- •Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау №6
- •Құрастырған: ассистент Тусупбекова а.К Семей қаласы, 2010ж
- •4. Сабақ мақсаты:
- •Студент істей алуға тиіс:
- •V, VII, VIII жұп нервтерін тексеру және олардың зақымдану симптомдары
- •Бет нервісінің әр түрлі деңгейде зақымдану белгілері
- •1.Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары Қысқаша анатомиялық-физиологиялық мағлұматтар
- •Бульбар (сопашқа ми) нервтері қызметін зерттеу және олардың зақымдану симптомдары
- •Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары
Бульбар (сопашқа ми) нервтері қызметін зерттеу және олардың зақымдану симптомдары
Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтердің қызметі мына төмендегі тәсілдер көмегімен тексеріледі:
1.Дәрігер сырқаттың аузын кең аштырады да тыныштық жағдайда көмейіне қарап кішкене тілге, жұмсақ таңдай имегіне назар аударады; «а-а-аң дыбысын шығартып, таңдай мен кішкене тілдің қаншалықты қимылдайтындығын байқайды.
2.Ширатылған қағаз түтікті көмейдің түбіне тигізіп, жұтқыншақ рефлексін, содан кейін жұмсақ таңдайға тигізіп, жұмсақ таңдай рефлекісін тексереді. Мұндайда жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі, жұтқыншақ бұлшық еттері жиырылады.
3.Сырқат дауысының үнділігін байқау керек, қажет болса отоларингологқа жіберіп, ларингоскопия жасатылады.
4.Жұтыну қабілетін (актысын) байқау керек.
5.Қышқыл және тұзды ертініділері көмегімен тіл түбінің оң және сол жағындағы дәм сезіну қабілеті тексеріледі.
6.Тамыр соғу мен тыныс алу ырғағы және олардың жиілігі анықталады.
Тіласты нервінің қызметі төменде келтірілген әрекеттер арқылы тексеріледі:
1.Сырқатқа тілін көрсету өтініледі. Дәрігер оның тілінің қалай жатқанына (тіл ауыздың ортасында жатырма, әлді бір жағына аытқыған ба), қалыңдығын (солып семіп қалған жоқ па екен), бұлшық ет талшықтары жыбырлауы бар жоқтығын байқайды.
2.Сырқатқа жаңылтпаш немесе қиын сөздерді айтқызу арқылы оның дыбыс шығарып сөйлеу мүмкіндігін анықтайды.
Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары
Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтерінің жартылай зақымдану белгілері:
-маңқаланып сөйлеу (назолалия);
-дыбысы шықпай қалуы (афония) немесе оның бәсеңдеуі (гипофония);
-жұтынудың қиындауы-дисфагия (сұйықты жұта алмайды, егер жұтпақшы болса шашалып қалады, сұйық мұрыннан қайта шығады);
-жұтыну рефлексінің төмендеуі немесе жоғалып кетуі
-таңдайдың салбырап кетуі, оның қимылыының шектелуі немесе жоғалуы;
-тіл түбірінде дәм сезу баяулайды (гипогейзия) немесе мүлде сезілмейді (агейзия).
Бұл нервтердің ми бағанындағы ядролары жартылай зақымданса жоғарыда аталған белгілермен қоса жүрек соғуы нашарлайды, тыныс алу жиілігі қалпынан тыс ауытқиды, ал егер осы ядролар толығынан зақымданатын болса, сырқат тынысы тарылып, демін ала алмай өліп кетуі мүмкін.
Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтің орталық неврондарының бір жағынан зақымдануы олардың қызметіне соншалықты әсер етпейді. Ядролар үстіндегі байланыстар екі жағынан бірдей зақымданса псевдобульбтар (жалған сопақша ми) синдромы пайда болады.
Тіласты нервінің немесе оның ми бағанындағы ядросы зақымданса, зақымданған жаққа сәйкес тілдің бөлігі солып, әлсіреп немесе қимылдамай қалады (глоссоплегия), тілді аузынан шығармақшы болса ол әлсіреген жағына қисаяды. Егерде ядро зақымданса мұнымен қоса тіл бұлшық еттерінің талшықтары жыбырлап дірілдейді, сөйлеу қабілеті қиындайды (дизартрия).
Тіласты нервінің орталық невроны зақымданса, тілдің зақымданған жаққа қарсы бөлігі қозғалмайды (глоссоплегия), тілді ауыздан шығармақшы болғанда ол зақымданған жаққа қарама-қарсы қисаяды, тіл солмайды (семімейді), сөз бұзылмайды.
Тіласты нерві ядролары екі жағынан зақымданса, тіл қозғалмай қалады (глоссоплегия), сөйлеу мүмкіндігі жойылады (анартрия).
