- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Курстың оқу - жұмыс бағдарламасы
- •Пәннің оқу-жұмыс бағдарламасы
- •6. Пәнді оқытудың міндеттері болып:
- •7.1 Пәннің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •7.2 Күнтізбелік тақырыптық жоспар Сырттай оқу бөлімі
- •8. Тақырыптардың мазмұны
- •8.1 Дәрістің мазмұны
- •8.2 Соөж мазмұны және тапсыру кестесі
- •8.3 Сөж өткізу және тапсыру кестесі
- •Негізгі әдебиеттер
- •6. П. М. Мансуров.Управленческий, учет учебное пособие. Ульяновск : УлГту, 2010.
- •Қосымша әдебиеттер
- •Халықаралық бизнес университеті Силлабус
- •Студенттің алған білімінің нәтижесін бағалау
- •Аралық бақылаудың қорытынды бағасын анықтау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
- •Тақырып 3. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
- •Тақырып 4. Үрдіспе-үрдіс әдісі
- •Тақырып 5. Тапсырыстық калькуляция
- •6 Тақырып. Функционалды калькуляциялау
- •Материалдық шығндарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (материалдың аты)
- •Негізгі әдебиеттер:
- •5. Хорнгрен ч.Т., Фостер дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект м.Фин и статистика. 2005 Қосымша әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Нормативтік калькуляция
- •Тақырып 8. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы
- •9 Тақырып. Стандарттық калькуляция
- •Тақырып 10. Өзіндік құн мен шығындардың толық таратылуымен және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау
- •Тақырып 13. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
- •Тақырып 14. Басқару шешімдерін қабылдау
- •Тақырып 15. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау
- •Ұсынылатын әдебеиеттер Негізгі әдебиеттер
- •6. П. М. Мансуров.Управленческий, учет учебное пособие. Ульяновск : УлГту, 2010.
- •Курс бойынша бағдарламаға сәйкес 1аралық бақылауға тест сұрақтары:
- •Курс бойынша бағдарламаға сәйкес 2 аралық бақылауға тест сұрақтары:
- •Студенттің алған білімінің нәтижесін бағалау
- •Аралық бақылаудың қорытынды бағасын анықтау
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы
- •1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
- •Материал шығынының нормасы:
- •Жалпы шаруашылық шығындар жылына – 654676,14 тг
- •Коммерциялық шығындар жылына: 62300тг
- •2. Тәжірибелік сабақ. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
- •3. Өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру Тәжірибелік сабақтың мазмұны:
- •4. Үрдіспе-үрдіс калькуляциясы
- •5. Тапсырыстық калькуляция
- •6. Функционалдық калькуляция
- •7. Шығындар есебінің нормативтік әдісі мен калькуляциясы
- •Материалдық шығындарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (Ағаш шығыны) Құрылыс материалдарын өндіруші цех
- •Ерлер аяқ киімін өндіруші кәсіпорын (тері шығыны)
- •Материалдық шығындарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (Ағаш шығыны) Құрылыс материалдарын өндіруші цех
- •Ерлер аяқ киімін өндіруші кәсіпорын (тері шығыны)
- •Материалдық шығындарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (Ағаш шығыны) Құрылыс материалдарын өндіруші цех
- •Ерлер аяқ киімін өндіруші кәсіпорын (тері шығыны)
- •11 Тәжірибелік сабақ. Өзіндік құн мен шығындардың толық таратылуымен және өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнын калькуляциялау. Есептер шығару:
- •11 Тәжірибелік сабақ. Зиянсыздықты талдау Есептер шығару:
- •12 Тәжірибелік сабақ. Кешенді өндіріс шығындарының есебі Есептер шығару:
- •13 Тәжірибелік сабақ. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
- •14 Тәжірибелік сабақ. Басқару шешімдерін қабылдау
- •15 Тәжірибелік сабақ. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабыдау
- •Соөж өткізу және тапсыру кестесі
1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Басқарушылық есеп – субъект ақпарат жүйесінің құрамдық бөлігі. Басқарушылық есеп – бұл идентификация, өлшеу, жинау, талдау, жіктеу, интерпритация және қандай да бір объектінің басқаруға қажетті ақпаратты тапсыру.
Өндірістік есептің мақсаты- өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Алайда өндірістік есептен алынған ақпаратты менеджерлер сату бағасын белгілеу, қорларды бағалау, пайданы есептеу және т.б. үшін қолданылады. Сол себепті өндірістік есеп – бұл басқарушылық есеп қосу қаржылық есептің бір бөлігі.
Кәсіпорында басқаруға қажетті барлық ақпаратты бухгалтерлер дайындайды. Осыған байланыстырылған кәсіби қызмет «Экаунтинг» деп аталады. Бұған есеп беруді жасау жұмысы, субъектінің қаржылық жағдайын талдау, жоспарлау жұмысы, субъект қызметін бақылауға байланыстының барлығы қатысты болады.
Басқарушылық есептің объектісі – бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелері мен шығындары, баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру.
