- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Курстың оқу - жұмыс бағдарламасы
- •Пәннің оқу-жұмыс бағдарламасы
- •6. Пәнді оқытудың міндеттері болып:
- •7.1 Пәннің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •7.2 Күнтізбелік тақырыптық жоспар Сырттай оқу бөлімі
- •8. Тақырыптардың мазмұны
- •8.1 Дәрістің мазмұны
- •8.2 Соөж мазмұны және тапсыру кестесі
- •8.3 Сөж өткізу және тапсыру кестесі
- •Негізгі әдебиеттер
- •6. П. М. Мансуров.Управленческий, учет учебное пособие. Ульяновск : УлГту, 2010.
- •Қосымша әдебиеттер
- •Халықаралық бизнес университеті Силлабус
- •Студенттің алған білімінің нәтижесін бағалау
- •Аралық бақылаудың қорытынды бағасын анықтау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 2. Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
- •Тақырып 3. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
- •Тақырып 4. Үрдіспе-үрдіс әдісі
- •Тақырып 5. Тапсырыстық калькуляция
- •6 Тақырып. Функционалды калькуляциялау
- •Материалдық шығндарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (материалдың аты)
- •Негізгі әдебиеттер:
- •5. Хорнгрен ч.Т., Фостер дж. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект м.Фин и статистика. 2005 Қосымша әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Нормативтік калькуляция
- •Тақырып 8. Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы
- •9 Тақырып. Стандарттық калькуляция
- •Тақырып 10. Өзіндік құн мен шығындардың толық таратылуымен және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау
- •Тақырып 13. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
- •Тақырып 14. Басқару шешімдерін қабылдау
- •Тақырып 15. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау
- •Ұсынылатын әдебеиеттер Негізгі әдебиеттер
- •6. П. М. Мансуров.Управленческий, учет учебное пособие. Ульяновск : УлГту, 2010.
- •Курс бойынша бағдарламаға сәйкес 1аралық бақылауға тест сұрақтары:
- •Курс бойынша бағдарламаға сәйкес 2 аралық бақылауға тест сұрақтары:
- •Студенттің алған білімінің нәтижесін бағалау
- •Аралық бақылаудың қорытынды бағасын анықтау
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы
- •1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
- •Материал шығынының нормасы:
- •Жалпы шаруашылық шығындар жылына – 654676,14 тг
- •Коммерциялық шығындар жылына: 62300тг
- •2. Тәжірибелік сабақ. Басқару есебіндегі шығындарды жіктеу
- •3. Өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру Тәжірибелік сабақтың мазмұны:
- •4. Үрдіспе-үрдіс калькуляциясы
- •5. Тапсырыстық калькуляция
- •6. Функционалдық калькуляция
- •7. Шығындар есебінің нормативтік әдісі мен калькуляциясы
- •Материалдық шығындарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (Ағаш шығыны) Құрылыс материалдарын өндіруші цех
- •Ерлер аяқ киімін өндіруші кәсіпорын (тері шығыны)
- •Материалдық шығындарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (Ағаш шығыны) Құрылыс материалдарын өндіруші цех
- •Ерлер аяқ киімін өндіруші кәсіпорын (тері шығыны)
- •Материалдық шығындарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (Ағаш шығыны) Құрылыс материалдарын өндіруші цех
- •Ерлер аяқ киімін өндіруші кәсіпорын (тері шығыны)
- •11 Тәжірибелік сабақ. Өзіндік құн мен шығындардың толық таратылуымен және өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнын калькуляциялау. Есептер шығару:
- •11 Тәжірибелік сабақ. Зиянсыздықты талдау Есептер шығару:
- •12 Тәжірибелік сабақ. Кешенді өндіріс шығындарының есебі Есептер шығару:
- •13 Тәжірибелік сабақ. Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
- •14 Тәжірибелік сабақ. Басқару шешімдерін қабылдау
- •15 Тәжірибелік сабақ. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабыдау
- •Соөж өткізу және тапсыру кестесі
Тақырып 15. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау
1. Күрделі қаржының балама шығындары
2. Табыстылықтың ішкі нормасы
3. Ақша қаражаттарының релеванттық ағымы
4. Күрделі қаржы салымының қайтарымы
1. Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау - компания басшылығының алдында тұрған аса маңызды да қиын міндет. Көптеген компаниялар алдағы кезендегі қызметті бес, он, тіпті одан да көп жылға алдын ала анықтап ұзақ мерзімді жоспар әзірлейді. Ал, күрделі қаржы шығыны осы ұзақ мерзімді жоспарға кіріктірген бір бөлігі болып табылады.
