Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Упр учет каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Курс бойынша бағдарламаға сәйкес 2 аралық бақылауға тест сұрақтары:

51. көмекші өндірісте жалпы өндірістік мақсатқа жұмсалған материалдар құны қай шотта бейнеленеді?

a) 8041 «Материалдар»

b) 8011 «Материалдар»

c) 8031 «Материалдар»

d) 8048 «Басқалары»

e) 8044 «Негізгі құралдарды жөндеу»

52. Өндірістік мекемелерде шығындардың пайда болу орны:

a) мекеменің жеке цехтары

b) өндірістік шығындар

c) мекеме жұмысшылары

d) өнімнің өзіндік құны

e) мекеменің өнімі

53. Материалдық шығындар есебінде қолданылатын инвентарлы әдіс-бұл:

a) материалдардың шығындалуын бақылау әдісі

b) өндірістік босалқыларды бағалау әдісі

c) қоймадағы ТМҚ түгендеу жүргізу әдісі

d) материалдардың нақты өзіндік құнынан есептік бағаның ауытқуын есептеу әдісі

e) дұрыс жауабы жоқ

54. Табыс пен сату көлемінің шығындар қатынасын талдауда қандай жіберулер қолданылады?

a) өндірілген бірлік саны сатылған бірлік санына сай келмейді

b) табыс тәртібі және шығын сызықты релевантто аумақта

c) сатылатын өнім ассортименті өзгеріссіз

d) шығындар тұрақты және ауыспалыға дәл бөлінуі мүмкін

e) өндірілген бірлік саны сатылған бірлік санына сай

55. Капитал салымдарын іске асырудағы шығындар:

a) есепті кезең шығындарымен танылады

b) есепті кезең шығындарымен танылмайды

c) салық кезеңінің шығындарымен танылады

d) тізбектік кезең шығындарымен танылады

e) нақты кезең шығындарымен танылады

56. Өндірістен алынған қайтарымсыз қалдықтар қалай бағаланады?

a) дұрыс жауабы жоқ

b) шығарылған шикізаттың төмен құнымен

c) қалдықтарға белгіленген бағамен

d) шығарылған шикізаттың толық құнымен

e) нақты құнымен

57. Өндірістен алынған қайтарылатын қалдықтар қалай бағаланады?

a) мүмкін болатын пайдалану бағасымен

b) шығарылған шикізаттың төмен құнымен

c) қалдықтарға белгіленген бағамен

d) шығарылған шикізаттың толық құнымен

e) дұрыс жауабы жоқ

58. Өндірісте пайда болатын қандай қалдықтардың құны есепке алынбайды?

a) қайтарымсыз қалдықтар

b) габартисіз

c) негізгі өндірісте қолданылдмайтын

d) қайтарылған қалдықтар

e) дұрыс жауабы жоқ

59. Жұмысшылардың қосымша еңбек ақысына қандай төлемдер жатады, өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына кіреді ма?

a) дұрыс жауабы жоқ

b) жоспардан тыс орындалған жұмыс үшін төлемдер, өзіндік құнға кіреді

c) түнгі мерзімдегі жұмыс үшін төлемі, өзіндік құнға кіреді

d) жұмысшылардың кінәсінсіз жұмыстың тоқтатылуындағы төлемдері, кіргізілмейді

e) b,с жауаптары

60. Цехты жөндеумен айналысатын көмекші өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы келесі шотта көрініс табады:

a) 8044 «Негізгі құралдарды жөндеу»

b) 8012 «Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы»

c) 8032 «Жұмысшылардың еңбек ақысы»

d) 8042 «Жұмысшылардың еңбек ақысы»

e) 8014 «Үстеме шығындар»

61. Бірнеше өнім түрін өндіргенде, құралдарды пайдалану мен ұстап тұрудағы шығындар түрі келесілер:

a) b,с жауаптары

b) кешенді

c) жанама

d) тұрақты

e) шартты-тұрақты

62. Үстеме шығындар –бұл:

a) b,с, d жауаптары

b) көмекші өндіріске қызмет көрсету мен басқарудағы шығындар

c) негізгі өндіріске қызмет көрсету мен басқарудағы шығындар

d) өнімнің өзіндік құнына жанама енгізілетін шығындар

e) мекемеге материалдарды жеткізумен байланысты шығындар

63. Кезең шығындары қандай тіркемеде жинақталады?

