
- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау № 10
- •Құрастырған: ассистент Тусупбекова а.К Семей қаласы, 2009ж
- •Іріңдік және сары сулық менингиттер, жіктелуі, клиникасы, емдеу жолы
- •Біріншілік іріңдік індеттік менингит
- •Екіншілік іріңдік менингит
- •Туберкулездік менигит
- •Жедел сары сулық менингиттер
- •Энтеровирустық сары сулық менингит
G-041.07.01.13-2007
|
2003,2005 ж. ЖМБС бойынша сабақтардың әдістемелік нұсқаулары(сарамандық, семинарлық, зетханалық сабақта) |
01.08.2007ж №01 тек |
Бет |
Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
ФАКУЛЬТЕТІ: ЕМДЕУ
КАФЕДРАСЫ: ЖҮЙКЕ АУРУЛАРЫ
Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау № 10
Тақырыбы: Менингеальдық синдром. Ликвор, оның құрамы, айналысы түзілуі және және олардың неврологиялық аурулар кезіндегі өзгеріске ұшырауы. Белокты клеткалық және клеткалы белоктық диссоция синдромы.
Менингиттер. Жіктелуі. Менингококктік менингит. Екіншілік іріңдік менингиттер. Жедел сероздық вирустық менингиттер.
Туберкулездік менингит. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі.
Курс:5
Құрастырған: ассистент Тусупбекова а.К Семей қаласы, 2009ж
І.Тақырыбы: Менингеальдық синдром. Ликвор, оның құрамы, айналысы түзілуі және және олардың неврологиялық аурулар кезіндегі өзгеріске ұшырауы. Белокты клеткалық және клеткалы белоктық диссоция синдромы.
Менингиттер. Жіктелуі. Менингококктік менингит. Екіншілік іріңдік менингиттер. Жедел сероздық вирустық менингиттер. Туберкулездік менингит. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі.
ІІ.Сабақтың ұзақтығы: 7,2 сағат
ІІІ.Маңыздылығы: Ми қабыну-энцефалиттер жиі кездесетін патология болмаса да, адам өміріне қауіп тудыратын және бұл патологиядан кейін ми қызметінің қалпына келуі толық болмай, аурулар мүгедектікке ұшырайтын залал.
Сондықтан бұл аурудың клиникасын, алдын алу шараларын білу жалпы студенттер үшін өте маңызды. Екіншілік энцефалиттер әсіресе ревматизм ауруынан кейінгі энцефалит көбінесе балаларда кездеседі, онын алдын алу шараларын жүргізу әр-бір дәрігердің міндеті.
ІУ.Сабақтың мақсаты: инфекционды-аллергиялық нейроинфекциялардың клиникасын, диагностикасын, емдеуін, алдын-алу шараларын оқып үйрену. Нерв жүйесінің инфекциялық ауруларының дифференциальдық диагностикасын білу.
Студенттер сабақ барысында мынан білуі және иегеруі керек:
*энцефалиттік синдром
*кенелік энцефалит
*індеттік энцефалит
*ревмоэнцефалит
*вакциналық энцефалиттер
*энцефалиттердің алдын алу шаралары
У.Өздік дайындыққа арналған сұрақтар:
а)негізгі пәндер сұрақтары:
1.Мидың анатомиясы
2.Ми қабықтары
3.Індеттелік
4.Біріншілік және екіншілік инфекциялар
5.Ревматизм ауруы
6.Қабынуды емдеу принциптері
б)тақырыптық сұрақтар:
1.Энцефалиттердің жіктелуі
2.Энцефалиттік синдром
3.Кенелік энцефалит клиникасы
4.Індеттік энцефалит
5.Ревмоэнцефалит
6.Вакциналық энцефалиттер
7.Энцефалиттердің алдын алу шаралары
8.Энцефалиттерді емдеу жолдары
9.Нейроревматизм
10.Нейросифилис
УІ.Ақпараттық-дидактикалық блок. Орталық нерв жүйесінің қабыну қабыну аурулары. Менингиттер. Энцефалиттер. Жедел миелит
Іріңдік және сары сулық менингиттер, жіктелуі, клиникасы, емдеу жолы
Менингит дегеніміз жедел түрде пайда болған ми қабықтарының қабынуы. Әсіресе, мидың жұмсақ және тор қабықтары қабынады. Мидың жұмсақ қабығының қабынуы лептоменингит, қатты қабығының қабынуы пахименингит және торлы қабықтың қабынуы арохноидит деп аталынады. Көбіне бұл ауруды бактериялар мен вирустар қоздырады.