Сол себепті ұйым ең алдымен күрделі каржы жүмсалымы туралы үсыныстың экономикалық тиімділігін бағалап, кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың айтарлықтай артық бөлігін (үлесін) қажет ететін процесс туралы әлдеқайда нақты болжам жасауға тырысады. Әдетте күрделі каржы шығын көзіне карыз қаражаты жатады, сондықтан да кәсіпорын мүндай жұмсалымның мақсатқа лайықты екеніне инвестордың көзін жеткізіп, оның өтелуін мұқият есептеуі керек.
Ұзақ мерзімді капиталға - кұрылысқа, жылжымайтын мүлікке, жабдыққа және т.б. қаржы жұмсау тән. Бүгінгі танда жүзеге асырылып отырған материалдық қаражатқа күрделі қаржы жұмсаумен байланысты инвестициялық шешім белгілі бір дәрежеде фирманың техникалық және технологиялық деңгейін, оның алдағы кезеңдегі жемісті жұмысының ойдағыдай болуын анықтайды.
Инвесторлар бағдар ретінде үстанатын мақсаттардың екі негізгі тобын бөліп қарастыруға болады:
Ақша түрінде көрініс табатын мақсаттар - пайданы немесе тауар айналымын арттыру, шығындар мен инвестициялық шығыстарды кеміту.
Ақша түрінде көрініс таппайтын мақсаттар - әйгілі болуға, мәртебелі орынға ұмтылу, тиісті нарық сигментін жаулап алу, тәуелсіздік немесе қандай да бір әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру.
Бірінші топтағы мақсатты қарастырайық. Оны жетістікке жеткізу үшін сандық әдісті қолдануға болады. Белгілі бір сандық мақсатқа қатысы бойынша оңтайлы инвестициялық шешімді қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын сандық әдіс инвестициялық есептер деп аталады.
Инвестицияны негіздеу әдісі статистикалық және динамикалық деп екі топка бөлінеді.
Инвестициялық есептің статистикалық әдісі мынадай жағдайларда: инвестициялық шығын кезең басында жүзеге асырылып, оның пайда түсіретін нәтижесі кезең аяғында болатын тек бір кезеңі қарастырылғанда; сонымен бірге бірқатар ұзақ мерзімді жоба орташа жылдық көрсеткіштерді аса қиындықсыз сипаттағанда қолданылады.
Статистикалық әдісті қолдану барысында барлық қарастырылатын инвестициялық жобалар салыстыруға келетіндей болуы керек, яғни критерийлік көрсеткішті (пайда, шығын және пайдалылық) қоспағанда барлық жобаның көрсеткіштері бірдей болуы керек. Орташа жылдық пайда орташа жылдық табыс пен орташа жылдық шығын арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Дәстүрлі шығын бабынан басқа шығындардың құрамында белгілі бір жобаға капиталды ұзақ мерзімді жұмсаудағы инвестор табысының ысырап болуы ескеріледі.
Инвестициялық есептің динамикалық әдісі мынадай жағдайда, егер жоба ұзақ мерзімді сипатта болып, ал инвестордың табысы мен шығыны бұл кезең ішінде елеулі өзгеретін болса; оның үстіне, жыл бойынша жобаны жүзеге асыру кезінде табыстар мен шығындардың уақыт ішінде өзгеруін сипаттайтын ұзақ мерзімді жобаларда қолданылады.