Басқарушылық есептің пәні – объектілерінің жиынтығы және өндірісті басқарудың толық кезеңді процесіндегі оқиғалар.
Басқарушылық есептің негізгі тапсырмалары – есеп, жоспарлау, бақылау, талдау және субъектпен оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызмет нәтижелерімен шығындары туралы деректерді бақылау, аса қажетті басқарушылық шешімді жедел қабылдау үшін ақпарат беру.
Басқарушылық есеп принціптері – субъектінің үздіксіз қызмет етуі, жоспарлау мен есепте өлшеудің біркелкі бірліктерін пайдалану, тұтас субъект және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік нәтижелері мен шығынды бағалау және талдау. Алғашқы және аралық деректерді жинау, өңдеу, тапсырыс процесінде оларды сабақтастырып жиі пайдалану, субъект ішіндегі коммуникация жүйесін ұйымдастыру, ақпараттардың жеткіліктілігі және талдамдылығы, өндірістік және коммерциялық цикілдерді бейнелейтін кезеңдегі, субъект қызметінің нәтижелері мен шығындарын сметалық басқару.
Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындай кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетін өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.
Басқарушы есеп – шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша басқарылатын әрбір объектілердің есептік жүйесі, жоспарлауы, бақылауы мен шығындары туралы мәліметтерді талдауы болып көрінуі, осының негізінде ұзақ және қысқа мерзімді перспективада кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесін оптималдандыру мақсатында әр түрлі басқарушылық шешімдері жедел қабылдау.
Барлық жоғарыда келтірілген «басқарушы есептің» анықтамалары таза «есеп» тұрғысынан қарауды негіз етіп санайды, «басқару» термині емес, сондықтан мұнда анық және маңызды ажыратуды жүргізу қажет. Осындай ажыратулар өндірістік пен басқарушы есепке де керек.
Қазіргі кезде басқарушы есеп пәнінің анық анықтамасы жоқ. Бұл мәселені шешу мүлдем қазіргі есеп жүйесін бөлшектеу және оның батыстық үйлестікке ауыстыруды білдірмейді. Ол теориялық та, практикалық та тұрғыда мүмкін емес. Мәселе есеп объектісінің аясын табиғи ұлғайтумен байланысты күрделі өзгерістер төңірегінде өрбиді, қолданыстарға икемділік беру және жаңа есеп әдістемесін енгізу, шаруашылық процестерін басқаруда бухгалтрдің алатын орнын өзгерту.
Басқарушы есеп іс-жүзінде басқару процесін есеп процесімен байланыстырады, өйткені олармен бірдей объектілері бар:
субъектінің шаруашылық қызметінің процесінде адамдардың мақсатқа сәйкес еңбегін қамтамасыз ететін өндірістік ресурстар;
шаруашылық субъектілердің өндірістік қызметінің жиынтығын құрайтын, шаруашылық процестері және олардың нәтижелері;
Қазіргі кездегі өндірістік есептің негізгі тараулары болып мыналар табылады:
Шығындардың түрлері бойынша есебі;
Шығындардың шығу орындарына байланысты есебі;
Шығындардың иеленушісі (тасымалдаушысы) бойынша есебі.
Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның шаруашылқ механизмін талдау өндірістің экономикалық тиімділігіне, оның зиянсыздығына, талдау өндірістің экономикалық тиімділігіне, оның зиянсыздығына, табыстылығына, яғни оған: баға мен сұраныс; өндіру көлемі мен өнімді өткізу; кәсіпорынның тұрақты шығындары; өнім бірлігіне есептелген айнымалы шығындардың үлесі шешуші әсер ететінін көрсетеді. Бұл кезде кәсіпорынның тұрақты шығындары мен өнімнің бірлігіне шаққан айнымалы шығындар кәсіпорынның экономикалық тиімділігіен мүлде әр түрлі әсер етуі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды тиімді және ұтымды басқару шаруашылық субъектілерінде жүргізілетін есептің жүйесіне тәуелді болып келеді.
Басқарушы есепті бүгінде бизнестің бір бөлігі ретінде қабылдауға болады, бірақ осы жөнінде бухгалтерияның бухгалтерлері мен қызметкерлері шексіз шарасыздықты танытып отыр. Үкімет пен орталық жоспарлаушы органдар үнемі бухгалетрлік есепті жүргізудің тәртібін белгілеп отырды.
Бухгалетер ақпарат беретін бірыңғай апараттың қызметкері ретінде қарастырылды. Олар басқару шешімдерін қабылдауға өте сирек қатыстырылды. Бірақ, бизнестің нарыққа бағытталған тұсында бухгалтерлер өздерінің жауапкершілігінің аймағының өскенін сезді және басқарушы есеп оған өте жақын қызмет етушіжүйе ретінде танылды.
