
- •Жергілікті гидравликалық кедергі коэффициентін анықтау.
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2. Теориялық бөлім.
- •Құбырдағы гидравликалық кедергі коэффициентін анықтау.
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2.Жұмыстың мазмұны:
- •3. Жұмыстың орындалу тәртібі:
- •4. Жұмыстың құрал - жабдықтары:
- •5. Теориялық бөлім
- •Зертханалық тәжірибе жүргізу стенд сипаттамасы.
- •Тәжірибе жүргізу реті мен тәжірибелік мәндерді өңдеу.
- •Сұйықтық қозғалысының режимдері.
- •Жұмыстың мақсаты:
- •Жұмыстың мазмұны.
- •Жұмыстың орындалу тәртібі:
- •Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар:
- •Теориялық бөлім.
- •5. Теориялық бөлім
- •5.2 Нақты сұйықтықтың қарапайым жай ағысы үшін Бернулли теңдеуі.
- •5.3 Сұйықтықтың ағысы үшін Бернулли тендеуі
- •6. Зертханалық сынау стендісінің анықтамасы.
- •7. Тәжірибе жасау тәртібі мен тәжірибелік мағлұматтарды өндеу
- •8.Есеп беру мазмұны
- •9.Бақылау сұрақтары
- •Вентури шығын өлшегішінің шығын коэффициентін анықтау.
- •5. Теориялық бөлім
- •7. Тәжірибе жасау тәртібі мен эксперименттік мағлұматтарды өндеу
- •Сұйықтықтың саңылау және саптамалардан ағуы.
- •4 Теориялық бөлім
- •4.2 Сұйықтықтың саптама арқылы ағуы
- •5. Зертханалық стендіге анықтама беру.
- •6. Тәжірибе жасау тәртібі мен тәжірибелік мағлұматтарды өңдеу.
- •7.Есеп беру мазмұны
- •8. Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •3 Зертханалық жұмыс
8.Есеп беру мазмұны
- теориялық бастама;
- қоңдырғы сұлбасы;
- тәжірибе жасау тәртібі мен эксперименттік
мағлұматтарды өндеу;
- қорытынды.
9.Бақылау сұрақтары
Идеал сұйықтықтың қарапайым жай ағысы үшін Бернулли тендеуінің қорытындысы.
Тұтқыр сұйықтық ағыны үшін Бернулли тендеуі және оның идеал қысылмайтын сұйықтықтан айырмашылығы.
Бернулли теңдеуіндегі Кариолис коэффициенті нені білдіреді ?
Геометриялық және пьезометриялық көлбеуліктің физикалық мәні және олардың бір-бірінен айырмашылығы.
Бернулли тендеуінің геометриялық және энергетикалық мәні.
Құбырдың берілген қимасының пьезометриялық арынын қалай анықтайды ?
Толық ағыс күші сызығының тұрғызылу тәртібін түсіндір.
Сурет 2 - Зертхана стендінің схемасы
№5 Зертханалық жұмыс
Вентури шығын өлшегішінің шығын коэффициентін анықтау.
1.Жұмыс мақсаты:
Вентури шығын өлшегішінің көмегімен құбырдағы сұйықтықтың шығынын өлшеу.
2. Жұмыс мазмұны:
гидравликалық есептерді шешуде және техникада Бернулли тендеулерін қолдану үлгілерін оқып үйрену ;
ауыспалы-қималы құбырдағы қозғалыстың сұйықтық жылдамдығымен жұмыс қысымының арасында байланыс орнату;
- құбырдағы сұйықтық шығынын тәжірибелік және теориялық жолмен анықтау әдісімен танысу.
3. Жұмыстың орындалу тәртібі
- осы жұмыспен байланысы бар әдістемелік көрсеткіштер және теориялық материалдар мазмұнымен танысу;
- бақылау сұрақтарына жауап беру;
- стендпен және зертханалық жұмыстың орындалу тәртібімен танысу;
- тәжірибелер жасау;
- зерттеу нәтижелерін қорытып, график және кесте түрінде көрсету;
- рәсімдеу және жұмысты қорғау.
4. Жұмысқа керек жабдықтар:
Зертханалық стенд және әдістемелік көрсеткіштер.
5. Теориялық бөлім
Бернулли тендеуі сұйықтық қозғалысының негізгі заңы болып табылады және ол бізге гидравликалық құрылғыларды қарастыруда және жұмысты түсінуде көмектеседі. Бернулли тендеуінің көмегімен, мысалы, сорғының сору биіктігі және сору сызықтарына есеп, сонымен қоса май түтіктерімен басқа да транспорттық сызықтарға есеп жүргізеді. Гидравликаның Бернулли тендеуін қолданбайтын саласы жоқ. Бернулли тендеуінің техникада қолданылуынын нақты мысалы, Вентури шығын өлшегіші. Вентури шығын өлшегіші құбырларда орнатылады және соның көмегімен сұйықтық шығынын өлшейді. 1- суретінде көрсетілген Вентури шығын өлшегіші конусқа ұқсас түтіктен және диаметрі негізгі цилиндірлік түтіктің диаметрінен кіші болатын ендіргіден тұрады. Вентури шығын өлшегіш осі бойынша екі пьезометрі орнатылады: біріншісі конусқа ұқсас таралудың алдында, екіншісі тарылған ендіргінің ортасына орнатылады. Вентури шығын өлшегішінің бойымен ағатын сұйықтық қозғалысына Бернулли тендеуін қолданамыз.О-О салыстырмалы жазықтығын жүргізіп, екі қима 1 мен 2 қарастырамыз. Аз ғана болатын қималар арасындағы ұзындықты (3-5 түтік диаметрі) және бір қалыпты конусқа ұқсас тарылған ендіргідегі кедергіні женудегі энергия шығынын елемеуге болады.
