Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№9 для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.1 Кб
Скачать

Туберкулездік менигит

Бұл екіншілік менингит, көбіне өкпе туберкулезінің асқынуы болып табылады. Кейде мидың жұмсақ қабығының қабынуынан басқа ағзалардың қабынуы табылмауы мүмкін. Көбіне балаларда кездеседі.

Патологиялық анатомиясы. Ми қабығының қызарып, түсі өзгереді. Сарғыш сұрғылт түсті туберкулемалар мидың астында бас сүйектің негізінде, сильвиев жүлгесі маңында орналасады. Ми қарыншалары кеңейіп, ми сұйықтығына толады.

Туберкулездік менингиттік эксудаты құрамында фибрин көп болады. Кейбір жағдайда созылмалы не қайталамалы түріне айналуы мүмкін, онда мидың қан тамырлары зақымданады, беріштер, петрификаттар пайда болады.

Клиникасы. Іріңдік менингиттермен салыстырғанда, бұл ауру баяу басталады 1-3 апта бойы субфебрильдік температура, әлсіздік, ашушаңдық, жүдеу, адинамия, ұйқының бұзылуы байқалады. Оған бас ауру, құсу, психикалық өзгерістер қосылады. Бұдан кейін менигиеальдық синдром дамиды. Бір ерекшелігі, ми қабығының тітіркенуінен пайда болатын, менингеальдық симптомокомплекс белгілері тұтас кездеспейді.

Балалардың еңбегі көтеріліп, қатаяды. Ми нервтерінің әсерінен III, VI, VII нервтердің зақымдануы байқалады. Талмас, естен тану, пирамидалық белгілер болуы мүмкін. Балаларда менигеальдық кейіп «поза) дамиды.

Ми сұықтығын тексергенде-ликвор мөлдір, ксантохромды түске енеді. Клеткалар саны бірнеше жүздеп саналады және лимфоциттерден тұрады, белоктың мөлшері артады, 24 сағаттан кейін, тұнып тұрған ликвордың бетіне өте нәзік тор түрінде қабыршақ түзіледі. Бұл қабыршақтан Кох таяқшаларын көруге болады. Қант пен хлоридтердің мөлшері азаяды.

Өкпенің рентгенограммасында ошақтық немесе милиарлық туберкулез немесе лимфоаденит болады. Көз түбінде көру нервінің дискісінде атрофия және ликвордың тоқырау белгісі байқалады.

Қанда, іріңдік менингиттерге тән өзгерістер (СОЭ-ның жоғарлауы, лейкоцитоз) болмауы мүмкін. Манту реакциясы 94%-ке дейін оң болады.

Емдеу жолдары неғұрлым жақсарған сайын, туберкулездік менингиттің асқынулары, салдары азая түседі. Ликвор емделгеннен соң, бірнеше айдан кейін қалыпқа келеді. Толық жазылған ауруларда туберкулездік менингит қайталуы мүмкін, яғни созылмалы түрге айналады.

Емдеу жолдары. Көбіне «тройная» терапия қолданылады: изониазид, рифампицин, пиразинамид дәрілері тағайындалады. Изониазидті пиридоксинмен (витамин В6) қатар қолданылады. Ауру жағдайларда стрептомицинді қосады. Парааминосалицил қышқылы (ПАСК) қолданылады. Стрептомицинді эндолюмбальды қолдануға болады.

Стероидтық гормандарды (преднизолон) төмендету схемасы бойынша қолданамыз. Егер субарахноидальдық кеңістікке ликвор айналысына бөгет дамып, блок байқалса гидрокортизонды 10-25 мг мөлшерінде бірнеше рет субарахнодальды қолдану қажет. Алғашқы 20 күн ішінде емдеу басталмаса, 10 процентке дейінгі жағдайларда өлім қаупі туады.

Жедел сары сулық менингиттер

Бұлар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Екіншілік менингиттер жалпы инфекциялық аурулардың асқынулары болып табылады. Ол мына аурулардан кейін дамиды: тиф, бруцеллез, ревматизм, грипп т.б.

Біріншілік сары сулық менингиттердің қоздырғыштары Армстронг және Лилли ашқан вирустар. Біріншілік сары сулық менингит немесе жедел лимфоциатрлық хириоменингит көктем кездерінде шағын ошақтық эпидемия береді. Көбіне 20-35 жастағы үлкендер ауырады.

Вирустың тасымалдаушылары сұр тышқандар.

Клиникасы. Жедел басталады, аурудың денесінің ыстығы 38-39-ға дейін көтеріледі, назофарингит, бас ауыру, әлсіреу тәрізді белгілермен продромальдық уақыт байқалуы мүмкін. Өте қатты бас аурудан басқа менингеальдық симптомокомплекс жеңіл түрде көрінеді. Ми нервтері зақымданады, пирамидалық симптомдар болу мүмкін.

Ликвор мөлдір, қысымы өте жоғары, белок аздап көтеріледі. Цитоздың саны жүзге дейін көтеріледі, лимфоцитарлық плеоцитоз байқалады. Бұл менингитке пайда болған симптомдардың тез қайтуы және өзгеріске ұшырап отыруы тән. Дифференциалдық диагностикасын туберкулездік менингитпен жүргіземіз, серологиялық тексерулердің қорытындысына назар аударған жөн және клиникасы мен аурудың даму ерекшеліктері көмектеседі.

Емдеу сипмтоматикалық принципке негізделген. Дегидратациялық ем, аналгетиктер, бел пункциясын емдік мақсатпен бірнеше рет қайталау қолданылады. Бір жұмада аурудың ыстығы қайталап, 2-4 жұмада менингеальдық синдром жойылады. Кейде ауыр түрі кездеседі, асқыну түрінде көз түбіндегі тоқырау және көру нераінің атрофиясы, жеңіл парездер, созылмалы гидроцефалия байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]