Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус каз 2013 ОМ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
719.36 Кб
Скачать

1.7 Байланысу ақпараттары:

Астана қ. Қабанбай батыр к.29/а, АҚ «Астана медицина Университеті», дерматовенерология кафедрасы иммунология курсы. Тел. 8-717-2-51-15-24

1.8 Пәннің саясаты:

Кафедраның жалпы саясаты

Клиникалық иммунология әрбір дәрігер мен медициналық қызметкерге қажет білім, пән болып табылады. Иммунология ғылым ретінде клиникалық және теориялық медецинаның маңызды мәселелерін шешуге қабілетті. Болашақ маман қызметкерлік үшін қажет ұмтылыстармен мен теориялық білімді студенттер тәжірибелік сабақтардан алады. Бірінші сабақтан бастап студент сабаққа бір қалың дәптер, альбом, түрлі түсті карандаш, халат, бас киім, екінші аяқ киімі болу керек. Кафедраның негізгі талаптарының бірі тәжірибелік сабақтарға жүйелі түрде қатысу болып табылады. Себепсіз кешіккен сабақтар ақылы түрде игерімді. 15минуттан артық кешіккен студент сабаққа кіргізілмейді және ақылы түрде сабақты игереді. Сонымен қатар университеттің мүлкіне нұқсан келтірген жағдайда сәйкес түрдегі мөлшерде айыппұл төленеді.

Емтиханға және қорытынды тестілеуге тәжірибелік сабақтарға қатысқан және себепсіз қалмаған, тәжірибелік сабақтарды тапсырған студенттер жіберіледі. Кафедраның талаптарын орындамаған жағдайда (тәжірибелік сабақты тапсырмаған, соның ішінде СӨЖ орындалмаған) студент ақылы негізде курсты қайта оқиды.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Иммунология перспективті және өркендеп жатқан медициналық-биологиялық ғылымдардың қатарына жатады, оның теориялық қағидалары денсаулық сақтауда кеңінен қолданылуда.

Қазіргі иммунологиядан алынған мәліметтер көптеген аурулардың патогенезіне, диагностикасына, еміне және алдын алу шараларына көзқарастарды өзгертті. Жалпы иммунологияның жетістіктері негізінде клиникалық иммунология мен аллергология пайда болып, кеңінен дамыды. Иммунитет тапшылығының жіктелуі, лабораторлық диагностикасы және емі құрастырылды: аутоиммунды, жұқпалы, аллергиялық, онкологиялық және басқа да бірқатар аурулардың дамуы мен ағымында иммунды жетіспеушіліктердің маңызы дәлелденді. Клиникалық практикада иммунды коррекциялық препараттар кеңінен қолдануда, соның ішінде рекомбинантты цитокиндер және цитокинге қарсы моноклонды антиденелер негізіндегі дәрілік препараттар. Қазіргі иммунологияның жетістіктеріне трансплантологиядағы жаңалықтарды, жаңа топты вакциналардың ашылуын, АИВ-жұқпасымен байланысты күрделі мәселелер шешілуін жатқызуға болады.

Сонымен, иммунологияның зерттейтін сұрақтары өте көп және барлық мамандықтағы дәрігерлер үшін үлкен қызығушылықты тудырады. Сондықтан, медицина мамандарын дайындау үшін жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына жалпы иммунология енгізілген

2.2 Пәннің мақсаты: студенттерде ағзалық, жасушалық және молекулалық деңгейде иммунды жүйенің құрылысы мен қызметі жөніндегі, сонымен қатар, дені сау ағзаның тіршілігіндегі және иммунды патологиялық үдерістердің дамуындағы иммунды жүйенің маңызы туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыру.

2.3 Оқыту мақсаттары: Кафедрада клиникалық иммунология мен аллергология пәні бойынша студенттерді оқытуда негізгі міндет жан-жақты көлемде теориялық білімді меңгерген, клиникалық-зертханалық құрал-жабдықтың мәліметтер нәтижесін табысты бағалауға қабілетті, иммунды тапшылық жағдайдағы ауру күдігін табуға қабілетті, дифференциялдық-диагностикалық іс жүргізу, сәйкес тексерілу және емдеу комплексн бағыттайтын дәрігер дайындау.