Энтеровирустық сары сулық менингит
Бұлар
Коксаки және ЭСНО вирустары туғызатын
менингиттер, жаз айларында жиі кездеседі.
Негізгі тарау жолы ауа-тамшы жолы және
фекальды-оральды жол кездеседі. Балалар
жиі ауырады. Инкубациялық кезеңі 2-8 күн.
Клиникасы.
Ауру жедел басталады, дене қызуы жоғары
көтеріліп, қатты бас ауру, құсу пайда
болады. Дене қызуы бір аптаға дейін
сақталынады. Аурудың беті қызарып,
мұрын-ерін маңы көкшіл тартады,
коньнюнктивит, ангина, ерінде, мұрында
герпестік бөртпелер байқалады. Петехиальді
бөртпелер ауыз қуысында пайда болады.
Қандағы лейкоциттердің саны көбейеді.
СОЭ көтеріледі.
Негізгі
клиникалық синдром гипертензиялық
синдром, ол-бастың қатты ауруымен,
құсумен байқалады. Менингеальдық синдром
2-3 күннен кейін дамиды. Бел пункциясын
жасағаннан кейін аурудың басының
ауырғаны азайып, жағдайы жақсарады.
Ликвордың
қысымы өте жоғары, мөлдір, лимфоцитарлық
плеоцитоз байқалады, клеткалар саны
бірнеше жүздеп саналады (300-500).
Ағымы
қатерсіз, екі аптадан соң аурудың жағдайы
жақсарады. Көбіне энтеровирустық
менингит толық сауығуымен аяқталады.
Кейде рецидивтік ағымы байқалады. Бұл
менингиттің этиологиясын анықтау көп
жағдайда мүмкін емес.
Емдеу
жолдары-дезинтоксикация, денсебилизация,
дегидратация және симптоматикалық
емдеу қолданамыз.