Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 хқес.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.64 Кб
Скачать

59 Сатып алушы оның қаржылық есептілігін пайдаланушыға:

(а)              ағымдағы есепті кезең ішінде;

(b)              есеп күні аяқталған кейін, бірақ қаржылық есепті шығаруға бекіткенге дейін жүзеге асырылған бизнесті біріктірудің сипатын және қаржылық салдарын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.

60            59 -тармақтағы мақсаттарға жету үшін, сатып алушы В64-В66 -тармақтарға аталған ақпараттарды ашып көрсетуі тиіс.

61           Сатып алушы қаржылық есептілікті пайдаланушыларға ағымдағы кезеңде бизнесті біріктіруге қатысты танылған, ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдерде жүзеге асырылған түзетулердің қаржылық салдарын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашқаны жөн.

62            61 -тармақтағы мақсаттарға жету үшін, сатып алушы В67 -тармақтағы аталған ақпараттарды ашып көрсетуі тиіс.

63            Егер осы немесе басқа ХҚЕС-тары (IFRS) бойынша талап етілетін нақты ақпараттарды ашып көрсету 59 және 61 -тармақтарда аталған мақсаттарға сай келмесе, сатып алушы сол мақсаттарға жету үшін қажетті кез келген қосымша ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ

Күшіне ену күні

64        Ұйым осы ХҚЕС-ты(IFRS) қолдану күні 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін басталатын бірінші жылдық есепті кезеңнің басталған күні немесе одан кейін болатын бизнес бірлестіктеріне проспективті түрде қолдануы тиіс. Ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Алайда, осы ХҚЕС (IFRS) тек 2007 жылдың 30 маусымында немесе одан кейін басталатын жылдық есепті кезеңнің басында қолданылуы тиіс. Егер ұйым осы ХҚЕС-ын (IFRS) 2009 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданса, сол ақпаратты ашып көрсетуі тиіс және 27 (2008 жылы түзетілген) ХҚЕС-ын (IAS) сол ертерек мерзім ішінде қолдануы тиіс.

64 А       [Жойылған]

64B.        2010 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС(IFRS) Жетілдірулер 19, 30 және B56 -тармақтарына өзгерістер еніп, B62A және B62B -тармақтары қосылды. Ұйым осы өзгерістерді 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап немесе одан кейінгі жылдық мерзімдер үшін қолданылуы тиіс. Бұдан ерте қолданылу рұқсат етіледі. Егер ұйым өзгерістерді ерте мерзімдер үшін қолданса, ұйым бұл туралы хабарлауы тиіс. Осы ХҚЕС (IFRS) бірінші рет қолданған күннен бастап проспективті болуы тиіс.

64C         65A-65E -тармақтары 2010 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС(IFRS) Жетілдірулерге сәйкес енгізілді. Ұйым осы өзгерістерді 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап немесе одан кейінгі жылдық мерзімдер үшін қолданылуы тиіс. Бұл мерзімнен ерте қолданылу рұқсат етіледі. Егер ұйым өзгерістерді ерте мерзімдер үшін қолданса, ұйым бұл туралы хабарлауы тиіс. Бұл өзгерістер бизнес біріктірулерінен туындайтын шартты сыйақы қаржылық жағдай есептеріне  ХҚЕС (IFRS) қолдану күнінен, 2008 жылы шығарылған, ертерек сатып алу күні қолданылуы тиіс.

64D         2010 жылы қазан айында жарияланған 9 ХҚЕС (IFRS)  16, 42, 53, 56 және 58(b) -тармақтарына түзетулер ендіріп, 64A -тармағын жойды.  Ұйым 2010 жылы қазан айында жарияланған 9  ХҚЕС (IFRS) стандарты бойынша енгізілген түзетулерді басшылыққа алуы тиіс.

64Е         2011 жылы мамыр айында жарияланған 10 ХҚЕС (IFRS)А қосымшасы, 7,В13,В63(е),тармақтарына түзетулер енгізді.  Ұйым жарияланған 10  ХҚЕС (IFRS) стандарты бойынша енгізілген түзетулерді басшылыққа алуы тиіс.

64Ғ         2011 жылы мамыр айында жарияланған 13 ХҚЕС (IFRS) әділ құнның анықтамасы бойынша А қосымшасы, 20,29,33,47,В22,В40,В43-В46,В49,В64 тармақтарына түзетулер енгізді.  Ұйым жарияланған 13 ХҚЕС (IFRS) стандарты бойынша енгізілген түзетулерді басшылыққа алуы тиіс.

64G           2012 жылы қазан айында жарияланған Инвестициялық ұйымдар (10-шы ХҚЕС-ке (IFRS), 12-ші ХҚЕС-ке (IFRS) және27-ші ХҚЕС-ке (IAS) енгізілген өзгертулер),7-ші тармаққа түзету енгізіп және 2А тармағы қосылды.Осы ХҚЕС (IFRS) тек 2014 жылдың 1 қаңтарында  немесе одан кейін басталатын жылдық есепті кезеңнің басында қолданылуы тиіс. Бұл мерзімнен ерте қолданылу рұқсат етіледі.Егер ұйым өзгерістерді ерте мерзімдер үшін қолданса, Инвестициялық ұйым-ғаенгізілген барлық түзетулердіқолдану қажет.