a) 10 журнал-ордердің №5 ведомостінде

b) 10 журнал-ордердің №1 ведомостінде

c) 10 журнал-ордердің №2 ведомостінде

d) 10 журнал-ордердің №3 ведомостінде

e) 12 журнал-ордерде

64. Ақаудың қандай түрлері болады?

a) b,с, d жауаптары

b) ішкі және сыртқы

c) бөлшекті және толық

d) жөнделетін және жөнделмейтін

e) b,с, жауаптары

65. Жөнделетін ақаудан болған жоғалтулар дегеніміз:

a) ақау болған өнімнің өзіндік құнының нақты сомасының және ақаудың алдын алудағы шығынның, алынған қалдықтар құны мен басқа да ұсталымдардың арасындағы айырмасы

b) ақаудын алдын алудағы шығын соммасы

c) ақау болған өнімнің өзіндік құнының нақты сомасы және ақаудың алдын алудағы шығын

d) ақаудың алдын алудағы шығынның, алынған қалдықтар құнынан айырмасы

e) дұрыс жауабы жоқ

66. «Өндірістегі ақау» шотының дебетінде не көрсетіледі?

a) жөнделмейтін ақаудың өзіндік құны, ақауды жөндеу бойынша шығын сомасы

b) жөнделмейтін ақау құны

c) кінәлі тұлғаның орнын толтыру сомасы

d) жабдықтаушылардан алынған сапасы төмен шикізат сомасы

e) мүмкін болатын пайдалану бағасы бойынша жөнделмейтін ақау құны

67. Д-т 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар» К-т 3350 «Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» бухгалтерлік жазбасының мазмұнын анықтаңыз:

a) әкімшілік-басқару қызметкерлеріне еңбек ақы есептелді

b) негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептелді

c) ақауды жөндеу бойынша жұмысшыларға еңбек ақы есептелді

d) цех мастеріне еңбек ақы есептелді

e) жұмыстың тоқтатылғаны үшін кінәсіз жұмысшыларға еңбек ақы есептелді

68. Негізгі өндірісте ақаудан болған жоғалтулар кезең шығындарына жатқызылды, қандай жазу беріледі?

a) Д-т «Жалпы және әкімшілік шығындар» К-т «Өндірістегі ақау»

b) Д-т «Негізгі өндіріс» К-т «Өндірістегі ақау

c) Д-т «Өндірістегі ақау» К-т «Жалпы және әкімшілік шығындар»

d) Д-т «Өндірістегі ақау» К-т «Негізгі өндіріс»

e) Д-т «Басқа да үстеме шығындар» К-т «Өндірістегі ақау»

69. Қарсы қызмет денегіміз не және қандай құнмен бағаланады?

a) көмекші өндірістердің бір-біріне қызметі және есепті кезеңнің жоспарлы құнымен немесе өткен кезеңнің нақты өзіндік құнымен бағаланады

b) көмекші өндірістің негізгі өндіріске қызметі, нақты өзіндік құнымен бағаланады

c) негізгі өндірістің көмекші өндіріске қызметі және нормативті құнымен бағаланады

d) көмекші өндірістердің бір-біріне қызметі және смета көлемінде бағаланады

e) көмекші өндірістің негізгі өндіріске қызметі, есептік құнмен бағаланады

70. Д-т «Негізгі құқралдардың тозуы және материалды емес активтердің амортизациясы» К-т «Ғимараттар мен құрылыс жайлардың тозуы» бухгалтерлік жазбасы нені білдіреді?

a) өндірістік ғимараттарға тозу есептелді

b) әкімшілік қызметкерлерінің ғимараттарына тозу есептелді

c) өндірісті басқару бойынша алынған бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесіне амортизация есептелді

d) дайын өнімді сақтау бойынша қоймаға тозу есептелді

e) а, b жауаптары

71. Өнім өндіру бойынша шығындар қандай есеп тіркемелерінде бейнеленеді?

a) №10 журнал-ордерде және №1,2,3,4 ведомосте, өндіріс есебінің карточкасында

b) №11 журнал-ордерде және соған сәйкес ведомосте

c) өндіріс есебі бойынша карточкаларда

d) өңделген кестелерде және №12 журнал-ордерде

e) нормативті калькуляция карточкаларында

72. Шығарылған дайын өнімнің өзіндік құнын қалай анықтаймыз?

