Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус каз 2013 ОМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
719.36 Кб
Скачать

2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері.

Студент білуі тиіс:

  • иммунологияның тарихи даму жолын; иммунитеттің негізгі теорияларын, иммунитеттің түрлерін;

  • иммунды жүйенің ағзалық, жасушалық және молекулалық деңгейдегі құрылысын; оның негізгі қызмет ету принциптерін;

  • иммунды жауап туралы түсінікті, иммунокомпетент жасушалар кооперациясын, иммунды жауаптағы жасушалық және гуморалдық механизмдердің маңызын;

  • антигендерді, олардың негізгі түрлері мен сипаттамаларын;

  • гуморалды иммунитет жүйесінің құрылысы мен қызметін, иммуноглобулиндер класын;

  • комплемент жүйесінің құрылысы мен қызметтерін, активацияның негізгі жолдарын, комплементтің қалыпты жағдай мен патологиядағы маңызын;

  • спецификалы иммунды жауаптағы антигентаныстырушы жасушалардың негізгі түрлерін; антигендердің өңделуі мен таныстырылуын;

  • жасушалық иммунитет жүйесінің құрылысы мен қызметтерін, Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляциялары мен қызметтерін; жасанды және табиғи төзімділік түсініктерін;

  • иммунитет тапшылығы жағдайлары (ИТЖ) туралы түсінік пен олардың жіктелуін; ілкі және салдарлық ИТЖ клиникалық белгілері мен лабораторлық диагностика принциптерін;

  • адамның иммунды статусына лабораторлық баға беру әдістерін;

  • иммунды жүйенің реттелу механизмдерін; жүйке, иммунды және эндокринді жүйелердің қарым-қатынасының маңызын;

  • адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің құрылысын, локустардың қызметтерін; HLA-антигендердің тұқым қуалайтын ауруларға бейімділіктің генетикалық маркері ретіндегі маңызын;

  • трансплантацияның иммунологиялық проблемаларын;

  • ісікке қарсы иммунитеттің негізін, обырдың иммунды терапия мен иммунды диагностика әдістерін;

  • Кумбс пен Джелл бойынша жоғары сезімталдық механизмдерінің жіктелуін, жоғары сезімталдықтың негізгі түрлерінің патогенезі мен клиникалық үлгілерін; аутоиммунды аурулардың патогенезін;

  • вакциналық профилактика принциптерін, жаңа вакциналардың жіктелуін, вакцинация кезіндегі асқынулар мен оларды алдын алу шараларын .

Студент істей алуы тиіс:

  • Иммунограмма нәтижелерін талқылау, оларды клиникалық мәліметтермен, зертханалық нәтижелермен, құрал-жабдықтардың зерттеулерімен салыстыра алуы және осылардың негізінде иммуножетіспеушілік жағдайды анықтау;

  • Аллергиялық, аутоиммундық, инфекциялық аурулардың дифференциялды диагностикасын өткізу, клиникалық диагноз қою, ауруларды тексеруде қажетті зертханамен жабдықталған тәсілдердің комплексіне нұсқау жасау, оның ішінде балалар;

  • иммунды жетіспкушіліктің формасына сәйкес коррекциялық терапия жүргізу;

Студент үйрену керек

  • лейкограмма мен иммунограмма көрсеткіштерін түсіндіруді;

  • шеткері қандағы лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының салыстырмалы және абсолютті санын анықтауды;

  • иммунды ферментті талдау (ИФТ) әдісімен анықталған негізгі цитокиндер мен сарысулық иммуноглобулиндердің концентрациясын талдауды;

  • фагоциттердің жұту қабілетін, сонымен қатар, спонтанды және индукцияланған НКТ-тестінде олардың тотығу-тотоқсыздану потенциалын анықтауды;

  • трансплантациялау үшін лайық донор мен рецепиенттің HLA-антигендерін іріктеуді;

  • ғылыми, медициналық әдебиеттермен және интернет-ресурстармен өзіндік жұмыс жүргізуді .

2.5 Реквизитке дейінгі: Жалпы иммунология, қалыпты физиология, патологиялық физиология, фармакология.

2.6 Реквизиттен кейінгі: «Жалпы дәрігерлік тәжірибие», «Ішкі аурулар», «Педиатрия», «Хирургия» интернатура бағыттары.