Динамикалык әдістің негізінде мына алғышарттар бар:
кезең бірлігіне бір жыл кіретін ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар қарастырылады;
әрбір инвестициялық жоба элементі әр жыл сайын оның жүзеге асырылу барысындағы инвестордың табысы мен шығынының сальдосын білдіретін төлем ретімен сипатталады. Әрбір инвестициялық жобаның төлем реті жағымсыз элементтен басталады, өйткені инвестицияны бірден жүзеге асыру ақшалай шығынды талап етеді. Жобаны қаржыландырудың төлем реті жағымды элементтен басталады, өйткені қаржыландыруды жүзеге асыру өзіндік қаржының немесе қарыз қаражатының қолда бар екендігін білдіреді;
инвестор жобаларды бағалаудың әр түрлі әдістерін қолдану ықтимал сипатында болатыны туралы өзіне есеп беруі, яғни есінде ұстауы керек, өйткені нақты нәтиже инвестиция есебінде анықталғаннан басқаша болуы мүмкін;
динамикалық инвестициялық есепті жүзеге асыру процесінде инвестицияның тек болашақтағы нәтижесін анықтайтын экономикалық факторларды ғана ескереді. Сондықтан да бұл әдіспен қатар сандық талдау әдісін қолдану қажет.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдаушы-бухгалтердің объективті бағалауына мүмкіндік беретін әр түрлі әдістер мен тәсілдер бар, осылардың негізінде басшылыққа ұзақ мерзімді іргелі басқарушылық шешім қабылдауы үшін көмек көрсетіледі. Олар бір-бірінен оқшау, әр түрлі тәсілдемеде қолданылады.
Капиталды жұмсаудың тиімділігін бағалау үшін мына көрсеткіштер пайдаланылады:
күрделі қаржы жұмсалымы және пайда мөлшері бойынша жүктелген шығындар;
таза дисконттау және күрделі қаржы жұмсалымы өтелуінің ішкі коэффициенті бойынша күрделі қаржы жұмсалымын бағалау әдістері;
күрделі қаржы жұмсалымының өтелу кезеңі;
• өтелудің есептік коэффициенті және пайда индексі. Олардың әрбіреуіне жеке тоқталайық.
Күрделі қаржы жұмсалымы және пайда нормасы бойынша жүктелген шығындар. Күрделі қаржы жұмсалымы бағдарламасына тартылған ақшалай қаражат арқылы қандай да бір басқадай жолмен пайда алуға ендігі жерде пайдаланылмайды, яғни жарамсыз болып табылады, осыған орай кәсіпорынның жіберіп алған пайдасы немесе жүктелген шығындар туралы айтылады.
Сондықтан да инвестиция бойынша пайданың болжалды нормасына күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдаудың тиімділігін бағалау үшін инвестиция бойынша пайда нормасын қаржы нарығындағы құнды қағаздармен салыстырады.
Күрделі қаржы жұмсалымын кәсіпорынға жүктелген шығын сомасынан жоғары пайда әкелетін бағдарламаға жұмсау керек. Немесе: инвестициялық жоба бойынша пайда нормасы өтімділігі жоғары құнды қағаздардағы пайда нормасынан кем болмауы қажет.
Сонымен, инвестициялық жобаның тәуекелділігі неғұрлым жоғары болса, күрделі қаржы жұмсалымынан талап етілетін пайда нормасы соғұрлым үлкен және болжалды таза табыстың деңгейі одан да жоғары болуы керек.
1. Кәсіпорынның даму келешегін талдау. Кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге төтеп бере алатын шегі анықталып, барлық қызмет түрлері, яғни бизнестің кұрылымы белгіленеді.
Америкалык экономист М. Портердің пікірінше, бизнестің дамуы бәсекелесуші төрт күшке әсер етеді.
1, Жабдықтаушылар. Қажетті материалды өндіруші кәсіпорындарға ең алдымен олардың қайдан табылатынын білуі керек.
2. Сатып алушылар. Кәсіпорын нарыққа енуі үшін дистрибьюторлық жүйені жасап алуы керек.
3. Ауыстырушылар. Нарықта дәстүрліні ығыстыратын өнімнің жаңа түрі пайда болады.
4. Жаңа бәсекелестер. Нарықта бұрын бизнестің осы түрімен айналысқан жаңа компания пайда болады.
2. Белгілі бір бизнес түрінің кіру және шығу тосқауылдарын талдау. Кіру тосқауылы бизнеске жаңа бәсекелестердің енудегі кіші және үлкен мүмкіндіктерін білдіреді. Шығу тосқауылы - бизнестен шығудың үлкен немесе кіші мүмкіндіктерін сипаттайды.
