
- •Жергілікті гидравликалық кедергі коэффициентін анықтау.
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2. Теориялық бөлім.
- •Құбырдағы гидравликалық кедергі коэффициентін анықтау.
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2.Жұмыстың мазмұны:
- •3. Жұмыстың орындалу тәртібі:
- •4. Жұмыстың құрал - жабдықтары:
- •5. Теориялық бөлім
- •Зертханалық тәжірибе жүргізу стенд сипаттамасы.
- •Тәжірибе жүргізу реті мен тәжірибелік мәндерді өңдеу.
- •Сұйықтық қозғалысының режимдері.
- •Жұмыстың мақсаты:
- •Жұмыстың мазмұны.
- •Жұмыстың орындалу тәртібі:
- •Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар:
- •Теориялық бөлім.
- •5. Теориялық бөлім
- •5.2 Нақты сұйықтықтың қарапайым жай ағысы үшін Бернулли теңдеуі.
- •5.3 Сұйықтықтың ағысы үшін Бернулли тендеуі
- •6. Зертханалық сынау стендісінің анықтамасы.
- •7. Тәжірибе жасау тәртібі мен тәжірибелік мағлұматтарды өндеу
- •8.Есеп беру мазмұны
- •9.Бақылау сұрақтары
- •Вентури шығын өлшегішінің шығын коэффициентін анықтау.
- •5. Теориялық бөлім
- •7. Тәжірибе жасау тәртібі мен эксперименттік мағлұматтарды өндеу
- •Сұйықтықтың саңылау және саптамалардан ағуы.
- •4 Теориялық бөлім
- •4.2 Сұйықтықтың саптама арқылы ағуы
- •5. Зертханалық стендіге анықтама беру.
- •6. Тәжірибе жасау тәртібі мен тәжірибелік мағлұматтарды өңдеу.
- •7.Есеп беру мазмұны
- •8. Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •3 Зертханалық жұмыс
Зертханалық тәжірибе жүргізу стенд сипаттамасы.
Тәжірибелік стенд (2 сурет) арынды құбыр өткізгіштен 3, сәйкесінше L1 және L2 ұзындықтары бар 1 және 2 екі құбыр өткізгіштен тұрады.
П11 мен П10 пьезометрлер L1=2м бірінші құбыр өткізгіштің басы мен соңындағы пьезометрлік арын шамасын, ал П16 мен П15 сәйкесінше L2=2м екінші құбыр өткізгіштікін көрсетеді. Сыналып отырған құбыр өткізгішке сұйықтықтың берілуі B8 және В10 вентильдері көмегімен жүргізіледі.
В9, В11 вентильдері құбыр өткізгіштегі қозғалыс жылдамдығын реттеу үшін қолданылады. Өлшеулі күбішеден сұйықтықтың ағуы В12 вентиль арқылы жүзеге асырылады. Сұйықтық шығыны көлемдік тәсілмен анықталады.
Тәжірибе жүргізу реті мен тәжірибелік мәндерді өңдеу.
Тәжірибелік стендпен танысқаннан кейін сынақтар келесі ретпен орындалады.
В8, В9, В10, В11 вентилдерін жабу. В12 вентилін ашып, өлшеулі күбішеден сұйықтықты ағызу, содан соң В12 вентилін жабу.
В8 вентилін ашып құбыр өткізгішті сыналатын сұйықтықпен толтыру. П11 мен П10 пьезометрлердегі сұйық мөлшері бірдей болу керек.
В9 вентилін баяу ашып, МБ өлшеулі қүбішенің белгіленген мөлшерге дейінгі толу уақытын жазу. Пьезометр П11-дегі сұйық мөлшері (20....30)·10м-2 аралығында болатындай етіп қозғалыс режимін орнату керек.
және
мәндеріне сәйкес келетін П11 мен П10 пьезометрлерінің көрсетулерін жазып алу керек. Өлшеу қорытындыларын бақылау журналына тіркеу.
Өлшеулі күбішедегі сұйықтық мөлшері «с» деңгейге жеткенде В9 вентилін жауып, толу уақытын жазып алу керек. Өлшеу қорытындыларын бақылау журналына тіркеу.
В12 вентилді ашып өлшеулі күбішедегі сұйықтықты ағызып, содан соң В12 вентилін жабу керек.
d2 және L2 мәндерін стендтен жазып алу.
