Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Упр учет каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.58 Mб
Скачать

3. Өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру Тәжірибелік сабақтың мазмұны:

Кәсіпорын қызметкерлерінің тұрмыстық мұқтаждығына тиісті өндірістер мен шаруашылықтар (моншалар, кір жуу, тұрғын үй-тұрмыстық шаруашылық, мектепке дейінгі балалар мекемелері, жөндеу және пішу шеберханалары және басқалар) қызмет көрсетеді.

Қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтардың шығындарын еепке алу, олар үшін белгіленген шығындар баптарының номенклатурасы бойынша «Қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтардың шығындарын есепке алу ведомосында» жүргізіледі.

Ведомосқа жазу «Жалақы мен материалдар шығындарын тарату», «Негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясының есебі», «Көмекші өндірістер көрсеткен қызметтерін тарату» талдамалы кестелерінен және басқа да құжаттарынан жасалынады.

Жекелеген талдамалық шоттарда тұрғын үй пәтерлері мен жатақханалар тұрғындарынан орталықтандырылған жылу, канализация және ассенизация, ыстық сумен жабдықтау, телефонды және ұжымдық антенналарды пайдаланғаны үшін алынатын нысаалы алымдар есебінен жүргізілетін шығыстар есепке алынады. Олар бойынша шығыстар бұл қызметтерді осы кәсіпорынның коммуналдық шаруашылығы көрсетті ме, әлде бақа кәсіпорын көрсетті ме, оған қарамастан «Коммуналдық қызмет» арқылы жүргізіледі. Нысналы алымдарды есепке алу жекелеген талдамалық шоттардағы алымдар түрлері бойынша жүргізіледі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 1989

2. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 1994

3. Карпова Т.П. Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998

4. Радостовец В.К., Шмидт О.И. Учет и затрат на производство и калькулирование себестоимости продукции, работ и услуг. Алматы, Издательский дом «Бико», 1998.

  1. Ткач В.И., Ткач М.В. Управленческий учет: Международный опыт, М:Финансы и стат., 1994.

Қосымша әдебиеттер:

1. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999

2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000

3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 1995

4. Энтони Р. Рис Д. Учет: ситуации и примеры. М:Фин и статистика 1996

5. Яругова А. Управленчесий учет: опыт экономически развитых стран. М: Финансы и статистика, 1991.

4. Үрдіспе-үрдіс калькуляциясы

Тәжірибелік сабақтың мазмұны:

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай мен газ ондіретін кәсіпорындар) пайдаланылады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс болмайды (егер де олар болса, онда оның көлемі шамалы болады) және шалафабрикаттарды өзі өндіреді. Егер де кәсіпорын өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдісті колдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты - натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар (мысалға, көмір өндірісінде) әрбір технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.

Сонымен, көмірді өндіру өнеркәсібі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық жүмыстары, көмірді алу, шахтыға дейін тасымалдау және сыртқа (жоғарыға) шығару, сорттау, өндеу, вагонға тиеу. Міне сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялаудың жай әдіс, процесстік деп аталуы да осыдан шықкан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірілетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда — шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарылатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген нормалау арқылы оңайлатады. Көптеген кәсіпорындар жұмыс практикасында өндірістің карапайым әдісінің дұрыстығын және прогресшілдігін (іргелішілдігін) дәлелдеп берді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінін қарапайым төрт нұсқасы бар.

Біріпші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындалады. Бұл өндірістерде (су электр станциялары, кұм, сазбалшық дайындау) аяқталмаған өндіріс, шалафабрикаттар және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.

Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар қолдамады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1 текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндірісті, әдетте, инвентарлық әдісін пайдалана отырып, бағалайды.

Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнай мен газ өндіру кезіндегі энергетикалық шығындар, амортизация, жер астындағы скважина жабдықтарын жөндеу, жер қыртысының қайтарымдылығын жақсартуға, мұнайды диэмулсациялауға, мұнайды айдауға және сақтауға жүмсалатын шығындар тікелей белгілері бойынша мұнайға, ал газ жинау және тасылмалдау жөніндегі шығындар — газға жатқызылады. Қалған шығындар кәсіпорынның орташа келісімді бағасы бойынша бағаланады және мұнай мен газдың жалпы табылған (шыгарылған) үлесіне тепе-тең мөлшерде мұнай мен газ арасында бөлінеді.

Қарапайым әдістің төртінші нұскасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудын қарапайым және бөлістік әдістері үйлесімді пайдаланылады.

Есеп 1.

Sword компаниясы А және В өнімдерін шығарады. өндіріс шығындары, бағалары және маржиналды кіріс туралы мәліметтер төменде келтірілген:

А В

Өнім бірлігіне кететін ауыспалы шығындар, $ 8 10

Бағасы, $ 11 14

Өнім бірлігінің маржинальды кірісі, $ 3 4

Sword компаниясының тұрақты шығыныдары 30000$ құрайды. Sword компаниясының келесі екі құрылым өндірісі үшін зиянсыздық нүктесін анықтайық:

I құрылым

2 өнім А және 1 өнім В.

II құрылым

3 өнім А және 4 өнім В.

Әр таңдалған құрылым үшін құрылымдық жиынтықты бір өнім ретінде қарастырамыз.

Соған сәйкес 1 құрылым үшін:

2 өнім А және 1 өнім В үшін ауыспалы шығындар, $ 2*8 + 1*10 = 26$

2 өнім А және 1 өнім В бағасы,$ 2*11 + 1*14 = 36$

2 өнім А және 1 өнім В маржиналды кірісі $ 36 - 26 = 10$

Онда критикалық өндіріс көлемі тең:

хо = 30000$ / 10$ = 3000 дана құрылым жиынына,

немесе 3000*2 = 6000 өнім А және 3000*1 = 3000 өнім В.

II құрылым үшін:

3 өнім А және 4 өнім В үшін ауыспалы шығындар, $ 3 *8 + 4*10 = 64$

3 өнім А және 4 өнім В бағасы,$ 3*11 + 4*14 = 89$

3 өнім А және 4 өнім В маржиналды кірісі $ 89 - 64 = 25$

критикалық өндіріс көлемі тең:

хо = 30000$ / 25$ = 1200 дана құрылым жиынына,

немесе 1200*3 = 3600 өнім А және 1200*4 = 4800 өнім В

Зиянсыздық нүктесінің нақты талдауы өндірістің анықталған құрылымында мүмкін болады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 1989

2. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 1994

3. Карпова Т.П. Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998

4. Радостовец В.К., Шмидт О.И. Учет и затрат на производство и калькулирование себестоимости продукции, работ и услуг. Алматы, Издательский дом «Бико», 1998.

  1. Ткач В.И., Ткач М.В. Управленческий учет: Международный опыт, М:Финансы и стат., 1994.

Қосымша әдебиеттер:

1. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999

2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000

3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 1995

4. Энтони Р. Рис Д. Учет: ситуации и примеры. М:Фин и статистика 1996

5. Яругова А. Управленчесий учет: опыт экономически развитых стран. М: Финансы и статистика, 1991.