3. Бизнестің ішкі құрылымын талдау кәсіпорынның стратегиясын әзірлеуде қолданылады. Басқару есебі тұрғысынан қарағанда стратегияның үш түрі болады:
Төменгі баға стратегиясы. Оның мақсаты - тапсырыс берушінің ұсынуымен дайын өнімнің бағасын барынша арзандату, сондықтан да барлық басқарушылық шешім шығындарды азайтуға бағытталуы керек..
Жоғары баға стратегиясы. Қабылданатын басқарушылық шешім тапсырыс берушінің аса жоғары талабын қанағаттандыратын әлдеқайда сапалы өнім өндіруге бағытталып, оған аса жоғары деңгейде баға белгілеуі керек.
Аралас стратегияда жекелеген тауар топтары бойынша алғашқы екі стратегияның элементтерін пайдаланады. Тауардың әр тобы үшін нарықтың еркін тауашасын (нишасын) анықтап, соған сәйкес стратегияның біріншісі немесе екіншісі іріктеледі.
Мұндай талдаудың арқасында басшылық бәселестердікімен салыстырғандағы өнімнің сапасын, бағаның деңгейін, сатып алушыларды, әлеуатті және басқа да тапсырыс берушілерді, әр қызмет түрінің географиясын анықтау арқылы кәсіпорынның барлық бизнес түрлері бойынша біртұтас стратегияны әзірлейді.
4. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының тиімділігін бағалау. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының әр түрлі нұсқасы болуы мүмкін.
Стратегиялық бизнес-бірлік - бұл тапсырыс берушілердің бір текті тобына сатылатын және нақты анықталған бәсекелестердің тобына ие тауар (жұмыс, қызмет) іріктемелері.
Стратегиялық бизнес-бірлік - бұл оқшауланған кәсіпорын ретінде басқарылатын, үлкенді жекелеген дербес бөлімшелерге бөлудің нәтижесінде болатын автономиялық бірлік, тәуелсіз компаниялар.
Жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау
Жаңа ерекшелігімен ассортиментке қосылатын өнімді жаңа өнім дейміз. Мүлдем жаңа (ешкімде жоқ) өнім өндіру кәсіпорын стратегиясының ең басты артықшылығы болады және ол инвестицияны керек етеді.
Инвестицияны басқару мақсаты - мына салалардағы негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау; жаңа өнімді әзірлеп енгізу; шығарылатын өнімдерді жетілдіру және жаңғырту (модернизациялау); дәстүрлі өнім түрлерін өндіруді одан әрі өркендету; өндірістен ескірген өнімді алып тастау.
Жаңа өнімді әзірлеу саласындағы жаңартпашылық (инновациялық) саясат шешім қабылдауға қажетті ақпараттық мазмұнын, көлемін, түрін қамтамасыз етеді.
Шешім қабылдаудың маңызды өлшемі ретінде тұтас кәсіпорын бойынша өткізу көлеміне жаңа өнімді енгізу әсерінің және басқа бұйымдардың өткізу көлемінің бағасын, сондай-ақ әзірлеу, өндіру, өткізу және жарнама шығындарының өтелімдік уақытының бағасы қолданылады.
Кез келген жағдайда жаңа өнімнің бағасын есептеу және белгілеу үшін кіріс пен шығыс коэффициенттері өткізу нүктесі және өнімнің залалсыздық графигі пайдаланылады.
Өнім шығарылғаннан кейін оның сатылу процесіне тексеру жүргізіледі. Оның сатылу қарқны мен өткізу көлеміне әсер ететін факторлар туралы ақпарат бухгалтерлік есеп беруде тіркеледі.
Жаңа өнімге баға беруден басқа болашақта болатын өнімдер мен жарнама бағалауда, баға анықтауда маңызды орын алатын осы өнімнің сатып алынатын жағдайлары зерттеледі.