Патогенезіне байланысты біріншілік және екіншілік болып екіге бөлінеді. Біріншілік менингит жеке өзіндік ауру болып табылады, ал екіншілік менингит организмдегі басқа аурудың асқынуы түрінде кездеседі.
Ми сұйықтығының өзгерісіне байланысты сары сулық және іріңдік болып бөлінеді. Ағымы бойынша жедел, қатерлі, баяу және созылмалы болып бөлінеді. Орналасуына байланыстьы церебральдық-ми қабықтарының қабынуы, спинальдық-жұлын қабығының қабынуы болып бөлінеді. Сонымен қатар церебральдық менингиттер-конвекситальдық бас-сүйектің күмбезіне қарай, базальдық-негізіне қарай орналасады.
Практикалық медицина көбіне М.Б.Цукер бойынша жіктеу қолданылады.
БІРІНШІЛІК САРЫ СУЛЫҚ МЕНИНГИТТЕР
а)лимфоцитарлық хориоменингит
б)Коксаки және ЭСНО (энтеровирустық) менингиттер
в)полиомиелиттік менингит
г)тұмау менингиті
2.ЕКІНШІЛІК САРЫ СУЛЫҚ МЕНИНГИТТЕР
а)ревматизм менингиті
б)мерез менингиті
в)токсоплазмоз менингиті
г)туберкулез менингиті
3.БІРІНШІЛІК ІРІҢДІК МЕНИНГИТ
а)менингококктік эпидемиялық менингит
4.ЕКІНШІЛІК ІРІҢДІК МЕНИНГИТТЕР
а)отогендік менингиттер
б)стафилококктік менингит
в)стрептококктік менингит
г)пневмококктік менингит
Этиологиясына, патогенезіне қарамастан барлық менингиттердің клиникасына менингеальдық синдром тән. Менингиеальдық синдромға бас ауыру, құсу, жалпы гиперестезия, менингеальдық кейіп, желке еттерінің тартылуы, Керниг, Брудзинскийдің үш симптомы және т.б. симптомдары жатады.
Бас ауыру үшкіл нервтік ұштарының тітіркенуінен және симпатикалық пен парасимпатикалық нерв ұштарының тітіркену себебінен пайда болады. Бас тұтас, керіп бара жатқандай өте қатты ауырады, құсу пайда болады.
Менингиальдық синдромның негізгі симптомдарының бірі жалпы гиперестезия. Аурудың есту, көру және терідегі сезімталдықтары артып, шуды, жарықты көтере алмайды.
Тонустық рефлекстердің әсерінен антогонист еттердің тонустары әр түрлі көтеріліп Керниг, Брудзинскийдің үш симптомы, желке еттерінің тартылуы, менингеальдық кейіп пайда болады.
Менингиттердің дифференциалдық диагностикасын жүргізуде ми сұйықтығын тексеру өте маңызды орын алады. Іріңдік менингиттерге нейтрофильді плеоцитоз, ал сарысулық менингиттерге лимфоцитарлық плеоцитоз тән.
Менингиттердің дифференциалдық анықтауда тез және нақты көмекті экспресс-иммунологиялық тексеру тәсілдері көрсете алады. Бұл тәсілдерге флюоресциялық антителаларды анықтау және қарсы иммунофорез жатады. Флюоресциялық анител тәсілі бактериялық және вирустық менингиттерді анықтайды, сонымен қатар «микст-менингит» деп аталатын аралас бактериалдық-вирустық менингиттерді де анықтайды. Иммунофорез тәсілі арқылы ликвордағы арнайы антигенді, яғни қоздырғыштардың белоктық құрамын бірнеше сағат ішінде анықтауға болады.