
- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау №9
- •Құрастырған: ассистент Тусупбекова а.К Семей қаласы, 2009ж
- •5.Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар
- •Негізгі білімді тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырыптық сұрақтар
- •Ми қан айналысының жетіспеуінің алғашқы белгілері
- •Ми қан айналысы бұзылуының өтпелі түрі
- •Инсульттер немесе ми қан айналысының жедел бұзылуы. Клиникасы, диагностикасы және емдеу жолдары.
- •Геморрагиялық инсульттер
- •Ишемиялық инсульттер
- •Ми қан айналысының жетіспеуінің созылмалы түрі немесе дисцеркуляторлық энцефалопатия
Инсульттер немесе ми қан айналысының жедел бұзылуы. Клиникасы, диагностикасы және емдеу жолдары.
Мидың қан тамырлық ауруларының ішінде ең ауыры инсульттер.
Инсульттерден кейін ми қызметінің бұзылулары өте сирек қалыптасады келеді, жүрек инфарктісін басынан кешкен аурулардың 80%-ке дейін жұмысына қайта оралады, ал инсульттерден кейін 20% ғана қызметіне оралады. Инсульттер патогенездік процессіне байланысты геморрагиялық және ишемиялық болып бөлінеді.
Геморрагиялық инсульттер
Геморрагиялық инсульттердің жиі кездесетін себептері гипертониялық ауру, симптоматикалық гипертензия, васкулиттер, қан аурулары, аневризмалар, бас сүйек ми жарақаттары, гипертониялық ауру мен ми тамырларының атеросклерозының қатар келуі.
Патогенезі Миға қан құйылудың екі механизмі бар. Бірінші-мидың қан тамыры жарылып, аққан қан ликворға араласады, ми затына сіңеді не ұйып гематома түзеді. Екінші механизмі бойынша ми тамырларының қабырғаларының өткізгіштігі артып, қанның элементтері ми затына сіңеді. Геморрагиялық инсульттің кезінде ликвордың түзілуі артып, миға сүйықтық іркіліп, гидроцефальды-гипертензиялық синдром, одан кейін ми ісіну болады. Әсіресе, ми қарыншаларына қан құйылса, гидроцефальдық гипертензиялық синдромның әсерінен ми лықсып төмен түседі де ми бағанының қарақұс тесігіне қысылуы, өлім қаупін туғызады.
Клиникасы. Ауру кенеттен басаталады, сондықтан ол “апоплексикалық” соққы деп аталынады. Аурудың бас қатты ауырып, құсу, лоқсу, психомоторлық қозу байқалып, ауру тез есінен танады. Аурудың өңі көкшіл-қызыл тартып, терең қырылдап дем алады, тамыр соғуы жиілейді. Эпилепсиялық ұстама болуы мүмкін.
Алғашқы бетте салданған жақтағы қол-аяқтың бұлшық еттері басап гипотония дамиды, аурудың қолын көтерсек салдырап тез төмен құлап қалады, аяғының басы сыртқа қайырылып жатады. Қарашықтың рефлекстері бірнеше сағаттан бірнеше тәуліктерге созылуы мүмкін. Бұл инсульттер қазамен аяқталуы мүмкін. Басқа жағдайда кома сопорға айналып, артынан толық есін жинайды. Жалпы милық және менингеальдық синдром айқын болады, сонымен қатар зақымданған бассейінге сәйкес ошақтық симптомдар-мимикалық еттердің орталық параличі, гемиплегия, моторлық және сенсорлық афазия, көз қозғалту нервтерінің зақымдануы болады.
Диагнозы менингеальдық, жалпы милық және ошақтық синдромдарға, бел пункциясынан кейін және компьютерлік томограммадағы өзгерістерден кейін айқындалады. Ликвордың қысымы артып, ми сұйықтығы гематохромды немесе ксантохромды түске енеді, ми сұйықтығында эритроциттер пайда болады.
Ауруда ми бағанының зақымдану белгісі немесе жүрек инфарктісі болса бел пункциясын жасауды доғара тұрған жөн. Қосымша тексеру тәсілдерінен ЭХОЭГ, ЭКГ, ангиография, компьютерлік томография, көз түбін тексеру қолданылады.
Субарахноидальды қан құйылу көбіне тор қабық астындағы кеңістіктегі аневризманың жарылуы мен қан ауруларынан кейін кездеседі. Құйылған қан тор қабықтың астына жиналып, оны тітіркендіреді де, клиникасының негізін құрайтын менингеальдық синдром дамиды.
Сонымен қатар патогенезінде қан тамырларының тарылуы мен ми ісіну де орын алады. Көбінесе жас адамдарда, кейде балаларда кездеседі. Эмоциональдық күш түскеннен кейін кенеттен басталады. Бірнеше рет құсу, брадикардия, естен тану болады. Кейде талма ұстайды. Тез арада менингеальдық симптомокомплекс дамиды. Температура жоғарлайды. Ошақтық симптомдар болмайды, не жеңіл түрде кездеседі.
Диагнозы менингеальдық синдром мен бел пункциясы кезіндегі ми сұйықтығының өзгерісіне негізделіп қойылады. Гематоманы анықтау үшін ЭХОЭГ жасау керек. Субарахноидальды қан құйылудан кейін ликвор айналысының бұзылуы, талма, астениялық синдромдар байқалады.