Өнім шығару мен сатудың көлемін және ассортиментін жоспарлау
Өнім ассортименті мен өндіріс көлеміне қатысты басқару-шылық шешім қаржылық есеп берудің ақпараты негізінде қабылданады. Үлкен ассортиментпен өнім шығаратын кәсіпорын оны әр түрлі жолдармен географиялық, территориялық орналасуы әр қилы тұтьшушыларға сатады: үлкен және кіші мөлшерде, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы, жеткізумен және жеткізусіз және т.б. Мұндай тәжірибе өнім түрлері және нарық сегменті бойынша алынатын табыс туралы жеке есеп беруді талап етеді.
Жекелеген сегмент бойынша қаржылық есеп беру өзіне жалпы соманы қосу керек және кәсіпорынның жалпы қаржылық есеп беруінде жазылуы қажет.
Әрбір өндірістік бөлімшелердің шығыны кәсіпорынның барлық деңгейіндегі өндірістік шығынның бір бөлігі болып табылады және ол өндіріс тиімділігімен, өнім түрлерімен, жұмыс уақытының толық пайдаланылуымен және т.б. бақылануы керек.
Әрбір кәсіпорындағы бақылау жүйесінің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, ол мына тұрпатты рәсімдерді қамтуы керек:
әр өнімнің пайдалылығын қадағалау;
әр өнім бойынша алынған жалпы пайданы бақылау;
нақты пайданың болжалдыдан ауытқуьш анықтау;
шығын кұрылымының есебі, шектен тыс байқалмайтын шығындарды шығарып тастау;
жекелеген өнімдерге келетін үстеме шығындардың орнын толтыру есебі;
бағаны өзгертуде оның сұраныс икемділігіне әсері және кәсіпорында қолданылатын басқа да бақылау рәсімдері.
Бақылау рәсімдерін пайдалану болжанған пайданы алу үшін өндіріс көлемі қандай болуы керек, нақты пайда шамасына қол жеткізу үшін сатудың қандай бағасын белгілеу керек, кәсіпорын жұмысының қауіпсіздік (залалсыз) шегі қандай, қауіпсіздік аймағы өткізілген өнімнің құрылымы қандай, міне осыларды анықтауы қажет.
Мына фактіге назар аударған жөн: шешім белгіленген өндіріс диапазонының шегінде ғана қолайлы болмақ. Бұл диапазонсыз өнім бірлігінің өзгермелі шығыны мен сату бағасы басқаша болады. Кейде талдау үшін қауіпсіздік аймағын, сондай-ақ қауіпсіздік шегінің коэффициентін есептейді.
Өнімнің көлемі мен ассортиментіне әлдеқаида кең қарау үшін сегментті есептің көп сатытлы деректеріне негізделген сегментті талдау әдісі пайдаланылады. Пайда деңгейі тек өніммен ғана анықталмайды, сондай-ақ әрбір аймақтың жалпы пайда сомасына салынған (салым) ақша бойынша да бағаланады. Кәсіпорынның маржиналдық табысының кұрылымы нарық аймағы бойынша, ал аймақтың іші - өнім түрлері бойынша есептеледі. Кәсіпкерлік сегменттің бақылау формасы өндірістік бөлімшелер тарапынан әр өнімнің өткізу бағасын белгілеу сияқты рәсімді де қарастырады.
Сондықтан әрбір бөлімшенің пайда сомасына салынатын салым ақша өндірістің тікелей шығынына және кәсіпорынның таза табысының әсеріне емес, жалпы үстеме шығындардың жаппай жиынтықты (совокупное возмещение) орнын толтыратын салым ақша ретінде қарастырылады.
Егер өнім ассортименті маржиналдық салым ақшаньщ және таза. табыстың деңгейімен анықталса, онда орташа өзгермелі шығындар сатудағы сияқты тура сондай үйлесіммен өзгереді. Мұндай жағдайда өткізудің жоғары деңгейі шығынды кемітеді.
Сатудың өсуіне өндіріс қуаты жетпейтін болса, онда ол қосымша инвестиция мен жұмысшы күшін іріктеуді қажет етеді және бұл өндірістің тиімділігін төмендететін, шығынды арттыратын салдар тудырады.
Бір атаумен аталатын өнім түрлерін шығаратын кәсіпорынның алдында өнім шығарылымның ассортименті мен оны өткізуді ұтымды жоспарлау міндеті пайда болады.