               Өтпелі кезең шарттары

65                  Ұйымдарды біріктіруден туындаған сатып алу күні осы ХҚЕС (IFRS) қолдану күнінен бұрын болған активтер мен міндеттемелер осы ХҚЕС-ын (IFRS) қолданудан соң түзетілмеуі тиіс.

65A        Сатып алу күндері ұйымның осы ХҚЕС-ын (IFRS) бірінші рет қолдану күнінен, 2008 жылы шығарылған, бұрын болған бизнес біріктірулерінен туындайтын шартты сыйақы қаржылық жағдай есептері осы ХҚЕС-ты(IFRS) бірінші рет қолданудан кейін өзгертілмеуі тиіс. Сол қаржылық жағдай туралы есептер үшін кейінгі есептеуде 65B-65E -тармақтары қолданылуы тиіс. Сатып алу күндері осы ХҚЕС (IFRS)бірінші рет қолдану күнінен бастап, 2008 жылы шығарылған,  немесе одан кейінгі бизнес біріктірулерінен туындайтын шартты сыйақы қаржылық жағдай туралы есептер үшін 65B-65E -тармақтары қолданылмауы тиіс. 65B-65E -тармақтарындағы бизнес біріктірулері сатып алу күндері 2008 жылы шығарылған осы ХҚЕС (IFRS) бірінші рет қолдану күнінен бұрын болған бизнес біріктірулеріне ғана тиісті.

65B         Егер бизнесті біріктіру келісімшарты болашақ оқиғаларға тәуелді болатын біріктіру құнының өзгеруін ескерсе, сатып алушы өзгеріс мөлшерін сатып алу күніндегі біріктіру құнының құрамына қосуы тиіс, өзгеріс мүмкін болса және сенімді түрде өлшене алса. 

65C         Бизнесті біріктіру келісімшарты болашақтағы бір немесе одан да көп оқиғаларға тәуелді болатын біріктіру құнының өзгерістеріне байланысты бейімділік жасауға мүмкінді береді. Бейімділік, мысалы келешек мерзімдерде белгілі бір кіріс деңгейінің тұрақтануына немесе жетуіне, немесе ұсынылған құралдардың нарықтық бағасының тұрақтануына тәуелді болуы мүмкін. Әдетте біріктірудің бастапқы есебінде осындай кез-келген бейімділік жасау мөлшерін ақпараттың сенімділігін кемітпей-ақ, белгілі бір сенімсіздік бар болса да,  жуықтап табуға болады. Келешек оқиғалар тумаған жағдайда немесе жуықтап тапқан мөлшер тексерістен өту керек болса, бизнес біріктіруінің құнына сәйкесінше бейімділік жасалуы тиіс.

65D         Алайда, бизнесті біріктіру келісімшарты осындай бейімділік жасауға мүмкіндік берсе, бұл бейімділік мөлшері, бейімділік жасау мөлшері мүмкін болмаса немесе сенімді түрде өлшене алмаса, біріктірудің бастапқы есептелген құнына кірмейді. Егер кейін бұл бейімділік мүмкін болса және сенімді түрде өлшене алса, қосымша есепке алу біріктіру құнына бейімділік ретінде ескеріледі.

65E         Кейбір жағдайларда берілетін активтер құнының төмендеуіне, меншікті капитал құралдарының шығуына немесе сатылатын ұйымның бақылау құзыретімен алмасуы үшін сатып алушыда қадылданған міндеттемелердің пайда болуына байланысты сатып алушыдан сатылатын ұйымға компенсациялық төлем жасау талап етіледі. Бұл, мысалы, бизнес біріктірілу құнының бір бөлігі ретінде сатып алушы ұсынылған меншікті капитал немесе қарыз құралдарының нарықтық бағасына кепілдік бергенде және бастапқыда анықталған құнды қайтару үшін қосымша меншікті капитал немесе қарыз құралдарын ұсыну талап етіледі. Осындай жағдайларда, бизнес біріктірілу құнындағы ешқандай жоғарылау танылмайды. Меншікті капитал құралдарына келгенде, қосымша төлемнің әділ құны бастапқы қолданылған құралдарға тиісті құнның дәл сол мөлшерде төмендеуімен теңеледі. Қарыз құралдарына келгенде, қосымша төлем премиумдағы төмендеу немесе бастапқы ұсыныс кезіндегі   жеңілдіктің жоғарылауы ретінде қабылданады.

66                  Өзара ұйым сияқты, 3 ХҚЕС-ты(IFRS) әлі қолданбаған және сатып алу әдісін қолданып есепке алынған бір немесе бірнеше бизнес бірлестігі бар ұйым В68 және В69 -тармақтарындағы ауысу кезеңі ережелерін қолдануы тиіс.

Табысқа салынатын салықтар

67        Сатып алу күні осы ХҚЕС-ты(IFRS) қолдануға дейін орын алған ұйымдар бірігуі үшін, сатып алушы 12 ХҚЕС-тың (IAS) осы ХҚЕС (IFRS) бойынша түзетулер енгізілген 12 -тармағындағы талаптарды перспективті түрде қолдануы тиіс. Яғни, сатып алушы бұрынғы ұйымдар бірігуін есепке алуды, танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бұрын танылған өзгерістері бойынша, өзгертпеуі тиіс. Дегенмен, осы ХҚЕС (IFRS) қолданылған күннен бастап, сатып алушы пайда немесе залалаға өзгеріс ретінде (немесе егер 12 ХҚЕС (IFRS) талап етсе, пайда немесе залалдан тыс) танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің өзгерістерін тануы тиіс.