Бәрімізге белгілі, бақарушы есеп қолданыстағы тұжырымдамаға сәйкес – бұл сапалы жаңа құбылыс, ол бухгалетрлік есептің бір бөлігі ретінде (бірақ, бұл арада қаржы есебінің жетекші ролі сақаталады,) жедел-экономикалық талдау элементтерін, сондай-ақ болашақ оқиғаларды болжау сияқты ресурстарды бақалаудың синтездік нәтижесін қамтиды.
Нарықтық қатынастардың құрылымында, сондай-ақ оларды реттеу механизмінде басқарушы есеп маңызды ролт атқарады. Ол – нарықты қатынатардың ажырамас бөлігі және бір мезгілде экономикалық саясатты жүзеге асырудың маңызды құралы. Міне, сондықтан, бүгінгі таңда бақсарушы есептің табиғатын, тереңірек олардың функционалдық ерекшеліктерін түсінуді, олардың ішінен кәсіпорынды тиімді бақсару мүддесіне толық сай укелетін әдістерін көре білу қажет.
Осыдан келіп, біздің пайымдалыуымызша, өндірісті бақару жүйесінде басқарушы есептің атқаратын ролі ең алдымен «бақарушылық шешімдері жаау» мәселесін шешумен анықталады,, бірақта бұл үшін бір мезгілде, өндірісті басқаруда жақсы жағдайы болу үшін, екі бапты бірден түсіну керек:
Бірінші бабы мынадай бақсару элементтерінен тұрады:
а) мәселесінің қойылуы (ақпарат жинау, басқарудың синтездеу, жоспар құру шешім қабылдау, яғни бақаша айтқанда бұлардың барлығы инновациялық жәрдем беруді білдіреді);
б) қойылған мәселелерді жүзеге асыруға басшылық ету (ұйымдастыру, мәліметтер алмасу, дәйектеу, шаруашылық субъектінің бағыты бойынша кеңестер беру, яғни басқаша айтқанда бұл, біріншеден, бірінші бағыттың бастапқы екі элементін бір тұтас біүгінге үйлестіруді, екіншіден, қол астындағылардың оқыту және оларды даярлауды білдіреді);
в) нәтижелерді өлшеу (бақылау, бағалау).
Екінші бабы басқарушы есептің техникалық жақтарымен байланысты, ал егер дәлірек айтсақ, күрделі (капиталдық) жұмсалымдардың сметаларын жасау және олардың өтелімін анықтау, смета-жоспарларын, (нормаларын) құру, запастарды бақару және т.б.
Демек, бақарушы есептің ролі – бұл екі бапты үйлестіру немесе өндірісті басқарудың барлық шешуші элементтерін, бизнесті ірі жетістікке жетуге бағышталған бір бүтінге айналдыру.
Сонымен қатар, шаруашылық субъектіні тиімді басқаруда, яғни жоғарыда баяндалған мәселелерді жету үшін, басқарушы есептің өзіндік проблемалары да жеткілікті. Сондықтан бұл параграфта басқарушы есептің роліне басты назарды аударамыз, өйткені бұл дұрыс шешім қабылдау үшін, жалпы және жедел бақшылықты жүзеге асыратын менеджерлердің қажеттіліктеріне сай келеді, ал қаржылық менеджменттегі қаржының қызметі, сондай-ақ қаржылық есепте өз бетінше дербес зерттеуді қажет етеді.
Яғни, болашақта кәсіпорынды тиімді басқару мақсатында, оның қаржылық жадайын талдау, есеп беруді жасау және ағымдағы есепті қамту қызметтерін біріктіретін бухгалтерияның ролін түбегейлі өзгертуге тура келеді. Бұл, біріншіден, нарық жағдайында меншік құрылымының өзгерісін түсіндіреді және мемлекеттік меншік сол меншіктің бір ғана түрі; шаруашылық субъектісінің қызметінің нәтижесіне көптеген мүдделі жаңа меншік иелері пайда болады, өйткені оған олар өз қаржысын жұмсайды. Екіншіден, шаруашлықы субъектісіне қажетті қарджылы және бәсекелестік күресте жеңіске жету үшін басқарушылық шешімдерін іздеуге мәжбүр болады. Осы мақсатта нарықтық коньюктураны зерттейді, өзінің қызметін өз бетінше дербес жоспарлайды, жабдықтаушылар мен сатып алушыларды табады, бағаны белгілейді және т.б. Үшіншіден, бюджеттік қаржыландыру мен мемелекеттік несиелендіру көп жағдайда шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көзі болып табыла бермейді. Олар қаржылдандырудың басқа да көздерін іздестіреді. Сондықтан шаруашылық субъектісі бәсекелестік күреске тек сатып алушылар мен өткізу нарығы үшін ғана енбейді, сонымен қатар коммерциялық банктердің несиелері үшін, басқа да потенциалды инвесторлардың қаражаттарын тарату үшін де енеді.
Есеп 1.
Жиһаз шеберханасы ас үй жиһазын жасап шығарады. Жиһаз дүкенінің басшысы шеберханаға 240 ас үй жиһазына тапсырыс берді. 1 жиһаздың өзіндік құн калькуляциясын құрамыз:
