Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№8 для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76.29 Кб
Скачать

Ми қан айналысының жетіспеуінің алғашқы белгілері

Бұл диагноз аурудың негізгі бес шағымына және инструментальдық тексеру нәтижелеріне негізделіп қойылады. Аурудың бұл сатысына ошақтық неврологиялық симптомдар тән емес. Негізгі шағымдары бас ауру, бас шулау, бас айналу, есте сақтау және жұмыс атқару қабілетінің төмендеуі.

Бұл шағымдардың екеуі немесе бірнешеуі аптасына екі рет, не одан жиі бірнеше ай бойы қайталанып отыруы керек. Бұл субьективтік белгілер жоғарыда келтірілген этиологилық факторлар мен бірге және ЭКГ, РЭГ, РВГ, көз түбін тексеру тәрізді тексеру тәсілдері көрсететін тамыр өзгерістерімен қатар байқалады. Аурудың бұл сатысындағы ауруларды есепке алып, диспансерлік бақылау жүргізіп емдеп отырса, инсульттердің саны азая түсер еді.

Ми қан айналысы бұзылуының өтпелі түрі

Ми қан айналысы бұзылуының өтпелі түрі жедел пайда болған ошақтық және жалпы милық симптомдардан тұрады, пайда болған ошақтық симптомдар бір тәуліктен аспай (24 сағаттан), жойылуы қажет, сондықтан өтпелі түрі деп аталады және бұзылған ми функциясы тез қалпына келеді. Егер, бұл симптомдар бір тәуліктен асса, ол инсультке жатады. Ми қан айналысы бұзылуының өтпелі түрі бірнеше рет қайталануы мүмкін және ақыр аяғында инсультке әкеліп соқтырады.

Гипертониялық милық криздің патогенезінде негізі жедел пайда болған тамырлардың дистониялық реакциясы жатады, ол өте жоғары көтерілген қан қысымының әсерінен ми қан айналысының ауторегуляциясының бұзылуы себебінен дамиды, тамырлардың региондық және жалпы тарылуы мен кеңеюі байқалады. Тамыр қабырғаларының өткізгіштігі артып, мида сұйықтық іркіліп, ми ісіну пайда болады, мидың әр жерінде гиперемия пайда болады, сондықтан жалпы милық симптомдар айқын алғы бетте көрінеді.

Жалпы милық симптомдардан бас ауыру, бас айналу, лоқсу, құсу, психомоторлық қозу, есеңгіреу жиі байқалады. Сонымен қатар өңінің бозаруы, қызаруы, тершеңдік, полиурия сияқты вегетативтік симптомдар қосылады. Пайда болған ошақтық симптомдар жеңіл түрде кездеседі және зақымдану бассейініне байланысты болады. Егер зақымданған бассейін ұйқы артериясы болса, тілдің, еріннің, дененің жартысының парестезиялары, моно немесе гемипарездер, афазиялар, көру, есте сақтау қабілеттерінің бұзылулары жиі кездеседі. Вертебро-базилярлық бассейін зақымданса, мишық атаксиясы мен альтернациялық синдромдар кездеседі.

Өтпелі ишемиялық шабуыл (ӨИШ) даму үшін, негізгі ауру себебінен бұрын дамыған жалпы қан айналысы жетіспеушілігіне ми айналысын төмендететін бөгде фактор әсер етуі керек. Атеросклероз, қант диабеті, васкулиттердің әсерінен өзгеріске ұшыраған қан тамырларына қосымша, жалпы қан қысымының төмендеуі, жүрек қызметінің нашарлауы, микроэмболдардың пайда болуы тәрізді қосымша факторлар ми қан айнлысын төмендетіп, кейбір ошақтарда ишемия дамып, ошақтық симптомдардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Кейбір жағдайда ӨИШ қан қысымы қалыпты жағдайда дамиды, себебі қанның физикалық және химиялық құрамы )гипогликемия, оттегінің азаюы тұтқырлығының артуы) өзгеріске ұшырайды. Сонымен иқатар ӨИШ себебі ұсақ эмболдар, холестерин кристалдары, тромбоциттердің жиынтығы болады. Ұсақ эмболдар бір тәуліктің ішінде лизиске ұшырап жойылады да, ошақтық симптомдар қайтады.

Ошақтық симптомдардың клиникасы зақымданған бассейінге байланысты болады (ұйқы артериясы бассейіні, көбіне ортаңғы ми артериясы және вертебро-базилярлық артерия бассейіні). Жеңіл гемипарез, гемигипестезия, дизартрия, атасия, вестибулярлық белгілер т.б. Олар көбінесе микросимптоматикадан тұрады. Жалпы милық синдром болмайды немесе жеңіл түрде байқалады.

Тексеру тәсілдерінен РЭК, ЭКГ, көз түбін тексеру, коагулограмма, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін анықтау қолданылады.

Ми қан айналысы бұзылуының өтпелі түрінде емдеу жолы мына принциптерге негізделген:

а)ми қан айналысын жақсарту (кавинтон, трентал, сермион, агапурин);

б)коллатеральдық қан айналысын дамыту (реополиглюкин);

в)метаболиттік процесстерді жақсарту (ноотроптар, церебролизин);

г)симптоматикалық ем;

д)гипертониялық милық кризді емдеуге гипотензиялық препараттар және ми ісінуге қарсы күрес жүргізіледі (клофеллин, капотен, диакарб, глицерин т.б.).

ж)жүрек қызметін жақсарту

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]