- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Курстың оқу - жұмыс бағдарламасы
- •Пәннің оқу-жұмыс бағдарламасы
- •6. Пәнді оқытудың міндеттері болып:
- •7.1 Пәннің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •7.2 Күнтізбелік тақырыптық жоспар Сырттай оқу бөлімі
- •8. Тақырыптардың мазмұны
- •8.1 Дәрістің мазмұны
- •8.2 Соөж мазмұны және тапсыру кестесі
- •8.3 Сөж өткізу және тапсыру кестесі
- •Негізгі әдебиеттер
- •6. П. М. Мансуров.Управленческий, учет учебное пособие. Ульяновск : УлГту, 2010.
- •Қосымша әдебиеттер
- •Халықаралық бизнес университеті Силлабус
- •Студенттің алған білімінің нәтижесін бағалау
- •Аралық бақылаудың қорытынды бағасын анықтау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
- •Тақырып 3. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
- •Тақырып 4. Үрдіспе-үрдіс әдісі
- •Тақырып 5. Тапсырыстық калькуляция
- •6 Тақырып. Функционалды калькуляциялау
- •Материалдық шығндарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (материалдың аты)
- •Негізгі әдебиеттер:
- •5. Хорнгрен ч.Т., Фостер дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект м.Фин и статистика. 2005 Қосымша әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Нормативтік калькуляция
- •Тақырып 8. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы
- •9 Тақырып. Стандарттық калькуляция
- •Тақырып 10. Өзіндік құн мен шығындардың толық таратылуымен және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау
- •Тақырып 13. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
- •Тақырып 14. Басқару шешімдерін қабылдау
- •Тақырып 15. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау
- •Ұсынылатын әдебеиеттер Негізгі әдебиеттер
- •6. П. М. Мансуров.Управленческий, учет учебное пособие. Ульяновск : УлГту, 2010.
- •Курс бойынша бағдарламаға сәйкес 1аралық бақылауға тест сұрақтары:
- •Курс бойынша бағдарламаға сәйкес 2 аралық бақылауға тест сұрақтары:
- •Студенттің алған білімінің нәтижесін бағалау
- •Аралық бақылаудың қорытынды бағасын анықтау
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы
- •1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
- •Материал шығынының нормасы:
- •Жалпы шаруашылық шығындар жылына – 654676,14 тг
- •Коммерциялық шығындар жылына: 62300тг
- •2. Тәжірибелік сабақ. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
- •3. Өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру Тәжірибелік сабақтың мазмұны:
- •4. Үрдіспе-үрдіс калькуляциясы
- •5. Тапсырыстық калькуляция
- •6. Функционалдық калькуляция
- •7. Шығындар есебінің нормативтік әдісі мен калькуляциясы
- •Материалдық шығындарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (Ағаш шығыны) Құрылыс материалдарын өндіруші цех
- •Ерлер аяқ киімін өндіруші кәсіпорын (тері шығыны)
- •Материалдық шығындарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (Ағаш шығыны) Құрылыс материалдарын өндіруші цех
- •Ерлер аяқ киімін өндіруші кәсіпорын (тері шығыны)
- •Материалдық шығындарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (Ағаш шығыны) Құрылыс материалдарын өндіруші цех
- •Ерлер аяқ киімін өндіруші кәсіпорын (тері шығыны)
- •11 Тәжірибелік сабақ. Өзіндік құн мен шығындардың толық таратылуымен және өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнын калькуляциялау. Есептер шығару:
- •11 Тәжірибелік сабақ. Зиянсыздықты талдау Есептер шығару:
- •12 Тәжірибелік сабақ. Кешенді өндіріс шығындарының есебі Есептер шығару:
- •13 Тәжірибелік сабақ. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
- •14 Тәжірибелік сабақ. Басқару шешімдерін қабылдау
- •15 Тәжірибелік сабақ. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабыдау
- •Соөж өткізу және тапсыру кестесі
11 Тәжірибелік сабақ. Зиянсыздықты талдау Есептер шығару:
Берілгені: «Жанғасыр» аяқ киім фабрикасы ерлер пальтосы және әйелдер аяқ киімін шығарады.
