
- •Сабақ №3. Дәріс №6. Нысандардағы тж кезінде ақ бойынша іс-шараларды жоспарлау.
- •1 Бөлім - Азаматтық қорғаныстың бейбіт уақытына жоспары іі бөлім - Азаматтық қорғаныстың соғыс уақытына жоспары
- •III. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары
- •IV. Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша атқаратын міндеттері.
- •«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» қр Заңы
- •VI.Төтенше жағдайлар салдарынан зақымданған тұрғын үйлерді қаржыландыруға қажет құжаттар тізімі
Сабақ №3. Дәріс №6. Нысандардағы тж кезінде ақ бойынша іс-шараларды жоспарлау.
АҚ жоспарының мақсаты мен оған қойылатын талаптары
Халықты, аумақтарды және шаруашылық объектілерін (нысандарын) қорғау жөніндегі АҚ шараларын жүзеге асыру және АҚ жүйелерін төтенше жағдайларға және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдануға қарсы іс-әрекет жасауға алдын-ала дайындау мақсатында барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарында, меншік нысанына қарамастан ұйымдарға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдары бекіткен жоспар құрылымына сәйкес АҚ-тың жоспары жасалынады.
1 Бөлім - Азаматтық қорғаныстың бейбіт уақытына жоспары іі бөлім - Азаматтық қорғаныстың соғыс уақытына жоспары
Азаматтық қорғаныстың жоспары аумақ пен ұйымдардың, жергілікті жағдайдың ерекшеліктері, сол аумақта болуы мүмкін төтенше жағдайы, зақымдау құралдарының қолдануы ықтималдығын және олардың қазіргі дамуын ескере отырып жасалынады. Жоспарды жасау, шаралар анықтау үшін Азаматтық қорғаныстың орталық және жергілікті басқару органдары болуы ықтимал табиғи апат пен апатты, сондай-ақ осы аумақта орналасқан өте қауіпті объектілердің (радиациялық, химиялық және басқа да) қанша екендігін ескере отырып ықтимал жағдайлары негізделген аумақтың қауіп - қатер картасын жасайды.
АҚ-тың жоспары қалаларды топтарға, ал ұйымдарды АҚ бойынша санаттарға жатқызуды ескере отырып жіктеу бойынша жасалынады. Қалаларды топтарға, ал ұйымдарды АҚ бойынша санаттарға (бөлуді) жатқызуды ҚР Үкіметі анықтайды.
а) Ұйымдар мен кәсіпорындар деңгейінде: АҚ жоспары, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жоспары әзірленеді.
б) Селолық ауданның АҚ жоспары басқарудың негізі болып саналады, жұмысшыларды, қызметшілерді және тұрғындарды қорғау бойынша негізгі міндеттер шешімінің тәртібін, ауылшаруашылық өндірісін, қарсыластың шабуылы зардаптарынан жою шараларын өткізуді, бүлінген қалаларға жәрдем беруді, сондай-ақ өндіріс апаттары мен ТЖ зардаптарын жоюды анықтауға тиіс.
АҚ жоспарын жоспарлау бейбіт уақытта жүргізіледі. Басшылар мен АҚ басқару органдарының барлық буындарының басты міндеті АҚ бейбіт және соғыс уақытына өз уақытында әзірленген жоспары болып табылады.
АҚ жоспары – бейбіт және соғыс уақытында АҚ-тың өзіне жүктелген міндеттерін орындау жөніндегі жүзеге асырылатын іс-шараларының мөлшерін, ұйымдастыруын, тәртібін, тәсілдерін және мерзімдерін анықтайтын құжат.
Бұл құжатта:
-АҚ-тың міндеті, АҚ бастығының және олардың орындалуы;
- ҚжБШЖ(қауіпті жағдайда барлау шараларын) жүргізу үшін күш пен құралдарды анықтау, өзара әрекеттестік тәртібі, жан-жақты қамтамасыз ету және оларды басқару;
Ұйымның жұмыс істейтін қызметкерлері мен қалған халықтың іс-әрекет тәртібін белгілеу, АҚ міндеттерін шешу кезіндегі басқару органдарының жұмыстары анық және дұрыс баяндалуы тиіс.
