адамдар жауапкершілігі ғана қарастырылған. Өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігі үшін жауапкершілік жүктелмейді. Сонымен қатар бұл ресурстар кәсіпорынның әр түрлі саладағы қызметінің белгілі бір операцияларын атқаратын әр қилы құрылымдық бөлімшелерінде қолданылады. Мұндайда олардың әрқайсысына тиімділікті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі сәйкес келеді.

Қаржылық есеп тұтастай кәсіпорын, өнім түрлері мен топ-тары, тапсырыстар бойынша өндіріске жұмсалған матерналдық, еңбек және қаржылық шығындар туралы ақпаратгы жинақтап қорытады.

Ұйымдастырушылық іс-әрекеттің басқару есебі талаптарын қанағаттандыру үшін басқарудың әр түрлі деңгейіндегі менеджерлердің өзіндік шығындары, трасферттік бағаларды қалыптастыру принциптері, мамандандырудың орынды деңгейі шығындар шикізат өңдеу көлемі - пайда принципін қолданатын өндірістік бөлімшелерге қатысты негізділікті, бөлімше мөлшерін тандаудың дұрыстығы туралы ақпарат қажет.

Мұнда ұйымдастыру қызметі туралы шығыстар сметасы жасалып, атқарылуы бақыланады: өндірістің ауыспалы көлемі, өзгермелі және тұрақты шығыстар, трансфертгік бағалардың өзіндік құнының, пайданың есептік-талдамалы есептеулері жүргізіледі. Есептің бұл тарауы жауапкершілік орталықтары - рентабельділік шығындары бойынша жиынтық ақпаратты қалыптастырады.

Басқару есебінің барлық құрамдас бөліктері өзара байланысқан, оларда жасалатын ақпараттар тізбесі кәсіпорындағы басқару есебі мен тұтастай басқару жүйесінің ұйымдастырылу және жетілдіру деңгейін сипаттайды.

Басқару есебінің принциптеріне мыналар жатады: кәсіпорын қызметінің үздіксіздігі; жоспарлау мен есептеу (жоспарлы-есептік) үшін кәсіпорын бөлімшелерінің іс-әрекет нәтижелерін бағаларын өлшеу бірдей бірлігін пайдалану; басқару мақсатымен алғашқы және аралық ақпараттың жалғастығы, сабақтастығы және бірнеше рет пайдалану; ішкі есеп беру көрсеткіштеріне басқару деңгейлері арасындағы қатынастық байланыс негізі ретінде қалыптастыру; шығындарды, қаржыны, коммерциялық қызметті басқарудың бюджеттік (сметалық) тәсілдерін қолдану; есеп объектілері туралы тура ақпаратты қамтамасыз етудің толықтығы мен талдаушылығы; есеп саясаты белгілеген кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық циклдарын көрсететін мерзімділік. Аталған принциптердің жиынтығы басқару есебі жүйесінің ықпалдылығын қамтамасыз етуі, бірақ есептік процесті бір ізге салмайды.

Кәсіпорын қызметінің үзіліссіздігі кәсіпорынның болашақта дамитындығын білдіретін, өндіріс ауқымын қысқаратын және өзінен-өзі тарайтын ниеті жоқтығымен бейнеленеді. Бұл принцип бухгалтерлерді ұзақ мерзімді проблемаларды шешуге: өнімді өндірудің бәсекеге қабылеттілігін талдау, шикізат пен материалдарды, ассортиментті өзгерту мен жаңа өнімді игеру, инвестициялар және т.с.с. ақпараттық қызмет етуді жасауға бағыттайды.

Өндірісті жоспарлау мен есептеуде бірыңғай жоспарлы-есептік өлшем бірліктерін пайдалану, олардың арасындағы тікелей кері байланысты қамтамасыз етеді.

Жоспарлы-есептік бірліктер жедел (оперативті) өндірістік жоспарлау жүйесінің әр түрлі деңгейіндегі мәнін ашады, олардың көмегімен өндірістің басқару есебі мен шығындардың бухгалтерлік есебі көрсеткіштерінің өзара тығыз байланысына негізделген барлық есеп жүйесінің методологиясын әзірлеу үшін, жекелеген құрылымдық бөлімшелердің - шаруашылық жүргізу нәтижелерін анықтау үшін нақты мүмкіндіктер пайда болады. Өндірістің басқару есебінің жоспарлы-есептік бірліктері мен бухгалтерлік есеп қолданылатын, қоймаға тапсырылған дайын өнімді өлшеу бірліктері бірдей. Солар арқылы басқару мен орындалған тапсырыстардың қаржылық есептері арасында байланыс байкалады.

Экономикалық ақпарат кәсіпорынның өндірістік шаруашылық кызметін дәйекті және толық көрсетеді, мынадай түрлерге бөлінеді: жоспарлы, нормативті анықтамалық және есептік (1-сурет).

Жоспарлы ақпарат болашақта жасалуы мүмкін іс-әрекетті таңдау үшін мәліметтер ұстайды. Жоспарлы-экономикалык ақпараттық негізгі мазмұнын техникалык-экономикалык және оперативті өндірістік жоспарлау құрайды, кез келген құрылымдық бөлімшенің және тұтастай кәсіпорынның қызметін қамтиды.

