Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Упр учет каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Материалдық шығндарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (материалдың аты)

Өнім аттары

Нақты өндірілген өнім көлемі, дана

Өнімнің бір өлшеміне материалдар шығынының нормасы, кг

Нақты өнім көлеміне нормативтік материалдар шығыны (2*3)

Бөлу коэфициенті

Нақты жұмсалған материалдар, кг

1

2

3

4

5

6

А

1000

5

5000

0,98

5000*0,98=4900

Б

625

6

3750

0,98

3750*0,98=3675

В

875

4

3500

0,98

3500*0,98=3430

Б-ғы

2500

*

12 250

0,98

12005

Материалдардың нақты шығын коэфициенті 0,98 тең. 12005/12250

Материалдарды өнідірілген өнім түрлері арасында коэф-к әдіс арқылы бөлу ет өнімдері, шыны, металлургия, орман өнеркәсіптерінде қолданылады. Әрбір өнім түрлері бойынша коэфициент алдын ала бекітіліп қойылады.

Өнім аттары

Нақты өндірілген өнім көлемі, дана

Бекітілген

коэф-т

Шартты өнім көлемі, (2*3)

Шартты өнім бірлігіне материалдар шығыны

Нақты материалдар шығыны

1

2

3

4

5

6

А

1000

1,0

1000

3,92

1000*3,92=3920

Б

625

1,25

781,25

3,92

781,25*3,92=3062,5

В

875

0,75

656,25

3,92

656,25*3,92=2572,5

Б-ғы

2500

*

2437,5

3,92=9555/2437

9555

Өндірілген әрбір өнім түрінің көлемін бекітілген коэф-ке көбейту арқылы әрбір өнім түрі бойынша шартты өндіру көлемі анықталады. Алынған мәліметтерді қосу арқылы барлық өнім түрлері бойынша шартты өндірудің жалпы көлемі анықталады. Наты жұмсалған материалдар шығынын шартты өнім көлеміне бөлу арқылы шартты өнім бірлігіне материалдар шығыны анықталады. Әрбір өнім түріне жұмсалған нақты шығынды анықтау үшін өнімнің әрбір түрінің шартты көлемін шартты өнім бірлігіне тиісті материалдар шығынына көбейту арқылы анықтайды.

Материалдық шығындарды өндірілген өнімнің көлеміне немесе салмағына қарай тепе-тең бөлу кезінде жұмсалған матриалдық шығындардың түрлері бойынша олардың жалпы көлемін өндірілген өнімнің барлық көлеміне немесе әрбір өнімнің салмағына бөледі, содан соң алынған нәтиже өндірілген әрбір өнімнің санына немесе салмағына көбейтіледі.

Өнім аттары

Өндірілген өнім көлемі, тонна

Нақты жұмсалған шығын, тонна

1

2

3

4

А

250

320,3

Б

225

288,3

В

165

211,4

Барлығы

640

820

Мыс: Жұмсалған шығын мөлшері 820/640=1,281

3. Өндіріс жұмыстарына қажетті материалдар алдын ала бекітілген лимиттің негізінде жіберілуі тиіс. Өндіріске жұмсалатын материалдарды шектеу материалдардың шығынын және олардың пайдалану нормаларының сақталуын бақылауға, өндірісті үздіксіз материал-дармен қамтамасыз етуге, құрылыс орындарындағы жұмыстардың жиелігін сақтауға, сонымен қатар материалдарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Құрылыс-монтаж жұмыстарына материалдардың шектеуі (лимиті) материалдар шығын нормасы негізінде орындалатын жұмыстардың жоспарлы көлеміне қарай әрбір учаскідегі (бөлімшедегі) ай басындағы және ай соңындағы пайдаланбаған материалдардың қалдығын есепке ала отырып жасалады.

Өндіріске жұмсалатын материалдарды шектеу өндірістік-жоспарлау бөлімінің есептеулеріне сәйкес ұйымның басшысының бұйрығы бойынша жабдықтау бөлімімен тағайындалады. Материалдарды жіберу бойынша белгіленген шектеулер (лимиттер) ай басында аяқталмаған құрылыстағы материалдардың қалдығын анықтау кезінде немесе өндірістегі ақауды түзету кезінде өзгертілуі мүмкін.

Қоймадан материалдар міндетті түрде өлшеніп, шектеп-алу карталарына жіберілген материалдардың атауларына қарай көлемі және жіберілген күні көрсетіліп, жіберуші тұлға мен алушы тұлғаның қолдары қойылады. Құрылыс материалдарын шектен тыс жіберу және бір материалдарды басқаларымен ауыстыру тек ұйым басшысының, бас инженердің немесе соған лауазымды тұлғаның рұқсатымен орындалады. Шектеп-алу карталары бойынша құрылыста пайдаланылмаған материалдардың есебі де жүргізіледі. Айдың соңында бұл құжат ұйымның есеп бөліміне тапсырылып, есеп бөліміндегі материалдық жауапты тұлғадағы материалдардың синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізу үшін қолданылады.

4. Материалдық шығындарды үнемдей отырып, олардың пайдалану тиімділігін арттыру құрылыс ұйымдарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Ол үшін құрылыс ұйымдары материалдардың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында оларға алдына ала, ағымдағы және кейінгі бақылау жүргізу қажет.

Алдын ала бақылаудың мақсаты – өндіріске жіберілетін материалдарды нормативтік қажеттілік шегінде шектеп отыру. Ол үшін құрылысқа материалдарды жіберу үшін нормативтік карталар, жинақ ведомостері қолданылады. Осы құжаттардың негізінде жалпы құрылыс объектісі және жұмыс сатылары бойынша өндірістік нормамен нормативтік қажеттілік анықталады.

Ағымдағы бақылау материалдардың қоймаға, объекті жанындағы сақтау орындарына түсу және жол жұмыстарына жұмсалу сәттеріне байланысты күнделікті жүргізіліп отырылады. Бұл бақылаудың мақсаты материалдық жауапты тұлғаның жіберген қателіктерін анықтау және оларды жою болып табылады.

Кейінгі бақылау құрылыс-монтаж жұмыстарына материалдарды жібергеннен кейін жүргізіледі. Құрылысқа жіберілген материалдарды бақылау № М-29 үлгідегі “Құрылыстағы негізгі материалдар шығындарының өндірістік нормалармен салыстырмалы есебі” негізінде жүзеге асырылады. Бұл есептеме құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құндарына материалдық шығындарды шығарудың және нақты жұмсалған материалдарды өндірістік нормамен салыстырудың негізгі ақпарат көзі болып табылады.