Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№8 для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76.29 Кб
Скачать

Ишемиялық инсульттер

Ишемиялық инсульт немесе ми инфарктісі атеросклероз, гипертониялық ауру немесе екеуінің қатар келуі, ревматизм, тамыр аурулары, уланулар және мойын остехондрозы ми ісігі себебінен дамиды.

Патогенезі. Тромбоз, эмболия және тамыр тарылу себебінен мидың бөліктеріне қан жетіспейді немесе мидағы қан айналысы біржола тоқтайды.

Эмболдардың ең жиі кездесетін түрі кардиогендік, олар аритмияларда, жүрек инфрактісінде, жүрек клапандарының протезінде, инфекциялық эндокардитте кездеседі, сонымен қатар атеросклероздық бляшкалардың бөліктері эмбол бола алады. Артериялардың атеросклерозы осы артерияларда тромб түзілуіне жағдай жасайды.

Тромбоздық емес инсульттер ми қан айналысының жетіспеуі негізінде дамиды, әр түрлі окклюзия, стеноз және ірі тамырлардың ирелеңі, бүгілуі бар болса, жалпы қан қысымы төмендеген кезде осы артериялар қореқтендіретін аймақтарда ишемиялық ошақ дамиды. Бұл ми инфарктісіне әкеліп соқтырады. Ми инфарктісі ақ және қызыл болып бөлінеді.

Ақ инфаркте қан жетіспеген жер іркілдеп, мидың заты жұмсарып, түсі ағарады, кейінен осы арадағы ми уатылып, бұл жер қуысқа айналады, немесе дәнекер затпен бітеліп, “беріш” пайда болады.

Қызыл инфаркт мидың сұр затында ғана дамиды. Ишемиялық ошаққа қан құйылады.

Клиникасы. Тромбоздық инсуль біртіндеп дамиды, көбіне ұйқыдан оянған кезде немесе таңертең байқалады. Алдында бір тәуліктей уақыт ішінде бас айналу, бас ауыру, қол-аяқтың әлсіреуі тәрізді нышандар байқалады. Көбіне аурудың есі анық, аздап бас ауру болады. Менингеальдық синдром болмайды.

Ишемиялық инсульттің клиникасында жалпы милық синдром болмайды немесе жеңіл түрде өтеді. Ошақтық симптомдар зақымданған бассейінге байланысты. Жиі зақымданатын ортаңғы ми артериясы. Яғни, гемипарез, геманестезия, гемианопсия, басым ми сыңары зақымданса афазиялар (моторлық, сенсорлық) пайда болады, VII, XII нервтерінің орталық зақымдануы байқалады.

Вертебро-базилярлық бассейіннің зақымдануы мишық атаксиясы мен альтернациялық синдромдарды береді. Ишемиялық инсульттің басталуы қан құйылуға қарағанда жәй, инсульттің алдында, алдын ала хабаршы тәрізді қол, аяқ ұюу, бас айналу, тіл күрмелу тәрізді ұсақ симптоматика байқалады. Олар тез арада қайтады. Бұдан соң клиникасы зақымданған бассейінге байланысты ошақтық синдром пайда болады. Кейде пайда болған ошақтық симптомдар бірнеше сағаттан тәуліктерге дейін дамиды.

Инфарктің аумағы өте үлкен болса, ауру тез есінен танып, ми ісіну дамып, өлім қаупі туады.

Инсульттердің дифференциялдық диагностикасы олардың дамуына, клиникасына, ошақтық жалпы милық және менингеальдық синдромдарды салыстыру және бел пункциясына байланысты жүргізіледі.

Ишемиялық инсульттің диагнозы бел пункциясынан кейінгі түссіз мөлдір ликворға және компьютерлік томограммадағы тығыздығы төмендеген ошақтардың пайда болуына негізделіп қойылады.

Емдеудің негізгі принциптері.

Емдеу жолы дифференциалдық (айырымды) және дифференциалдық емес (айырымсыз) болып бөлінеді. Айырымды емді ишемиялық немесе геморрагиялық инсульт екенін анықталғаннан кейін қолданамыз.