2007 жылдың қыркұйек айында шығарған потинкасы – 100 пар, 1 пардың жоспарлы өзіндік құны 17500 теңге, әйелдер туфлиі – 200 пар, 1 пардың жоспарлы өзіндік құны 13900 теңге. Ерлер және әйелдер аяқ киімін тігу бойынша цех жұмысшыларының барлық негізгі еңбек ақы сомасы 1250000 теңге, соның ішінде ерлер аяқ киімі цех жұмысшыларының еңбек ақысы 485000 теңге, әйелдер аяқ киім цехындағы жұмысшылардың еңбек ақысы 765000 теңге. Тікелей материалдар шығыны барлығы 2000000 теңге, соның ішінде ерлер аяқ киімі бойынша 785620 теңге, әйелдер туфлиі бойынша 1214380 теңге.
Жалпы үстеме шығындар 1560250 теңге
Соның ішінде:
- цехты басқару шығындары: 360320 теңге
- техникалық қызмете көрсету және жөндеу шығындары: 635400 теңге
- құрылғылардың тозуы: 485023 теңге
- сапаны тексеру шығындары: 79507теңге.
Анықтау керек:
Үстеме шығындарды өнім түрлері арасында тарату керек:
А) Негізгі еңбек ақыға пропорционалды бөлу арқылы;
Б) Тікелей материалдық шығындардың құндарына пропорционалды бөлу арқылы.
2. Өндірілген өнім түрлерінің нақты өзіндік құндарын үстеме шығындарды есепке ала отырып анықтау қажет.
3. Нақты және жоспарлы өзіндік құн арасындағы айырмашылықты анықтап, оларға тиісті бухгалтерлік жазу беру қажет.
12 Тәжірибелік сабақ. Кешенді өндіріс шығындарының есебі Есептер шығару:
Берілгені: «Бейбіт» АҚ сүт өнімдерін дайындайды.
2007 жылдың қыркұйек айында шығарған қаймақтың мөлшері – 2000 кг, 1 кг қаймақтың жоспарлы өзіндік құны 450 теңге, ірімшіктің мөлшері 4500 кг, 1 кг ірімшіктің жоспарлы өзіндік құны 300 теңге, айранның мөлшері 3000 литр, 1литр айранның жоспарлы өзіндік құны 165 теңге.
Жұмысшылардың барлық еңбек ақысы 630000 теңге.
Соның ішінде:
- қаймақ цехындағы жұмысшылардың еңбек ақысы - 228000 тг;
- ірімшік цехындағы жұмысшылардың еңбек ақысы – 296300 тг;
- айран цехындағы жұмысшылардың еңбек ақысы - 105700
Тікелей шикізат шығыны барлығы 1125600 теңге,
Соның ішінде:
- қаймақ цехындағы – 358000 тг;
- ірімшік цехындағы – 511000 тг;
- айран цехындағы – 256000 тг
Жалпы үстеме шығындар 960250 теңге
Соның ішінде:
- цехты басқару шығындары: 336320 теңге
- техникалық қызмете көрсету және жөндеу шығындары: 408560 теңге
- құрылғылардың тозуы: 112520 теңге
- сапаны тексеру шығындары: 102850 теңге.
Анықтау керек:
Үстеме шығындарды өнім түрлері арасында тарату керек:
А) Негізгі еңбек ақыға пропорционалды бөлу арқылы;
Б) Тікелей материалдық шығындардың құндарына пропорционалды бөлу арқылы.
2. Өндірілген өнім түрлерінің нақты өзіндік құндарын үстеме шығындарды есепке ала отырып анықтау қажет.
3. Нақты және жоспарлы өзіндік құн арасындағы айырмашылықты анықтап, оларға тиісті бухгалтерлік жазу беру қажет.