Уақыттың (жылдың) нақты кезеңіне арналып, тұтастай кәсіпорын үшін смета (бюджет) жасау техникалық-экономикалық жоспарлаудың маңызды бөлігі болып табылады. Сметаны жасаған кезде әкімшілік қоятын басты мақсат - құрылымдық бөлімшелердің жеке жоспарларын үйлестіру, келісімді қамтамасыз ету.

Дайын өнім немесе дайындаудың әр түрлі деңгейіндегі өнім (не болмаса көрсетілетін қызмет, жұмыс түрлерін атқару үшін осы кәсіпорын немесе құрылымдық бөлімше ұйымдастырылса) тұтастай кәсіпорын мен оның дербес құрылымдық белімшелерінің іс-әрекеті түпкілікті нәтиже болып табылуына байланысты, сметалардың мақұлдануы жоспарлау объектісі: өнім, сол өнімді өндіру бойынша шығындар, оның тиімділігі арқылы жүзеге асады.

Оперативті өндірістік жоспарлауға кәсіпорындар, жеке бөлімшелер, уақыттың қысқа мерзіміндегі (бір айдан сағатқа дейін) жұмыс орындары бойынша өндірістік бағдарламаның көрсеткіштерін анықтау егжей-тегжей қарастыру және нақтылау бойынша жоспарлы жұмыстар кіреді. Оперативті-өндірістік жоспарлаудың айрықшалыкты ерекшелігі - ол кәсіпорынның экономикалық нормалы жоспарын бүге-шүгесіне дейін әзірлеумен үйлеседі және өндірістік бағдарламаны орындаудың тепе-тендігін тікелей бақылайды.

Жоспар әзірлеу оның орындалуына кепілдік бермейді. Әрбір болімше басшысы бұл үшін нақты шаралар қолданады. Әрбір менеджер жоспардың орындалу барысын қадағалауға, қайсыбір ауытқуды тапқанда араласуга, қажет болған жағдайда бұрынғы жоспарды жаңа жагдайларды ескере отырып, өзгертуге міндетті.

Өндірісішілік жоспарлаудың екі бөліміңің түсінігін анықтау бір кәсіпорын аясында олардың мақсаттары мен міндеттері үйлеседі деп айтуға мүмкіндік береді. Жоспарлаудың екі бөлімінің негізін бірдей көрсеткіштер мен экономикалық нормалау кұрайды.

Нормалы-анықтамалық ақпарат-экономикалық ақпараттың қалған түрлері арасындағы байланыстырушы буын. Оның құрамы өндіріс түрімен, шығарылатын бұйымдардың номенклатүрасымен және күрделігімен, өндірісішілік еңбекті болумен, ішкі шаруашылык байланыстарының даму деңгейімен белгіленеді. Бұл белгілер техникалық-экономикалық және оперативті-өндірістік жоспарлаудың, өндіріс есебінін, өндіріске және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға жұмсалған шығындар есебін тәсілдерін қолдануға негіз қалаушылар болып табылады.

Экономикалык ақпараттың басқа түрлері сиякты есептік ақпаратгың да жалпы белгілері, нормалы-ақпаратты және жоспарлы түрлердегі принциптері мен объектілері бар. Есептік ақпараттық жүйе мынадай сатылардан тұрады: алғашқы мәліметтерді жинау, өзгерту, тіркеу, есептеу орталықтарына немесе басқару аппаратына өңдеу үшін беру, оперативті басқару үшін мәліметтерді өндеу, мағлұматтарды талассыз түсуі мен белгілі бір принциптер бойынша жинақтау мен топтастыру, аналитикалық және синтетикалык есепте колданылатын жиынтық акпаратты және есептеу өндірісін қалыптастыру ішкі және сырткы есеп беруді жасау.

Бастапқы есеп қаржылық және басқару есебін алғашқы маліметтерімен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп барлық кәсіпорындарға тән жалпы жүргізу ережелерін қолдана отырып, ішкі және сыртқы пайдаланушыларға ақпарат дайындайды.

Алғашқы ақпараттың үлкен көлемі менеджерлерге оны толығымен түсінуге, талдауға, өз жұмысында қолдануға мүмкіндік бермейді. Оларға қысқаша шолулар мен өздерінің міндеттемелерін орындау үшін топтастырылған акпарат керек. Әр түрлі деңгейдегі басшылар үшін арнайы дайындалған есептік ақпарат - басқару есептік ақпарат деп аталады.

6. Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшу, жаңа экономикапық жағдайлар бухгалтерлік қызметтің міндеттері мен өкілеттіктерін ұлғайтуда. Бухгалтерлік мамандық сапалы жаңа деңгейге шығып, бухгалтер өз қызметінде шаруашылық фактілерін есептік тіркеуден өндірісті басқаруға көшіп, жаңа сатыға көтерілді.

Басқару іс-қызметі тиген бухгалтерлер бухгалтер-талдаушы (бухгалтер-менеджер) деп аталады.

Кәсіпорындағы басқару есебін ұйымдастырудағы маңызды жағдайлардың бірі- болып отыр. Басқару есебін жүргізу үшін шаруашылық операцияларын тіркеумен ғана шүғылданбай, кәсіпорынды басқаруға да қатысатын білікті бухгалтерталдаушы талап етіледі.

Басқару процесінің міндетті іс-қызметтерін оқып-білген соң, басқару міндеттерін орындау кезінде менеджерлерге көмек көрсететін бухгалтер-талдаушы атқаратын рөлді қысқаша қарап көретін кез келген.

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымында жеке бөлімшелер арасында желілік және (штабтық) өндірістік қатынастар болуы мүмкін.