1.Геморрагиялық инсультті емдеу.

а)қан қысымын қалыптастыру (клофеллин, аминазин, пентамин, дибазол)

б)дегидратация (лазикс, диакарб т.б)

в)гемостатиктер мен қан құйылуды тоқтату (аминокапрон қышқылы, викасол, аскорбин қышқылы, хлорлы кальций)

2.Ишемиялық инсультті емдеу

а)спазмолиттиктер (эуфиллин, но-шпа, галидор)

б)антикоагулянттар мен фибринолитиктер (гепарин, синкумар, неодикумарин, фибринолизин)

в)мидың микроциркуляциясын жақсарту (кафинтон, трентал, реополиглюкин, сермион).

Қан айналымын жақсарту үшін кардиотоникалық (строфантин, коргликон, дигоксин) препараттарды қолданған жөн, олар жүректің қағысын жақсартып, инуттық қан мөлшерін көбейтеді және мидағы веноздық тоқырауды азайтады. Бұл кезде нимодепинді тәулігіне 60 мг 3-4 ретке бөліп ішу керек.

Коллатеральдық қан айналысын жақсарту үшін және инфарктық аймақтағы микроциркуляцияны жақсарту үшін, қанның тұтқырлығын азайтуға және қанның құрамындағы элементтердің агрегациялық қасиетін азайту үшін кіші молекулярлық препарат реополиглюкинді 400,0 тамырға (30 тамшы минутына) 3-7 күн бойы қолданамыз. Оның антиагрегаттық қасиеті 6-8 сағатқа созылады, сондықтан реополиглюкин және декстранды қабылдау аралығында аспирин немесе трентал қолдану керек. Агрегация ингибиторларын 2 жыл бойы қабылдау, ишемиялық инсульттің қайталауының алдын алады, аспиринді 325 мг тәулігіне 1 рет, немесе тиклид 250 мг күніне 2 рет тағайындаған жөн.

Алғашқы күндерден бастап ноотропинді қолдану мидың гипоксияға төзімділігін арттырады (12 тамырға 2 апта бойы тамызу керек, одан кейін 4,8 г 2 апта ішу керек) ноотропил тромбоциттердің агрегациясын төмендетіп тамырдың эндотемиялық қабатына жабысуын азайтады. Ноотропилді аурулар жақсы, жеңіл қабылдайды, бірақ оны естен танудың ауыр түрлері мен ми ісінудің ауыр түрлерінде қолдануға болмайды.

Тромбоэмболдық синдромда эмболдар қайталанбау үшін және прогрессивті тромбозда антикоаглянттар қолдану қажет, олар мидың компьютерлік томограммасы арқылы ишемиялық инсульт анықталған жағдайда қолданылады.

Алғашқы күндерде гепарин 5000-10000 бірлікте 4-6 рет 3-6 күн тамырға қолданылады, немесе етке, тері астына егу жасалынады. Емдеуді қанның ұю қасиетін бақылай отырып жүргізу керек. Қанның ұюының ұзақтығы 2,5 еседен аспау керек. Гепаринді қолдануды тоқтатудан 3 күн бұрын қосалқы антикоагулянттарды қосу қажет, фенилин 0,03 г тәулігіне 2-3 рет, немесе синкумарды тәулігіне 8-16 мг тағайындаймыз және гепариннің дозасын күніне 5000 бірлікке азайтамыз.

Айырымсыз ем инсульттердің барлық түрінде де қолданылады.

Бұған жедел түрде қан қысымын қалыптастыру, жүректің қызметін жақсарту, дем алудың бұзылуын реттеу, су-сілті алмасуын қалыптастыру, жамбас арқа еттерінің ойылуына қарсы күрес жатады.

Сонымен қатар барлық инсульттерге қалпына келтіру емі қолданылады (витаминдердің В тобы, ноотропил, пирацетам, аминолон, церебролизин, биогендік стимуляторлар, массаж, ЛФК, инемен емдеу, физиопроцедуралар, логопедтің қызметі т.б)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]