13 Тәжірибелік сабақ. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
Жоспарлау және сметалу арасындағы өзара байланыс
2. Смета жасау және бюджеттік бақылау
3. Мекеме бюджетін қалыптастыру әдісі
1. Шығын туралы деректер көптеген басқару шешімдерінде шешуші мәнге ие. Бұрын шығынның мінез-құлық проблемалары мен басқару есебінің негізіне аса кажетті «шығын - мөлшер – пайда» моделі бойынша талдау қарастырылып келген болса, ендігі жерде бұл жинақталған білімді шамамен аса көп емес уақыт аралығында да, есептелген айтарлықтай кезеңде де ұтымды басқару бойынша шешім қабылдауда пайдалануға болады.
Жоспарлау - бұл тек бір жағдайды ғана емес, барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтитын шешім қабылдау процесінің срекше тұрпаты. Ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Алдағы кезеңге құрылған жоспар төрт-бес жылдың ішіндегі, тіпті одан да ұзақ кезендегі келешектегі оқиғалардың дамуына қатысты әкімшіліктің ұйғарымдарын жиынтықтайды. Ұзақ мерзімді жоспарлаудың міндеті - бүгінгі танда немссс жақын арада арнайы шараларды қабылдауды талап ететін кажеттіліктер мен сұрау салуларды қарастырады (мысалы, қуаттылықты арттыру немесе жаңатауар шығару немесе жаңа өткізу нарығын ұйымдастыру мақсатындағы жаңа кәсіпорынға күрделі қаржы жұмсау). Кәсіпорын ұзақ жылдардың ішінде қандай да бір оқиғаның дамуына аяқ астынан ұрылып қалмауы керек. Кәсіпорын басшылығы болашаққа қам жасауы керек, өйткені кәсіпорынның негізгі өнім түрі, айталық он жылдың ішінде жеткілікті дәрежеде пайда әкеледі деп кесіп айту қиын. Жоспарлау процесінде мына сауалдарға жауаптар әзір болуы керек: кәсіпорын неге ұмтылады; алдына койған міндеттерін қашан және қалай шешеді? Егер басшылық бұл мәселелерде бір келісімге келетін болса, онда ұзақ мерзімді және қыска мерзімді жоспардан тұратын қолданысқа енгізетін бағдарламаны әзірлеуге кірісуі керек. Қысқа мерзімді жоспар рет-ретімен жасалатын жылдық бюджетті білдіреді (яғни, кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарын жақын келешектегі қажеттіліктерге колданып, нақтылай түседі).
Жоспарлау мен бақылау кәсіпорынды басқарудың аса қажетті шарты болып табылады - бұл процесс кәсіпорынның белгіленген жоспарға сәйкес мақсатқа кол жеткізуін білдіреді. Жоспарлау процесі бақылау процесімен ажырағысыз байланыста болады. Жоспарлау мен бақылаудын негіздерінде көбінесе бухгалтерлік есеп жүйесі мен статистикалық есеп беруде жиналатын қаржылық және өндірістік ақпараттардың өткен шақтағы талдауы жатады.
Бақылау және реттеу - ауытқуларды анықтау және алшақтықтарды түзету мақсаттарында жоспарлы көрсеткіштер мен нақты нәтижені салыстыруды білдіреді. Бұл келтірілген нақты нәтижелердің жоспарлануына сәйкес бағытталған немесе одан әрі жүзеге асыруға жарамайтыны анықталса, жоспарды қайтадан қарастыратын әрекет түрінде де көрінуі мүмкін. Бакылау және реттеу процесі ұзақ мерзімді жоспардың жүзеге асатынын немесе аспайтынын бағалауға мүмкіндік береді; күрделі проблемаларды шешеді; келешекте зиянды болдырмау үшін мақсаттар мен міндеттемелерді өзгерту шараларын қабылдайды. Егер алдыға койған мақсатқа қол жетпейтіні анықталатын болса, онда бақылау мен реттеу процесінде алынған мәліметтерді компанияның мақсаттары мен ұзақ мерзімді жоспарын қайтадан қарастыруда қолданады.
Бақылау сұрақтары:
1. Жоспарлау түсінігі және қажеттілігі
2. Жоспарлау мен бюджеттеудің өзара байланысы және айырмалықытары
3. Жабдықтау бюджеті
4. Өндіріс бюджеті
5. Сату бюджеті
6. Өндірістік қаржылық нәтиже.