Бір үлгіде бекітілген АҚ жоспары құрылымына сәйкес, екі бөлімнен тұратын АҚ жоспары бір тұтас қажет ретінде әзірленеді.
1 бөлім. Нысандардағы «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ- дың алдын алу мен оны жою жөніндегі АҚ-тың бейбіт уақытқа жоспары (сәйкес қосымшаларымен).
2 бөлім. Нысандардағы АҚ-тың соғыс уақытына жоспары. (сәйкес қосымшалармен)
2-ші оқу сұрағы: Нысандардағы «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дың алдын алу мен оны жою жөніндегі АҚ шараларының бейбіт уақытқа жоспары (оның құрылымы, мазмұны және қосымшалары).
АҚ жоспарының бейбіт уақытқа жасалған бөлімі төтенше жағдайға жедел қимылдау жоспарының жүйесін ұсынады, қауіп дәрежесіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын, байқау және бақылау жүйелерін дайындау жоспарын, АҚ-тың ТЖ алдын алу мен оны жоюдың Мемлекеттік жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасы авариялық-құтқару қызметі құрамаларының күш пен құралын дайындау жоспарын, халыққа жедел-жәрдем көрсету мақсатында оны қолдану тәртібін, авариялық-құтқару жұмыстарын басқа да шұғыл жұмыстарын және көшіру шараларын қамтиды.
АҚ жоспарына қосымша ретінде АҚ негізгі көрсеткіштері, карталары (үлгілері) және түсіндірме жазбасы кіреді. Міндетті қосымшаның тізімі бекітілген жоспар құрылымында келтіріледі.
Халықты, аумақтарды және ұйымдарды қорғау АҚ пен ТЖ-дың барлық басқару органдарының, күш пен құралдарының, ұйымдардың тығыз өзара әрекеттестігі арқылы жүзеге асырылады.
Халықты, аумақтарды және объектілерді қорғау жөніндегі АҚ-тың шараларын жоспарлау әсіресе аймақтардың ерекшелігіне және ең алдымен сол аймақта болуы ықтимал табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға, табиғи апатқа, жер сілкінісіне, теңіздер мен ірі суаттардың деңгейінің өзгеруіне, пайдалы кен байлықтарын қазудағы кен орындарын өндіру және басқа да факторлар сияқты адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ерекшеліктерін қарауы тиіс.
АҚ жоспарымен қаралған шаралар осы шараларды тікелей ұйымдастырушы және жауапты орындаушыларға дейін жеткізіледі. ТЖ қаупі төнген кезде өзін-өзі ұстау және іс-әрекет жасау ережелері халыққа хабарланады.
ТЖ-дың зардаптарын жою кезінде бірлесіп іс-әрекет жасауды, күш пен құралдарды нәтижелі пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында АҚ пен ТЖ-дың басқару органдары әскери командованиямен, министрліктер және ведомстволармен, біртұтас авиациялық іздестіру-құтқару қызметімен, ТМД елдерінің корпус күштерімен, республикалық көлік ұйымдарымен, күш пен
құрал бөлетін басқа да ұйымдармен бірлесіп өзара әрекеттестіктің тиісті жоспарын жасайды.
3-ші оқу сұрағы. Нысандардағы АҚ шараларының соғыс уақытына жоспары (құрылымы, мазмұны және қосымшалары).
АҚ соғыс уақытына жоспары, АҚ-тың бейбіт уақыттан соғыс жағдайына ауысқандағы шараларының мазмұны мен құрамын, оларды жүзеге асырудағы мезгілі мен амалдар тәртібін, қазіргі заманғы зақымдау құралын қолданғанда оның зардаптарын жоюдағы тұрғындар мен АҚ күштерінің іс-әрекеттерін анықтайтын құжат.