Сондықтан осы жағдайға Бернулли теңдеуі
(1)
1- суретінде көрсетілген сұлба бойынша
- салыстыру жазықтығы 0-0 І және ІІ қима ауырлық центрі арқылы өтеді;
- D-құбыр диаметрі; d-ендіргі диаметрі;
-v1 , v2 –сұйықтық қозғалысының жылдамдықтары;
- S1 ,S2-тірі қима аудандары;
І қима шығыны ІІ қима шығынына тең
немесе
(2)
Жылдамдық осыдан
(3)
v2 мәнің (1) теңдеуіне қоямыз
(4)
Мұнда α1 және α2- ағын қимасындағы жылдамдықтардың бірдей таралмау коэффициенті; Δh - пьезометр көрсеткішінің айырымы.
(5.4) теңдеуінен І қимадағы v1 жылдамдығын табуға болады
(5)
Шығын көрсеткіші тең
(6)
(5.6) теңдеуде жергілікті гидравликалық кедергі және тұтқыр үйкеліс әсерінен болатын сұйықтық қозғалысы кезіндегі шығын өлшегіштен өтетін шығынды есептемейді. Бұл шығын шығын коэффициенті μ<1 болғанда ескеріледі.
Вентури шығын өлшегішінен бірлік уақытта өтетін сұйықтық саны
(7)
Шығын коэффициенті μ тең:
• μ=0,965-жаңа шығын өлшегіштер үшін;
•μ=0,98-ескі шығын өлшегіштер үшін;
•Жылдамдықтың біркелкі таралмау коэффициенттері
α1= α2=1,1
• Екінші қимадағы пьезометр көрсеткіші І қимадағы пьезометр көрсеткішінен аз болады. Қиманың ауданы кішірейгенде жылдамдық өседі (Q1 = Q2 шарты бойынша), сондықтан кинетикалық энергия өседі, ал энергия сақталу заңы бойынша потенциалдық энергия азаяды. Сондықтан І қарағанда ІІ қимада қысым аз. Тарылған ендіргі пьезометр көрсеткіштерінің әр түрлі биіктігін алу үшін орнатылады.
• Құбырдағы сұйықтық шығынын есептеу үшін өлшегіш тығырық (диафрагма) қолданылады және ол Бернулли тендеуі негізінде құралған. Өлшегіш тығырық сұлбасы 5,2 суретінде көрсетілген.
• Тығырық түтіктің көлденең қимасын тарылтып, өз артынан қысымды азайтады. Тығырыққа дейінгі қойылған пьезометр мен тығырықтан кейінгі пьезометр көрсеткіштерінің айырымы, одан кейінгі шығынды мына тәуелділікпен есептеуге көмектеседі
Поршенді іштен жану двигательінің карбюраторы жанармайды сорып, оны ауа ағысымен араластыру үшін қажет (3 - сурет). Ауа ағыны жанармай бүріккішке (d түтігінің соңы) келгенде қысылады. Жылдамдық бұл қимада өседі, ал қысым Бернулли тендеуі бойынша кемиді. Қысымның жоғарлауына байланысты жанармай ауа ағынына бүркіледі.
Ағындық сорғы (эжектор) ағысты қысатын біркелкі қосылған А саптамасынан және В камерасынан әлдеқандай арақашықтықта орнатылған бірте – бірте жуандайтын С түтігінен тұрады. Ағыстың жылдамдығының өсуі әсерінен ағындағы және бүкіл В камерасындағы қысым біршама төмендейді.
Сурет 1 Сурет 3
Сурет 2 Сурет 4
Қысым әсерінен сиретілген сұйықтық төменгі резервуардан Д түтігі арқылы В камерасына сорылады, сонда құйылып , екі ағыстын араласуы болады.
6. Зертханалық стендіге анықтама беру
Сындық стенді (5 - сурет) құбыр 1 және екі вентиль В6 және В7 тұрады. В6 вентилі құбырды жұмыс сұйықтығымен толтырады, ал В7 вентилі Вентури шығын өлшегіші арқылы анықталған шығынды жіберу үшін қажет. В12 вентилі МБ өлшегіш күбішесінен сұйықтықты ағызып жіберу үшін қажет .Өлшегіш күбіше шығын өлшегіш арқылы ағатын сұйықтықтың шығының тәжірибелік анықтау үшін қажет. П14 және П13 пьезометрлері сәйкес құбырдын үлкен және кіші қималарына орнатылған және сұйықтық ағысы жылдамдығы көрсеткендей қысым мөлшерін көрсетеді.