Кәсіпорын мұндай шешімді кабылдауда өнімнің бір немесе басқа түрін сатудан түскен абсолюттік түсім емес, өнімнің барлақ түрлерін өткізуден кәсіпорынға түскен жалпы пайдадағы оның үлестік қатысы маңызды болып саналады.
Шектеу факторын ескеріп, өнім құрылымын анықтау
Мысалы, адам-сағаттағы немесе машина-сағаттағы шектеулі өндіріс қуатындағы өндірістік бағдарламаны қалыптастыру барысында аса көп емес пайда түсіретін бірқатар өнім түрлерін (қызмет, тапсырыс) жиі таңдауға тура келеді.
Пайданы арттыру мақсатында қандай өнімді (өнімдерді) өндіру (сату) керектігін анықтау үшін маржиналдық табысты пайдаланған тиімді. Бухгалтер ең алдымен әрбір өнімнің маржиналдық табысын белгілеуі керек, сонан соң маржиналдық табысты шектеулі ресурс бірлігіне есептеуі қажет.
"Сатып алу немесе өзіміз өндіру" міндеттерін шешу
Өндірістік бөлімшелердің басшылығы - өздерінде өндіру немесе өнімнің барлығын немесе жекелеген бөліктерін сырттан сатып алу проблемасымен жиі қақтығысады. Бұл алымдық операцияларды (сборочных операций) талап ететін барлық өндіріске тән жалпы мәселе. Осы мәселені шешу үшін бұл мәселеге релеванттық болып табылатын шығындар мен табыстардың барлық элементтерін анықтау қажет.
Бұл сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін еркін өндірістік куаттың, білікті жұмысшылардың, технологияның, жабдықтаушылармен ұзақ мерзімді байланыстың болуы сияқты көптеген сапалық (маңызды) факторларды ескеру қажет. Және де еркін (бос) өндірістік қуаттың бар болуы шешуші кезеңге кірсе де, бұл салада оны пайдалану аса тиімді болып саналмайды .
Жағдайды талдау барысында өнім бірлігінің шығындары туралы деректерді абайлап пайдалану керек, өйткені олар екі түрлі қателікке ұрындыруы ықтимал:
релеванттық емес көрсеткіштердің есебіне қосу;
көлемнің есебінсіз үлесті шығындарды салыстыру.
Баға белгілеу бойынша шешім қабылдау
Бухгалтерлік басқару есебінің міндеті - өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің бағаларын белгілеу - маңызды мәнге ие.
Шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдісінде баға өнімнің (жұмыс, қызмет) толық өзіндік кұнына қарай белгіленіп келді. Өнеркэсіпте нақты қалыптасқан толық өзіндік құн жоспарланған пайданың сомасына (бұйымның қалаулы пайдалылығын ескеру арқылы) арттырылды, айналымдағы салықты үстемеледі және бастапқы шаманы - көтерме бағаны алды. Сауда үстемесін басып озып (оперируя торговой надбаекой), саудада да осындай болды.
Бұл мәселелердің барлық жауапкершілігі сол уақытта мемлекетке жүктелді.
Нарықтық экономика жағдайында баға белгілеу тәсілдемесі түбірінен өзгерді. Өндірілген өнімге, қызмет көрсетуге және орындалған жұмысқа баға белгілеу ерекше мәнге ие болды. Баға белгілеу процесінде бірнеше тәсілдеме бар. Олар:
тұтынушылардың назарын өзіне аударатын, тұтынушыларға тартымды баға белгілеу;
бәсекелестердің, бағасын пайдалана отырып, өзі үшін бағаның нақты шекарасын белгілеу;
сатып алушыны да қанағаттандыратын, пайда да түсіретін бағалар.
Бақылау сұрақтары:
1. Күрделі қаржы түсінігі
2. Инвестицияны негіздеу әдісі
3. Бизнестің құрылымын өзгерту туралы шешімдер
4. Кәсіпорынның даму келешегін талдау
5. Белгілі бір бизнес түрінің кіру және шығу тосқауылдарын талдау
6. Бизнестің ішкі құрылымын талдау
7. Жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау
8. Баға белгілеу бойынша шешім қабылдау