a) ай басындағы аяқталмаған өндіріс қосу ай ішіндегі шығындар, қосу өндірістегі ақау, алу қайтарылған қалдықтар, алу ай соңындағы аяқталмаған өндіріс

b) ай ішіндегі шығындар қосу ай басындағы аяқталмаған өндіріс, алу өндірістегі ақау

c) ай басындағы аяқталмаған өндіріс алу ай ішіндегі шығындар қосу өндірістегі ақау

d) ай ішіндегі шығындар алу өндірістегі ақау қосу қайтарылған қалдықтар

e) ай басындағы аяқталмаған өндіріс қосу ай ішіндегі шығындар, қосу өндірістегі ақау, қосу қайтарылған қалдықтар, алу ай соңындағы аяқталмаған өндіріс

73. Техникалық бақылау бөлімшесімен негізгі өндірісте жөнделмейтін ақау анықталды, қандай жазу беріледі?

a) Д-т «Өндірістегі ақау» К-т «Дайын өнім»

b) Д-т «Негізгі өндіріс» К-т «Өндірістегі ақау»

c) Д-т «Басқалары» К-т «Өндірістегі ақау»

d) Д-т «Өндірістегі ақау» К-т «Негізгі өндіріс»

e) Д-т «Дайын өнім» К-т «Өндірістегі ақау»

74. Келесі мәліметтер негізінде жөнелтілген дайын өнімнің өзіндік құнын есептеңіз:

Көрсеткіштер

Дайын өнім (теңге)

Жоспарлы өзіндік құн бойынша

Нақты өзіндік құн бойынша

Ай басындағы қалдықтар

200000

180000

Түсім

560000

500000

Барлығы

760000

680000

Жөнелтілді

640000

?

a) 572631тг

b) 590631тг

c) 600831тг

d) 566831тг

e)588631тг

75. Егер есеп беру кезеңінің басына аяқталмаған өндіріс 300000тг, есеп беру кезеңіндегі шығындар 900000тг, есеп беру кезеңінің соңына аяқталмаған өндіріс 100000тг, шығарылған өнім 1100дана болғанда, өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтаңыз:

a) 1000тг

b) 1200тг

c) 1100тг

d) 1300тг

e) 1250тг

76. Өндірісітік шығындар есебінің тапсырыстық әдісінде:

a) шығында әр тапсырыс немесе өнім партиясы бойынша есептеледі

b) тұрақты және ауыспалы шығындар есептеледі

c) шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын анықтау өндірістің әр фазасы, кезеңі бойынша жүргізіледі

d) әр объект бойынша тікелей шығындар есептелген нормативті шығындар аумағында және нормативті шығындардан бөлек ауытқу сомалары есептеледі

e) тек қана ауыспалы шығындар есепке алынады

77. Өндірістің әр фазасы, кезеңі бойынша шығындар есебін және өнімнің өзіндік құнын анықтау қандай әдіспен жүргізіледі?

a) бөлістік

b) тікелей

c) тапсырыстық

d) нормативті

e) «Директ-костинг» жүйесі бойынша

78. Шығындарды нормативті әдіспен есептеудің маңызы неде?

a) әр объект бойынша тікелей шығындар есептелген нормативті шығындар аумағында және нормативті шығындардан бөлек ауытқу сомалары есептеледі

b) өнімнің өзіндік құнын есептеу бойынша шығындарды есеп объектісіне тікелей жатқызады

c) шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын анықтау ауытқуды белгілемей шығындар нормасы бойынша жүргізеді

d) шығындар нақты өзіндік құнмен ауытқуды белгілемей есепке алынады

e) тек қана ауыспалы шығындар есепке алынады

79. Мекемеге «дәл уақытында» сатып алу қандай тиімділік береді?

a) материалдардың орнын ауыстыруда, босалқыларға капитал салымында және материалдарды жөнелту бойынша құжаттарды жүргізуде айтарлықтай үнемдеуге алып келеді

b) әр тауар түрі бойынша келісім уақытын қысқартумен қатар жабдықтаушылар санының қысқаруына алып келеді

c) әр операция бойынша аз құжаттармен жұмыс істеп, жабдықтаушылармен ұзақ мерзімді келісімге отыруға алып келеді

d) алынған тауарлардың саны мен сапасын сатып алушалардың көп тексермеуіне алып келеді

e) жабдықтаушыларға төлем әр жеткізу көлеміне емес, жеткізу сериясына байланысты төленеді

80. «Директ-костинг» жүйесінің маңызы неде?

