- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау № 10
- •Құрастырған: ассистент Тусупбекова а.К Семей қаласы, 2009ж
- •Іріңдік және сары сулық менингиттер, жіктелуі, клиникасы, емдеу жолы
- •Біріншілік іріңдік індеттік менингит
- •Екіншілік іріңдік менингит
- •Туберкулездік менигит
- •Жедел сары сулық менингиттер
- •Энтеровирустық сары сулық менингит
Біріншілік іріңдік індеттік менингит
Менингококктік індеттік менигит. Қоздырғышы Вейксельбаум граммтеріс диклококктар. Олар микроскоппен лейкоциттер ішінде немесе клеткалардан тыс анықталады. Ауа-тамшы жолы арқылы жұғады. Ауру адамнан немесе сау тасымалдаушы адамдардан жұғады. Қоздырғышы мұрын, жұтқыншаққа еніп, назофарингит туғызады да, лимфогендік не гемотогендік жолмен организмге тарайды.
Патоморфологиясы. Мидың жұмсақ және торлы қабықтары зақымданады. Мида, қан тамырларында қанның тоқырауы, периваскулярлық диапедездік микрогеморрагия. Ісіну байқалады. Торлы қабық астындағы кеңістік іріңдік эксудатқа толады. Іріңді экссудат миға таралып, іріңді ошақтар мида пайда болса менингоэнцефалит дамиды.
Клиникасы. Көктем, күз айларында кездеседі. Инкубациялық кезеңі 3-7 күнге созылады. Ауру жедел басталып, дене қызуы 39-40 дейін көтеріледі, басы ауырып құсады, бас ауруы өте қатты болады, мойынға, иыққа беріледі. Ауыр жағдайларда психомоторлық қозу, эпилепсиялық ұстама ұстауы. Есінен тануы мүмкін. Менигиеальдық синдром дамиды, барлық менингеальдық симптомокомплекстердің белгілері айқын көрінеді, ошақтық симптомдар болмайды. Кейде көз қозғалту нервтерінің зақымдануы байқалады. Менингококкцемияның әсерінен санның, арқаның, құрсақ терілерінде бөртпелер болуы мүмкін.
Диагностикасы клиникалық ерекшелігіне, яғни жалпы инфекциялық қабыну симптомдарының өте жедел дамуына, менингеальдық синдромның басым болуына және ликвордың өзгерістеріне негізделіп қойылады. Бел пункциясында ми сұйықтығының қысымы жоғары, түсі сарғыш жасыл (іріңнің түсі), мөлдір емес. Клеткалар саны бірнеше мыңдап саналады 2000-10000 және нейтрофильді цитоз болады. Қанттың мөлшері өзгермейді, кейде микроскоппен менигококктарды көруге болады. Қанда лейкоцитоз және СОЭ жоғарлайды. Жедел кезеңінен кейінгі асқынуларына эпилепсиялық синдром, гидроцефальды-гипертензиялық синдром көру нервтерінің атрофиясы, нейросенсорлық есту қабілетінің бұзылуы т.б. жатады.
Емдеу жолының негізгі принциптері:
1.Індеттің алдын алу шаралары
2.Этиотроптық ем
3,Патогенездік ем
4.Симптоматикалық ем
Ауруларды инфекциялық бөлімге (бокс) жатқызу керек. Ошаққа дезинфекциялық шараларды жасау керек. Бұл менингитті емдеудің негізгі жолы пенициллиннің үлкен дозасын қолдану. Тәулігіне ересектерге 20 миллионға дейін қолданылады. 2000000-3000000 бірлікке дейін күніне алты рет егеміз. 7-10 күн қолданамыз. Ампициллинді тәулігіне 12-15 граммға дейін қолданамыз. Ауыр жағдайларда сульфаниламидтер қоса қолданылады.
Екіншілік іріңдік менингит
Бас сүйектен, бастың жұмсақ тіндерінен, құлақтан, немесе лимфа және гематогендік жол арқылы организмдегі басқа қабыну ошағынан, іріңдік қабыну процесстердің қоздырғыштары (бактериялар) субарахноидальдық кеңістікке өтуі арқылы пайда болатын менингиттерді екіншілік іріңдік менингит деп атаймыз. Бұл көбіне құлақтың, көздің, мұрынның іріңдік аурулары және пневмония, эндокардит, сепсис ауруларынан кейін дамиды.
Клиникасы біріншілік менингитке өте ұқсас болады. Жалпы инфекциялық, интоксикациялық синдромның үстінде менингеальдық симптомокомплекс тез дамиды. Басында тахикардия, соңынан брадикардия болады. Ликвордағы өзгерістер де біріншілік менингит тәрізді.
Емдеуді негізгі ошаққа қарсы емнен бастайды. Менингококктік менигитті емдеу жолында көрсетілген емдеу принциптерімен қосымша іріңдік құлақ, мұрын ауруларында, бас сүйектің остеомиелиттерінде операциялық ем қолданылады. Асқынулары түрінде талма, көру және есту нервтерінің зақымдануы, психикалық өзгерістер, гипертензиялық гидроцефальдық синдром кездеседі.