АҚ жоспарының соғыс уақытына жасалған бөлімін жасау кезінде, халықты қорғау жөніндегі шараларды жоспарлауда төмендегі негізгі принциптер басшылыққа алынуы тиіс:
-халықты паналау ғимараттарында жасыру;
- халықты көшіру және бөліп жайғастыру;
-жеке қорғану құралдары мен медициналық қорғану құралдарын пайдалану.
Азаматты қорғанысты жіктеу бойынша санатталған қалалар мен объектілер үшін соғыс уақытында оларға қосымша шаралар:
-санатталған объектілердің жұмыс тұрақтылығын арттыру;
-халықты эвакуациялау және бөліп жайғастыруды ұйымдастыру мен жүргізу;
-шекара жанындағы аудандардан, жақын орналасқан маңызды объектілерден және әскери іс-қимыл болуға тиіс аудандардан;
- қосалқы және қала сыртындағы басқару пункттерін ұстау және жұмыс істету;
- әскери командования органдарымен, соның ішінде аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзара әрекеттекстікті ұйымдастыру;
- жасырыну ғимараттарындағы жұмысшылардың, қызметкерлердің және халықтың қорғануын және тәртібін ұйымдастыру;
- жұмыс істейтін қызметкерлерді және халықты бекітілген нормаға сәйкес жасырыну ғимаратымен, және жеке медициналық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін, олардың өмірін қамтамасыз ететін басқа да шаралар жоспарланады.
Азаматтық қорғаныс жоспары Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын уақытында және толық хабарлануын қарауы қажет. Бұған төтеншге жағдайлар мониторингін ұйымдастыру және жұмыс істету арқылы жетуге болады.
Жағдайды болжау және талдау жасау, хабарлау үшін шешім қабылдау, бекітілген нұсқаға сәйкес орталықтандырылған уәкілетті адамдар арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы хабарлау туралы шешім қабылдайды.
АҚ пен ТЖ-дың басқару органдарында шешім қабылдау жөніндегі хабарлама мен техникалық қолдауды ереже бойынша, тиісті басқару пункттеріне орналасқан жағдай орталықтары қамтамасыз етеді.
4-ші оқу сұрағы. АҚ жоспарын бекіту тәртібі, сақтау, жүзеге асыру және өзгерістер мен түзетулер енгізу
АҚ жоспарын, нысанның (қала, аудан, мекеме) АҚ штабының бастығы бір дана көлемінде әзірлеп ауданның (қаланың) аумақтық ТЖ органдарымен келісіледі, содан кейін АҚ-тың бастығымен (бірінші басшылар) бекітіледі.
АҚ жоспарының мазмұндары нысанның барлық қызметкерлеріне жетілдіріледі. Жауапты адамдарға ТЖ-ларда олардың атқаратын міндеттерінің тізбесімен күнтізбелік жоспардан көшірме жасалынады.
АҚ жоспарының бірінші бетіне (парағына) жыл сайын, қаңтар айының алғашқы күндерінде нысанның АҚ штабы бастығының қолымен түзетулер мен өзгерістер енгізіледі.
АҚ жоспарының әрбір бөлімдерін әзірлеуде нысанның АҚ бастығы өз бұйрығымен жауапты адамдар тағайындайды.
АҚ жоспарын әзірлеуде тікелей жауапкершілік АҚ штабы бастығы атқарады.
Штаб бастығы АҚ жоспарынәзірлеугетартылған АҚ басқадайоргандарыныңіс-әрекетіменкелісіліп штаб жұмысынұйымдастырады.
АҚ бастығы осы бұйрығындақұжаттардыдайындауға, бөлімдердіталқылауғажәне АҚ жоспарынтолық (тұтас) талқылауғақажеттімерзімі мен уақытынбелгілепанықтайды.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендіксипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардыңжәне апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.