a) өнімнің өзіндік құны тек ауыспалы шығындар бөлімінде есептеліп, жоспарланады

b) өнімнің өзіндік құны ауыспалы шығындар және тұрақты шығындар бөлімінде есептеліп, жоспарланады

c) өнімнің өзіндік құны тек тұрақты шығындар бөлімінде есептеліп, жоспарланады

d) өнімнің өзіндік құнының құрамында үстеме шығындар есепке алынбайды

e) өнімнің өзіндік құны бекітілген смета бойынша есептеледі

81. Жаппай өндірістегі калькуляциялау объектісі болып:

a) өнімнің жеке түрі саналады

b) жеке тапсырыстар саналады

c) жеке өндірістік бөлімшелер саналады

d) b,с жауаптары

e) өндірістік операциялар саналады

82. Жеке өндірістегі калькуляциялау объектісі болып:

a) b,с жауаптары

b) өнімнің жеке түрі саналады

c) жеке тапсырыстар саналады

d) жеке өндірістік бөлімшелер саналады

e) өндірістік операциялар саналады

83. Жартылай фабрикатты және жартылай фабрикатсыз вариантқа өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындардың қандай әдісі тән:

a) бөлістік

b) жәй әдіс

c) тапсырыстық

d) нормативті

e) жинақтамалы

84. Келесі мәліметтер негізінде: шығарылым -2200 дана өнім, тұрақты шығындар – 660000тг, яғни 1 бірлікке шаққандағы тұрақты шығындар -300тг. 1 бірлікке шаққандағы ауыспалы шығындар – 800тг. Коммерциялық және әкімшілік шығындар – 250000тг, соның ішінде ауыспалы шығындар – 100000 тг, тұрақты шығындар -150000тг. Сату көлемі 2250000тг сомасына 1500дана болғанда өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда сатудан түскен түсімді апзорпшен-костинг әдісімен анықтаңыз.

a) 350000

b) 400000

c) 290000

d) 500000

e) 390000

85. Келесі мәліметтер негізінде: шығарылым -2200 дана өнім, тұрақты шығындар – 660000тг, яғни 1 бірлікке шаққандағы тұрақты шығындар -300тг. 1 бірлікке шаққандағы ауыспалы шығындар – 800тг. Коммерциялық және әкімшілік шығындар – 250000тг, соның ішінде ауыспалы шығындар – 100000 тг, тұрақты шығындар -150000тг. Сату көлемі 2250000тг сомасына 1500дана болғанда сатудан түскен түсімді директ-костинг әдісімен анықтаңыз.

a) 140000

b) 350000

c) 500000

d) 290000

e) 390000

86. Зиянсыздық нүктесін есептеу үшін келесі әдістерді қолдануға болады:

a) b,c,d жауаптары

b) теңдестіру

c)маржиналды табыс

d) сызықтық бейнелер

e) b,с жауаптары

87. Дифференциалды есеп – бұл:

a) дифференциалды ақпараттарды және альтернативті таңдау негізінде шешім қабылдау үшін түсімдерді жинақтау, даярлау, талдау

b) жауапкершілік орталықтары бойынша есеп

c) өндірістік өзіндік құн есебі

d) өзіндік құнды есептеу

e) жауапкершілік орталықтарындағы кіріс және шығыс туралы жоспарлы және нақты бухгалтерлік ақпараттарды өңдейтін, бухгалтерлік басқару жүйесі

88. Дифференциялды шығын дегеніміз:

a) анықталған жағдайларда басқа бір жағдайлардың деңгейінен өзгешелігі бар шығындар

b) басқалардан бас тартып белгілі бір альтернативті вариантты таңдауда жоғалып кететін шығындар

c) қазіргі жағдайда қандай да бір шешім қабылданбасын, өзгермейтін өңделіп қойған шығындар

d) а+b+c

e) дұрыс жауабы жоқ

89. Инвестициялық жобаларды талдау әдістерін атаңыз:

a) барлық жауаптар дұрыс

b) таза келтірілген құн

c) рентабельділіктің ішкі нормасы

d) өзін-өзі өтеушілік

e) инвестицияға түзетілмеген қайтарым

90. Залалсыздық нүктесі дегеніміз не?

a) шығындар түсімге тең болғандағы сату көлемінің нүктесі

b) тұрақты шығындар нөлге тең болғандағы нүкте

c) түсімнің ауыспалы шығындардан айырмасы

d) тұрақты және ауыспалы шығындар қосындысы

e) дұрыс жауабы жоқ

91. Инвестицияның қайтарылымын қалай түсінесіз:

a) негізгі қарыз сомасының қайтарылуы

b) несиені пайдалану кезеңінде пайыздық төлемдердің түсуі

c) ұсынылған жобаны пайдалануда мекеменің капитал көлемінің қаупі

d) а+b+c

e) дисконтталған құн

92. Инвестицияны қалай түсінесіз:

a) b,c,d жауаптары

b) негізгі қарыз сомасының қайтарылуы

c) несиені пайдалану кезеңінде пайыздық төлемдердің түсуі

d) ұсынылған жобаны пайдалануда мекеменің капитал көлемінің қаупі

e) дұрыс жауабы жоқ

93. Дисконттау дегеніміз не?