В8 вентилін жауып, В10 вентилін ашу керек. П16 және П15 пьезометрлердегі сұйықтық мөлшері бірдей болу керек. Әрі қарай тәжірибені берілген ретпен (П3-тен бастап) орындап, L1 және d1 ұзындықты, құбыр өткізгіштің жоғалтуларын анықтайтын П16 мен П15 пьезометрлердің мәндерін тіркеу. Шыққан қорытындыны 2 кестесіне енгізу керек. П16 пьезометрдегі сұйықтық мөлшерін (25.....30)·10-2м аралығында болу керек.
Сурет 2- Зертхана стендінің схемасы
Берілген өлшеулер мен бақылаулар негізінде анықталады:
а) Құбыр өткізгіштегі сұйықтық жұмсалуы (шығыны)
Q=W/t
мұндағы W-өлшеулі күбіше көлемі (0,2·0,2·0,24)м³; t-өлшеулі күбішенің толу уақыты.
б) Құбыр
өткізгіштегі сұйықтық қозғалысының
орташа жылдамдығы V=Q/S және арын жылдамдығы
мұндағы
S-
қима ауданы; S=
в)
Гидравликалық радиус Rг=
г) Құбыр өткізгіштің ұзындығы бойынша жоғалтулар
hүйк=
(z11+
)-(z10+
)
һүйк=(z16+
)-(z15+
)
д) гидравликалық еңіс
i=h/L
мұндағы L-құбыр өткізгіш ұзындығы немесе пьезометрлер арасындағы арақашықтық.
е) гидравликалық үйкеліс коэффициенті
и) Рейнольдс саны
Re=
q- кинематикалық тұтқырлық коэффициенті, сұйықтық температурасына байланысты кестеден алынады.
к) Re сандық мәніне сәйкес құбыр өткізгіштегі сұйықтық қозғалысының режимі анықталады да, режимге сәйкес (2.7), (2.8), (2.9) формулалары бойынша үйкеліс коэффициентінің есептік мәндері анықталады.
л) Тәжірибелік және есептік жолмен анықталған гидравликалық үйкеліс коэффициентінің қателіктерін бағалау.
Кесте 2 - Өлшеулер мен есептеулер мәліметтері.
№ |
Атауы |
Белгіленуі |
Өлшем бірлігі |
1 |
2 |
1 |
Құбыр диаметрі |
d |
м |
|
|
2 |
Құбыр қимасының ауданы |
S |
м2 |
|
|
3 |
Пьезометр көрсеткіштері а) құбырдың басында б) құбырдың соңында |
(z+P/γ) |
м м |
|
|
4 |
Құбыр ұзындығы бойынша арынның жоғалуы |
hүйк |
м |
|
|
5 |
Пьезометрлер арасындағы арақашықтық |
L |
м |
|
|
6 |
Өлшеулі күбішедегі сұйықтық көлемі |
W |
м3 |
|
|
7 |
Өлшеулі күбішенің толу уақыты |
t |
с |
|
|
8 |
Сұйықтық шығыны |
Q |
м3/c |
|
|
9 |
Сұйықтық қозғалысының орташа жылдамдығы |
v |
м2/c |
|
|
10 |
Жылдамдықты арын |
v2/2g |
м |
|
|
11 |
Гидравликалық радиус |
R |
м |
|
|
12 |
Гидравликалық еңіс |
i |
- |
|
|
13 |
Құбыр ұзындығы бойынша үйкеліс коэффициенті (тәжірибеден) |
λ |
- |
|
|
Есеп берудің мазмұны.
- жұмыстың мазмұны мен мақсаты;
- тәжірибелік стендтің сызбасы;
тәжірибелік мәліметтерді өндеу мен сынақтар өткізу реті;
қысқаша қорытынды.
Бақылау сұрақтары:
Тұрақты диаметрлі түзу қабырғалардағы сұйықтық қозғалысының энергия жоғалтулары неден пайда болады?
Ұзындығы бойынша құбыр өткізгіштің гидравликалық кедергі коэффициентіне қандай көрсеткіштер әсер етеді?
Ламинарлы қозғалыс режимі кезіндегі гидравликалық кедергі коэффициентін қалай анықтайды?
Турбулентті қозғалыс режимі кезіндегі гидравликалық кедергі коэффициентін қалай анықтайды?
Шези коэффициентін не сипаттайды?
Турбулентті қозғалыс режимі кезінде құбыр ұзындығы бойынша гидравликалық кедергі коэффициентіне әсер ететін факторлар?
Қойылған міндет пен сынақ жүргізу ретін түсіндір.
№3 Зертханалық жұмыс