a) болашақта ағымдағы құны бойынша алынуға тиіс пайыздық мөлшердің нақты қаржылардың процесі

b) ақшалай қаржылардың таза түсімінің деңгейінің капитал салымының бағдарламасы бойынша алғашқы инвестициялық шығындардан айырмасы

c) «нолдік кезең» уақытындағы ақшаның құны

d) а+b+c

e) дұрыс жауабы жоқ

94. «Таза келтірілген құн» дегеніміз не?

a) ақша қаржыларының таза түсімінің келтірілеген құнынан капитал салымының бағдарламасы бойынша алғашқы инвестициялық шығындардан айырмасы

b) ақша қаржыларының таза түсімінің келтірілеген құнына капитал салымының бағдарламасы бойынша қалдық инвестициялық шығындардың қосындысы

c) ақша қаржыларының таза түсімінің қалдық құны

d) ақша қаржыларының таза түсімінің келтірілеген құнына капитал салымының бағдарламасы бойынша алғашқы инвестициялық шығындардың қосндысы

e) болашақ түсімдерді анықтау

95. Рентабельділіктің ішкі нормасы (орнын толтырудың ішкі коэффициенті) дегеніміз:

a) капитал салымының таза келтірілген құны нолге тең болғандағы дисконт мөлшері

b) инвестициялардың түсімге қатынасы

c) амортизацияға резерв құруды қосқандағы есептеу принціпіне сәйкес капитал салымының нәтижесінде жыл сайынға алынатын таза табыс

d) ақша қаржылары дисконтталатын мөлшер

e) капиталдың ең жоғарғы өлшемі

96. Өзін-өзі өтеушілік әдісін қолдануда инвестицияны бағалау үшін қандай көрсеткіш есептеледі?

a) капитал салымының таза келтірілген құны нолге тең болғандағы дисконт мөлшері

b) инвестициялардың түсімге қатынасы

c) амортизацияға резерв құруды қосқандағы есептеу принціпіне сәйкес капитал салымының нәтижесінде жыл сайынға алынатын таза табыс

d) ақша қаржылары түсімінің дисконтталатын мөлшер

e) капиталдың ең жоғарғы өлшемі

97. Инвестицияға түзетілмеген қайтарым әдісін қолдануда инвестицияны бағалау үшін қандай көрсеткіш есептеледі?

a) капитал салымының нәтижесінде жыл саыйн алынатын таза табыс

b) капитал салымының таза келтірілген құны нолге тең болғандағы дисконт мөлшері

c) инвестициялардың түсімге қатынасы

d) ақша қаржылары түсімінің дисконтталатын мөлшер

e) капиталдың ең жоғарғы өлшемі

98. Рентабельділіктің берілген нормасы дегеніміз не?

a) компанияның капитал құрылымындағы, олардың қатынасты үлесіне сәйкес заемдық және меншікті капитал құны

b) капитал салымының таза келтірілген құны нолге тең болғандағы дисконт мөлшері

c) инвестициялардың түсімге қатынасы

d) амортизацияға резерв құруды қосқандағы есептеу принціпіне сәйкес капитал салымының нәтижесінде жыл сайынға алынатын таза табыс

e) ақша қаржылары түсімінің дисконтталатын мөлшер

99. Залалсыздықты талдау мақсаты:

a) өндіріс көлемінің, жиынтық табыс пен шығынның арасындағы қатынастық өзгеруін зерттеу

b) өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

c) мекеме алдағы уақытта күтетін табыс сомасын алуға болатын өнімді сату мен өндіріс көлемін табу

d) сатудың орындалуын бақылау

e) мекемені алдағы уақытта шығынға ұшырастырмайтын өнімді сату мен өндіріс көлемін табу

100. Залалсыздықты талдауда қандай жіберілімдер болуы мүмкін?

a) барлық жауап дұрыс

b) өндіріс көлемі сату көлеміне тең

c) өнім бірлігіне шаққандағы ауыспалы шығындар өзгеріссіз қалады

d) жиынтық тұрақты шығындар өзгеріссіз қалады

e) өнім бағасы өзгеріссіз қалады